ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

15

    Арғынбек Қабылкак

Емші-дәрігер

ҚХР, Үрімжі

Ассалаумағалейкум ардақты ағайын!

Ауруға медет ажалға арашашы болып, осы емшілік үшін тер төгіп, ауған түйенің жүгін бассам деп жүрген емшілер сіздерге үлкен сәлем. «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» бірігіп «Саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді» дегендей қазақтың емшілігін, дәстүрлі медицинасын халыққа таныстырсам дүниежүзіне танытсам деп жүрген Зядан қажы Қожалымов мырзаға мыңдаған алғыс. Жәбір көріп жан жүректеріңіз ауырып қалған кезде саялап барсаңыздар бастарыңыздан сыйпап саясына алып жатқан Зядандай ардақты, мырзалық қылған жігіттің ықыласына қарасам толқып бір соққан көлмен тең. Осы жерге қадам басып қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойына келгелі бері Зядан ағамыздың сый-сияпатымен жақсылықтарың көріп жатырмыз.

Өтейбойдақ атамыздың «Шипагерлік баян» еңбегі туралы біраз білгенімді айта кетсем деймін.

Тұңғыш рет қазақ шипагерлігі “Қанықталғы”, “Нарықталғы”, “Дарымдалғы” деген үш шыңын, түптеме, жіктеме, аңғарымдама, нақтама, дарым заруаты, айықтырғы деген алты белесін қорытындылап шықты. Бұл қазақ емшілеріне берген үлкен білімі.

Екіншіден тұңғыш рет адам мүрдесін боршалау оны жеті жүз паршаға бөліп он екі мүшесіне жеке-жеке ат қойып шыққан.

Үшіншіден тұңғыш рет тұқым қуалайтын ауруды байқап, жеті атаға толмай қыз алуға болмайтынын хан жарлығы арқылы жария етіп сапалы ұрпақ көруге негіз қалады. Бұл салт қазақта қазірге дейін жалғасып келеді. Біздің текті ұлт болып қалуымыздың негізі осында.

Төртінші адамның тамыр соғуынан және тіл өңезінің түріне қарап науқас белгілерін анықтауды тапты.

Бесінші барлық науқасты төрт сипаттағы түрге айыруға әр түрлі науқасты он екі дәрежеге бөлді. Бір сипаттағы ауруға 40 шипашах жазуды тапты. Былайша айтқанда “Қиыншылық біреу болса, амал мың” деген сөз.

Алтыншы медицинада тұңғыш рет шөпті иіскетіп адамды жансыздандыру арқылы ота жасауды тапты.

Жетінші қан айналу шеңберін анықтап шықты.

Сегізінші дененің сусыздануының және қанның қоюлануының адамның өміріне қатерлі болатынын көрсетіп берді.

Тоғызыншы қоректік заттың қанмен тасымалданатынын тұңғыш рет байқады. Әрі аурудың пайда болуы, асқынуы қоршаған орта мен адам ағзасының күш-қуатына қатысты болатынына көрсетті.

Оныншы қалқанша без қабынуы (зоб) соның ұлғаюы топырақ құрамына және судың құрамына қатысты екенін, топырақ пен судың адамның денсаулығына әсерін тапты.

Он бірінші мешел (рахит) болып ауырған баланы жуындырып, құйрық маймен сыласа, жылы киіндіріп күн шуаққа шығарып тұрса, пайдалы болып бала аяғын тез басатынын байқады.

Он екінші кейбір жұқпалы аурулар көзге көрінбейтін құрт (микроб) шығаратынын байқады.

Он үшінші тұңғыш рет шешек ауруының вакцинасын егіп жұқпалы аурудан сақтануға болатынын дәлелдеді. Ғылымда оны Эдуард Женнер ашты деп айтып жүр. Одан 350 жыл бұрын ашқан Өтейбойдақ бабамыздың аруағы қалай ренжіді екен.

Он төртінші тыныс өнері. Мысалы, демікпе, көксау соны ауамен тыныстау арқылы жазуға болатынын білген.

Он бесінші дәрігерлік саласында өсімдіктерден алынған 728 түрлі шөптерден жасалған рецепті және жануарлардың мүшелерінен алынған 318 түрлі рецепті металлойдтан алынған 60-тан аса рецептер, жиыны 1108 емдік дәрілердің рецептер тізімін жазып қалдырды. 1050 түрлі дәрі аты 4577 шипашах болған екен. Өкініштісі көбі жоғалған.

Он алтыншы науқасты айықтыру күтімі, тамақпен емдеу, денсаулықты қорғау салаларындағы білімді жетілдіру.

Он жетінші бұдан да басқа ғылымдарында (философия, астрономия, математика, психология, педагогика т.б.) мәліметтер қалдырған.

Өтейбойдақ бабамыз мал жинаған адам емес еді. Ол кісі ауру көргенде бай, кедей деп бөлмеген. Қарашаны қатты аяитын кісі еді. Бүкіл ғұмыры шипагерлікпен өткен. Ол кісінің дәуірінде де діни бұғау, надандық пен қара түнек қаптаған қоғамдық жағдайлар да бар еді. Бірақ ол кісі жұмысын тастамады. Соның жемісін ұрпақтары біз көріп отырмыз. Әлі де зерттеле бермек. Бізде де осындай ізденушілік болса табысқа жетеріміз хақ. «Шипагерлік баян» құпияны сақтау үшін шартты тілмен жазылған.

Осындай сөйлеу орайын берген көпшілік қауымға рахмет. Бір нәрсеге жету үшін адамның алға қойған мақсаты болады екен. Оған жалғыз адам жетпейді. Қазақ “Жалғыздың үні шықпайды жаяудың шаңы шықпайды” – деген. Осы береке бірліктің арқасында іздену арқылы “Шипагерлік баян» арқылы қазақ емшілігін дүниежүзіне танытып отыр.

Мен ҚХР келдім. Сол жақта емшілікпен айналысамын. Осы жиналысқа арнайы шақырған Зядан ағаға алғыс айтамын. Зядан қажы ағамыздың басына бақыт зор денсаулық тілеймін. Мәңгі қартаймай жігерлі болып ортамызда жүре беріңіз. Рахмет.

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало