І ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

Шымкенттегі емдік сеанстар мен емшілерді оқыту мектебі

Қауымдастықтың ОҚО бөлімшесін ашқаннан кейін, Шымкенттегі облыстық Филармония залында менің емдік сеанстарым басталды. Халық өте көп болды. Бір-ақ, медицина мекемелерінің жандайшаптарының қарсылығы тоқтамады. Олардың әрекетіне мән бергенім жоқ.

Күніне орта есеппен үш рет сеанс болады. Әр сеансқа екі жүздің үстінде адамдар қатысуда. Емдік сеанс сапалы және тамаша өтуде. Менің көріпкелдігіме таңқалған емделушілер мен бақылаушылар өз бағаларын беріп, сенерін не сенбесін де біле алмай дал болған еді. Алматыдағы көріпкелдердің көсілгені де шыңдыққа айнала бастады. Сеанс кезінде небір кері күштің өкілдері мен сиқыршылар өз әрекеттерін маған қарсы жасағанымен, олардың теріс ойларынан ешқандай нәтиже шықпады.

Еммен қатар емшілердің білімін көтеру мен жетілдіру мақсатында жүзден аса емшілер білім алды. Емшілердің ішінде небір түсініксіз қасиеттерге иелері аз болмады. Араларында асаулары да және жуастары да болды. Сабақ толық аяқталғанда барлығының биоқуаттық жағдайлары бірқалыпқа келген болатын. Бір Жаратушының көмегімен мамыр айының ортасына дейін Шымкентте болып, жоспарлы істерімізді аяқтадым.

 
 
В начало