І ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

ҚАУЫМДАСТЫҚ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ

Бұл күн немесе 1992 жылдың қаңтар айының 22 жұлдызы қазақ елінің халық емшілігі тарихында «өшкен оты қайта жанған, жоғалған өнері қайта тірілген» күн болды. Осы күні Қауымдастықтың тіркеуден өткені туралы куәлігін беретінін Министрліктен маған хабарлады.

Мен үйден шығарда біздің үйде қонып мейман болған Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданның азаматы Өмірзаққа: «Мен түнде түсімде номері сексенінші (№80) куәлікті алып жатырмын. Біздің қауымдастықты халықтың сексен пайызы қуаттайтын болады ал, енді кеттік Әділет министрлігіне», – деп белгіленген уақытта келдік. Адам көп. Жүрек те дүрсілеп соғуда. Ол кезде тіркеу куәлігін тапсыру кішігірім тойға ұқсас көрінетін. Тіркеу куәлігін алатындардың бәрінің қолында сыйға арналған құшақ-құшақ гүл мен басқа да заттар көрер көзге көрікті көрінуде.

Өмірзақ тіркеу куәлігін беріп жатқан министрліктің мамандары жанына таяу барып, бір нәрсеге үңіліп тұрды. Бір уақытта Өмірзақ маған қарай аяғын тез басып, беті нұрланып келеді. Көке, сіздің аяныңыз дұрыс келді. Қауымдастыққа Әділет министрлігінің №0080 тіркеу куәлігі беріледі екен дегені. Түндегі аянымның дәл келгеніне тәубе деп, толқып барып өзімді сабырға шақырдым. Маған тіркеу куәлігін сол кездегі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Нұрбеков мырза тапсырып құттықтап, алдағы қызметімізге табыс тіледі.

Далаға шыққанда күнде қызыл түске боялып ұясына батып бара жатты. Аспан әлемі нұрланып, тыныштық орнап тұрды. Бізді алда қандай күндестердің қарсылық тобы күтіп тұрғанын бір Алла тағаладан басқа ешкім білмейтін еді...

       

  

 

 

 
 
В начало