Сочиге барып демалып жатқанда жазған. Теңіздің жағалауында шағалалардың ұшып жүргендеріне қарап, Зәкең бала-шағасын бәрімізді сағынған болу керек сол кезде туған ән. Сөзін жазғанмен әні кейін жазылды. Орындаушылар да өте жақсы болды. Әні өте жағымды сәтті болып шықты. Сәтті шыққан туындыларының бірі деп санаймын. Әнді маған арнап шығарғанына қуанып қуаттадым. Балалар да қуанып шаттанды.
Жұлдыз Байнолла: Ежелгі қазақ елінің сан қилы сырын ашқан шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын тұңғыш рет зерттеген мәдениеттанушы Зядан Қожалымов бүгінде өзі Өтейбойдақ бабасына айналғандай. Халық емшілеріне ортақ газет «Шипагерлік баян» газетін шығарды. Сахнада «Шипагер баба» қойылымын көрсетті. Сонымен қатар «Шипагер баба» әуені көпшіліктің жүрегіне жол тартты.
Зядан Қожалымов
Халық медицинасының профессоры, академик
Алматы қаласы
Менің сырымды қазақ халқының тарихында бір ғана ғалым ашты. 2009 жылы Тараз қаласында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының 500 жылдығына байланысты ғылыми конференция ұйымдастырғанбыз. Сол кезде «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» деген ғылыми еңбегімнің тұсау кесері болған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов ағамыздың маған айтқаны мынау: «Мына Зядан Өтейбойдаққа із салды, біз жол салайық. Бұл ғылымның елу пайызын ғарыштан алады екен. Елу пайызын өмірдегі ғылымнан алып екеуін қазақтың ұғымымен қазақтың философиялық танымымен жазып шыққан. Мұның мына еңбегі Орта Азиядағы Әл-Фарабидің трактатынан кейінгі екінші еңбек. Ал қазақ тарихындағы бірінші еңбек», – деді.
Осы ағама мен өмірбақи қарызбын. Менің сырымды ашқан сол кісі. Сондықтан мен екі дүниенің ортасында байланыспен тек ғана жақсылықпен жүрген пендемін.
Жұлдыз Байнолла: Сонымен тылсым сырды зерттеуші мәдениеттанушы, халық медицинасының профессоры академик Зядан Қожалымов бес мыңнан астам халық емшілерінің басын қосып, Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай Ғалымдар үйінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығының кезекті VI-Құрылтайы өтті. Бұған Қазақстанның барлық аймақтарынан алыс және жақын шетелдерден қонақтар келді.
Зядан Қожалымов
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті
Алматы қаласы
Әрине, қазақ халқының тарихында, ғылымында, өнерінде ешқандай жазылмаған өзіндік арнайы дәлелдемесі болмаған халық емшілігін Кеңес заманында онын атын атауға да тыйым салған еді. Құдайға шүкір, біз міне Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толған мерейтойын тойлап отырмыз. Бізге 25 жыл емес, екі ай да өмір сүргізбейміз дегендер болған. Алғашында өте қиын болды. Одан кейін Заңдардың өзгеруіне байланысты қысым жасау тоқтатылды.
Қазір мәселені өзіміз шешеміз. Мен ойлаймын бұл да бір Алла тағаланың сынағы шығар. Қарсыластар қаншалықты көп болғанымен, бізді қуаттаушылар да жетерлік еді. Бүгін көріп тұрсыздар жанымызда қаншама ғылым докторлары, профессорлар, шетелден келген меймандар 427-дей адам делегат болып қатысып үлкен қуанышты тойлап жатқан жайы бар. Бұл оңайшылықпен келген жоқ.
Бақыт дегеннің өзі мен ойлаймын қиыншылық. Мұқағали Мақатаев жырлағандай «Мәңгі саған жазбаған сүрінуге, қайта тұрып хақың бар жүгіруге», – дейді. Біз қанша сүріндік, жүгірдік соның жеңісін көріп отырмыз.
Жақан Молдабеков
Философия ғылымдарының докторы, профессор
Алматы қаласы
Мына бүгін осы Ғылым ордасында қазақ халық емшілерінің кезекті VI-Құрылтайының жұмысына қатысып, қызықты мәліметтер алдық. Осыдан қандай ой түйінге келдік.
