ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

kumarbek

Бесембаев Құмарбек

Вице-президент

Құлсары қаласы

Қайырлы күн. Амансызар ма? Зядан мырза қауымдастықтың жетістіктері туралы баяндамасында толық айтып кетті. Менің айтайын дегенім осындай жетістікке осы күнге жеткеннен кейін ауызбіршілігімізді сақтайық.

Мен Атырау облысының директоры болып тағайындалған кезде президентіміз Зядан мырза арнайы келіп сертификат беріп марапаттап, арнайы сабақтар өткізіп жиналыс болды. Атырау ақпарат телестудиясы біздің түсірген осы видеомыздың ортасына әдейілеп молданы құмалақшыларды кіргізіп жіберіп көрсетті. Содан біз намысымыз үшін солармен соттасып жеңіп шықтық. Бағдарламаны жасаған тілшілер жұмыстан шығарылып жазаларын алды. Біз не үшін жасадық. Өзімізді өзіміз қорғау үшін біз адал отырған адамдармыз. Халқымызға еңбек сіңіріп, адамдарды дұрыс жолға салуға ажырасқанды қосуға ат салысып, қолымыздан келген шипамызды халыққа беріп сол үшін халықтың адамы болып халық емшісі деп аталып отырмыз. Біз жеңіп шығып телеарна кешірім сұрады. Орысша қазақша арнайы хабар беріп Зядан мырзадан емші қауымынан кешірім сұрады. Атыраудың Иманғали мешітінің найб имамы жұмыстан кетті. Бір-біріміздің намысымызды қорғауымыз керек.

Жұмыстарың үлгілі болу керек. Халықтың алғысын алуымыз керек. Біз халыққа үлгі болуымыз керек. Өзіміз адал болуымыз керек. Біздің бағамызды беретін халық. Тәртіп болсын. Өзіміз тәртіпті болайық. Ізденіңіздер дамыңыздар. Атыраудың телеарнасын Астанадан тексеруге келген тексерушілер телеарнаның тілшілеріне айтты: “Сендердің білімдерін СПТУ-дікі екен. Академиктерге жету қайда”, – деді. Сонда бізді осындай дәрежеде бағалағанына біз көздерің жеткіздік. Біз Аллаға қарсы шықпаймыз дедік. Біз білімсіз имамына қарсы шығып тұрмыз дедік.

Ортамыз көбейе берсін. Медицина бес нәрсені білмейді. Тіл-көзді, қарғысты, дуаны, ырымды, қасиетті білмейді. Біз соларды дәлелдеп беруіміз керек. Біз білімді болсақ жеңісті де жемісті боламыз. Маған төрт облысты қарауды ұсынды. Мен әр екі айда сол облыстарға барып тұрамын. Бірлігіміз нығая берсін. Рахмет.

talgatАнарбаев Талғат

Халық емшісі

Шымкент қаласы

Құрметті Қазақстанның халық емшілері! Жақсы ниет тілектердің бәрі айтылып жатыр ғой. Осы жақсы тілектердің бәрі періштенің құлағына шалынсын. Зядан ағамен бірге 25 жылдан бері келе жатырмыз. Небір қиыншылықтарды бастан кештік. Оның бәрі артта қалды. Лайым алдымыз жақсы болсын.

Бүкіл Қазақстандағы емшілерді басқару оңай емес. Басымызды қосып ізгі істер істеп жатыр. Осының бәрі осы Зядан ағамыздың арқасы. Ағаларымыз айтып жатқандай біріншіден білімді болуымыз керек. Рухани таза болуымыз керек. Халыққа өзімізді көрсете білуіміз керек.

Алдымызға келген адамға имандылығымызды жан және тән тазалығымызды көрсете білуіміз керек. Келген адамдарға жақсы ақпараттар беріп отыруымыз керек. Біздің атымызға кір келтіріп жүрген адамдар көп. Халықтың ішінде оларға Алла сабыр берсін. Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Жақсы күндерде кездесе берейік.

 

 

kakimovХакимов Мухамеджан

Директор Костанайского областного филиала

г.Костанай

Бисмилаһир рахманир рахим.

Здравстуйте мои коллеги. Поздравляю всех с 25 летием Ассоциации народных целителей Казахстана. Желаю всем здоровья, счастье удачи достатка благополучия в этом мире. Помагайте людям нуждающимся. Будте все здоровы. Вместе будем поднимать наш Казахстан, оздоровливать и быть впереди планеты. Будьте здоровы. Спасибо.

akmetҚалауов Ахмет

Қарағанды облыстық филиалының директоры

Қарағанды қаласы

Ассалаумағлайкум құрметті емшілер. Қарағанды облысының директоры бол-ғаныма аз ғана уақыт болды. Кедергілер болып жатыр. Оны жайлап шешеміз деп ойлаймын. Президентіміз Зядан ағаның артқан сенімін ақтаймын деп ойлаймын. 25 жылдық мерейтой құтты болсын. Қырық жыл мен елу жылдығын тойлайық. Емшілік жолда жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін. Құмар аға айтып жатыр тәжірибе алмасыңздар деп. Сол айтқандай әлі де тәжірибе жинақтайық. Аман болыңыздар. Рахмет.

 


turebekovТуребеков Бахтыбай

ОҚО филиалының директоры

Жетісай қаласы

Құрметті Құрылтай делегаттары! Қайсы істің төрешісі уақыт. Бағасын беретін халық. Бүгінгі тыныс тіршілігі бар, бағыт-бағдары айқын қазақ елі болған шақта бақытымыз баянды болсын. Осы қауымдастықты 25 жылдан бері басқарып келе жатқан академик, профессор Зядан қажы ағамыздың еңбегіне зор баға беруге болады. Осы қауымдастықтың арқасында академик дәрежелеріне жетіп, марапатқа ие болып жүрген емшілеріміз баршылық. Қиналған кезде ақылын беріп көмектесетін Зядан ағамызға көп рахмет.

Бойынан табылған қазақылық,

Жүрегін де жаратқан таза қылып.

Ел бастаған дара аға соның бірі,

Зядан қажы Қожалымов.

Жетістікті жеткізсем өлеңіммен,

Бойыңыздан көп қасиет көремін мен.

25 жыл басқарған емшілерді,

Қиындықты талай жеңе білген.

Қиындыққа мойымай қарамаған,

Адамның ақ жүрегін бағалаған.

Райымбектей батырдың ұрпағы еді,

Ойы зерек, ақ көңіл адал ағам, – деп Зядан аға туралы көп нәрсе айтуға болады. Ағамызға денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, Оңтүстік Қазақстан емшілері атынан сізге беретін сыйымызды қабыл алыңыз.

 

 

zhanbolatЖанболат Сәрсенбай

Журналист

Алматы қаласы

Сан ғасырлар бойы қолданыста болып келе жатқан халықтық емшілік, яғни халық ішінде жасалып жүрген ем түрлері, бұл күнде қоғамның ең озық емделу саласының ең керемет әдіс-тәсіліне айналды. Бұған, еліміздің білікті медицина мамандарымен қатар, зерттеуші ғалымдары да көптеп көңіл бөліп, халықтық емді ғылымға енгізді. Бұл ретте, табиғи өнім ретінде алынатын жер қойнауының байлығымен бірге, жан-жануарлардың ем болатын терісі, майы, еті тағы басқа да қажет болатын емдік қасиеттері, кеңінен қолданысқа ие болып, дүниежүзілік денсаулық сақтау саласынан өзінің орнын алды.

Осындай істердің жүзеге асуына, әсіресе, біздің еліміздегі ел ішіндегі емшілердің бойындағы қасиетін зерттеумен айналысқан бірден-бір қоғамдық ұйым – Қазақстан халық емшілері қауымдастығы. Бүгінде бұл ұйымға аттай – 25 жыл толып отыр. Қауымдастық президенті, академик, профессор, Өтейбойдақтанушы, мәдениеттанушы ғалым Қожалымов Зядан қажы ағамыз өзі құрған осы ұйымға еңбегі сіңді. Әлі күнге дейін тынбай еткен еңбегінің нәтижесінде бұл ұйымның бүгінгі жеткен жетістігі халықаралық деңгейге жетті. Сондай-ақ, Зядан қажы ағамыздың осындай үлкен еңбегінің ескерілуінің нәтижесінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолдауына ие болып, қолынан Алғыс хат алған мәртебесі де бар.

Қауым мүшелерінің негізгі қызметіне қарай, емдеу-сауықтырумен қатар, емшілердің жеке дара кітаптарының жарық көруіне, теле-арналармен байланыс орнауына, газет-журналдармен қарым-қатынас жасауларына, басқадай да бір қатар жұмыстарының алға басуына ықпал етіп келеді. Сондай-ақ, ұйымның төл газеті республикалық «Шипагерлік баян» газетінің таралуына да, «Шалкөде» баспасына да қоғам мүшелерінің өз еңбектерінің баспалық қызметінің атқарылуына да тығыз байланыс орнатылған.

