ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

 

5

    Салиғазиев Әбдіманап

Алматы қаласы әкімшілігі

Алматы қаласы

 

 

 

 

Құрметті қатысушылар!

Құрметті Құрылтай делегаттары!

Бүгінгі өтіп жатқан емшілердің Құрылтайы құтты болсын! Менің ойымша 25 жыл жұмыс аз емес. Көп еңбектер жасадыңыздар. Біздің медицинаның қолы жетпей жатқан жерлерде, шамасы келмеген жерлерде сіздер қол ұшын беріп көмек көрсеттіңіздер. Еліміздің денсаулығы мықты жақсы болып, қалыптасып келе жатқанына сіздердің де үлестеріңіз зор деп есептеймін. Қауымдастық бірден сіздерге осылай келе қойған жоқ. 25 жылдың ішінде біздің профессор Зядан Қожалымов ағамыз көп еңбектер жасады. Қауымдастықтың осы жағдайға қалай келгені құрылғаны бәрі айтылып жатыр. 25 жыл халыққа қызмет ететін қауым құрып, еліміздің денсаулық сақтау саласында кәдімгі ауыр жүкті арқалап келе жатқан ағамыз Зядан қажы.

Біздің білетініміз медицинаның шамасы келмеген жерлерде осы емшілердің сіздердің көмектерініз болып жатыр. Дәрігерлердің сіздерге жіберіп, сіздерге бағыттайтын кездері де болып жатыр. Көріп жүрміз. Сондықтан бүгінгі мынау үлкен тойларыңыз құтты болсын. Құрметті қажы ағамыз Қожалымов ағамызға көп рахметімізді айтамыз. Осындай үлкен ауқымды істі, осындай үлкен мекемені биік мемлекеттік, халықаралық деңгейге көтерген ағамызға алғысымыз шексіз.

Тойларыңыз құтты болсын. Ары қарай жалғаса берсін.

 

 

 

 

 

 
 
В начало