Шеру Томпыш
Қытай медицинасының дәрігері, ҚХР, Текес
Халқым Құрылтайларыңыз құтты болсын! Той тойға жалғассын. Мен тойға Қытай мемлекетінен келдім. Әр мемлекеттен келіп қатысып жатырмыз. Бұл ағалардың 25 жылдық ұлы еңбегі. Бұл оңай емес.
Қаншама ардагерлеріміз кетіп қалды, небір ғалымдарымыз қайтыс болды. Зядан ағамыздың осы 25 жылда жасаған еңбегіне мен Жунго мемлекетінен келіп қатты разы болып отырмын. Барлықтарыңызға көп рахмет. Менің талабым бір-біріңізді қолданыздар. «Абысын тату болса ас көп, ағайын тату болса ат көп» деген бірлікте болыңыздар. Зядан ағаның осы қызметіне қатты тебіреніп тұрмын. Қаламның ұшындай жоғалған дүниені келтіріп, осы деңгейге жеткізіп отыр.
Шипагер Өтейбойдақ атамыз өмірден ұрпақсыз өтіп кеткен. Бір жапырақ кітабын ұрпағына қалдырып кеткен. Өмірдің ағымы өзгерсе де сөзі қалған. Ғылымды меңгеріндер. Бір-бірлеріңмен араласып тәжірибелеріңмен алмасыңдар. Күндестікті қояйық. Қазақ халқым аман болсын. Халқым жасай беріңіздер. Қолдарыңыз ем болсын.