ШИПАГЕР ШЫҚҚАН ШЫҢ
Фатима Жүнісова - “Әйел денсаулығы” газетінің Бас редакторы, Шымкент қаласы
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, халықтық шипагерліктің бәйтерегі атанған академик ғалым Зядан Қожалымов 1944 жылдың 1-ші шілдесінде дүниеге келген. Жастайынан намысшыл, арманшыл, іздемпаз болып есейген ол өмірінің көп жылын халық медицинасын зерттеуге арнады. Зядан Қожалымовтың 2004-2014 жылдар аралығында халықтық емшілікті терең зерделеуге мүмкіндік берген конгрестер мен форумдарды өткізуі, XV-ғасырдағы шипагер ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты медициналық энциклопедиялық еңбегінің ғылымға енуіне ықпал етіп, қазақ емшілігінің тым тереңде жатқан тарихының бар екенін дәлелдеп шықты. Зядан аға үшін бұл ете үлкен жеңіс еді, өйткені ол кісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегін зерттеуге он бес жыл уақытын жұмсаған болатын. Зядан қажының “Шипагерлік дәстүрі және философиясы” атты монографиялық еңбегі жарыққа шыққан соң отандық ғалымдар ол кісінің еңбектеріне аса зор қызығушылық танытып, құнды пікірлерін білдіре бастады. Аталған монографиялық еңбек туралы: “Филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы: “Бұл бабамыз туралы жазылған тұңғыш кітап, Енді Зядан омбылап із салды. Бабаға осылай ғылыми тұрғыда із тасталды, енді оның артынан еретіндер үлкен жол салу керек... Шын мәнінде біздің Өтейбойдақ бабамыз қазақтың ибн Синасы. Бұл еңбекті Зядан жайдан-жай жазбаған, Осындай жауапты ғылыми еңбекті автор ғарыштық байланыстық жүйені де және осы заманғы ғылыми жүйенің талдамаларын да дұрыс пайдаланып, өзінің ғылыми тұжырымдамаларын ұлттық философиялық талдауда нақ түсіндіре білген. Қысқасы, Зядан Фарабидің “Медициналық трактатынан” кейінгі екінші еңбек, ал қазақ елі тарихындағы халық медицинасы саласыңдагы зерттелген тұңғыш бірінші еңбек екендігін мойындағанымыз жөн. Қысқасы, 3. Қожалымов өз еңбегінде қазақтың халық медицинасының б.д.д. тарихы мен өркендеуіне және XV ғасырдағы қазақтың ғұлама шипагері Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіне таза ұлттық философиялық танымдағы зерттеуін ғылымдағы жаңалық ретінде жоғары бағалаймын”, – деп ізгі пікірін білдірді.
3.Қожалымов осы уақытқа дейін көптеген пайдалы оқуылықтар жазды. Оған қоса құран дұғаларының емдік қасиеті, медитациялық ем, музыканың емдік шипасы, адам биоөрісінің қуаттары, табиғаттың табиғи емдері, денсаулықты жақсарту жолы мен тазарту мәдениеті жөнінде де зерттеді. Әсіресе Зядан Қожалымовтың “Ғаламның жұмбақ сырлары”, “Тылсым дүниенің құпия емдері”, “Рухани емшілік ғаламаттары” және “Денсаулықты жақсарту тәсілдерінің жолдары” т.б еңбектері халықтың арасында кең тарап ғана қоймай қажеттеріне жарап жатыр. Одан басқа ол кісі екі дана өлеңдер жинағының авторы. Отыздан аса ән мен толғаудың сөзі мен сазының авторы Зядан Қожалымов кейінгі кездері “ақын, сазгер” деген аттарға ие бола бастады. Өз шығармашылығының алды қазақ радиосының “Алтын қорына” 1997 жылдан бастап қойылып, бүгінде жалғасын табуда.
Қазақтың ибн Синасына айналған тұлғаны зерттеу, еңбектеріне ғылыми талдау жасай отырып халқымен қайта қауыштыру Зядан ағаны шипагерліктің құпия сырларын ашуға одан сайын жігерлендіре түсті. Ол кісінің “Мәңгілік құпия шежіресі” атты монографиялық еңбегі әлемнің тылсым құпия сырларын білуге жетелейді.
“Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының” акадеигі, профессор, “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” президенті, мәдениеттанушы және өтейбойдақтанушы ғалым, ақын-сазгер, Қазақстан Журналистар және психологтар одағының мүшесі, Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, “Халық медицинасы және ғарыштықуат академиясының” президенті, Халықаралық Нострадамус атындағы тылсым құпия академиясының академигі (Париж), Халықаралық “Экология” академиясының академигі, Халықаралық рухани және емшілер академиясының академигі (Мәскеу), “Жас-ай” Шығыс-тибет журналының редколлегия мүшесі, “Шипагерлік баян” газетінің бас редакторы, парапсихолог, әлем емшісі, “III мыңжылдықтың үздік емшісі”, 25 кітап пен 30-дан аса әннің сөзі мен сазының авторы. Алматы облысы, Райымбек ауданның құрметті азаматы атақтарының иегері Зядан Қожалымовтың ізденімпаздылығы, еңбекқорлығы бүгінде көптеген ғалымдарды таңдандыруда.
Қорыта айтқанда, “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” тасын өрге домалатып, оның өсіп- өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып отырған халық медицинасы мамандығы саласының професоры Зядан Қожалымов ерекше дара тұлға. Ол кісінің жазған еңбектерінің қайсысын алып оқысаңыз да дертіңізге шипа, жаныңызға рухани азық береді. Жетпіске келіп, мерейтойын тойлап отырған еңбекқор, ғалым ағамызға Алла ұзақ ғұмыр сыйласын! Абыройыңыз асқақтап шыңнан-шыңға шыға беруіңізге тілек қосамыз.
“Әйел денсаулығы” газеті,
№ 14(75) шілде, 2014 жыл