ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

11

Ертай Айғалиұлы

«Қазақстан-ZAMAN» газетінің Бас редакторы

Алматы қаласы

Ассалаумағалейкум қадірлі жамиғат! Мынау төрткүл дүниені еммен, шипасымен таңқалдырған біздің емшілеріміз. “Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол”, – деп халық айтады. Сондықтан Алла тағаламызға қазақтың маңдайына Зядан ағамыз сияқты ұл бергеніне қуанамыз. Сүйінеміз. “Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын” – дегендей Зядан аған көп жұмыстар істеп жатыр. Бағана жиналыста да айтылған болатын. Зядан ағамыздың бір емес оншақты ерлігі бар. Соның бір-екеуін айтайын. Біреуі өздерін білесіздер кешегі 1990-жылдары қызыл империяның кезінде өлуге айналған кірпігі қимылдап жатқан емшілердің басын біріктіріп, ынтымақ бірлікке келтіріп, бір шаңыраққа жинаған Зядан көкемнен айналайын. Өтейбойдақ бабамызды тірілткен Зядан көке сізге рахмет.

Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Кеше Қарқара жайлауында ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығын тойлады. Биыл Әлихан көкеміздің 150 жылдық тойы. Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы. Мен биылғы бүгінгі емшілеріміздің қауымдастығының 25 жылдық тойы соның бір бұтағы деп білемін.

Тойларыңыз құтты болсын. Алла тағала сіздердің біліктіліктеріңізге қуат берсін жүректеріңізге шуақ берсін. Сіздер әрқашанда халықты емдеуді жалғастыра беріңіздер. Алла тағалам абырой беріп биіктеп көке көтеріле беріңіздер. Әумин.

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало