ІІІ ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

Бабадан қалған дәстүр бұл...

Сұхбаттасқан – Жексен Сағымбекұлы

Бабадан қалған дәстүр бұл... Халықтық емшілік тәуелсіздік алғанға дейін тұйықталғаны белгілі. Көп адам бойын­дағы табиғи қабілеттілік шектеліп, оған жол берілмей де келді.

Бірақ, ел ара­сында ата-баба дәстүрі ішін ара сақталған еді. Шектеу қойылған халық емшілігі ел ішінде аз болса да қалған. Тек еліміз тәуел­сіздік алғаннан кейін ата-бабамыздың дәс­түрі жалғасын тауып, жаңа істерге бет­бұрды. Денсаулық сақтау саласына өзіндік үлестерін қосып, адам бойындағы тылсым күштердің сырын ашуда жұмыстар жасады. Елдегі халық емшілігі бір қауымдастыққа бірігіп, бастары бірікті. Біз осы қауым­дастықтың президенті, профессор Зиядан Қожалымовты сөзге тартқан едік.

– Қауымдастығымыз – еліміздің тәуелсіздігімен құрдас. Сол тәуел­сіз­діктің арқасында халықтың денсаулығын жақсарту, емдеуде халықтық емшілікке сүйеніп, игілікті істер жасаудамыз. Ғасырлар бойы жасап келе жатқан, ата-бабамыздың ұмыт болып бара жатқан дәстүріміз емдеу, сауықтыру адам бойындағы ерекше қасиеттерді күнделікті тұрмысымызға ендіруді қол­ға алдық. Жұмыс өз нәтижесін берді.

Бұл күнде қауымдастықтың 14 об­­лыста, Астана және Түркістан қалаларында бөлімшелері жұмыс істейді. Ал олардың құрамында 5000-ға жуық мүшесі бар. Емшіліктің алуан түрлері бар болса, олардың бастары бірікті. Білімі мен тәжірибесі барлар арнайы сынақтан өтіп, олар халыққа қызмет жасап жатыр. Ұжымның жұмысы Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталуы да сол еңбегінің жетістігі. Емшілер арасында тәжірибе алмасу, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру дәстүрі де қалыптасқан. Соның нәтижесінде қауымдастық­тың көрсеткіші жыл сайын көтеріліп келеді. Халықаралық рейтинг одағының «Қазақстан даңқы» мен «Экономика мақтанышы» орденімен 4 мүшесі, «Еңбек жолындағы тиімділік үшін» және «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен 30 мүше, емшілерден «Жыл маманы» ұлттық сертификатымен 45 мүшесі марапатқа ие болуда. Қауымдастық алтын жалатқан қабырға медалімен, ұлттық сертификатпен де марапат­талған.

– Жұмыстарыңыздың жетістігі қалай?

– Әрине, қауымдастықтың қызметін насихаттау және халықтың рухани байлығын және танымын кеңейтуде «Халық емі», «Шипагерлік баян» атты газетіміз тұрақты шығып тұрады. Газетте танымдық, емшілік, дү­ние­нің тылсым күші, адам бойындағы ерекше қасиеттерді танып білу жайлы материалдар тұрақты беріліп, насихатталады. Білікті де білімді, тәжірибесі мол емшілер де тұрақты авторымыз. Сонымен қатар, олардың тың же­тістігі мен тәжірибесі де ортаға салынып, «Шалкөде» атты баспамыздан шығады.

– Халық емшілігі медицинаға да жақын екені белгілі. Олармен бай­ланыстарыңыз бар ма?

– Әуелі халық емшілігі арқылы медицина дамыды десем артық емес. Біздің мүшелеріміздің көбінің медициналық білімі бар. Денсаулық сала­сын­дағы мамандармен де тығыз байланыс орнатқанбыз. Белгілі ғалым­дарда халық емшілігін қолдайды. Және адам бойындағы аса қабі­лет­тілік­ті емшілікті қабылдау ертеден келе жатқан дәстүр болса, оны біз неге жо­ғалтамыз?! Мақсатымыз адамдардағы қабілеттілік пен тылсым дүние ар­қылы елдің денсаулығын жақсарту.

– Өзіңіз басқарып отырған қауымдастыққа 25 жыл толғалы отыр екен. Мерекеге дайындық қалай?

– Ширек ғасырдан бері жұмыс істеп келе жатқан қауымдастықтың 25 жылдығын Алматы қаласында 29-31 шілдеде VІ құрылтайын өткізбек­піз. Мерекелік тойда Қазақстан халық емшілер қауымдастығының осы жылдары қандай жетістікке жеткені сөз болады. Құрылтайға қауым­дастықтың емшілері, ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдың өкілдері қатысады.

– Әңгімеңізге рақмет!

«Айқын» газеті, №107(2983) 21 шілде, 2016 жыл

 

 
 
В начало