ІІ ТАРАУ - ӨШПЕЙТІН ТАРИХ

 

 

главная                                         вернуться

 

 

 

zhakanovЖақанов Амангелді

Биология ғылымдарының

докторы, профессор

Алматы қаласы

Халық емшілігі әркімнің қолынан келмейді. Сіздердің 25 жыл ішіндегі атқарған жұмыстарыңыздың қорытындысы. Адам өмірде көп нәрсені білу керек. Дәрігер және емші деген сөздердің өзінің айырмасы бар. Атаудың барлығы Өтейбойдақ бабамыздың еңбегінен шығып отыр ғой. Өтейбойдақ атамыз өмірден өз орнын тауып қиыншылықпен күрескен адам. 1996 жылы атамыздың «Шипагерлік баян» еңбегі жарыққа шықты. Бұл кітап аударма кітап. Ол кісі «Шипагерлік баян» деп жазды ма жоқ әлде басқа тілде жазды ма бес ғасыр бұрынғы қазақ тілі ме, тілі емес пе ол да белгісіз. Мен марқұм Кілем Қайдаров деген үлкен тіл маманына барып: “Аға, кітап туралы не айтасыз, осы кітап жөнінде сөздік құрсаныз қайтеді немесе ғылыми жұмыс жүргізсек қайтеді. Ғылыми негізде жоспар құрсақ қайтеді. Осыны зерттесек қайтеді”, – деп ұсыныс жасадым. Сонда ол кісі айтты: “Бұл өзі қаражатқа тірелетін нәрсе. Осыны кім өзінің мойнына алады екен”, – деді. Бұл 2000 жылдары еді. Алдымен тілін анықтап алайық содан ары қарай ақылдасайық деді. Кітапты Мәсімхан Дүкенбаев және Құлкерім Елемес аударған. Олар қай тілден аударды. Негізі Қытай медицинасы бір бөлек Шығыс медицинасы бір бөлек. Сол кезде әр түрлі тартыстар болды. Сонымен алғаш рет марқұм Заманбек Нұрқаділовтың басшылығымен ғылыми мән беріліп, облыстық көлемде үлкен конференция ұйымдастырылды. Көптеген ғалымдар қатысты. Зядан қажы өзі арнайы келді. Үлкен қызу талас болды. Көптеген пікірлер айтылды. Зерттеуге кірісеміз деп көп адамдар уәде берді. Соның бірі Зядан қажы және ол уәдесінде тұрып зерттеуін тоқтатпады. «Шипагерлік баянда» көптеген халық емдерінің түрлері жазылған. Қалай емдеу керек, неден бастау керек? Айтайын дегенім бұл халық емшілерінің қолданған емдері бәрі бірдей жария емес. Әркімнің өзінің құпиясы бар. Бұл құпияны жария қылмайды. Кітапта қаншама халық емдерінің рецептері бар. Ғалымдар кейінгі кезде рецепті “шипашах” дер атап жүр. Қайсыныз болса да білімді болуыңыз керек. Біліктілікті арттырып отыру керек. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруынан балаларды сақтау үшін вакцинаны тананың бүйрегінің қабығына салып тананың артқы жағына тігіп қойған. Мұның себебі, бұрын шала туған баланы керегеге іліп қойған. Кереге нейтралды жерде тұрған нәрсе. Үсті жылы ауа, асты суық ауа. Сол сияқты вакцинаны солай сақтаған. Кейін ине шықты.

Қазіргі технолология одан да керемет. Мысалы медицина университетінде 84 кафедра бар. Ол 84 маман деген сөз. Терапия деген мамандықтан 41 маман шығады. Терапия деген ол емшілік. Осындай тылсым сырларды игерген сіздер соны ғылыммен ұштастыра алсаңыздар құба-құп болар еді. Қай істе болмасын бірінші адалдық керек. Екінші ізденіс керек. Талпыныс керек. Алла жаратқанда бақытсыз етіп талапсыз етіп жаратпаған. Бәріңізде де дарын бар, бәріңізде де талап бар. Бәріңізде де бақыт бар. Өзінізге берілген нәрсенің барлығын бағалай білу керек. Бақыт деген құс сияқты ұшып жүреді. Осыны ұстап тұра білу керек. Сіздердің ақыл-ойларыңыз білімдеріңіз тәжірибелеріңіз өте қажет.

25 жыл өмір сүріп отырған осы қауымдастықтың жұмысы сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Әрине адаспайтын адам болмайды. Адам қателеседі. Қателесудің де себебі бар. Оның кешірілуі бар, күнәсін жоюы бар. Ол басқа нәрсе. Ал адалдықта ештеңе жоқ. Жаңа туған баланы періште дейді. Онда ештеңе жоқ. Бір-біріңізбен араласып ортақ пікірге келіп жүріңіздер. Ол үшін бірлік, татулық, сыйластық керек. Осының бәрі болса еңбектеріңіз жемісті болады деп ойлаймын. Қауымдастық өте көп жұмыстар атқарған. Осы жұмыстарды ғылыми тілде болса да қарапайым тілде болса да «Шипагерлік баян» газетіне баяндап не болмаса тәжірибелеріңізді ұштастырып бірге жарыққа шығарсаңыздар халық емінің ғылыми тегі нығайып берік болар еді. Қауымдастықтың еңбегінің еленіп дамуы үшін айтып отырмын. Табыс тілеймін. Аман жүріңіздер. Қай уақыттарда жақсы сәттерде кездесейік.

 

 

 

 

 

 
 
В начало