Емшілердің алғашқы республикалық конференциясы
Шырайлы Шымкенттің шуақты күндерінде, яғни мамыр айының 7-9 жұлдызы аралығында емшілердің тұңғыш Республикалық конференциясы өткізілді. Шымкенттегі байланыс бөлімінің мәжіліс залында бес жүзден аса емшілер мен қуаттаушылар қатысты. Бұл жөнінде апта сайын облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен телеарнасы ұдайы хабарлама беріп отырды. Конференция үш күнге созылды. Күн тәртібінде бекітілген мәселелер толық қамтылды. Емдік сеанстар жүргізіп отырдым.
Таңқаларлығы темірландық бақсы Зәуренің шәкірттерінің қарсылығы азаймады. Небір денелі жігіттер мен естері кіресі-шығасылы әйелдердің әрекеттері күлкілі еді. Олардың Зәуре үшін «өлеміз», бұл ұйымның қажеті не деген қылықтары өте өрескел болатын. Мен дарынды емшілер мектебін ашып, емшілердің бір қауымдастыққа бірігу қажеттілігін және оның болашағының маңыздылығын айтсам да көбі түсінер емес. Бұл жұма күні болатын. Түс кезі жақындағанда мен жиналысты тоқтатып: «Бүгін мешітке барындар жиналысты кештеу бастаймыз. Қазір сендердің денелерінді тазалап берейін», – дедім де емдік сеансымды бастап кеттім. Басталысымен-ақ залдың іші у-шу, секіру, жылау т.б. әрекеттерге толып кетті. Әлгі Зәуре бақсының әйел шәкірттері сахнаға қалай шыққандарын білмей қалды. Біреулері басымен керегені ұрады, еденге құлайды, басын ұрады, жылап менен кешірім сұрау әрекеттері қайталануда. Бір уақытта Зәуре бақсының тобының бастығы, милиция майоры атағы бар қарақаралық азаматқа көзім түсіп, шық сахнаға дегенімде әлгі денелі азамат залдағы бір-біріне жалғастырылған жиырма екі адамдық тар орындықтан сыпсын етіп қалай шыққанын білмей қалды. Ол сахнаға шыққанда жиналыс үстелінің ортасына басы артына қайырылып сұлап түскенін сезбеген еді. Залдағы айғай-шу көбейе берді. Мен он жеті минутта сеансымды аяқтадым. Сахнадағы бастарын ұрғылап жүрген әйелдер келіп, менің алдымда иіліп кешірім сұрап: «Қасиетіңізден айналайын кешіріңіз», – деп жылап жіберді. Ал, үстелдің үстінде жатқан қарқаралық азаматқа тұр деп бұйрық еттім де орнына бар дедім. Зал ішінде тыныштық орнады. Асаулар жуасыды, мені меңсінбегендер тәубесіне келді. Енді түскі тамаққа үзіліс деп, мен далаға шығып бара жатып бір құдіретті күштің әсерімен, әлгі қарқаралық Зәуре бақсының атаманына қарап: «Сенің аяғың сынды. Менімен ерегесіп, аяғын сыңдырған екінші адамсың», – деп сыртқа шығып кеттім. Менің айтқаным дәл келіп, әлгі асаудың аяғы осылай қираған болатын. Мені қорғаған, қуат берген және тылсым сырларын халыққа танытуға көмектескен бір Алла тағалаға рақметімді айтамын.