ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

НАМЫС ТУРАЛЫ ЖЫР НЕМЕСЕ ЗИЯДАН ҚОЖАЛЫМОВ ТУРАЛЫ СЫР

 

16

Серікжан Қажи

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Алматы қаласы

 

 

 

Сіз таулықсыз, таулықтармыз біз деген,

Бар бақытын биіктерден іздеген.

Хан-Тәңірден қанат қаққан тарлансыз,

Жолға шыққан ұлы соқпақ, ізбенен.

Ұлы соқпақ тарау-тарау ізі бар,

Көз жүгіртсек көңіл кейде бұзылар.

Сол уақыттың көшпейтұғын сызы бар,

Өр Рух бар қаның тасып қызынар.

 

Ол бабалар рухы ғой ел деген,

Ұрпағы үшін жауға Намыс бермеген.

Азаттықты аңсап өткен солардың,

Арманы бар кеудеңізде өлмеген.

 

Рухы бар бойыңызда Сіздің де,

Намысы бар көріп жүрміз біз күнде.

Таңдадыңыз Хақтың жолын, ақ жолын,

Бой түзесін Сізге қарап кім-кімде.

Есті ұрпақ өсірдіңіз, саналы,

Кеуделерде Намыс оты жанады.

Сіздің салған соқпағыңды жетелеп,

Болашаққа жалғастырып барады.

Намысы бар, ұяты бар, ары бар,

Бойыңыздан мың сан қасиет табылар.

Шалынбай да, шалдыртпай да келесіз,

Тірлігіңде жол тосса да жабылар.

Намыстансаң, каһарландың тау құсап,

Көш бастадың тың жерлерден жолды сап.

Мейірленсең таудан соққан самалдай,

Бар адамға жайылады кең құшақ.

 

Қуаттанар пенделердің мыңы кеп,

Сергітесіз, серпілтесіз Құдірет.

Адасқанды жолға салдың, демедің,

Шуақ төктің көгіндегі Күні боп.

Сіз таулықсыз, қуат алған асқардан,

Ғұмырыңыз артық ғажап дастаннан.

Алты Алашқа танылдыңыз ізгі іспен,

Биіктетті Намыспен жол басталған.

 

Алашым деп арналады бар ісің,

Ізгіліктің сеуіп жүрсің дәрісін.

Хан-Тәңірден самғап ұштың, қырандай,

Асқақтай бер серігің боп Намысың.

 

 

 

 

 

 
 
В начало