Салықтан қашқан шонжарлар немесе Ш. Шынтаевтың айлагерлігі мен бассыздығы
Алғашқы қарсыластардан аспаса кем түспейтін, Республикалық халық медицинасы Орталығының 2002 жылдан бастап басқарған кейінгі директоры Ш.Шинтаев та 2004 жылдың ортасында қауымдастықпен бірлесіп жұмыс істейік деген ұсынысын жасап, ішкі сырын ашпаған еді. Уақыт өте келе Ш.Шинтаевтың пиғылының арамдығы біліне бастады. Қауымдастықтың басшысы туралы өзінің карамағындағы емшілеріне айтқан әр түрлі теріс пиғылдағы хабарламалары әшкере болды. Қауымдастықтың басшысын сұраған шымкенттік бақсы Зәуреге (05.08.2004) қауымдастықтың басшысы о дүниеге аттанып кеткен деп сендірген. Ол кейін өзі барған аймақтарға мені бұл дүниеде жоқ деп хабар таратқан.
Осы уақытта қауымдастық пен халық медицинасы Орталығы бірлесіп «Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» туралы халықаралық конгреске дайындалып жатқанбыз. Барлық жұмысты мен атқарып жаттым. Конгреске арналған материалдар жинағы да мен арқылы жарыққа шықты. Бірлескен бағдарламалардың бір данасы менде болатын. Конгресс жақындағанда олар өздерінше конгреске ешқандай қатысы жоқ адамдардан тізім жасап, бағдарламаны өзгертіп жібергені анықталды. Қауымдастықтың қатысы жоқ дегенге де әкелген. Бұнын бәрін орындаушы сол кездегі Ш.Шинтаевтың орынбасары, өзбек азаматы, барлау қызметінің подполковнигі Әнуар Ниезов басшысының нұсқауымен комиссия құрамына өзгеріс жасатқан. Масқаралары күн санап біліне бастады. 2004 жылдың 16-19 қыркүйегінде Алматы қаласындағы Республикалық Пионерлер үйінде аталған конгреске 900-дей қатысушылар қатысып, конгресс табысты аяқталды. Сол кездегі Ш.Шинтаевпен оның орынбасары Ә.Ниезовтың арам пиғылдарына жиіркенген және бұлармен қатынаста болмауды ұсынған қауымдастықтың емшілері содан кейін, олармен ара қатынасты үзді. Бүгінде мені өлтірген Ш.Шинтаевпен оның шпионы Ә.Ниезовке «рахметімді» айтамын. Өйткені, мен жер бетінде әлі тірі жүрмін. Арамдардың арам ойлары бұдан кейін қауымдастық пен оның басшысын қалай жою әрекеттеріне көшті.
Сөйтіп, 2009 жылы Ш.Шинтаев 20 жылға жуық жұмыс істеген Денсаулық сақтау министрлігінің шонжарларының қорғауына ие болған, 26000-нан астам емшілерді сынақтан өткізіп, «кәсіби халық емшісі» атағына жеткізген РХМО белгісіз жағдайда жауып тастады. Мұнын да себебі бар еді. 1998 жылдың соңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Департамент бастығының орынбасары полковник Н.Мырзалиевтың бақылауымен (№5/1534 санды хат 09.12.1998) және ҚР Кіріс министрлігінің Вице-министрі Б.Тәжияқовтың (ДНП-4-22/1527 санды хат 29.03.1999) нұсқауымен Алматы қалалық Салық Полициясы Комитетінің Алматы қаласы бойынша Бас басқармасының бастығы Б.Ш. Жунусбековтың (4-3-1-8/6536 санды хат 1999.04.06.) хаттарын қауымдастыққа жіберіп, Республикалық халық медицинасының Орталығының мемлекетке салық төлеудегі заңдылықты бұзғандығын тексеруді ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алматы қаласы бойынша салық комитетіне жіберілгендігін хабарлады. Жоғарыдағы бақылаушы орындардың тапсырмасы бойынша аталған РХМО Салық бойынша қызметін тексеру Бостандық аудандық Салық Комитетіне міндеттелгенін және тексерудің аяқталғандығын Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бастығы А.У.Сарсенов (№81-6-2/672 санды хат 28.01.1999) хабарлады. Бостандық ауданы бойынша Салық Комитетінің төрағасы Е.К.Жаманбаев тексеру нәтижесі бойынша РХМО (Республикалық шаруашылық есептегі ғылыми практикалық, шығыс және осы заманғы медицинасы орталығының) мемлекетке төлемеген салығының көлемі 26495,17 мың теңге (нақтысы 41 млн. болатын) деген хатын (№3-8/1796 санды хат 22.02.1999) қауымдастықтың атына жіберді. Бұдан кейін менің «Дәрігерлікті қалқан қып, салықтан жалтарып жүрген» атты мақалам «Қылмыс пен жаза» газетінде (№7-8, 13.03.1999) жарияланды.
