Марат Есенбаев (Сары...) Алматыға қалай келді?
Атыраудағы біздің сапарымыз кезінде заң орындары Марат Есенбаевтың жанында жүрген емшілер мен көмекшілерін сұрақтың астына алғанына да жарты айдан асқанын өз көзімізбен көрдік. Кейбір емшілердің түрменің төрінде түнеп шыққандарына да куә болдық. Дарындылар ғана (киелілер) дарындыларды түсінеді. Ал, Алланы аузына алмаған денсаулық саласының шонжарлары адам бойындағы тылсым күштің құпиясын қайдан білсің. Білсе де білгісі келмейді. Егер қауымдастықтың мүше-емшісі Марат Есенбаевтың құқын қорғауға Атырауға бармағанымызда, олардың тағдыры қиындап, су түбіне шөгіп жоқ болып кетер еді. Бұл Қазақстандағы барлық емшілерге төнген қауіп болатын. Мен осыны түсіне отырып, жеке басыма төнген небір қауіптерден және тексерулерден қорықпай тура тартқанмын. Бүгінде осының нәтижелерін көріп отырғаныма қуаныштымын.
Мен Марат Есенбаевқа: «Сен Атыраудан Алматыға кет», – деп кеңес беріп оны қорғайтынымызды ашық айттым. Сонымен, Марат та бізден кейін Алматыға келді.
24 шілде 1992 жыл. Алматыдағы «Қайрат» стадионында отыз мыңдай халық Мараттың емдік-рухани сеансына жиналды. Мен өзім сөз сөйлеп, сеанстың басталуына рұқсат еттім. Бұдан кейін Мараттың емдік-рухани сеансы Әуезов пен Бұхар жырау көшесінің қиылысындағы профсоюздың мәдениет үйінде, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде т.б. орындарда өтіп жатты. Жылдар жылжи берді. Мараттың атағы да күн сайын асқақтап барады. Оны қошаметтеген бизнесмендер қатары да көбейген болатын. Осылар оның қауымдастықпен қатынасын алшақтата бастады. Бұлар М.Есенбаевты пайдалану арқылы өздерінің бизнестегі, жеке ортадағы, қоғамдағы және басқа да жауапты орындардағы абыройларын көтеру ниетіндегі арам ойлары Маратты өз ортасынан уақытша бөлгенімен, Марат Бақытжанұлы өз ұясына қайта оралды. Бүгінде Марат ұрпақтарын өсіріп, діни рухани тәрбиесін жекелей жүргізіп, Алматы мен Астананың ортасында жүріп жатқан жайы бар.
Біз 2015 жылы Алматы телеарнасының бір бағдарламасында бірге болдық. Маған деген көзқарасы өзгергенін байқадым. Содан бері хабарласып, аға деп сәлемін беріп келеді. Лайым осындай дарынды азаматтар көбейе берсін және аман болсын!