Төлендиев ТұрарбекМедицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
ҚР еңбек сіңірген қызметкері
Алматы қаласы
Ардақты әріптестер! Ассалаумағалейкум рахматтулах уа баракатух!
Ағайындар ең бірінші рет халықтық медицина орталығы Одақ бойынша бірінші рет Қазақстанда Алматы қаласында құрылды. Оның құрылуы иманды болғыр марқұм атамыз Димаш Ахметұлы Қонаевтың арқасы. Кішкене тарихын айтып өтейін. Бұл қауымдастық қайдан шыққанын біліп жүріңіздер.
1990 жылдары Кеңес одағы ыдырады. Дәрі-дәрмек жоқ. Ауруханалар жабылып жатты. Сол кезде емшілер бас көтерді. Республикада қаптап кетті. Бұларды бір ортаға жинау керек деп Денсаулық сақтау министрлігі ұсыныс жасады. Оған мені лайық деп тапты. Мен ол кезде ауданның бас дәрігері және санаториялардың бас дәрігері болғанмын. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары болғанмын. Емшілердің жағдайын жасау үшін биоэнергетикасын анықтау сияқты тірліктер басталды. Халық медицина орталығы осылай ашылды. Бірінші бастығы болған мен едім. Оның жағдайын өздеріңіз білесіздер. Зәкең еңбектеріңде ол туралы толық нақты жазған. Бір жарым жылдан кейін ол жерден жұмысымды ауыстыруға тура келді. Осындай ырың-жырың жағдайда Зәкең қайсарлық көрсетіп қауымдастық ұйымдастырды да сіздерді бір ұйымға жинады. Мен өзімнің медицинама қайта келдім. Сондықтан ағайын бұл қауымдастық оңайлықпен келмеген. Бұл сіздерді 25 жылдан бері сақтап келе жатыр. Өтейбойдақ атамыздың «Шипагерлік баян» атты медициналық еңбегінің мәні зор.
Сіздерге айтайын дегенім. Осы қоғамда болғаннан кейін қандай емші болмасын адам организімінің анатомиясы мен физиологиясын білу керек. Осыны ұмытпандар. Алланың берген аяндарын қасиеттерін соған үйлестіру керек. Екіншіден адал болу керек. Қолыңнан келмейтін іске араласпау керек. Ол бүкіл емші қауымының атына кір келтіреді. Сондықтан сіздер бір-бірлеріңізге жаман ат келтірмеңіздер. Бір-біріңізден сұрастырып тәжірибе алмасыңыздар. Қазақстандағы емшілікті дамытып, ары қарай жалғастырыңдар. Жеке өз бастарыңыздың қамын ойламаңыздар. Қауымдастыққа жаман ат келтірмеуге тырысыңыздар. Себебі қауымдастықтың мақсаты сіздерді ұстап қалу керек.
Араларыңыздан ырың-жырың шығатын болса, соның бәрі қауымдастыққа кері әсерін тигізеді. Барлықтарыңыз осы қауымдастыққа сыйларыңызбен жұмыс істеңіздер. Халықтық медицинаның істейтін шаруалары көп. Әріптестер деп жатқаным сіздер де медицинаға жақын адамсыздар. Сондықтан сіздердің жақсылық жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Біз демалыстамыз. Сіздерден әлі де қол үзген жоқпыз. Үлкен саяси, мәдени шараларға араласып жүрген жайымыз бар. Жұмыстарыңыз жемісті болсын!