І ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

Жалған ғылыми атағы бар емшілер

Бүгінде халық емшілерінің арасында медициналық білім алмаса да “дәрігер” және “ғылым кандидаты” атақтарын иеленіп жүргендер баршылық. Кейінгі кезде мұндай емшілер өздерін ашықтан-ашық “жоғары білімді медицина саласының дәрігерімін” және “ғылым кандидатымын” деген хабарламаларды да таратудан жалығар емес. Солардың шортандары мен серкелерінің теріс әрекетін көрсету адал ниетті, ақ халатты дәрігерлер мен иман жүзді емшілердің заң алдындағы адалдығы деп білеміз.

1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан 1990 жылы құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» жанынан ҚР «кәсіби халық емшілері ассоциациясы» 1992 жылдың маусым айында құрылып, оған марқұм Әділхан Ерманов деген емшіні президент етіп сайлаған-ды. Бұл қауымдастық да 18 жылдан кейін басқаның қолына өтті. Жоғарыдағы аталған Орталық пен Ассоциация басшыларының мақсаты халық емшілерін бір ортаға жию және осы саладағы құрылған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ қызметін жою болатын. Осы аталған екі ұйымға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан материалдық және моральдық көмек көрсетілсе де халық емшілері үшін ешқандай ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және емшілік саласы бойынша кітаптар мен газет шығару болмады, ақыры өздерін өздері жапты (2009 ж.). Не үшін? Белгісіз.

Халық емшілері арасында ешқандай жоғары білімі туралы дипломы жоқ, бірақ жоғары білімді дәрігерлік дипломды және «медицина ғылымдарының кандидаты» атағын сатып алған Алматылық бұрынғы РХМО (директоры Ш.Шинтаев) Тохтахунов Абдрахман (1956 жылы туған, білімі орта, мамандығы жүргізуші, мекен жайы: Алматы қаласы, Ақан сері к-і, 147 үй. ) деген халық емшісі 2003 жылдың ақпан айынан бері “медицина ғылымдарының кандидатымын” деп өзін баспасөз беттерінде, теледидарларда және жарнамаларда тұрақты хабарлап келеді. Бұл азаматтың жат қылығын медицинаның заңын таптау екендігін ескертіп сол кездегі бастығы Ш.Шинтаевке ескерткенмін. Бәрі өзгеріссіз қалды.

Ал, мен А.Тохтахуновты өзіме шақырып ескерткенімде: «Ақшаң болса бәрін сатып аласың», – деді. Бұдан кейін А.Тохтахуновтың 1987 жылы 25 шілдеде АН № 654982 медициналық дипломы берілгені рас па деп сол кездегі ҚазақҰМУ ректоры Т.А.Муминовке хат жаздық. Т.А. Муминов мырзадан: “А.Тохтахуновтың КазҰМУ оқымағандығы және АН № 654982 дипломы берілмегендігі жөнінде (ФБ 19 №17-1-13)” хат келді.

«Медицина ғылымдарының кандидаты» атағын алғаны жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары аттестациялық комитетінің Төрағасы А.Құсайыновқа хат жаздық. А.Құсайыновтан азамат А.Тохтахуновқа «медицина ғылымдарының кандидаты» атағы берілген жоқ деген жауап келді (12.02.04. №В-61-59/13-0070 құжат көшірмесі тіркеледі).

Бұл азамат бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген уақыттан бері өзін “ғылым кандидатымын” деп насихаттауын тоқтатар емес. Бұл мәселе жөнінде қауымдастықтың атынан Республикалық прокуратурасына (хат №05. 07.02.2013) және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атына (хат №08. 08.02.2013) А.Тохтахуновтың “медицина ғылымдары кандидаты” атағын алуы заңдылығын тексеруді сұрадық.

Прокуратура ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жібергенін хабарлады (хат №2.010721-13-07500, 12.02.2013). Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары мұны тексере алмайтындығы жөнінде хат жіберді (хат №3Т-347. 01.03.2013). Қысқасы, жабулы қазан әлі анықталуына мүдделі орындардың жауапкерсіздігін, бұдан былай заңға сәйкес анықтайтындығына сенемін.

Емшілік мәдениетін көтеріп, білімін арттырып және оларды адалдық пен имандылықтың жолына тәрбиелеу қажет. Бірақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халық емшілігі саласына жауапты шенеуніктерінің ширек ғасырға жуық аралықта емшілерге бірде-бір жақсылықтың нәтижесін көрсетпеді (10.07.2012 дейін).

Бүгінде күн астындағы “күнбағыс” сияқты “жалған дәрігерлік дипломдар” берілген “ұры” емшілердің қатарының көбеюі ұлттық емшіліктің абыройын айрандай төгуде. Киелі тектік қасиет – ол емшіге Алланың берген сыйы және ешкім оны жоя алмайды. Ғылымның адалдығын қорғау және әрбір азаматтың адамгершілігін және адалдығын сақтауына көмек ету саналы жауапты адамдардың міндеті екендігін ұмытпаған жөн.

 

Құжаттардың көшіресі

 

27_1

 

 

27_2

 

27_3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало