І ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

Тергеушілердің тексіздігі

Жоғарыдағы Әділет министрлігінің шолақ, заңсыз шешімінен кейін әр аймақта және Алматыда Ішкі істер басқармаларының бөлімшелерінде қауымдастықтың басшысынан бастап, емшілеріне дейін тергеу күн-түн демей басталып кеткен-ді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі кейбір шенеуніктер емшілерді өздерінше тексеріп, жеке бастарының пайдасы үшін құлдық пен күндікке пайдаланған кезең басталған болатын. Осы бір қиын кезеңдерде тергеушілердің өздері не үшін тергеп жатқанын түсіне алмай әлек болды. Тек айтары жоғарыдан тапсырма осылай дейді. Сонда бізде есепте жоқ, басқа аймақтардағы олар айтқан емшілерге (болса да) мен қалай жауап беруім керек? Кәмелетке толған әрбір азамат кінәлі болса, жасаған кінәларына өздері жауап беруі тиіс екендігін ескермеген сол кездегі тергеушілерге бүгінде таң қаламын. Осындай қиын кезеңдерде қауымдастық арқылы қасиеті ашылып есін жиған, алды Республика көлемінде таныла бастаған қауымдастықтың емшілері жалданбалы сатқындыққа барып, біздің қарсыластар жағына өтіп, қауымдастықты ыдыратуға, жоюға әрекет жасады (З.К. «Шапағатты рух ордасы», А. 2001.14-15 бб.).

Сонымен Қауымдастықтың облыстардағы филиалдарының да қызметтері тоқтатылған болатын. Амал қанша, қандас тергеушілер қанынды сорып аламын дегенше қызмет етті. Бұл тергеушілер сол кездегі Алматы қаласының Фрунзе ауданының қызметкерлері болатын. Мен оларға Мәскеуден шақырған қағаздарымды көрсеткенде, иә барыңыз, барыңыз деп қуаттай түсті. Мен оларға: «Мәскеуліктер маған басыма алтыннан ескерткіш қойса да бармаймын және ұлтымның ұлы киелі қасиетін оларға тарту етпеймін. Өз елім, жерім және халқым мен үшін бақыттың кілті», – деп ашық айттым. Сонда ұлты орыс тергеуші әйел маған: «Сіз ренжімеңіз, сізді Одақ біледі, бір-ақ жоғарыдан келген тапсырманы орындаудамыз», – дегені бүгінге дейін құлағымнан кетпейді. Осы тергеуші әйелдің ұлты орыс болса да, айтқан жылы сөзі маған күш, қайрат бергендей болып еді. Кейін білдім менің қарсыластарым маған моралдық, материалдық және психологиялық соққыны аямай беру үшін істеген іс-жоспарлары мен әрекеттері екен. Кейін осы әрекеттері өздеріне соққы болып тигенін өздері біледі және мен де сеземін. Біз осылай қиын кезеңдерде ауыр соққыларды көріп, көлденең торлардан өтіп, қауымдастықтың жұмысын ары қарай жалғастырған едік.

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало