телеарналардағы сұхбаттар
«Қоғам және әйел» бағдарламасы, СТВ телеарнасы
Жүргізуші – Жұлдыз Байнолла
Жұлдыз Байнолла: Махаббат қызық мол жылдар деп жастық шағын еске түсіріп, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерімен шаттанып, қуаныштарын жасыра алмай жас балаша мәз-мейрам болған қос жұпты көріп риза болыстық. Ерлі-зайыпты Зядан қажы мен Түймекүл ханым екеуі де елге танымал тұлғалар.
Зядан Қожалымов
мәдениеттанушы-ғалым, академик
Біз ол кезде студент болатынбыз. Біздің жатақханамыз бұрынғы М.Горький паркі соның ішінде еді. Содан жаз айында таңның атысы кештің батысы тыныштық жоқ. Жанымда бірге оқыған жолдасым екеуіміз келе жатсақ, үш қыз кездесе кетті. Үш қызға барайық, бармайық деп мен барамын дедім. Ортасында Түймекүл тұр екен біздің болашақ жарымыз. Сол жерде таныстық. Гагарин бойындағы аптекада практикада екен. Біраз сөйлестік мекенжайын алып қалдық. Кейін кездесуіміз жалғаса берді. Есімде қалғаны парктің ішіндегі көлде жолдасымыз төртеуіміздің қайыққа жүзгеніміз бүгінге дейін көз алдымда.
Қожалымова Түймекүл
Көп балалы ана, провизор
Әйел бақыты бар деп ойлаймын. Мен өзімді шексіз бақытты адамдардың біреуі деп санаймын. Семьяда бір-бірімізбен тіл тауып, ынтымақпен бала-шағамызды өсіріп, солардың қызығын көріп отырған жайымыз бар. Балаларымыз, қыздарымыздың қазір немерелеріміздің бір шөбереміз бар солардың қызығын көріп, қуанышына тоймай екеуіміз күліп ойнап жүріп жатырмыз. Мен өмірге шынын айтқанда ризамын. Мен өзімді өте жақсы жанұямыз деп санаймын. Балаларымыз, немерелеріміз, шөберем аман болсын деп ойлаймын.
Жұлдыз Байнолла: Сегіз қырлы бір сырлы Зядан Қожалымовты Қазақстан Журналистер және Психологтар Одағының мүшесі, халықаралық және Ресей қауымдастықтарының мүшесі, рухани шипагер, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, өлең жыр жазумен шұғылданатын рухани жан ретінде көпшілік таниды. Зядан Қожалымовтың осындай биік белестерге жетуіне жұбайы Түймекүлдің қосқан үлесі баршылық.
Қожалымова Түймекүл, көп балалы ана, провизор: Мен шынын айтқанда Зәкеңді барлық уақытта қолдап көмектесуге тырыстым. Қызғаныштан ештеңе шықпайды. Адамның бүкіл еңбегін бағалап соны түсіну керек. Ол отағасы болғаннан кейін оған жағдай жасау керек. Отбасының ұйымшылдығы да ынтымағы да ерлі-зайыптылардың өздерінің татулығыңда. Бірақ мен көзінше ешуақытта мақтаған емеспін. Эфирде айтуға тура келеді. Ол кісі мақтауға да, үлгі тұтуға да және еңбегін бағалауға тұратын кісі. Сондықтан халық бағасын өзі береді. Халықтың еншісінде де ойлаймын.
Жұлдыз Байнолла: Зядан қажы ата-анасының кіндігінен тараған жалғыз тұяқ болғандықтан мінезі шапшаң, қайтуы жылдам бала сияқты ақ жарқын, ақ пейіл атымтай жомарттығы тағы бар. Ол сүйген жары Түймекүлдің өзіне көрсеткен құрметіне риза болып шынайы сезімін «Ақ гүлім» деген әнімен жеткізген.
Қожалымова Түймекүл, көп балалы ана, провизор: Сочиге барып демалып жатқанда жазған. Теңіздің жағалауында шағалалардың ұшып жүргендеріне қарап, Зәкең бала-шағасын бәрімізді сағынған болу керек сол кезде туған ән. Сөзін жазғанмен әні кейін жазылды. Орындаушылар да өте жақсы болды. Әні өте жағымды сәтті болып шықты. Сәтті шыққан туындысының бірі деп санаймын. Әнді маған арнап шығарғанына қуанып қуаттадым. Балалар да қуанып шаттанды.
Жұлдыз Байнолла: О бастағы мамандығы инженер-электрик болған Зядан мырза ата-тектен қонған қасиетті ұстап оны жетілдіріп, тылсым сыр әлеміне сапар шегіп 30-дан астам кітап жазған.
Зядан Қожалымов, мәдениеттанушы-ғалым, академик: «Өмірімнің шежіресі» атты кітабыма 25 жыл бойы жасалған Құрылтайлардағы, халықаралық конгрестер, форумдар конференциялардағы баяндамалар мен құнды қажет деген мақалаларым осыған енді. Үшінші кітабымыз қазір баспада қауымдастықтың 25 жылдығына арналған тағы бір «Өлмейтін мұра – өшпейтін тарих» деген кітабым баспада жатыр жақында шығып қалады.
Менің сырымды қазақ халқының тарихында бір ғана ғалым ашты. 2009 жылы Тараз қаласында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының 500 жылдығына байланысты ғылыми конференция ұйымдастырғанбыз. Сол кезде «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» деген ғылыми еңбегімнің тұсау кесері болған. Филология ғылымдарының докторы, профессор абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов ағамыздың маған айтқаны мынау: «Мына Зядан Өтейбойдаққа із салды, біз жол салайық. Бұл ғылымның елу пайызын ғарыштан алады екен. Елу пайызын өмірдегі ғылымнан алып екеуін қазақтың ұғымымен қазақтың философиялық танымымен жазып шыққан. Мұның мына еңбегі Орта Азиядағы Әл-Фарабидің трактатынан кейінгі екінші еңбек. Ал қазақ тарихындағы бірінші еңбек», – деді. Осы ағама мен өмірбақи қарызбын. Менің сырымды ашқан сол кісі. Сондықтан мен екі дүниенің ортасында әрқайсында байланыспен тек ғана жақсылықпен жүрген пендемін. Менің «Түнгі ғажайып» деген кітабым шыққан сонда бәрі де баяндалады. 1999 жылы Өтейбойдақ атамыз туралы радиоға барып айтуға келе жатыр едім. Қыс болатын «Ей, Зядан Өтейбойдақ туралы сахнаға көрініс жазасын», – деген құлағыма дыбыс келді. Басымды жұлып қарасам ешкім жоқ. Автобуста 2-3 адам отыр. Мен жақта бір көлеңке тұрды. Біраз зәрем ұшты. Он жылдан кейін 2009 жылы Тараз қаласында жарты сағатта «Шипагер баба» әнін сөзімен жаздым, содан бастап спектакль көз алдыма келе бастады. 2009 жылы Тараз қаласында Жамбыл облыстық драма театрында тұңғыш қойылды.
Жұлдыз Байнолла: Жанұясымен халық емшілігімен айналысқан Қожалымовтар әулеті өзге емшілердің қасиет көздерін ашып, оларды тәрбиелеп жетектеу үшін, Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай шілденің 30-31 аралығында Алматы қаласында мерекелік жиналыс өтеді.
Зядан Қожалымов, халық медицинасының профессоры: Қазақ халқының халық емшілігі Кеңес заманында соның ішінде ғылыми еңбектерде жазылмай, жоғары оқу орындарында оқытылмады. Басқа ұлттардікі аз болса да баяндалған болатын. 1991 жылы 30-қыркүйекте осы ұйымды құру жөнінде мен үлкен мәселе көтердім. Содан ұйымдастыру комитеті құрылды. Оның Төрағасы етіп мені сайлады. Мен Мәскеуге кеткен кезде құжаттарды жойып жіберген. Сол кезде марқұм иманды болсын, Қазақ мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Әлихан Чокин Ризаұлы және сол кезде туберкулез институтының бірінші орынбасары болған м.ғ.к., доцент Бекен Тұрсын Балғымбекұлы менің идеямды екеуі қуаттап осы ұйымды құруға себепкер болды. Сонымен Алматы қаласында 1991 жылы 22-желтоқсанда Республиканың барлық облыстарынан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан Құрылтайда қауымдастықты құрдық. Содан бері 25 жыл болды. Бізге ерікті түрде келеді. Дегенменен «адам аласы ішінде мал аласы сыртында» – дегендей сұрыптала келе бүгінгі күні тікелей байланыстағы емшілер саны 1300-дің айналасында ғана болып отыр. Оның барлығы емші емес нақты 700-дей емші жұмыс істейді.
Біздің ғылымға қосылуымызға ең басты бір себеп болуы керек. Өздеріңіз білесіздер XV ғасырда дүниеге келген қазақтың екінші ибн Синасы атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы деген бабамыз болған. «Шипагерлік баян» атты еңбегінің үзіндісі бізге жеткен еді. Соны 1996 жылдан бастап зерттеп келеміз. Оны зерттеу үшін маған ғылыми тіл керек болды. Ол үшін мен осы салада Қазақ Ұлттық Университетінің философия, мәдениеттану, психология кафедраларының ғалымдары Молдабеков Жақан, Құбығұл Жарықбаев профессорлардың басшылығымен көптеген ғылыми мақалалар жаздым. Жақан Молдабековтың басшылығымен «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» деген ғылыми еңбек жаздым. Соның нәтижесінде жазған 30 кітабымның ішінде 11-і ғылыми-монографиялық еңбек деп мойындалды. Осы еңбектер арқылы біз әлемге таныла білдік. 2011 жылы менің 5 кітабым БҰҰ-ның департаментіне енгенін хабарлады. Біз жыл сайын емшілердің ықыласы бойынша жыл сайын жиналыс өткіземіз. Бір жақсылығы жиналыс өткізу әдісіміз басқаларға ұқсамайтын сияқты. Бұл жерде адамның энергиясын тазалау, көңілін көтеру, шеберлік кластар көрсетілу. Биыл 25 жылдық торқалы мерекеге келу олар үшін үлкен мәртебе, бақыт деп есептейді. Құдай қаласа, Алматы қаласында 30-31 шілдеде өтеді.
Жұлдыз Байнолла: Түймекүл Қожалымова зейнеткерлікке шыққанға дейін дәріхана меңгерушісі болған. Сонымен қатар халық емінде қатар алып жүріп шипагер атанған. Көпшіліктің құрметін көріп жүрген танымал тұлға. Көп баланы дүниеге әкелген батыр ана.
Қожалымова Түймекүл, халық емшісі: Медицинада менің оқыған мамандығым болғандықтан, медицинамен халық медицинасының айырмашылығы жер мен көктей. Халық медицинасы рухани ем. Халық үшін екеуінінде көмегі өте зор. Адамдардың өздерінің қалауы бойынша медицинаға немесе халық емдеріне жүгінуге болады. Алматыға 1965 жылы 18-ге аяқ басқанда келіп, Алматы медициналық институтына түстім. Фармацевтика факультетін бітірдім. 20 жыл дәріхана меңгерушісі болып жұмыс істедім. Екі ұл, төрт қызымыз бар.
Жұлдыз Байнолла: Мінеки, орасан зор тындырымды іс бітірген Зядан ағамызды дүниеге әкелген, әрине, ана. Ұлы ойшылды да, қарапайым жанды да дүниеге әкелуші ана. Тәлім тәрбие беруші де ана.
Зядан Қожалымов, халық медицинасының профессоры: Анамыз маған кімнің қызы болса да немере сүйіп иіскесем деуші еді. Түймекүлім келгенде арманым орындалды деді. Өздерінің сырлары болған шығар. Ал енді қайтқанда ол кісінің маған айтқаны 1971 жыл 19 қараша болатын: «Сен туа жалғыз емессің өле жалғызсың. Сен әкенің ұлы болдың енді халқыңның ұлы бол», – деді. Ой апа мен мекеме басқарып жатырмын баяғы жетім бала бүкіл мүмкіндікті жасадық не керек деп ойлаппын. Сонда Түймекүлге айтқаны жалғызымның жотасы бар ие бол деді. Қысқасы осындай денемменен кімді қиратамын деп жүрсем шынында да бүгінгі күні бір құдіретті күштің менің бойымда бар екендігін еліне «Ақ апа» атанған апам Өзипа Сыбанбекқызы дарынды көріпкел, иманжүзді намазын да тұрақты оқитын адам еді соны сезген екен. Міне, сол аруақтардың аманатын, тірілердің сұрауын орындап жатқан жағдайым бар. Мен ұстазсыз ұстазбын, ешкімнің батасын алмадым. Осының бәрі береке бірліктің нәтижесі.
Алматы қаласы, СТВ теларнасы,
шілде, 2016 жыл