ІІІ ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

“Жоғарымен” байланысы бар емші Сары әулиені қалай құтқарып қалғанын айтты

zz1Соңғы жылдары медицина маманда-рына қатысты түрлі теріс пікірлердің көбеюінен ел ішінде емшілердің саны артып кетті. Ауырып ем іздеген жандар соңғы үмітін арқалап халық емшілеріне жүгінеді. Сұраныс көбейгендіктен емшілікті бизнес көзіне айналдырып алғандар туралы да жиі айтылады. Осы себепті олардың арасында алаяқтық жасайтындар бар деген көзқарас қалыптасқан.

NUR.KZ порталы емшілердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетуін белгілі парапсихолог, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Зядан Қожалымұлынан сұрастырды.

Оның айтуынша, елдің емші іздеп кетуіне дәрігерлердің емдеу жүйесіндегі мәдениетсіздік пен сала мамандарының өрескел қылықтары әсер еткен.

«Емшілердің көбеюі Алла Тағаланың қолында. Бүгінгі экономикалық қиыншылық заманда дәрігерлердің емдеу жүйесіндегі мәдениетсіздігі мен олардың өрескел мінездеріне, дәрі-дәрмектің, қызметтерінің қымбаттауына байланысты емшілерге барады.

Әлемдік медицинаның негізі бойынша аурудың 80 пайызы сеніммен ғана емделеді екен. Сондықтан халық бірінші Аллаға сенеді, екіншіден емшілерге барады. Емшінің көбеюі менің қолымда емес. Ол Жаратушының қолында.

Екіншіден, емшілердің арасында жақсының да, жаманның да барын жасыра алмаймыз. Емшілерде бар жағдай - жауапты қызмет саласында кездесіп жатқан жағдай. Біреу дүниеқор болады, біреулер қайырымды болады.

Қазақстанда қанша емші барын бір Алладан басқа ешкім білмейді, бес адамның біреуі - емші. Олар бірнеше қоғамдық ұйымдарға мүше. Бізге еш қатысы жоқ. Біз - елдегі жалғыз республикалық ұйымбыз», - дейді қауымдастық жетекшісі.

Елдегі емшілердің басын қосқан ұйым президентінің өзі емшілерге мүлде емделмейтін болып шықты.

«Мен емшіге қаралмаймын. Мені емдеген емші талып қалады. Менің «жоғарымен» байланысым бар», - дейді ол оның себебін түсіндіре келе.

Өзін “әлем емшісі” деп атаған академик Зядан қажы Қожалымов қазір алтын берсе де емшілікпен айналыспайтынын алға тартады. Ғалым қазір кітап жазып, ғылым жолына түскен.

Парапсихологтың айтуынша, ол емшілерді кеңес үкіметі тұсындағыдай психологиялық ауытқушылығы бар деп арнайы мекемеге тоғытудан құтқарып қалған. Сондай-ақ, ол тоқсаныншы жылдары Сары әулиенің Алматыға келуіне себепші болғанын айтады.

«Сары әулие біздің ұйымға 1992 жылы мамыр айында тіркелді. Ол бізден Атырауға қайтқаннан кейін сол кездегі билік тарапынан қысымшылық көрген. Егер мен оларды солардың қолына бергенде бүкіл елдің емшілері баяғы Кеңес заманындағыдай психикалық есепке алынатын еді. Сол үшін Атырауға барып, алты ай қуа алмаған жиналған халықты алаңнан сөйлеп, 45 минутта үйлеріне қайтардым. Осындай жағдай болған.

Маратты кейін бизнесмендер алып кетті. Мен оның атағын бір пайдаланған жоқпын. Кейін бізге қайтадан келді. Сонымен Алматыға жүр деп, 1992 жылы 24 шілдеде “Қайраттың” стадионында сеансты бастатқыздым. Оны осылай құтқардық. Оны құтқару жалпы емшілерді құтқару еді», - деп еске алды қауымдастық президенті Зядан Қожалымов.

Өздерінің қайырымдылық ұйымы екенін еске салған қауымдастық президенті өздерінің коммерциядан ада екендерін айтады.

«Бізге келетіндер ерікті түрде келеді. Ал енді емшілердің тәртібі жөнінде әрбір зардап шеккен адам заң орындарына жүгінуі керек», - дейді ол.

Nur.kz интернет порталы

мамыр, 2017 жыл

 

 

 

 

 

 
 
В начало