Құрал ҚалиұлыЕмші-дәрігер ҚХР, Санжы Ассалаумағлайкүм қадірменді көпшілік. Келген қадамдарыңызға Алланың нұры жаусын. Кешеден бірі жоғары лауазымды ағаларымыз, ғалым ағаларымыз жақсы-жақсы насихат кеңес айтып жатыр. Мен өзі Үрімжі облысы Санжы ауданынан қонаққа келіп отырмын. Біз де медицинаны дамытуда ағаларымыз айтқанда мұғалім мен оқушының ара қатынасындай болуымыз керек. Алдымызға келген науқаспен сондай мәмле жасауымыз керек. Ерекше бауырмалдықпен науқасқа ғана қатысты диагноз қойып жақсы ақпарат беру керек. Содан кейін шөп дәріге әсіресе ғылыми түрде мән берсек. Ұлы шипагер Өтейбойдақ бабамыздың жолын адал ұстасақ ағалар, апалар, қарындастар, інілер сонда бабаның ізбасары бола аламыз. Әлі де білімімізді дамытып, зерттеулер жасауымыз керек. Әсіресе адам өз жүрегін дұрыстағаннан кейін халықпен етене араласа алады. Халық бізді қолдаса ғана яғни, бізде халықты разы қылатындай қабілет болмаса біз ем жүргізе алмаймыз. Келген қадамдарыңызға Алланың нұры жаусын. Аман болыңыздар. Сіздерге рахмет. |