Біріншіден, еліміздегі халық емшілерінің ел арасындағы беделінің өсіп келе жатқандығы, әрі емшілер өздерінің басындағы жауапкершілікті сезінуі артып келе жатқандығы байқалды. Мұны айтқанымыз, әрине, ауру сырқатты емдеу қашанда болмасын медицина мамандарына күрделі жауапты жұмыс екенін бәріміз білеміз. Әсіресе басына іс түскен кісілер жақсы біледі.
Сондықтан халық емшілерін қолдайтындар да баршылық. Күмәнмен қарайтындар да баршылық. Дейтұрғанмен, біз жағымды жағынан барамыз. Өздерінің сауаттылығын арттыруға талпынып ізденіп жатқан ортаны байқадық. Бұл жақсы бетбұрыстың нышаны деп қабылдауымызға болады.
Тұрарбек Төлендиев
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Алматы қаласы
Халық емшілігінің ішіндегі құлаққа қонатыны психотерапия. Ұйқысы бұзылады немесе сөйлеп кетеді. Тұңжырап тұрады. Әр түрлі психоэмоционалды дүниеге халық емшілерінің зікір салуы психоэмоционалды тіршілікке тез берілетін адамдарға ол үлкен әсер етеді. Адамның сондай қасиеті болса, 90 пайызға дейін емделіп кету мүмкіндігі бар.
Екінші сенетінім сынықшы, оташы. Оларда сынықшылық бұрыннан ата-бабаларынан болған және соның қасында жүріп үйренген баласы салып келе жатқан. Осының істеген тіршілігі көңілге қонады. Шөппен емдесе де зияны жоқ. Ол да бабаларында бар. Өскен ортасына да байланысты.
Мысалы мен сенген болар едім, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай өңірі, сол жақтағы азаматтар шөппен емдейтін дәрігерлер болса мен оларға көбірек сенемін. Себебі, ол жерде емдік шөптің түрлері көп.
Сонымен ем жасаған ата-бабалары болуы мүмкін. Алтай өлкесі, Монғолия қазақтары, Қытай қазақтары емшілердің өскен жерлеріне де көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын.
Жаханов Амангелді
Биология ғылымдарының докторы, профессор
Алматы қаласы
Мен осы қауымдастықтың жұмысын көптен білемін және араласып пікір бөлісіп жүрген адамдардың бірімін. Бүгінгі қозғалған көптеген мәселе қазақ емшілерінің ішіндегі үздіктеріне олардың халықпен араласып өз істерін өте жақсы атқарып, сенімдеріне енетін адамдармен бірге жүргендеріне тәнті болдым.
Халық емшілері халықтың арасынан шыққан қазақ халқының арасындағы көптеген емшілік қасиеттерге ие жандар. Оның бәрін бірдей бір Құрылтайдың ішіне сыйғызу мүмкін емес. Ал атқарылған жұмыстары және елімізге атқарар қызметі еңбектері зор. Осы тұрғыдан алғанда емдеудің әр түрі бар. Бұл қазіргі кездегі мынау қауіпті аурулардың түрлерін емдеу.
Мынау сыртқы орта экологиялық жағдайлардың барлығының әсері бар екеніне және қазіргі кезде көптеген ауруларға дұрыс емнің табылмағандарына халық емшілерінің қосқан үлестері зор.
Жұлдыз Байнолла: Қазақстан халық емшілері қауымдастығында бүгінде 1000-нан аса емшілер тіркелген.
Зядан Қожалымов
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті
Алматы қаласы
Болашақ ол халық емшілерін іріктеумен болады. Мен сапаға көштім. Маған мыңдаған емшінің қажеті жоқ. Қазір Алла тағала өзі талдап жатқан жайы бар.
Себебі халық емшілігі ол адамзаттың алғашқы дәуірінде пайда болды. Ғылыми медицина соның негізінде қаланды. Ол жалғаса береді оны жеке басының пайдасына, атаққұмарлыққа немесе пайда көзіне пайдалануға болмайды. Таза жүрген емшілер қатары көбейіп бізде қалып жатыр.
Сондықтан бұл мұра мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының бір саласы деп қабылданғандықтан қуаттаймыз. Оны өркендете береміз.
