Жаңадан құрылған қауымдастықтың құрамына кіргендердің ішінде неше алуан киелі қасиеттері бар емші, болжаушы, көріпкел, жұлдызшы, бақсы, сынықшы және емдік өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасаушылар т.б. дәстүрлі емес халықтық шипагерліктің мамандары бар болатын. Қауымдастықтың басшыларының сауаттылығы мен білімділігі толық теориялық және тәжірибелік жағынан әлі жетіспегендіктен аталған киелілердің нақты қасиеттерін анықтау ауырлау болды. Біз емшімін десе де, көріпкелмін десе де т.б. қасиетім бар десе де оларға сенбесек те сенгендей етіп, жеткізуге тырыстық.
Мақсат қауымдастықтың құрамына емшімін дегендермен бірге басқа мамандарды көбірек тарту болды. Бұлардың уақыт өте келе таза қасиеттілері қалып, іштеріндегі арам пиғылдылары өздігінен құрамнан кететініне күмәнданбадық.
Мен мықтымын деген көріпкелсымақтардың біразын өзіме шақырып алдым. Мен жеке-жеке көріпкелмін дегендерден қауымдастықтың облыстық бөлімшелерін ашуым керек айтыңдаршы, алдымен мен қай облысқа барып бөлімшелерді ашайын деп сұрау қойдым. Олардың бәрінің айтатыны біреу ғана: «Ағай, сіз мына Жамбыл, Тараз және Оңтүстік Қазақстан облыстарына бармаңыз, бұл аймақта кері оқитындар көп, бұны сізге аталар ескертеді», – дегені. Жарайды қай облыстарға барайын десем, Солтүстік, Орталық, Шығыс және Батыстағы облыстарға барыңыз, онда кері оқитындар аз дегендері әлі есімде.
Мен ертең сапарға шықпақшымын. Көп ойландым. Үйіме келдім де, жұбайым Түймекүлге менің киімдерімді дайында, қауымдастықтың бөлімшелерін ашу үшін жолсапарына барамын дедім. Қайда деді? Көріпкелсымақтардың айтқандарын айттым да, бұлардікі бос сөз мен тура сенің төркінің, менің қайын жұртым Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына барамын деп сөзімді доғардым. Мен де сол елдің бір баласымын-ғой, мені де Алла тағала қорғайды, халық қуаттайды. Қорықпа дедім де сөзімді аяқтадым. Сонымен келесі күні кеште Алматыдан Шымкентке поездға отырып аттанып кеттім. Жол жөнекей ұзақ ойланумен келемін. Қазақ қоғамында емшілер жөнінде жазбақ түгелі, ауызға ғасырлар бойы алмаған істі жүзеге асырып жатқаным көңілімді біртүрлі сезімге бөлегендей болды. Жаңа бағыттағы бірлестіктің қызметін ешқандай көмексіз, кеңессіз бастау өте қиын екендігін есіме алғанда, өте сезікті әрекеттер көз алдымнан өтіп жатты.
«Тәуекел түбі жел қайық, өтесіңде кетесің» дегендей, ісімнің алға басатынына және өте ауыр жолдардан өтіп, кедергілерге кездесетінімді де сезіп келемін. Мен тәуекел еттім. Тоқтауға да және аялдауға да болмайтынын бойымдағы бір құдіретті күш сездіргендей болды. Білмесем де, танымасам да жақсылардың алдымнан шығатынына сендім. Аман-есен Шымкентке жеттім.