Ораз Қауғабай
Жазушы-профессор
Алматы қаласы
Құрметті халайық!
Мен емші болмасам да емшілер қауымдастығының құрылған күнінен бастап, қауымдастықтың барлық шараларына қатысып келемін. Қауымдастықтың «Шипагерлік баян» атты газеті бар. Менің ең жақсы көретін газетім. Мен Димекең, Әлмерек баба, Райымбек баба жайында мақалалар жазамын. Менің тылсым сырлар туралы жазғандарымды түсініп басатын сіздердің «Шипагерлік баян» газеттеріңіз. Оның ішінде Димекеңнің 12 қасиеті, тылсым әлеммен байланысы, дінмен байланысы жайында мақалаларым шын мәнінде басқа газеттерде жарияланбайды. Сіздердің газеттеріңіздің бір тылсым күші бар. Мен газеттің тұрақты авторы әрі газеттің тілшісі ретінде Зәкеңе шексіз ризамын. Сол үшін 25 жылдық мерекемен құттықтай отырып, қазір Зядан ағаға сыйлығымды тапсыруға рұқсат етіңіздер. Зядан аға біздің қаламгерлердің бірінші сыйлығы қалам болады. Алдымен мінеки алтын қалам. Екіншісі «Әз Тәуке және Әлмерек» атты жаңадан шыққан кітабым. Бұл кітапты мен тек жақсы азаматтарға сыйлық үшін шығардым сатылымда жоқ.
Зядан аға қауымдастықтың 25 жылдығынан сыр шертетін кітап жазды. Сол кітаптан алған әсерімнен айыға алмай Зядан ағаның кітабы жөнінде бірнеше республикалық газеттерге пікірімді жаздым. Еңбектеріңіз жемісті болсын!