Жұлдыз Байнолла: Бір қызығы мерекелік жиналысқа келген емшілердің барлығы дерлік өнерлі бірі күйші, бірі суырыпсалма ақын, бірі биші сегіз қырлы бір сырлы десек артық айтқандық болмас.
Әмзебек Жұмабек
Халық емшісі, күйші
Алматы облысы
215 күй білемін. Мен ҚХР-нан 2005 жылы келгенмін. Алтын ине саламын, шөп дәрімен талма т.б. әр түрлі ауруларды емдеймін. Қауымдастықтың 25 жылдық тойы құтты болсын.
Бесембаев Құмарбек
Атырау облыстық филиалының директоры
Құлсары қаласы
Атырау облыстық филиалының директорымын. Қауымдастықтың Батыс өңірі бойынша вице-президенті болып тағайындалдым. Атырау облысы бойынша біз медицина саласымен араласып ем жүргіземіз. Біз үлкен дәрежелі дәрігерлермен жұмыс істейміз. Шөп дәрілермен, биотокпен ем жүргіземіз. Мен өзім Құран дұғаларымен емдеймін. Халықтың денсаулығын жақсартуға үлесімізді қосып келеміз.
Құрал Қалиұлы
Шығыс медицинасының маманы
ҚХР, Санжы облысы
Туған жерім ҚХР, ШҰАР, Санжы облысы Жемсары аудандық Сантей қалашығы. Сол жердің тұрақты тұрғынымын. Атадан балаға жалғасқан тектік қасиет емшілік кәсіппен шұғылданамын. ҚХР-да талай сыйлық алып, талай марапат алып талай-талай осындай үлкен жиналыстарға қатынасқанмын. Енді міне Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 25 жылдық тойына арнайы шақырылған қонақтың бірімін. Бізді құрметтеп алтын медалмен марапаттап жатқан Зядан қажы ағамызға рахмет айтамыз. Қауымдастықты жүргізіп жатқан аға буын ұстаздарға да рахмет айтып қатты тебіреніп тұрмын.
Рымтай қажы Сапарбекқызы
Халық емшісі
Павлодар қ.
Біздің емші-лердің халық арасында тигізген пайдасы өте көп болды. Соның ішінде менің қасымда оң жағымда міне Павлодар облысы бойынша біздің Павлодар облыстық филиалының директоры Айгүл Шахмарданова, содан кейін көп қызмет атқарып уқалау тіл-көзден емдеп келе жатқан Гүлнар емшіміз. Сол жағымда тұрған халыққа көп пайдасы тиіп жүрген жас та болса, бас болып денсаулық саласында үлкен қызмет көрсетіп жатқан Гүлнар қажы. Қауымдастықтың 25 жылдық мерекесі құтты болсын.
Тогузбаев Кенжебай
Халық емшісі
Қызылорда қаласы
Медицина деп айтылып жүрген тақырыптар соның ішінде халық емшілігі бүгінгі 25 жылдан емес бұл ықылым заманнан ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дүние. Бұл қазақ тіліндегі неше түрлі сөздермен айтылады. Емшілердің өздеріне атақтар қояды. Олар: бақсылар, балгерлер, сынықшылар, көріпкелдер, сәуегейлер т.б. Жаңағы әр қайсысын бөліп айтатын болсақ, тіпті тамыршылардың өздері қан тамырлары арқылы жүректің соғысын тағы басқа да әрекеттерін анықтай алады.
Осы қазіргі таңда біздің қазақ елінде емшілер өте көп. Себебі, осы уақытта біздің медицинаның шамасы келмеген жерлерде халық емшілерінің пайдасы тиіп жатыр. Осының айғақтары өте мол. Оны кез келген жерде айтып та жүрміз. Халық та айтып жүр. Қазір халық та мұны жақсы түсінді. Бұл өте керемет қасиет.
Арғынбек Қабылкак
Шығыс медицинасының дәрігері
ҚХР, Үрімжі қаласы
Негізі Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында арнаулы қазақ дәрігерлік зерттеу қоғамы бар. Қазақ дәрігерлік шипаханасы бар. Оқыту зерттеу орындары бар. Үш жоғары мағлұматтағы университеттер бар. Қазақ дәрігерлігі шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабын зерттеу үшін құрылған үлкен орындар бар. Ал біз болсақ атадан балаға жалғасқан қазақ емшілігін жалғастырушы болып есептелеміз. Сол орындарға барып білімін асыру арқылы өзіміздің қазақ емшілігімен айналысамыз. Қазақ емшілігінде негізі өсімдіктермен емдеу, бу арқылы, сумен емдеу кең қарастырылған. Өзіміз үйренген Шығыс медицинасындағы құрғақ ине қойып уқалау арқылы емдеу кәсіптерін істейміз ол жерде.
