ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

 

8Таукебаев Сатыбалды

Салық инспекциясы

Алматы қаласы

Мерейтойларыңыз құтты болсын! Мен өте қуаныштымын. Зядан ағамен сіздердің қауымдастықтарыңызбен 2000 жылдан бері өте тығыз қатынастамын. 2001 жылы менің қызып дүниеге келіп, Құдай біледі өліп қала жаздап, ол бірінші Алла, екінші сіздердің емшілердің арқасында аман қалды. Қазір қызым он бесте. Содан бері Зядан ағамен қауымдастықпен өте жақын араласамын. Шеттен келген дәрігерлік дипломы бола тұрса да жұмысқа тұра алмаған талай бауырларымызды осы ұйымға алып келіп емшілік қызметімен айналысуға көмектестім. Сіздерге көп рахмет. Басымды иемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қайтадан сайланып жатқан президенттеріңіз Зядан қажыға алғысым шексіз. Осынша еңбек жасап қаншама кітап жазды. 30 кітапты бас-аяғы 25 жылдың ішінде жазған. Еңбектеріңіз жана берсін. Зядан аға ұйымдастырып жатқан істеріңіз алға бассын. Халықты емдеп жатырсыздар. Мемлекетті ойлап салықты да төлеп жатырсыздар. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Рахмет.

 

 

 

 

 

 
 
В начало