Сәдібеков Әділ қажы
Ардагер
Алматы қаласы
Әлхамду лиллахи роббил ғаламин.
Сіздердің торқалы тойларыңыз құтты болсын. Қауымдастыққа 25 жыл толып отыр. Қауымдастықты Зядан қажымен бірге бастап едім. Алла тағала маған сіздер сияқты қабілет бермеген соң болар мен басқа жұмыспен айналысып кеттім. 25 жылдық торқалы тойларыңызға сыйлап шақырғандарыңызға рахмет.
Зядан қажы сіздерді бастап 25 жыл бойы қаншама қиындықтарды басынан кешіріп, осы 25 жылдық тойға жеткізкізіп отыр. Аллаға шүкір дейміз. Алла тағала сіздерге берген қабілеттеріңізден айырмасын. Білімдеріңіз молая берсін. Алла тағала барлықтарыңызға денсаулық берсін, отбастарыңыз аман-есен болсын. Ауызбіршілік болсын. Алла тағала елімізге тыныштық жерімізге амандық берсін. Елбасымызға таупиық денсаулық берсін. Әумин!