Сөйтіп Орталықтың атын өзгерте отырып, Ш.Шинтаевтың көрсетілген салықты төлемегендігін дәлелдей аламыз. Аяқ астынан белгісіз жағдайда РХМО-ның қызметін тоқтатуы осы салыққа байланысты екендігі айдан анық. Орталық жабылғаннан кейін Ш.Шинтаев ұлы екеуі атынан Алматы қаласының бір ауданының Әділет басқармасына тіркелген, Республикалық мәртебесі жоқ жекеменшік «Халық және рухани емшілері» мекемесін ашқан болатын. Бұл мекеме аяқ астынан жалғандықпен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік мекемесі болып, құжаты дайындалып емшілерге таратыла бастады. Ал, куәлік алған емшілерге аталған мекеменің «толық мүшесі» деген құжаттар беріп келеді. Сонда қалай, бұл жекеменшік мекеме «Ғылым академиясы» дәрежесін алған ба? Масқара! Шынына келгенде емшілерге жеке мекеменің демеушісі (құрылтайшысы) деп құжат берсе онда заңға қайшы болмас еді. Амал қанша? 2016 жылдың мамыр айының соңында (26-29) Ш.Шинтаев емшілердің халықаралық симпозиумын өткіземін деп жар салды. Жиналысын өткізді. Жиналыс президиумында екі ғалым әйел отыр. Залда небәрі отызға жетпейтін емші. Сонда қалай, Ш.Шинтаевке Симпозиум келеке болғаны ма? Сонда ойлаймыз оның бұрынғы басқарған Орталығынан өткен 26 мың емшісі қайда кеткен? Осы 26 мыңнан жиылғаны жоғарыдағы отыз адам ба...
2010 жылдың маусым айында Ш.Шинтаевтың жеке мекемесіне сол кездегі қауымдастықтың заңды вице-президенті А.Бодровтың қызметке тұрғанын интернет арқылы білдік. Заң бойынша заңды сайланған вице-президент қауымдастықтан кету жөнінде арызын тастау керек еді. Бұлай болмады. Қысқасы, қауымдастықтың басшысын және ұйымды менсінбеді. Ол Ш.Шинтаевпен оның орынбасары Өзбекстан азаматы Әнуар Ниезовтың алдауына түскенін сезбеген еді. Олардың мақсаты мен басқарған қауымдастықты жою мен оның басшы және басқа да кадрлерінің арақатынасын ыдырату еді. Бұл тапсырманы А.Бодров орындай алмады. Ақыры 2011 жылдың 17 ақпанында Алматы қаласындағы өз үйінде, Ш.Шинтаевтың Өзбекстаннан өзінің орынбасары Ә.Ниезовтың көмегімен алдырған «бандит» емшілері А.Бодровты арнайы тапсырмаларды орындамағаны үшін азаптап өлтірді.
Бұл аз болғандай А.Бодровтан кейін қауымдастықтың тағы бір вице-президенті Е.Мырзагелдиев болса, Ш.Шинтаевтың серіктесі бола қалды. Ол да А.Бодров сияқты қауымдастықтың Төралқасына ескертпей кеткен болатын. Е.Мырзагелдиев те белгісіз жағдайда қан қысымы көтеріліп ем қонбай, ақыры 2013 жылдың 26 сәуірінде о дүниеге аттанып кетті. Бұл да кейінгі жағдайынан хабардар еткен еді. Осының бәріне Ш.Шинтаевтың орынбасары Өзбекстан азаматы, барлау қызметінің подполковнигі Әнуар Ниезовтың тікелей ұйымдастыруымен іске асырылғандығын болашақ ұрпақ білгені жөн. Осы еңбек қолына тиген мемлекеттік бақылаушы заң орындарының адал басшылары мен мамандары бұл жағдайды ерте ме кеш пе тексеретіндігіне біз сенеміз. Осы қылмыстық әрекеттерден кейін Ә.Ниезов аяқ астынан дос ағасымен қатынасын неге үзді екен? Бұл да жұмбақ. Халқымыздың «Жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» – деген даналық сөзі менің де және басқаның да өмірінде кездескені, басқаларға сабақ болғай (аталған хаттардың көшірмесі қойылады).
2002 жылдың 3 сәуірінде қауымдастықтың бөлмесіне Алматы қаласы Бостандық аудандық прокурорының көмекшісі келді. Жанында Ш.Шинтаев басқаратын Орталықтың емшілері Тамара Хабиева мен Тоқтабек Төреқұлов және Алматы қаласы акиматының экономикалық Департаментінің бас маманы Б.Искакова бар еді. Неге келдіңдер десем, Алматы қалалық прокуратурасының Бостандық аудандық прокурорының 2002 жылғы 3 сәуірдегі шешімін көрсетті. Онда «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» қызметінің заңдылығын тексеру жөнінде, қалалық прокуратураның нұсқауын орындау туралы жазылған. Әрине, бұны да тікелей Ш.Шинтаевтың ұйымдастырғаны анық болатын. Бірақ, ақтың жолын қаралауға ешкімнің күші де, қабілеті де жеткен жоқ.
Себебі, қауымдастықтың қызметі заңды және қоғаммен және халық емшілігі саласында өзінің адал қызметін атқарып жатқандығын заң алдында толық дәлелдей алды. Аттары аталған Ш.Шинтаевтың адамдары мойындары салбырап, екі иықтары түсіп өз жолдарына кетті. Ал, заң орынның өкілі қауымдастықтың барлық құжаттарын тексергеннен кейін, заңдылығын растап, тексеруге мүмкіндік жасағандығым үшін, рахметін айтқан еді. Арамдардың жолы осылай кесілген болатын.
Құжаттардың көшірмесі