Сондықтан, әлі де атқаратын жұмыстар жетерлік. Соның бірі халық медицинасының ғылыммен байланысқан тұстарын жаңашылдандыру. Бүгінгі дамыған қоғамның техникалық құралдарымен байланыстырудың жолдарын табу. Қалай десек те, уақыт барысында Қауымдастықтың ұстанымы мықты, бағыты айқын екені көрініп тұр.

Құрметті қауым, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 25-жылдық мерейтойы құтты болсын! Аса қадірлі, ұйым басшысы Зядан қажы ағамыздың да денсаулығы жақсы болып, әлі де, еліміздің дамуына талай еңбек сіңіруіне бір Алла қуат шуақ берсін! Бұл ұйымның болашағы нұрлы, ғұмыры ұзақ, берекелі болатынына сенім артамыз!

 

 

mankanovaМанханова Амангуль

Емші-психолог

Астана қаласы

Армысыздар құрметті асқарлы ағалар, аталар, ақ жаулықты аналар, апалар сіңілдерім, бауырларым. Сөзімді осылай бастағым келді. Бүгінгі үлкен мерейтойда осындай жүректен шыққан сөзден бастағысым келіп тұр. Зядан ағаның баяндамасын тыңдап отырып жүрегім қатты толқыды. Ол кісінің ерен еңбегіне және маңайындағы тілеулес адамдардың үлкен еңбегінің нәтижесін көріп кеудемді бір мақтаныш керді. Ширек ғасыр бұл бір өмір. Айтайын дегенім ағайындар сіздерге, қажы аға өзіңізге, отырған ғалымдарға алғысым шексіз.

Өйткені халық емшілігі бүгінгі таңда ғылыммен ұштасып сабақтасып көзі ашық көпшіліктің жүрегіне ұялап отыр. Мен өзім Семей өңірінің тумасымын. Мамандығым педагог. Отыз жыл қызмет еттім. Оның 20 жылын басшылық саласында атқардым. Тәжірибелі психологпын. Соңғы он алты жылда осы тектен қанмен келген қасиетімді емшілігімді психология жағынан, әсіресе, қазақтың психологиясымен бірге ұштастырып ғылымның бір жақ шетінде жүрген қыздарыңыздың бірімін.

Мерейтой құтты болсын. Алла тағала біздің бәрімізге осы зәулім ғимаратқа жиналуды нәсіп еткен екен. Адаммен адамның арасында көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын көңіл жібі болады. Рухани жіп болады дейді. Бүгін сол жіппен бәріміз байланып үлкен жиында бас қосып отырмыз. Алла амандық берсін. Қажы аға артыныздан еріп келе жатқан біз сияқты жас ұрпақ тәжірибе алмасып, өздеріңіздің басқан іздеріңізді біз де бассақ деген ойдамыз. Ғалым ағалар сіздер де аман болыңыздар. Өте қуаныштымыз мұндай жиынға мен алғаш рет қатысып отырмын. Халық медицинасының рухының көтерілуі, ғалымдардың қолдауы әлемдік деңгейде осындай үлкен істің қолдау табуы үлкен мәртебе. Сіздерге Алла жар болсын. Рахмет!

zhamilashМұсабай Жамилаш

Халық емшісі

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

 

25 жылдық кез келген кезде болмайды. Бұл 25 жыл бірінші Алла тағаланың, екінші Зядан қажы ағаның көмегінің және осы кісінің қасында отырған ғалымдардың арқасында. Біз тәй-тәй басқан баламен 25 жастаға жігітке қарасақ қандай дәрежеге жетіп отырмыз.

Менің сіздерге айтатыным алғаш өзім Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы музейде директор болып жүрген кезімді Зядан аға семьясымен емдік сеанс жасағанын білемін. Бізді тәрбиелеп осындай дәрежеге жеткізді. Әркімнің өзіне берген Алла тағаладан келген дарын болады. Кейбіреулер көріп біліп бойларындағы қасиетін халыққа дарытады. Мен шет тілінің маманымын. Шын көңіліммен айтатыным Зядан ағаның еңбегі зор. Қаншама еңбектер жазды, бізді қорғап ағаның теледидардан сөйлеген сөзін мен блокнотыма жазып отырамын.

Құрметті қауым «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дейді. Жанына өте лауазымды адамдарды жинап отырған ағаға мен басымды иемін. Тыңдағаңдарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет!

