ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ШИРЕК ҒАСЫРЫНА АРНАУ
Авторы:
Зядан Қожалымов – Ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Орындаған: жырау Айткәрім Бауыржан
Бисмиллә деп бастайын арнауымды,
Құттықтайын тілектес бар қауымды.
Жиырма бес жыл толыпты ордамызға,
Төксін әр кез Жаратқан алдан нұрды.
Көрікті Алматыда құрылған қауым,
Халықтың орындады нұрлы арманын.
Ширек ғасыр тойыңыз құтты болсын,
Шапағаты шарпысын бір Алланың!
Қилы-қилы заманда азапталған,
Еркіндік жолы болған емшіге арман.
Тәуелсіздік рухы емшіге қуат беріп,
Емшілер қауымдасып азат болған.
Артуда ынтымақ, құт, берекеміз,
Құтты болсын мерейлі мерекеміз.
Қара пиғыл қарсылар үні де өшті,
Бір Алламыз қолдаған ел екенбіз.
Қауымын емшілердің әлем білген,
Емшілер болған бұрын зор көреген.
Шипасы дарып талай адамдарға,
Шипагерлік өнері де өркендеген.
Тарихың да нақтылап жазылды енді,
Елбасы «Алғыс хаты» қуат берді.
Ұмыт болды кешегі қиын күндер,
Құрған оны Қожалымов Зядан еді.
Қауымдастық өтті сын кезеңдерден,
Емшілік жолы жарқын, ежелден кең.
Өтейбойдақ баба еңбегі еленуде,
Қазақтың ибн Синасы атанды енді.
Интернетте үш тілде тарихың тұр,
«Шипагерлік баянын» шашады нұр.
Емшілік жолын халқым қадірлеген,
Ақындар арнап жазған ғаламат жыр.
Қауымды Қожалымов құрған еді,
Қара күш оған қарсы тұрған еді.
Тылсым күш құпиясы сырын ашып,
Оқырманға ұсынды ғылыми еңбектерді.
Қиянат жасап талай бұл қауымға,
Жарлығын жасап тынбай бір жабуға.
Арамдық ойдың шықты тас талқаны,
Қолдаушы қауым сіздер, мыңдар мұңда.
Алланың өтіп жүрміз сынағынан,
Иманды жүзімізде нұр жалындар.
Қауымның ақ жолына Алла қамқор,
Талайға шипамыз дарып қуандырған.
Қорқыт ата, Қойлыбай бақсыларда,
Емшілік жолын жалғап даңқы қалған.
Бүкіл әлем қазақты танып білді,
Талай ел мықтылығын мақұлдаған.
Француз көріпкелі Нострадаумс,
Ғаламат болжамымен ғалам таныс.
Майқы би он төрт ғасыр ілгеріде,
Болжаған 200 жылды одан алыс.
Мәшһүр мен Шәкәрімдей дана өткен,
Бекет пен Мөңке би де адал неткен.
Абылай ханның жорыған түсін талай,
Қасиетті Өтеген батыр да өткен.
Арамдықты жібермей ауыздадық,
Жақсылықтың жолына бағыттадық.
Тарихта жоқ шипагер бабаларды,
Ел тарихына енуіне жақындаттық.
Алланың орындадық аманатын,
Талқандадық талайдың қамалдарын.
Қауымға қарсыларда аз болмады,
Шығармадық қауымның жаман атын.
Бір Алла қамқорлығын танытты да,
Бойына шипа қуат дарытты да.
Емшілер ел ескерер еңбегіңді,
Айыққан оған талай халық куә.
Алланың артық берген сыйы емшіге,
Тылсым дүние сырына жол ашуда.
Еңбегіміз еленді ширек ғасыр,
Қадам бастық ілгерілеп жаңа жолға.
Қауымда мол еңбекпен тер төгілді,
Селт етпеді, ағынға қарсы жүзді.
Адал ниет, ақ жүрек емшілердің,
Тарихта жарқырасын еңбектері.
Еске алдық тарихи өткеліңді,
Танып білдік өмірде өткеніңді.
Зядан ақын ұсынды өз арнауын,
Бауыржан жырау жырлап енді.
Барға шүкір тәубе жөн бұл адамға,
Шүкіршілік айтамыз бір Аллаға.
Шипасын дарытар емшілерім,
Алла жолын ұғынғын адамдықта!
Ширек ғасыр ұлассын елуге де,
Танылған қауымдастық еліне де.
Тәуелсіздік мәңгілік берік болып,
Бәріңіз зор мақсаттан көрінуге!
Әлем мен елімнен келген мейман,
Алматылық емшілер құшақ жайған.
Қонағымыз, пендесіміз Алланың,
Кездесейік болашақта амандықпен.
Орындалды мақсат пен арманымыз,
Жүрекпен де сезініп ұғындық біз.
Еліме нұры жаусын Жаратқанның,
Арта берсін ынтымақ берекеміз.
Алматы қаласы, 15.06.2016