І ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

МӘСКЕУДЕН АЛМАТЫҒА ОРАЛҒАНДА

Алматыдағы алғашқы халықаралық емдік сеансымның жетістігінен кейін көңіл-күйім көтеріліп ерекше сезімге бөлендім. Ең бастысы халқымыздың халық емшілігінің ерекшелігін бұрынғы Одақтың құрамындағы Республикалардағы емшілер, көріпкелдер мен болжампаз, биоэнергетиктер мен уфологтар, телепаттар мен жұлдызшылар, экстрасенстер мен парапсихологтар т.б. ерекше сезімталдық қасиетке ие дарындылардың тұңғыш рет мойындап тануы болды. Осы көтеріңкі көңіл мені Мәскеуге қайта апарған еді. Мәскеудегі оқуымыз табысты болды.

Мәскеуден жұбайым Түймекүл Құлмаханқызы екеуміз көңілді оралдық. Елге көңілді оралғанда ойламаған жерден ыңғайсыз жағдайға кез боламын деп кім ойлаған. Мен қайтып елге оралғанша ұйымдастыру комитетінің емшілердің қауымдастығын құру жөніндегі жиналысының Қаулысы мен құжаттарын сенген адамым жоқ еткені, менің төбемнен тас түскендей жағдайға душар етті. Өте ауыр жағдайға кез болдым. Бірақ, бастаған ісімді қайтадан бастауға және емші қауымының арманын орындауға өзіме-өзім сөз бердім. Алған бағытымнан қайытпауға серт еттім. Сонда сеніп тастаған профессор Е. Заркешев мырзаны біреулер азғырған ба немесе өзі құртты ма ол жағы бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалуда. Бұл да менің емшілер қауымдастығының құрудағы алғашқы тағдырнамамның басы екенін ол кезде кім білген?...

 

 

 

 

       

  

 

 

 
 
В начало