 

berikБерік Қабен

Емші-дәрігер

Алматы қаласы

Ассалаумағалейкум құрметті емшілер! Мерекелеріңіз құтты болсын. Менің ҚХР, Құлжа қаласынан келгеніме бес жыл болды. 2012 жылы қауымдастыққа мүше болып қабылдандым. 2012 жылы мен Астана қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстанда жұмыс істеу үшін дипломдарымды алып сол жерге өткізуге барғанмын. Олар маған медициналық дипломымды анықтап дәлелдеу туралы Қытайдан қағаз алып кел деді. Мен Пекиннен білім алғаным жөнінде қағаздарымды алып келдім. Қайта бардым. Бірақ бізді қабылдамады. Себебі біріншіден орысша оқымауымыздан, екіншіден ҚХР мен Қазақстанның заңдарында кейбір келісімдер жоқтығынан рұқсат бермеді.

Бірақ сол жерде маған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» барын айтып таныстырды. Мен Зядан ағаға келіп бес жылдан бері жұмыс істеп жатырмын. Қазақтың медицинасын зерттеп халыққа танытып халықаралық деңгейге шығарып жүрген осы Зядан ағаның басқарып отырған ұйымы. Осы залда шетелдерден (ҚХР, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан т.б.) келіп жатқан бауырластарымыз бар. Осы кісілерге Қазақстандағы қазақтың халық медицинасын зерттеп халықаралық деңгейге шығарып заңды түрде жұмыс істеп жатқан ұйым «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» екенін айтқым келеді.

Медицина бәрімізге ортақ. Алла тағала бір ауруға 70 түрлі шипасын түсірген. Сол шипаның ішінде біреуі ғана ем болады дейді. Медицинаның шегі жоқ. Зерттеңіздер медицинаға көбірек үлес қосыңыздар. Ең бастысы ауруды емдеп жазыңыздар. Жұмыс істетіп отырған қауымдастыққа және жұмыс істеп жатқан сіздерге де рахмет айтамын. Қолдарыңыз шипа болсын. «Шипагерлік баян» деген газетіміз бар. Өздеріңіздің еңбектеріңізді осы газетімізге шығарып, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Қытайда да қазақтың халық медицинасының зерттеу орталықтары бар. Бірақ олар халықаралық деңгейге шыққан жоқ. Тойларыңыз құтты болсын. Мерекеден мерекеге өркендеп жете берейік. Қауымдастықтың шаңырағы биік болсын. Керегеміз кең тереземіз тең болсын. Сіздерге көп рахмет. Осындай тойларда кездесе берейік. Рахмет.

toguzbaevТогузбаев Кенжебай

Халық емшісі

Қызылорда қаласы

Құрметті әріптестер! Адам баласы қанша өмір сүріп жатса да мың қосшыға бір басшы деген. Біздің бір басшымыз бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен бізді жинап топтастырып отыр. Осы Зядан ағаға рахмет айтқым келеді. Ата-бабаларымыз дара жүріп ем жасаған. Тарихта аттары мәңгі белгілі болып қалған. Ал енді қазіргі заманда жаңа дәуірде бүкіл Қазақстанның мықты деген емші азаматтары бас қосып отыр. Келген сіздерге рахмет. Халыққа жасап жатқан еңбектеріңіз жемісті болып сіздерге Алланың нұры жаусын. Зядан ағамыз осыншалықты еңбегімен адал ниетімен осы дәрежеге жеткізіп отыр. Менің сіздерге өтінішім бар. Қазақтың халық емін дүниежүзіне танытуға ат салысайық, ағайындар! Ұрпағымызға үлгі қалдыруымыз керек. Рахмет.

 

 

aisuluӘмзеқызы Айсұлу

Халық емшісі

Алматы қаласы

Сәлеметсіздер ме көпшілік қауым. Құрметті Президиум мүшелері, құрметті Зядан аға. Бүгін мынау халқымыздың жоғалып кетуге айналған мұрасын, ата-бабамыздың қалдырып кеткен дәстүрін қайтадан жаңғыртып, қазақтың ұлттық өнерін, мәдениетін, шипагерлігін өркендетіп жүрген ағамызды қайтадан президенттікке сайлауға дауысымды беремін.

Мен халық медицинасы орталығында 1990-жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сіздер халық медицинасының не екенін жақсы білесіздер. Әмзеқызы Айсұлу деген апаларын боламын. Әрине, көпшілік қауым жалғыз ағаның қолында тұрған жоқ. Сіздер бірігіп бәріңіз бас қосып, осы ағаның алға алып шыққан жұмысын жалғастыру үшін сіздерде көп еңбектенулеріңіз керек. Бүкіл республикадан және шетелден келген бауырларымыз сіздер ауылда жүріп ата-бабаларыңыздың ұлттық қасиетін жоғалтпай жүргендеріңіз үшін көп-көп рахмет.

Сіздерге басымды иемін. Зядан аға Алла сіздің денінізге саулық берсін, отбасыңызға береке берсін. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін.

 

 

zuruhanЕҢБЕГІМНІҢ ЖЕМІСТІ БОЛУЫНА ЗОР МҮМКІНДІК БЕРГЕН ТҰЛҒА

Зурихан Баймолла

Халық медицинасының профессоры,

Алматы облысы,

Жетіген ауылы

«Қазақстан халық емшілерінің қауымдастығының» президенті, академик Зядан қажы Қожалымовқа шексіз алғысымды білдіремін. Осы абыройлы мекемеміздің президенті, ардақты азаматымыз академик, Зядан қажы Қожалымовқа өзімнің және отбасымның атынан зор алғысымды білдіремін. Өмірінің жиырма жылдан аса уақытын халық медицинасы саласын, оның ішінде ХV ғасырдың ұлы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін зерттеуге жұмсаған ғалымның ерен еңбегін, жақсылықтарын ешуақытта ұмытпаймын.

Жасыратыны жоқ, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, президентіміз Зядан қажы Қожалымовта конгресс-форумдарда менің есімімді атап, әр кезде де абыройымды асқақтатып, халыққа танылуыма жол ашты. Әсіресе, газет-журналдарда жариялануыма, телеарналарға шығуыма зор мүмкіндіктер берді. Ғалым Зядан қажы Қожалымов мырзаның арқасында бірнеше тарихи кітаптарға ендім.

Сондай-ақ, Қауымдастықтың тарапынан көптеген «Алғыс хаттармен», «Құрмет грамоталарымен», медальдармен марапатталдым. Әсіресе, 2013 жыл менің еңбегімнің жанып, өсіп-өркендеуіме жол ашқан құтты жыл болды. Республикалық «Рахат», «Қазақстан», «Алматы», «Астана» телеарналарында арнайы сұхбаттар берумен қатар, түрлі ток-шоулармен мәдени шараларға толы хабарларға қатыстым. Газет-журналдарда мақалаларым жарияланды. Халық шипагерлігі саласындағы жеткен жетістіктеріммен, абырой-беделімді ескерген Қауымдастық Төралқасының ұсынуымен «Қауымдастықтың 2013 жылғы жеткен жетістіктері» ретінде алған үлкен марапатының құрамында менің де болуым қуантты.

Осы ретте Алланың сыйы десем де болады, ерен еңбегім ескерілді. Көп жылғы ізденісім де, еңбек жолдарымдағы жетістіктерім ескеріліп, газет беттеріне жазған емдік жүйенің әдіс тәсілдері туралы мақалаларым ғалымдардан қолдау тапты. Сондықтан да болар, «Халық медицинасы және Ғарыштыққуат» Академиясының толық мүшесі екенім ескеріліп, Академиясының «Құрметті профессоры» атағын алдым. Дипломымен марапатталып, төбем көкке жетіп, қуандым. Ғылым саласының зор жетістіктерін зерттеу айдынында еркін жүзуіме, қаламымды көсілте сілтеуіме зор мүмкіндік туды. Бойыма, ерекше бір қанат бітіп, шабытым артты. Содан да болар «Өмірімнің өткелдері» атты кітабым «Шалкөде» баспасы арқылы жарық көрді.

Әрине, мұндай жетістіктермен, атақ-даңқтарым екінің-бірінің пешенесіне жазыла бермейтін, ерінбей еңбек етумен, аянбай күрес жолының нәтижесінен туындалатын өмірдің сыйы болар. Мен де, аңсаған арманымның орындалуы, маңдайымның бағы болғанмен, бармақтай бақ берген Аллаға мың да бір шүкір етемін! Дегенмен, осындай абыройлы ұйымның, Қауымдастықтың бір мүшесі болғанымды, Қауымдастық президенті, академик, профессор Зядан қажы Қожалымовтай тұлға басқарған шипагерлік саласында қызмет еткенімді, әріптестеріммен тағдырлас болғанымды әр уақытта мақтаныш етіп келемін. Қанша биіктесемде, соғұрлым кішілік келбетте екенімді, айналамдағы қарапайым халықтан ешқашанда жоғары емес екенімді жадымда сақтап, ұлылықты бойыма сіңірген қасиет-қарымымды қорған етіп келемін.

utupinaУтюпина Наталья

Целитель космоэнергет

г.Семей

Вам огромная благадарность за то что нас всех здесь собрали. Работа была проделана очень большая. Желаю нам всем развитие чтобы не сидели на месте. Учились развиваться. Стремились к большему высшему. Но не только Казахстане и по всему миру. Спасибо.

 

 

varsavaҚожағұлова Варшава

Халық емшісі

Шымкент қаласы

1992 жылы мен ауыр халде жүргенде Зядан аға менің көзімді ашты. Талғат екеуіміз 1992 жылдан бері Зядан ағаның ізімен келе жатырмыз. Халқымыздың көзін ашып, Түймекүл апаймен бірге жүз жасасын. Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін. Қауымдастығымыз мәңгі жасай берсін. Зядан ағаға өзімнің дауысымды беремін.

 

 

 

rimtaiСапарбекқызы Рымтай

Халық емшісі

Павлодар қаласы

Ассалаумағлейкум жамағат. Емшілер қауымы. 70 жыл жабылып жатқан халық емін оятқан бірінші Дінмұхамед Қонаев атамыз. Осы көшті ары қарай жылжытқан 25 жыл еңбегін төгіп бейнетіне төзіп қуанышына шаттанып бізді бір ортаға жинаған Зядан ағаға мыңда бір алғыс. Сіздің еңбегіңізді ешкім де жоққа шығара алмайды. Атымызды шет тілдерінде (қазақша, орысша, ағылшынша) шығардыңыз. Сіз әр ұлттан жиналған емшілердің басын қостыңыз. Өзіңіз бастаған көшті жетелей беріңіз. Ғылым жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын. Қанша емшілерді тәрбиеледіңіз. Аға сізге өз басым иіліп рахметімді айтамын. Ісіңіз алға бассың. Жанұяда бақытты болыңыз. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін. Отанымыз тыныш болсын.

 

Құрметті Зиядан Қожалымов!

Өмір жолыңызда еңбек сүйгіштік, қоғамдық белсенділік, азаматтығыңызбен ерекшеленіп, абырой биігіне көтерілдіңіз. Ұзақ еңбек жолында еліміздің жан-жақты өркендеп, гүлденуіне үлес қосып келесіз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін. Қаламыңыз қарымды болып, шабытыңыз шалқи берсін!

Ізгі тілекпен: Жасан Зекейұлы, м.ғ.д., профессор, академик

 

 

aksagulДжайляубаева Ақшагүл

Халық емшісі

Астана қаласы

Құрметті Зядан қажы аға! Көпшілік атынан айтайын дегенім.

Бір бәйтерек аспан көкке жетер ме,

Жаяу адам терең судан өтер ме.

Осындай Зядан ағамыз тұрғанда

Бүкіл шәкірттерінің көңілі басқа жанға кетер ме, – деп бірауыздан сізге дауыс береміз.

 

Қожалымов Зядан қажыға

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген ұлы Абай! Осы қасиеттер сіздің бойыңыздан табылады. Өзіңіздің жайдарлы мінезіңізбен, кең пейілді жүрегіңізбен, жан-жақты білімділігіңізбен, біздің арамызда үлкен беделге иесіз! Жауапкершілігі мол жұмысты атқара жүріп, биіктерден көріне беріңіз! Түймекүл апай:

Ағама асыл жар боп келесіз,

Бақытқа әрқашанда бөленіңіз.

Отбасының ұйытқысы боп қашанда,

Аман-есен жүріңіз ортамызда.

Қуанова Ақтиме, халық емшісі, Атырау қаласы

 

 

25 жылдық торқалы той

Есенгельдиева Алия - Жамбыл облыстық филиалының директоры

Тараз қаласы

 

Өтейбойдақ бабамыз,

Салып кеткен сара жол.

Халқына жолды көрсетіп,

«Шипагерлік баянын»

Беріп кеткен дана ол!

Халқының адал ұлдары,

Бекенов Тұрсын, Әлихандай ағалар,

Еңбектерін елім бүгін бағалар!

Бас иіп алғыс айтамыз,

Артында қалған, аға-іні бауырлар!

Арманына айналған,

Алғысына емшілердің бөленіп.