Жұлдыз Байнолла: Айтулы мерекеге жиналған халық емшілерінің көңіл күйлері көтеріңкі. «Отырар» мейрамханасында аста-төк дастарханнан дәм татып тілек айтып, шапан жауып, орамал берісіп қазақи дәстүрмен ән салып би билеп тарқасты.
Хакимов Мухаметжан
Директор Костанайского областного филиала
г.Костанай
Я представляю Костанайский областной филиал Ассоциации народных целителей. Вчера и сегодня мы собрались на очередной VI Съезд нашей Ассоциации. Нам исполняется 25 лет. Хочу поздравить всех членов Ассоциации и отдельно хотелось бы сказать огромное спасибо нашему президенту Зядану кажы.
Қайырбек Бөкен
Емші-дәрігер
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті
Осы Құрылтай арқылы Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылған 25 жыл барысында бастарынан өткізген қиыншылықтарымен жеткен жетістіктерінің барлығынан біз хабардар болдық. Той жоғары деңгейде өтті. Халық емшілігінің өркендеуіне үлесімізді қосамыз. Қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойы құтты болсын.
Қонысбаева Қатча
Халық емшісі
Алматы облысы
Емшілік жасағаныма 25 жыл болды. Осы тойға келіп отырмыз. Тойға өте қуаныштымыз. Құрылтайға көптеген ғалымдар мен меймандар келіп, халық емшілігі туралы өз пікірлерін білдіріп жатыр. Қауымдастықты бас-қарып отырған Зядан президентімізге көп рахмет.
Баймолла Зүрихан
Шығыс медицинасының дәрігері
Алматы облысы
Елбасының арқасында одан кейін Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшысы Зиядан Қожалымовтың сүйемелдеуімен біз көптеген халықтың жұмысын атқарып жатырмыз. Көптеген ауруды біз емдей алатын дәрежеге жеттік. Осы емдеу барысында мысалы адамдардың ауруы әр түрлі болады. Диагнозын дұрыс қойып қолдан келетінін келеді, келмейтінін келмейді деп айту керек. Талма, омыртқа жарығы (грыжа), қан қысымы, зоб, гайморит, белсіздік, бедеулік, тері аурулары т.б. ауруларды емдеймін. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшысы Зядан Қожалымовқа Елбасы алғыс айтқан. Көптеген халықтың алғысын алдық.
Жұлдыз Байнолла: Мінеки 25 жылдақ тарихы бар Қазақстан халық емшілері қауымдастығы халықтың денсаулығын қалпына келтіруге қосып жатқан үлестері көп-ақ. Уатылған сынықты әп-сәтте орнына келтіріп салатын сынықшылар, бойдағы жел-құзды үзіп жіберетін үзушілер, емдік өсімдіктерден дәрі жасайтын шөппен емдеушілер, Құранмен бойдағы зиянкестерді әпсәтте қуып шығатын молдалар, ғарышқа байланысқа шығып қолдың қуатымен түрлі ауруларды емдейтін космоэнергеттер, қара суды кері ағызатын, қобызбен зікір салатын бақсылар т.б. тылсымның небір ғажайыптарын көрсететін дүлдүл емшілер бұл қауымдастықта жетіп жатыр.
Ерхан Мадыгалиев
Үзуші
Алматы қаласы
Менікі тоқпақтап ұрып үзу. Бүкіл ағзадағы ішкі сыртқы нервтарды ояту. Қысылып қалған, соғылып қалған, жаншылып қалған сіңірлерді бұлшық еттерді тарқату. Ыстықты суықты қайтару болып есептелінеді. 25 жылдығын тойлап жатқан қауымдастықтың жұмысы өркендей берсін.
Әділетхан Әжікен
Шығыс медицинасының дәрігері
Алматы облысы
Қайсы ауруды емдейсің десеңіз бірінші ревматизм буын ауруларын емдеймін. Мойыннан басталады арқа, бел, жамбас, тізе осылар. Әсіресе, 30 жастан жоғарыларда кездеседі. Ішкі аурулардың ішінде жүрек қан-тамыр, ми қан-тамыр, қан қысымы мамандығым осы болғандықтан осыларды көп емдедім. Қытай медицинасының шөптен өндірілген дәрілері өте жақсы көмектеседі. Құралтайға келіп көп мағлұмат алдық. Той тойға ұлассын.
Күләй қажы Мұстапа
Сынықшы
Астана қаласы
Барлықтарыңа қайрат тілеймін. Бүгін өте қуаныштымын. Барлығының қуаныштарына ортақпын. Бірінші Алла екінші осы Зиядан ағамыздың арқасында осындай дәрежеге жетіп жатырмыз. Ол кісіге көптен-көп рахмет.
Сағи Уатқан
Емші-дәрігер
Алматы облысы
ҚХР-да медицина саласында 38 жыл жұмыс жасадым. Содан зейнеткерлікке шықтым. Қалған өмірімді Қазақстан халқына арнап, соған азғантай еңбек болса да сіңірейік деп келгенмін. Зиядан Қожалымовтың арқасында орын алып мен қазір 8 жыл болып қалды осы кісілермен жұмыс істеп жатырмын. Мен Қаскелең ауданы, Тұрар ауылында жұмыс жасаймын. Көбіне сүйек ауруларын емдеймін.
Қуанова Ақтиме
Халық емшісі
Атырау қаласы
Алланың қалауымен бүгінгі Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 25 жыл торқалы мерекесіне VI-Құрылтайына келіп жатырмыз. Қожалымов Зядан қажыға академик, мәдениеттанушы профессор ағамызға осы тойды ұйымдастырып бәріміздің басымызды жинағанына көп рахмет. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген ұлы Абайдың сөзіменен осы қасиеттер сіздің бойыңыздан табылады. Өзіңіздің жайдарлы мінезіңізбен, ақ пейілді жүрегіңізбен, жан-жақты білімділігіңізбен, біздің арамызда үлкен беделге иесіз!
Бақытгүл Мұқаметханқызы
Емші-дәрігер
Алматы облысы
Мен ем жасағанда нерв қуалап тамыр ұстап ем жасаймын. Әдетте маған келген ауру ешқандай ауруын айтпайды. Таза дәретпен келіп отырады. Содан кейін диагнозын қойып айтып беремін. Ине қоямын, қан аламын. Бүгінгі тойымыз құтты болсын.
Ибрагимова Әсия
Халық емшісі
ШҚО, Шемонаиха қ.
Құранмен емдеп, диагноздарын қоямын көп кісілер жазылып кетіп жатыр. Бүгін Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 25 жылдығын тойлап Зядан ағаның арқасында жақсылыққа кеңеліп жүрміз. Берекеміз арта берсін.
Ахметжан Досжан
Емші-дәрігер
Алматы облысы
Зядан қажының арқасында осындай жиындарға қатынасып білімдерімізді көтеріп келеміз. Ал бізден күткен үміттері халықтың ауыртпашылығын көтеріп ауру сырқауды емдеу. Емшілік істі дамыту өресі өте жоғары. Қаншама ғалымдарымыз келіп жақсы пікірлерін айтып жатыр. Бұл үлкен қуаныш.
Бати Жетпісбаева
Халық емшісі
Алматы облысы
Қауымдастықты құрған Зядан қажы біздің ағамыз болады. Менің өзімнің әкемнің туған қарындасының баласы. Туған жиеніміз болады. Ол кісінің тылсым күшке ие екенін мен өте жақсы білемін. Өйткені мен кішкентай кезімде қажы Зяданды сен көрмесең мен көре алмаймын деп дүниеден әкем өткен еді. Көре алмаған жиені мені 1990-жылдан бастап қанатының астына алып келе жатқанына, міне, 25 жыл болды.
Меруерт Ахметхан
Емші-дәрігер
Талдықорған қаласы
Зиядан Қожалымов ағаға рахметімді айтамын. ҚХР-нан 2005 жылы келдім. Келгеннен бастап осы жерде жұмыс жасап жатырмын. Мен негізі мамандығым инемен емдеу. Шығыс медицинасы. Көбіне қан қысымы буын ауруларын емдеймін. Шөппен емдеймін, бұлаумен емдеймін. Солармен емдеп жатырмын.
Маржан Жанахметова
Халық емшісі
Алматы қаласы
Қазақстан халық емшілері қауымдастығына бүгінгі таңда 25 жыл толды. Қазақ еліне қызмет етіп жатқан халқының ата-бабаларының ескіріп қалған халық емшілігін жаңартып жатқан ағаларымызға мыңда бір рахмет. Халқымның келешек ұрпағы бақытты, дәулетті және денсаулықтарының мықты болуына халық емшілерінің көптеген үлестері бар.
Нұргүл Рамазан
Емші-дәрігер
Алматы қаласы
Бүгінгі Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 25 жылдығына айрықша айтар алғысым бар. Еліміздің егемендігінің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Бүгінгі осы Құрылтайды ұйымдастырып отырған Зиядан Қожалымов ағамызға айтар алғысым шексіз.
Еліміз жеріміз деп ҚХР-нан келген кезде бұл Қазақстан бізге не береді деп келген жоқпыз. Біз не бере аламыз еліміз жеріміз дегенде біз халыққа бір кісілік көмегіміз болса екен деп келген үмітімізді жерге қалдырмағанына әрқашанда мен өте ризамын. Қауымдастықтың торқалы тойы құтты болсын. Емшілердің бірлігі арта берсін.
Измуратова Шакизада
Халық емшісі
Алматы облысы
Мен Құран ашып диагнозын қойып алып уқалау арқылы емдеймін. Бақсылығым да бар. Биотокпен ішкі құрылыстардың ауруларын, жүйке ауруларын емдеп көптеген ауруларға жәрдем бердім. Халық емшілігі өркендей берсін.
Мәрия Әскержан
Емші-дәрігер
Астана қаласы
Мен Қытай елінен келіп отырмын. Халық емі дегеніміз халық ортасында сақталған батыс мәдениеті емес қазақтың бұрынғы ата-баба тәртібімен сақталған ем түрлерімен өзіміздің дәстүрімізді негіз еткен жақтарды бірлестіріп халыққа емдік қасиет арқылы көмектесу.
Жұлдыз Байнолла: Сол бүкіл емшілерді бір шаңырақтың астына жинап оларға дәріс беріп қолдау көрсетіп марапаттап, қанаттандыратын көпті көрген іскер маман Зядан Қожалымовқа барша жұртшылық дән риза.
Зядан Қожалымов
Мәдениеттанушы-ғалым
Алматы қаласы
Бақсы, балгер, емші, көріпкел, телепат, сынықшы, қысқасы Алла тағала берген бірнеше қасиетке ие адамдар бізге мүше. Қауымдастық көп ұлтты. Басқа ұлттардан да мүшелеріміз жетерлік. Шет мемлекеттерден де 300-дей мүшеміз бар. Сондықтан бұлардың психологиясын анықтау, философиялық ойларына баға беру, оларға бағыт көрсету өте қиын нәрсе. Солай болса да біз өзіміздің көп жылдық тәжірибемізге сүйеніп әлемдік дәрежеде кейбір өңірден көргенімізді білгенімізді бабаларымыздың психологиялық ойларының тұжырымдамаларын ойлай отырып, үлкен бір ғылыми ордаға қауымдастықты айналдырдық.
Әрине, олардың ең бірінші мәселе алғаш рет діни сауатын аштық. Жаман нәрселерден бойын аулау ұстауға көмектестік. Осыны түсініп бізге ілескендері жақсы нәтижеге жетіп отыр. Мұның дәлелі ретінде баспасөз беттерінде 700-ден аса сұхбаттар беріліп, қауымдастық тарапынан 50-ден астам еңбектер шықты. Өзіміздің газетіміз, баспамыз бар. Бәріне тәуелсізбіз. Оның сыртында халықаралық одақтың бірнеше рет жеңімпазы болдық. Орден, медаль ұлттық сертификаттарын алып жатырмыз. Осындай ірі жиналыстарды өткізіп жатырмыз. Шетелдерге де барып қазақтың халық емшілігінің жақсылықтары жөнінде баяндамалар жасап, емшілеріміз шеберлік кластарын көрсетіп жүр. Құдайға шүкір жетістіктеріміз жаман емес.
Алматы қаласы
30.07.2016 ж.