Күндестердің де күңкілі басталды
Қазақ елі тарихында тұңғыш рет пайда болған халықтық шипагерлік ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» тектік тылсым құпияларына теріс қарайтын құдайсыздарға ата-бабасының ата жауындай көрінді.
Қауымдастықтың емшілер мектебінен алғаш оқу бітіргендерге қуанудың орнына, теріс пиғылдылар «Халық кеңесі» т.б. газеттерге заңды қауымдастықтың алғашқы қадамын мінеп, сынап заңсыз деген әрекеттерге дейін барды. Бұндай теріс ойлардың басында сол кездегі ҚР «Денсаулық сақтау министрлігіндегі» шонжарлары мен осы министрлік құрған Республикалық халық медицинасы Орталығының басшылары тұрған еді.
Осылар қауымдастықтың қызметіне қарсы тұратын топ құрып, қауымдастықты жою үшін жоспарларын жасағандары белгілі бола бастады. Бұлар жеке бастарын үгіттеген, өздерін Жаратушыдан кем санамайтын өз ұлтымыздан шыққан қандастарымыз болатын.