Зядан аға, Түймекүл апай,

Қанаттарың талмасын!

Айтқан әрбір сөздерің.

Халқыңа қарай самғасын!

Құтты болсын қазағымның,

Емшілері тойларың!

Жасап жатқан әрбір еңбек ойларың.

Қызметіңді адал етіпатқарып,

Көмек қолын созыңдар алғысына бөленіп,

Алдыңа келген, әрбір науқас жандардың!

 

Зядан ағаға

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Ақтөбе облыстық филиалының мүшелері атынан

Әрбіреуі бір әлем дара тұлға,

Қайталанбас заңғар көк дара шыңдар.

Ширек ғасыр мереке құтты болсын,

Елге шипа іздеген жанашырлар!

Дертін тауып емдеген мазалының,

Басын қосқан бар емші қазағымның.

Бастауында ізгі істің сіз тұрдыңыз,

Абзал аға Зиядан Қожалымов!

Бастадыңыз елде жоқ соны ізді,

Тежесе де көп бөгет жолыңызды.

Құрдыңыз да қауымын емшілердің,

Емдедіңіз жүрегін еліңіздің.

Құтты болсын, жасыңыз, қадірлі Аға!

Сізге айтады алғысын сайын Далам!

Мұңын ойлап, дертіне дәру іздеп,

Арттыра бер халқыңның бағын Аға!


Қазақстан Халық Емшілері қауымдастығының 25 жылдық мерейтойына арналады

Қожалымов ағамның мінезі асыл,

Кеудесінде жатыр ғой терең бір сыр.

25 жыл емшілер ордасына

Басшылық қып қол үзбей келе жатыр.

Жазушы, ақын, сазгер, үздік емші,

Тылсымды сараптаған ізденуші.

Жастарға тәлім беріп, бағын ашқан

Елбасына танымал біздің басшы.

Өтейбойдақ бабамның ізбасары,

Әлемдік емшілікке бар қосары.

Жетпістің екеуіне келсе-дағы,

Бір әжім жоқ бетінде, жүр жасарып.

Осының бәрі жеңгемнің арқасында,

Мейірімін төгіп ағама, жүр қасында.

Жалындатып жүрегін, шабыт беріп,

Ашуында басады арасында.

Ұзақ өмір тілеймін асыл жұпқа,

Ағамызды, Тәңірім, өзің сақта.

Президенттік құзыры мәңгілік боп,

Жарты ғасыр отырсың осы тақта.

Еңбегі еш болмасын емшілердің,

Кешірейік болса егер кемшілігі.

Қауымның ғұмыр жасы ұзақ болып,

Жарқырасын жұлдыздай келешегі.

Құтты болсын мерейтой, әріптесім,

Қазақтың көк байрағы желбіресін.

Алтыннан мойнымызға алқа тағып,

Бәрімізді Зиядан ағам дәріптесін!

Мырзабек Қабылов, ақын, сынықшы,

Астана қаласы

 

 

ОРЫНДАЛҒАН АМАНАТ

Өтейбойдақтанушы-ғалым Зядан Қожалымов туралы

Ұлы шыңның басында қарт отырды,

Ақ сақалын сипалап ұзақ қарап.

Айналасы, сай-сала, керім шатқал,

Жасалғандай қолдан бір, құрақ-құрақ.

Қатпар-қатпар жүзінде тарих жатыр,

Қарт дананың өңі бір қалыпта тұр.

Өмірінің соңы ма, бәлкім солай,

Айналасы өткел болып қалып жатыр.

Қарайды әлдекімді күткендей боп,

Сағыныштың cары уын ішкендей боп.

Күткені келе жатты, төмен жақтан,

Ақ арман, алақанына түскендей боп.

Мұң қапқан жүзінде тұр адалдығы,

Қатқыл мінез, көрініп тұр қаталдығы.

Сұр шапанын жамылып қымтай түсті,

Етек-жеңін жинайды тым қадірлі.

Ассалаумагалейкүм, Ұлы баба!

Өтейбойдақ есімің шарықтаған.

Мен келдім шың басына шақырған соң,

Қиялыммен қанат қағып қалықтаған.

Жаныма ерекше сыр жасырған соң,

Мен едім, ұлы еңбектен жалықпаған.

Ұлы еңбегің кеудемде сайрап жатыр,

Халықтық ем түгелдей таныс маған.

Деген үн төмен жақтан нақ естілді,

Жас жігіт жүзі жарқын күліп тұрды.

