ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

13Оралбеков Орынбай

Тамаша” баспа үйінің директоры

Алматы қаласы

Құрметті Құрылтай делегаттары! Құрметті қонақтар!

Бүгін өте айтулы мерекеге жиналып отырмыз. Сіздердің бастарыңызды қосып, 25 жылдан бері қажымай талмай өзінің ең қызықты өмірін арнаған Зядан қажымыздың тойына келіп отырмыз. Бұл сіздердің еңбектеріңізді біздің халыққа ғана емес шетелдерге де танытқан Зядан қажы ағамыз. Зядан аға ешқашанда қартаймай жүгіріп жүре беріңіз. Сіздің бойыныздағы жігер қуатты көріп таңғаламыз әрі құрметтейміз.

Дәрігерлер айтады мына ауруды емдемесек өледі дейді. Ал емші қандай болады? Емші үміт сыйлайды. Үміт бергендеріңіз оларға екінші рет өмір сыйлаумен пара-пар. Үміті өшпеген адам ғана алға қарай өмір сүруге құлшынады. Сіздердің осы еңбектеріңізді қанша жылғы жұмыстарыңызды басқарған қауымдастықтың ауыр жүктерін көтеріп, шаршамай келе жатқан Зядан ағамыздың еңбегіне қайран қаламыз. Мерекелеріңіз құтты болсын. Алланың нұры жаусын.

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало