Философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-нің профессоры
Алматы қаласы
Еліміздің түкпір-түкпірінен әр түрлі қаладан келіп, бүгінгі халық емшілігі қауымдастығының VI Құрылтайының сәнін келтіріп отырған сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Қош келдіңіздер деген ойды тағы айтқым келіп отыр.
Мемлекетімізге 25 жыл және қауымдастыққа да 25 жыл. 25 деген санның халқымыз үшін қандай мәні бар және маңызы зор екенін осы отырған барлықтарыңыз жақсы біледі деп есептеймін. Сіздер мен біз халқымыздың тарихындағы ең іргелі оқиғаның куәсі болып отырмыз. Тарихта өз орнын алатын осы ірі оқиғаның мәнін сәнін келтіріп отырғандарымызды өз басым мақтанышпен айта аламын. Қауымдастықтың президенті осы қауымдастықтың қиыншылығын, келенсіз кезеңдерін бәрін айтпаса да негізгілерін айтып кетті.
Біріншіден емшіліктің өзі қиыншылықпен келетінін барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Екіншіден жаңадан қалыптасып келе жатқан кезде біліп-білмей сүрініп не албырттықтан болған бір жақты іс-әрекеттер болғанын алдыңғы ұрпақтың өкілдері басынан кешіріп куәсі болды. Осындай бір мәртебелік деңгейге жеттік деп еркін көсіліп отырса, оның астарыңда үлкен мән барын жақсы білесіздер. Менің де біраз уақыттан бері осындай жиындарға келіп жүргенімді кейбір кісілер біледі.
Осы сіздерге жақындатқан ең негізгі нәрсе ол Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегі болатын. Өз саламда алғашқы талпынып ізденгендердің қатарында болдым. Осы еңбектің нәтижесінде Зядан Қожалымов мырзамен танысудың реті келді. Ойымыз, бағытымыз бір-біріне сәйкес келді. Осы отырған бәріңізге менің ұсынысым бар. Енді «Шипагерлік баянды» жалан сөз ретінде, жалпы ұғым ретінде қарастырмай, барлығымыз терең түсініп талдап білуге тікелей ат салысуымыз керек. Өйткені бірінші білімнің негізін қарастырады, сіздер мен біз белсенді насихаттаушы болмасақ ел арасында ол кім деген сұрақ туындайды.
Қауымдастықтың болашағының зор болатынына сіздер мен біз сенімді болуымыз керек. Біріншіден менің ойымша мемлекет қолдау көрсетті, екіншіден халқымыз құптап отыр деп есептеймін. Бірақ өмірдің қоятын талаптары мол. Біріншіден, аурудың түрі көбейіп жатқан кезде, екіншіден халықтың түсінігі сана-сезімі өсіп жатқан кезде бір-бірімізге қоятын жауапкершіліктің артып бара жатқанын бәрімізде жақсы білеміз деп ойлаймын. Өмірдің бүгінгі талабына байланысты халқымыздың болашағын ескере отырып, білімімізді дамыту өмірдің заңы және кәсіби қызметіміздің басты бір талабы екен.
Екінші ұсынысым сіздерге ғана емес сөйлеп тұрған маған да қатысы бар. Білімді, ғылымды, мәдениетті халқымыздың өмірлік тәжірибесін, яғни сіздер үшін салт-дәстүрін ғылыммен ұштастырып жалғастыра білу біздің мәртебеміздің өсуіне бірден-бір кепілдік болатын негізгі бастама екенін айтып ғана қоймай, осыны жақсы сезініп осы бағытта ізденетін кез келгендей. Әрине, үйренудің жолы қашанда болмасын күрделі және тоқтамайды. Ол үлкенге де кішіге де қатысты. Балаға да ғалымға да қатысты.
Сондықтан да біз бір-бірімізден үйрену мәселесін жолға қойсақ, яғни өңірлер арасында тіпті басқа елдердің халық медицинасы мамандарымен тәжірибе алмассақ. Оның дәстүрі тереңде екенін сіздер жақсы түсінеді деген ойдамын. Сондықтан да көрші елдерден болсын басқа елдерден болсын, өзімізге икемдеп өзімізге керекті дегенін таңдай білетін, талдай білетін деңгейге өмірлік тәжірибені кәсіби тәжірибені жинақтай білсек бұл біріншіден бәріміздің мәртебеміз. Екіншіден халықтан алатын құрметіміз жоғарылайды деген үміт сенімдемін. Осы бағытта табысты болуға ұрпақ сабақтастығының және кәсіби сабақтастықтың жалғаса беруіңе мен шын ниетіммен тілек білдіргім келеді.
Сіздер ғана емес сіздерге сырттй оң көзбен қарап жүретін болғаннан кейін мынадай бір шумақтар келіп қалды. Оқып беруге рұқсат етіңіздер.
Ел алдында есеп беру мәртебе,
Табыс кілті қуанышқа келтеме?!
Бар кетікті, зор үмітті іріктеп,
Болжаулы істі анықтадық ертеңе.
***
25 жыл қатар түзеп, құлақ түре кеңеске,
Қауымдастық емді түзей белесте.
Жақындастық, көп алдында тайсалмай,
Басқа сын, кәсіпке ол салмақ емес пе?!
***
Тегіңе тарт, емшілер тегіңе тарт,
Ұстамдықты ұтымдай өзіңе тарт.
Кеудені басып тайғақта сусығандар,
Өз қынасын таппаса көңілге жат.
***
Бейнетті еңбек қалтарыста қалдырмас,
Істі қолдар ақ ниетті шалдырмас.
Суалмастан бата беріп өзара,
Торықпай жүр, әулиелі алтынбас.
***
Алдаспан бол, таңдаған кәсібіңнің,
Рәтін көргің, олжалы нәсібіңнің.
Айдының ассын, қалауға лайықты,
Жұбатса сәт әсерлі болар рәсімің.