І ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

ОН ЖЫЛДЫҚТА ҚЫСТА ЖАҢБЫР ЖАУДЫ

2001 жылдың 22 желтоқсанында Алматы қаласында қауымдастықтың 10 жылдығын атап өтуді ұйғардық. Бұнын алдында мен Республиканың облыстарына шығып, емшілерді жинап (көбінің мекенжайы ауысып кетсе де) 10 жылдық мерекені атап өту қажеттілігін хабарладым. Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шонжарларынан зәресі ұшқан емшілер жан-жаққа бытырап кеткен болатын. Мені көргендері өлкен ата-бабалары тіріліп келгендей, көздеріне жас алып, аға, сіз бар екенсіз ғой, бізді ұмытпай басымызды қайта біріктіруге және қауымдастықтың 10 жылдық мерекесін атауға қатысуға шақырғандығыныз үшін рахмет деп, мерекеге келетін сезімдерін білдірді. Жыл аяғы. Қатал қыс.

Құрылтай Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы кіші академияда өтті. Алматыда қар қалың және көк тайғақ өте қауіпті еді. Осы қиын кезеңде 250-ден аса емшілер қауымдастықтың 10 жылдық мерекесінің кезекті Құрылтайына қатысты. 10 жылдай денсаулық саласының шонжарлары мен шабармандарынан қысым көрген және жазықсыздан заң орындарында сұралған қауымдастықтың емшілерінің бойында қуаныштан гөрі үрей басым еді. Біз Алматыда қауымдастықтың 10 жылдық мерекесін жоспарымыз бойынша жанашырлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының мамандары қатысуымен өте қуанышты күйде атап өттік.

Аталған шонжарлардан Алматыдағы Орталығының басшысын шақырғанбыз. Ол баяғы әуеніне басып, келіңдер бізге, жарылқаймыз, пейішке шығарамыз деп, тағы да емшілердің жүрегіне ауыр соққы беріп, қауымдастықтың басшыларының наразылығына душар болды. Осы 10 жылдықта қыс айының суықтығына қарамастан, Алматыда кештен бастап таңға дейін сіркіреген жаңбыр жауды. Біз таңқалдық. Бір-ақ, жер қатты тайғанақ мұз болғанына қарамастан, емшілер мен меймандар аман-есен еліне қайтқан еді. Біз бұл жаңбырды Алла тағаланың бізге көрсеткен рахымы мен нұры деп түсініп, қандай қиыншылықтарға қарамастан қауымдастықтың қызметін алға жылжытуға серт еттік. Арманымыз орындалғаны бүгінде әлемге белгілі болды. Бұған да тәубе дейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало