ІІІ ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

Өтейбойдақ ілімінің өміршеңдігі

Ораз Қауғабай – қаламгер, ҚР Мәдениет қайраткері

Дәрігерлік ілімінің ежелгі тарихы туралы тәуіптердің емшілігінен басталған. Алла Тағала Лұқпан хәкімге шипагерлік қасиет дарытады. Өйткені, Алла сөзі Құран Кәрімде «Лұқпан» атты сүре бар. Дәрігер-шипагер Ибн Синаны әлем біледі.

Ал Құдай Тағала қазаққа қара үзген емші, шипагер Өтейбойдақты сыйлады. Оның Қытайда жарық көрген «Шипагерлік баян» кітабы тәуелсіздіктен кейін бізге белгілі болды. Өтейбойдақ бабамыздың өмірін зерттеп, соңында Қазақстан халық емшілер қауымдастығын құрып, қазақтың ежелгі халықтық медицинасын тірілтіп, зор еңбек жасаған ғалым, зерттеуші Зядан қажы Қожалымовтың өмір өнегесі мен жанқиярлық ізденісі елге білгілі.

Қазақстандағы №1 өтейбойдақтанушы, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» президенті, «Шипагерлік баян» атты газеттің Бас редакторы Зекеңнің Өтейбойдақ ілімін ту етіп, емшілер қауымдастығын қалай құрып, өмірге әкелгені жөнінде жазған «Өмірімнің шежіресі» атты деректі әрі тағылымды кітабы жақында «Шалкөде» баспасынан жарық көрді. Зекеңнің 25 жылдық ғұмыры қауымдастық тарихымен қатар жалғасады. Сондықтан бастан кешкен қиындықтар мен жанығу, жанталасты еске алып, автор облыстық, республикалық форумдар мен Халықаралық конгрестер туралы баяндайды. Қазақ шипагерлік ілімінің танымдық, тәрбиелік және сауықтыру ерекшеліктері туралы аталған кітапта маңызды мәселе көтереді. Кітапта емшілік тарих пен шипагерлік сауықтыру туралы бізге беймәлім нәрселер тереңнен түсіндіріледі. «Өтейбойдақ – екінші Ибн-Сина» деп баға беретін автор ғұлама, теңдесі жоқ шипагердің емшілік ілімінің қыр-сырына тоқталады. Бәрін айтып жату мүмкін емес. Өзі ақын, өзі сазгер, шешен, бойына ерекше биоөріс қасиет дарыған Зядан ағаның бұл соңғы кітабы ұлттық ежелгі емшілік ілімі өз алдына – қазіргі бақсылық және сәуегейлік тылсым күштердің сырын ашқан еңбек екенін ерекше айтқымыз келеді. Сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген суретті-альбомның да авторы Зядан қажы екенін айта кетсек артық болмас.

Қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында шыққан деректі кітап пен суретті-альбом шипагерлік тарихынан мол сыр шертеді.

«Ана тілі» газеті, №30 (1340)

28 шілде-3 тамыз, 2016 жыл

 
 
В начало