ІІІ ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

берекелі ширек ғасыр

З.Қожалымов – Қауымдастықтың президенті, профессор

Ғасырлар бойы жазылмаған және ұлттың тарихына енбеген “Мәдени мұрасының” бір саласына жататын халықтық шипагерлік өнері де, ел тарихынан өзінің орнын тауып және ғылыми айналымға енуі ата-бабадан жалғасып келе жатқан емдік тектік жүйесінің жетістігі, ел тәуелсіздігінен кейін жүзеге асты. Бүгінде қазақтың халықтық шипагерлігінің жеткен жетістіктерін өз елімізден басқа шетел мамандарының танып білуі ұлтымыздың тылсым құпия сырларының зор жетістігі. Биыл шілде айының соңында “Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің 25 жылдығы Алматы қаласында Халықаралық деңгейде “Халық шипагерлігі – мәнді де мәңгі өнер” тақырыбында аталып өтті. 400-ден аса делегаттар мен меймандар қатысып, ұлттық шипагерліктің жеткен жетістіктеріне куә болды. Алғашқы қауымдастық құрылған мезгілдерде осы қауымдастықты жоюға, таратуға және ұжымның мүшелері арасын ыдыратуға әрекет еткендердің 20 жылдан астам еңбектері жүзеге аспады. Қауымдастықтың жоспары алға жылжып, қарсыластары мен көре алмастарды артта қалдырды.

Ширек ғасыр уақыт ішінде бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты адамдары тарапынан 20 жылдан аса қауымдастыққа жасалған арам ниеттері жүзеге аспады. Халық емшілері Қазақстан Республикасының Заңдарының өзгертулер мен мен толықтырулар енгізу жөніндегі заңы негізінде ҚР “Халқының денсаулығын жақсарту жөніндегі” заңының 54 бөлімінің 4 бөлімшесі алынып тасталды (10.07.2012). Қысқасы, емшілер аталған министрліктің бақылауынан алынды. Еркін өмір сүріп, емдік жүйесін жалғастыруда өздерінің қауымдастығы арқылы толық құқылық құжаттарға ие болды. XV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты медициналық-энциклопедиялық еңбегі ғылыми тұрғыда зерттеліп толық ғылыми айналымға енді (зерттеуші З. Қ). Әлем елінің ғалымдары таныған бабамыз бүгінде “Екінші Ибн Синаға” айналды. Қауымдастықтың жеке сайтындағы оқырмандары көбейіп, бес жүз мыңға жақындады. “Шипагерлік баян” газетінің оқырмандары көбейді. Қауымдастықтың басшысының әр түрлі тақырыптағы мақалалары мен еңбектеріне оқырмандары көбейіп, республиканың көптеген газеттерінде жариялануда. Қауымдастық тарапынан қайырымдылық көрсету қызметтері де жүзеге асуда.

Қауымдастық мүшелері мен емшілерінің білімділігі мен сауаттылығы және имандылығы артып келеді. Бүгінде қауымдастықтың құрамы тазартылып, саннан сапалыққа көшті. Биыл қауымдастықтың кезекті VI-Құрылтайында 250-ден аса мүше-емшілері өздерінің жеке тәртіпсіздігі, моралдық азғындығы мен сатқындықтары үшін құрамнан шығарылды. Қауымдастықтың бөлімшелерінің жұмыстары жақсаруда. Ірілендіру мақсатында Астана, Жезқазған және Құлсары қалалық бөлімшелерінің қызметі тоқтатылып, оның құрамындағы емшілер қауымдастықтың Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстық бөлімшелері құрамына қосылды.

Қауымдастық 2013-2016 жылдардағы қызметінің жетістігі үшін Халықаралық рейтинг Одағының алтын жалатылған қабырға медалы және сертификатымен марапатталды. Қауымдастықтың басшысы мен бірге көптеген емшілер аталған одақтың “Орден, медаль және сертификаттарына” ие болды.

Қауымдастықтың ширек ғасырлық қызметінде оны дамыту мен қорғауда оның басшылары мен адал ниетті мүше-емшілері өте қауіпті жойқын күштер мен қарсыластардан өзінің қауымдастығын қорғауда қайсарлық пен табандылық көрсетті. Қызметтеріне адал болды. Шыдамдылық пен ақылдылықтың арқасында бүгінде қауымдастықтың ұжымы халқының алдында адал еңбегімен жарқырап көрінуде. Халықтық шипагерлік (емшілік) – ол мәңгілік өнер және халықпен мәңгі жасай береді. Бұл халқымыздың емшілікте ғасырлар бойы ауыр күндердегі үлкен азаптары мен қиыншылығының жетістігі мен жеңісі.

Қауымдастықтың 25 жылдық құрылған күні құтты болсын! Ғұмыры ұзақ болсын! Емшілер мен жанашырлардың төл мерекесі құтты болсын!

«Шипагерлік баян” газеті, № 12, 2016 жыл

 

 
 
В начало