Жеткен бойда қос қолдап қолын алды,

Дана қарт қас-қабағын түйіп тұрды.

Уағалейкүмасалам, Зядан балам!

Елің тыныш, бүгінде халқың аман!

Ақ батамды беруге шақырған ем,

Жана берсін кеудеңде от жалындаған!

Ұлылық бар бойыңда дарын болған,

Ешқашанда таймасын арың жолдан!

Емшілердің тізгіні өз қолыңда,

Ұшқан түлек сен-дағы Нарынқолдан!

Әумин! деп Ұлы бабам ғайып болды,

Аңтарылып, Зядан қалды жайып қолды.

Көзді ашып қарап еді, түсі екен,

Әумин! деп бет сипауды лайық көрді.

Ұлы аруақ ақ батасын берді солай,

Ұлылықты сұрама келді қалай?

Жас жігіт қалам алып ақ қағазға,

Орындалған аманатты жазды солай.

Ұлы еңбек ғалымдыққа жетеледі,

Ақ алғыс, ақ тілектер еселеді.

Жас жігіт ойы зерек, қалам ұшқыр,

Атағы ел жарып өсе берді.

Есімін де асқақтатты бабасының,

Ақ сүтін ақтау үшін анасының.

Өз анасы, Өзипа бір кездерде,

Даралығын білген екен баласының.

Қуаттап сол үшін де Зяданды,

Бір күш келіп қонар деп қиядағы.

Білім нәрін бойына жиғызыпты,

Анасы жалғыз ұлға ұядағы.

Бала күнде елгезек болса керек,

Бұл қасиет бала күнде қонса керек.

Таңғажайып, құпия сырлы әлем,

Ой-қиялына баланың толса керек.

Періштелер де табылғанда қасынан,

Бала кезден ғылым жолға қосылған.

Жалғыз ұлға тіл-көздер тимесін деп,

Жан анасы күнде дем сап отырған.

Бала өсті, өркендеді нұрлы боп,

Білімді, ақыл-ойлы, сырлы боп.

Анасының тәлімінен нәр алған,

Арман қуды, өсіп-өнді, текті боп...

Тылсым дүние құшағына алғанда,

Күрес жолына түскен кезде жалғанда.

Қырық жастың қырқасына шыққан кез,

Текті өнерге өз құрығын салғанда.

Дұшпан күйіп, дос сүйінді құбылып,

Қауым құрды емшілермен жұмылып.

Көшбасшы боп, дара болып танылды,

Тылсым дүние сырларын да ұғынып.

Ұлы баба аруағын да құрметтеп,

Өткен ізге қалам тартты суреттеп.

Халық емін жіпке тізіп зерттеумен,

Киелі емнің майын шақты жіліктеп.

Қазақ елі, халық емін қолдаған,

Емшілердің еш тарихы болмаған.

Сол тарихты жазып шыққан Зядан,

Емшілерді өз заңымен қорғаған.

Өтейбойдақ баба атын асқақтатты,

Көк жүзіне мәңгіге қалықтатты.

Күллі әлемге екінші Ибн Сина,

Екенін де мойындатып, жарық жақты.

«Шипагерлік баяндай» ұлы еңбекті,

Әлем танып жүректерді тербетті.

Сан ғасырдан аман қалған бай мұра,

Әлемдегі ең ұлы еңбекпен тең депті.

Дәл солай барлық ғалым мойындаған,

Ұлы еңбек ешқашанда жойылмаған.

Тың тақырып, тылсым дүние сырлары,

Ғылым боп өз алдына қойылмаған.

Дегендей әңгіме айтқан кейбір мансұқ,

Қазақ боп өз мұрасын жоқтамады.

Осындай ұлы дауға нүкте қойған,

Зядан ер бұл жолда да тоқтамады.

Қазақтың халық емін зерттеп шықты,

Шипасы мол, қолайлы әдіс өте мықты.

Мәдени бай мұрасын ұлы елдің,

Бабалардың рухы көтеріп тұр.

Кезінде аян алған, баяндалған,

Болған да «Шипагерлік баян» арман.

Өтейбойдақ бабамның аманатын,

Орындап әз бабаның жолын салған.

Киелі ұл, ұлы ғалым, тірегі мықты,

Ұлы еңбекті, жасаған жүрегі мықты.

Келер ұрпақ білуге тиіс болар,

Біртуар ұлы, Зядан қажы Қожалымовты!

Жанболат Сәрсенбай, ақын

Алматы қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало