ІІІ ТАРАУ - ӨЛМЕЙТІН МҰРА

 

 

главная                                         вернуться

 

 

1991 жыл

30.09. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құру туралы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының «Ғалымдар үйінде» алғашқы ұйымдастыру комитетінің жиналысы өтті. Жиналысқа он облыс пен Алматы қаласының емшілерінен жүзден астам өкілдері және ғалымдар мен баспасөз қызметкерлері қатысты.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасына Халықаралық дәрежедегі халық емшісі, халықаралық «Жаңа өрлеу» ассоциациясының вице-президенті Зядан Қожалымовты, ал орынбасарлығына медицина ғылымдарының докторы Елтай Ғакипұлы Заркешовты сайлады.

20-23.12. Қазақстан Республикасының халық емшілерінің бірінші Құрылтайы болды. Құрылтайға республиканың 15 облысы мен Алматы қаласынан 164 делегат қатысты.

Құрылтайға медицина саласының ғалымдары, журналистер қатысып өз тілектерін білдірді.

Құрылтайдан қауымдастықтың Төралқасы құрамы /он үш адам/ және басқару әкімшілігі құрамы сайланды.

Қауымдастықтың тұңғыш президентіне Халықаралық «Жаңа Өрлеу» қауымдастығының вице-президенті, Халықаралық дәрежедегі және Ресей мен Қазақстанның «кәсіби халық емшісі», халықаралық бірнеше қауымдастықтардың толық мүшесі, парапсихолог, биоэнерготерапевт Зядан Қожалымов сайланды. Бірінші вице-президентіне м.ғ.д., профессор Әлихан Ризаұлы Чокин, вице-президенттігіне журналист Бақтыбай Айнабеков, Бас директорлығына м.ғ.к. доцент Тұрсын Балғынбекұлы Бекенов, ғылыми хатшылығына м.ғ.д. Елтай Ғакипұлы Заркешов, заң кеңесшілігіне з.ғ.к. Қуаныш Батталов сайланды.

22.12. Құрылтай делегаттары Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылған күні етіп қабылдады. Қауымдастықтың Жарғысы қабылданды.

 

1992 жыл

22.01. Қауымдастық ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, № 0080 куәлігі берілді.

25.01. Қауымдастықтың Төралқасының бірінші отырысы болды. Қауымдастықтың «Ережесін», «Эмблемасын» және қауымдастықтың емшілердің білімін жетілдіру мен дамыту мектебінің 120 сағаттық бағдарламасын бекітті.

Қауымдастықтың эмблемасының авторы Алматыдағы О. Таңсықбаев атындағы көркем-сурет училищесінің түлегі Қайырбай Дайырманұлы Сәркеев.

29.02. Қауымдастықтың халық емшілері мектебін тұңғыш рет 60 халық емшісі бітірді. Диплом және мүшелік куәліктері табыс етілді. Бұл жөнінде «Халық кеңесі» газетінде (06.03.1992) хабарланды, редакция құттықтау жолдады.

08.04. Қауымдастықтың Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 73 емші қатысты. Филиал ережесі қабылданды. Облыстық филиал директорлығына дәрігер-емші Әбішев Ержан сайланды. Конференцияға қауымдастықтың Президенті З. Қожалымов қатысты.

7-9.05. Шымкент қаласында тұңғыш рет қауымдастықтың емшілерінің республикалық семинар кеңесі өтті. 16 облыс пен Алматы қаласынан 245 делегат қатысты. Семинарда ҚР Президенті атына хат және республиканың халқы атына үндеу жолданды. Семинарды қауымдастық президенті З. Қожалымов пен қауымның Бас директоры Т. Бекенов басқарды.

18.05. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде емшілердің үндеуі мен хаты жарияланды.

20.05. Шымкентте қауымның президенті З. Қожалымов халыққа өзінің рухани-сауықтыру емдік, қайырымдылық сеансын жүргізді.

30.05. Қауымдастықтың Қызылорда облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 103 емші қатысты. Филиал директорлығына емші Есенова Күнқияш сайланды. Конференция жиналысына қауымдастықтың президенті З. Қожалымов қатысты.

05.06. Алматы қаласында қауымдастықтың кезектен тыс II Құрылтайы өтті. Құрылтайға 17 облыстан және Алматы қаласынан 220 делегат қатысты. Республика Елбасы атына хат және халыққа үндеу жолданды.

06.06. Алматы қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Халық медицинасы орталығына», қауымдастықтың кезектен тыс II Құрылтайын өткізуіне қысым жасағаны үшін 300-дей емші наразылық білдірді.

07.06. З. Қожалымов өзінің «Құдірет» атты әнін сазымен шығарды.

11.06. З. Қожалымовтың «Құдірет» әні қазақ радиосы «Жастар» бағдарламасынан эфирге шықты. Әнді қызылордалық әнші Жанқияш Ергешова орындады.

16.06. Қауымдастықтың Президенті З. Қожалымов пен Бас директоры Т. Бекенов Атырауға келіп, ондағы алты айдан бері шуы басылмаған әкімшілік пен емші Марат Есенбаев (Сары әулие) арасындағы қарсылық топтары әрекетін тоқтатты. Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театр алдында жиналған мыңдаған халықтың бірнеше күндік ереуілі таратылды. Драма театрды үш күндей қоршап тұрған жергілікті ішкі істер мекемесінің үш жүздей жасақшылары күзеті алынды. Халық тынышталды. Алты айдан бері «жасанды әулие» әрекеті тоқтатылды. Атырауда тыныштық орнады.

17.06. Атырауда облыс әкімінің орынбасары Ә. Ибраевтың басшылығында облыстың денсаулық және заң орындары мекемелері басшылары қатысқан екі жақты келісім жиналысы болды. Жиналыста З. Қожалымов пен Т. Бекенов оларға қауымдастықтың Жарғысына сәйкес оның мақсаттары мен міндеттерін таныстырды. Екі жақты келісім шартқа құжат жасалды. Облыстық денсаулық басқармасы басшысы қауымдастықтың қызметіне қарсылық білдірді. Облыстық Әділет басқармасы басшысы қауымдастықтың Жарғысын қорғап, облыста филиалын ашуына көмектесіп, тіркеуге алатынын білдірді.

20.06. «Жас Алаш» газетінде қауымдастықтың емшілерінің 7-9 мамырда Шымкентте қабылдаған үндеуі жарияланды.

20.06 Атырау қаласында З. Қожалымов халыққа емдік сауықтыру сеансын «Құрылысшы-Мұнайшы» мәдениет үйінде жүргізді. Өзінің шығарған әндерін алғаш емдік сеансқа пайдаланды.

22.06. Қауымдастықтың Атырау облыстық филиалы құрылды. Конференцияға облыстағы 62 емші қатысты. Филиал директорлығына ағартушы-емші Гүлпара Ермуханова сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

06.07. Қауымдастықтың Жезқазған облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 44 емші қатысты. Филиал директорлығына журналист-емші Бәтігүл Омарбекова сайланды. Конференция жиналысына қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен ғылыми хатшы Е.Заркешов қатысты.

19.07. Қауымдастықтың Ақмола облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 83 емші қатысты. Филиал директорлығына В.К. Воронцов сайланды. Облыстық емшілердің конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

31.07. Қауымдастықтың Жамбыл облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 73 емші қатысты. Филиал директорлығына емші-сынықшы Талғат Көмеков сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

09.08. Қауымдастықтың Торғай облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 41 емші келді. Филиал директорлығына емші-сынықшы Назым Бейсенова (марқұм) сайланды. Конференция жиналысына Т. Бекенов қатысты.

18.08. Қауымдастықтың Талдықорған облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 31 емші келді. Филиал директорлығына емші Айбарша Айнабекова сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

28.08. Қауымдастықтың төл басылымы «Халық емі» газетінің алғашқы саны баспадан шықты. Газет Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы № 809 куәлігі берілді.

Редакция алқасы құрамына: Зядан Қожалымов, Әлихан Чокин, Тұрсын Бекенов, Сайым Балмұханов, Мұрат Құлымбетов, Айнаш Көксегенова, Жүніс Ормашұлы (редакцияның жауапты хатшысы), Елтай Заркешов, Бақтыбай Айнабеков енді.

Газеттің Бас редакторлығына қауымдастықтың вице-президенті Бақтыбай Айнабеков тағайындалды.

«Халық емі», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі» газеті редакциялары алқасы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, академик Сайым Балмұханов т.б. газет редакциялары мен жеке тұлғалар және емшілер баспасөз беттерінде өздерінің құттықтауларын жолдады.

30.08 Қауымдастықтың Алматы облыстық филиалы құрылды. Облыстық емшілердің конференциясына 78 емші қатысты. Облыстық филиалдың директорлығына емші Бауыржан Асқаровты сайлады. Конференцияның жиналысына вице-президенттер Ә. Шокин мен Б. Айнабеков қатысты.

02.09. Қауымдастықтың Қарағанды облыстық филиалы ашылды. Конференцияға 55 емші келді. Филиал директорлығына емші Нариман Кенжебековты сайлады. Жиналысқа З. Қожалымов пен Е. Заркешов қатысты.

09.09. Қауымдастықтың Қызылорда облыстық филиалы емшілерінің жиналысы болды. Жиналысқа З. Қожалымов қатысты.

12.09. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданының Қазығұрт елді мекенінде қауымдастықтың діни медресесі ашылды. Оның директоры болып шымкенттік емші діндар Аманжол Бабашев, медресе мүдірі болып имам Зәріпбай Оразбаев тағайындалды. Медресенің ашылуында қауымдастықтың президенті З. Қожалымов сөз сөйледі.

20-23.09. Атырау қаласында қауымдастықтың емшілерінің үш күндік тәжірибе алмасу семинары өтті. 14 облыс пен Алматы қаласынан 165 емші қатысты. Семинарға қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен емші Марат Есенбаев басшылық етті.

30.09. Қауымдастықтың Батыс Қазақстан облыстық филиалы ашылды. Конференцияға 75 емші қатысты. Филиал директорлығына Алматылық емші Зейнел-Қабиден Мұхаметуллов (кейін оралдық дәрігер-емші Бекзада Дәрішова алмастырды) сайланды.

Орал қаласында З. Қожалымовтың емдік-сауықтыру сеансы өтті. Қауымдастықтың «Халық емі» газетінің алғашқы 5000 данасын қауымның кадр бөлімінің бастығы Тоқтарбай Әлиасқаров Оралға ұшақпен алып келіп, сеансқа қатысушыларға таратты.

30.09. БҮГІН: Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне бір жыл толды.

18-21.10. Алматы қаласында Республика сарайында Бүкіләлемдік «Бейбітшілік пен мәдениет» атты «Рухани бірлік және келісім» конгресі өтті. Әлемнің елуден астам елінен ғалымдар, дін, мәдениет, өнер қайраткерлері, халық емшілері т.б. мамандар қатысты. Қауымдастықтың құрамынан 200-дей емшілер конгреске қатысты. Емшілер конгреске ұлттық киім үлгілерін киіп келді.

20.10. Республика сарайында қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен жұбайы көріпкел-емші Түймекүл Қожалымова және қауымдастықтың емшісі Марат Есенбаев конгреске қатысушыларға арнап, емдік-сауықтыру сеансын жүргізді. Сеанста З. Қожалымовтың «Құдірет» атты әнін танымал термеші Науат Ойнарова орындады.

14.11. Алматы қаласында қауымдастықтың құрамындағы әйелдердің жиналысы болды. Жиналысқа 15 облыс пен Алматы қаласынан 200-ге жуық әйел емшілер келді. Қауымдастық жанынан әйелдер ұйымын құрып, оның ережесін қабылдады. Қауымдастықтың әйелдер ұйымының төрайымына емші Күлтай Әлиеваны, орынбасарлығына емші Алтын Сабыралиева мен шымкенттік дәрігер-емші Күләш Шериева сайланды.

18.11. Қауымдастықтың Көкшетау облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 17 емші келді. Филиал директорлығына емші Мұсақұл Добалов сайланды. Жиналысты қауымдастықтың Бас директоры Т. Бекенов басқарды.

2.11. Қауымдастықтың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы құрылды. Конференцияға 15 емші келді. Филиал директорлығына заңгер-емші Серікбай Тәкенов сайланды. Жиналысқа З. Қожалымов басшылық етті.

26.11. Қауымдастықтың Ақтөбе облыстық филиалы құрылды. Жиналысқа 32 емші қатысты. Филиал директорлығына ағартушы-емші Қализа Құттыбаева сайланды. Конференция жиналысына З. Қожалымов қатысты.

28.11. Қауымдастықтың Алматы қалалық филиалы құрылды. Конференцияға 79 емші қатысты. Филиал директорлығына В.О.Настенко сайланды. Конференцияға Ә.Шокин, Т.Бекенов қатысып отырды.

04.12. Қауымдастықтың ШҚО, Тарбағатай ауданаралық филиалы ашылды. Жиналысқа 21 емші келді. Филиал директорлығына емші Шаймұрат Мәліковты сайлады. Жиналысқа қауымдастықтың Бас директоры Т. Бекенов қатысты.

15.12. Қауымдастық қызметін 3 айға уақтылы тоқтатқан ҚР Әділет министрлігінің арнайы шешімі ешқандай ескертусіз шықты. (№10-22-264, 15. XII.1992).

Қауымдастық қызметі тоқтатылды. Осы шешім республиканың прокуратура, ішкі істер, қаржы, денсаулық сақтау министрліктері мен Мемлекеттік статистика комитетіне және банк жүйесі мекемелеріне жіберіліп, олар қауымдастық қызметін қатал бақылауға алып, өздерінің ойларына келгенін жасады. Есеп шот жабылды. Заң орындары қауымдастық басшысы мен емшілерін күнде қатал сұраққа алды.

16.12. Қазақ елінің тәуелсіздігіне бір жыл толды. Бүкіләлем елімізді тәуелсіздік күнімен құттықтап жатты. Халық Ұлттық егемендік тойын тойлауда. Қауымдастық мүшелері өз шаруасымен әлек болды. Аруақтылардың киелі ордасына «қара құлып» салынды.

20.12. Қауымдастықтың бірінші Құрылтайының өткеніне бір жыл.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына бір жыл толды.

23.12. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов қауымдастықтың құрылғанына арнап «Таң» телеарнасынан сөз сөйледі.

1992 жылдың жыл ақырына дейін қауымдастықтың мүшелігіне өткендер саны бір мыңнан асты. Қауым-дастықтың 16 облыстық және Алматы қалалық филиалдары құрылды. Қауымдастықтың емшілер мектебінен 700-ден астам халық емшілері өз білімдерін жетілдіріп, дипломдарын алды. Қауымдастықтың мүшелері үшін қуаныш пен қайғысы ортақ жыл осы 1992 жыл болды.

 

 

1993 жыл

23.01. Қауымдастықтың кезектен тыс III Құрылтайы өтті. 17 облыс пен Алматы қаласынан 236 емші қатысты. Қауымдастықтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қауымдастықтың қызметі емшілік емес, бұдан былай рухани-ағарту мен денсаулықты сауықтыру болып өзгертілді. Емшілікке куәлік беруден қауымдастық құқығын тоқтатты.

19.03. Қауымдастық ҚР Әділет минитрлігінен қайта тіркеуден өтті. Өзгертілген Жарғысы тіркеліп, бұрынғы тіркеу куәлігі нөмірі (№ 0080) берілді.

27.03. Қауымдастықтың уақытша қызметі тоқтап тұрған 16 облыстық және Алматы қалалық филиалдарын өздері тіркелген облыстық және қалалық Әділет басқармаларынан қайта тіркету үшін қауымдастық президенті З. Қожалымов іссапарға шықты.

Іссапарымен Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Орал, Арқалық, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды және Жезқазған қалаларында болып, филиалдарды түгелдей Әділет басқармаларынан қайта тіркетті. Іссапар 29 сәуірде аяқталды.

10.05. З. Қожалымов Талдықорған, Семей қалаларында болып, филиалдарды қайта тіркетті.

15.05. Қауымдастықтың барлық филиалдары толық қайта тіркеуден өтті. Жағдай ауыр. Мүшелердің көбі үрейден арылмаған. Бұл халық емін жеке басының пайдасына пайдаланғандардың әрекетінен туып еді.

16.05. З. Қожалымов Қызылорда облысының Қазалы ауданы орталығындағы Жанқожа батыр кесенесіне келіп, рухына арнап дұға оқып, емшілермен кездесті.

17.05. З. Қожалымов Байқоңыр қаласына келіп, халыққа қайырымдылық емін жасады. Теледидардан қауымдастықтың қызметі туралы сөз сөйлеп, телесеансын берді.

20.05. З. Қожалымов Ақтөбе қаласына келіп, филиал емшілерімен жиналыс өткізді. Оқып жатқан отыздай емшіге дәріс өткізіп, емтихан алды. Мүшелік куәліктері мен дипломдарын табыс етті. Теледидардан сөз сөйлеп, өзінің телесеансын жүргізді. Радиоторабынан сөйледі.

25.05. З. Қожалымов Шымкентте болып, филиал жұмысымен танысты.

26-31.06. Т.Бекенов Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік қазақстанда болып, филиал жұмыстарына көмектесті.

22.07. Алматы қалалық әкімшілігі қауымдастықтың болашақтағы «Діни-ағарту және денсаулық» орталығы үшін, өзінің № 303 шешімімен Алматы іргесіндегі «Таугүл» совхозынан 0,45 га жер алаңына құжатын берді.

01.09. Жыл басынан бері 152 адам мүшелікке өтті. 105 емші білімін жетілдіріп, дипломдарын алды.

30.09. Алматыдан Қырымдағы (Украина) Гурзув қаласына бүкіләлемдік «Дәстүрлі емес медицинаның» I конгресіне қатысу үшін, қауымдастық президенті З. Қожалымов, емшілер Алтын Сабыралиева мен Майра Тіленбекова (Қарағанды) ұшақпен жолсапарына шықты. Қазақстаннан 30 емші-дәрігер т.б. мамандар барды. З. Қожалымов: «Роль творческого наследия казахской народной медицины в естественном целительстве» атты тақырыпта ғылыми баяндама жасады. Бұл баяндама конгресс материалдары жинағында жарық көрді. Сонымен қатар емдік сеанстарын өткізді.

23.10. З. Қожалымов Қарағанды қаласында болып, филиал емшілерінің жиналысына қатысып, сөз сөйледі. Нариман Кенжебеков жұмыстағы салғырттығы мен жауапсыздығы үшін Қарағанды облыстық филиалы директоры қызметінен босатылды. Директорлыққа Майра Тіленбекова сайланды.

08.11. Қауымдастықтың Семей облыстық филиалының жиналысына З. Қожалымов қатысты.

12.11. Қауымдастықтың Талдықорған облыстық филиалының жиналысына З. Қожалымов қатысты.

20.12. Қауымдастықтың I Құрылтайына 2 жыл толды.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына 2 жыл толды.

Қауымдастық пен мүшелері үшін 1993 жыл ұйымдастыру мен қайта қалпына келу жылы болды.

 

 

1994 жыл

19.01. Қауымдастықтың кезектен тыс IV Құрылтайы өтті. Республиканың Жоғары Кеңесіне қауымдастықтан депутаттыққа кандидаттар ұсынылды. Кандидаттыққа 5 адам ұсынылды. Олар: З. Қожалымов, Б. Айнабеков, Алтын Сабыралиева, Майра Тіленбекова және Мая Қарамаева.

11.02. Бүгін – оразаның бірінші күні. Теледидардан қауымдастықтың сайлау жөніндегі өздерінің депутаттықа кандидаттарының бағдарламасымен З. Қожалымов таныстырды. Халықты оразасымен құттықтады.

28.02. Радиоторабынан З. Қожалымов тағы да сайлау жөнінде сөйледі.

25.03. Қауымдастықтың бір жылдық жұмысы туралы барлық филиал директорлары мен қауымдастықтың Төралқасының бас қосқан жиналысы өтті. Осы күні қауымдастықтың қызметіне қарсы топ өзінің пиғылдарын ашық көрсетіп, шабуылға шықты. Заңды аттап кетті. Ақыры осы отырыс соңында олар (Күлтай Әлиева бастап, Алтын Сабыралиева, Мая Қарамаева, Күнқияш Есеновалар қоштаған) өздерінің арамниетті келіспеушіліктерін білдірді. Бірақ ойлары орындалмады.

04.06. З. Қожалымов арнайы шақыртумен Оңтүстік Қазақстан облысының Киров, одан соң Жетісай ауданына барды. Іссапары 16.06. айда аяқталды. Халыққа тегін ем жүргізіп, қауымдастықтың қызметін таныстырды. Ризашылығын айтты.

28.06. Түркістан қаласында қауымдастықтың кезектен тыс V Құрылтайы өтті. 200-дей емшілер қатысты. Қасиетті жерлерді аралады. Қауымдастықтың құрамынан төрт аймақтық Батыс, Шығыс, Орталық, Солтүстік қауымдастық құру туралы қаулысы қабылданды.

04.07. З. Қожалымов Жамбыл облысының Байзақ ауданына келді. Халыққа имандылық тәрбиесі жөнінде әңгімелер айтып өзінің қайырымдылық емін өткізді.

11.07. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова екеуі Жамбыл облысының Жамбыл ауданы орталығы Асаға келіп, халыққа емдік сеанстар жүргізді.

20.07. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова және Т. Бекенов үшеуі арнайы шақырумен Жезқазғанға, одан соң Ұлытау ауданы орталығына келді. Емдік қызметтерін 25 шілдеге дейін халыққа жалғастырды.

26.07. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова екеуі Жезді ауданы орталығына келіп, одан ары халқына қызметтерін арнады.

13.08. З. Қожалымов жұбайы Т. Қожалымова екеуі тағы да арнайы шақырумен Жамбыл қаласына келіп, қайырымдылық емдік-сауықтыру қызмет-терін 17 тамызға дейін жалғастырды.

21.08. З. Қожалымов жұмыс бабымен Ақмолада.

28.08. З. Қожалымов жұмыс бабында Көкшетауда. Теледидардан сөз сөйледі.

16.09. З. Қожалымов қауымдастық қызметіне байланысты Петропавл қаласында болды. Теледидардан және радиоторабынан сөз сөйледі.

24.09. Қауымдастықтың қызметі туралы З. Қожалымовтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде сұхбаты шықты.

15.11. ҚР Әділет министрлігіне Жетісу (Н.В.Кречина), Орталық (М.Тіленбекова), Батыс (Б. Дәрішева) және Солтүстік (М. Добалова) аймақтық ассоциациялардың құжаттарын тіркеуге алуға тапсырылды.

20.12. Қауымдастықтың I Құрылтайы өткеніне 3 жыл.

21.12. З. Қожалымов қауымдастықтың құрылғанына 3 жылдығына арнап Алматы қалалық теледидарынан сөз сөйледі.

22.12. Қауымдастыққа 3 жыл толды. Әнші, термеші, ақын Аяз Бетбаев (Шу) қауымның үш жылдығымен құттықтап, ықыласты жырын арнады.

29.12. Төрт аймақтық қауымдастықтар ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. № 0481 (Жетісу), № 0483 (Орталық), № 0484 (Батыс) және № 0485 (Солтүстік) куәліктерін алды.

1994 жыл қауымдастыққа және оның жеке мүшелеріне табысты жыл болды.

 

 

1995 жыл

11.01. З. Қожалымовтың «Жетісу» газетінде: «Халық емі – халқымның құдіреті» атты мақаласы шықты.

22.01. Қауымдастықтың заңды тіркелгеніне 3 жыл толды.

28.01. Қауымдастық президенті З. Қожалымов Қарағандыға келіп, филиал мүшелерінің жиналысына қатысты.

16.02. Қазақ радиосы торабынан З. Қожалымов өзінің «Халық емі құдіреті» тақырыбында кезекті № 07 сабағын берді.

11.03. З. Қожалымовтың «Заң» газетіне «Жалған әулиелер жарға жықпасын» атты мақаласы шықты.

23.03. З. Қожалымовтың қазақ радиосы торабынан кезекті № 11 сұхбаты бірілді.

27.04. Қазақ радиоторабынан З. Қожалымовтың «Дертке дауа – жанға шипа» кезекті № 16 сабағы берілді.

18.05. З. Қожалымовтың Қазақ радиосынан № 19 сабағы берілді.

26.06. З. Қожалымовтың Қазақ радиосынан кезекті № 26 сабағы берілді.

18.08. З. Қожалымовтың «Асылдың тұяғы» атты радио-әңгімесі берілді. «Тағдырдың тәлкек заман-ай» толғауын Ләззат Зяданқызы орындады. Адам тағдыры туралы.

30.09. Бүгін қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне 4 жыл толды.

12.12. «Азаттық» радиосынан З. Қожалымов қауымдастықтың 4 жылдығына арнап сөз сөйлеп, мүшелерін құттықтады.

18.12. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Шырмауықтың торынан шыққан қауым» атты мақаласы шықты.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 4 жыл.

Қазақстанның «Халықаралық радиоарнасы» З. Қожалымовтың қауымдастыққа 4 жыл толуына арнаған сөзін эфирден берді.

1995 жыл – жақсы жыл, эфирден жиі шыққан жыл болды. Ойымызды баспасөзде жазып та, халыққа эфирден сөйлеп те жеткіздік.

 

 

1996 жыл

06.01. З. Қожалымовтың «Жалған әулиелер жарға жықпасын» атты мақаласы тағы да «Орталық Қазақстан» газетіне шықты.

19.01. З. Қожалымов қауымдастықтың жұмысы туралы Алматы және Алматы облысы теледидарынан сөйледі.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігіне тіркелгеніне – 4 жыл.

06.02. «Жерұйық» газеті З. Қожалымовтың «Жалған әулиелер жарға жықпасын» мақаласын басып шығарды (Талдықорған).

21.02. З. Қожалымовтың «Ақылдан кенде емеспіз, ешкімнен кем де емеспіз» атты мақаласы «Торғай таңы» газетінде жарияланды.

19.05. «Азаттық» радиосынан З. Қожалымовтың қауымдастық туралы сөзін берді.

20.06. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Шипагер ғұламаның ғибратты мұрасы» атты мақаласы шықты. Бұл шипагер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты кітабы туралы («Жалын», 1996).

29.06. Қазақ радиосы «Жастар» редакциясы З. Қожалымовтың 45 минуттық шығармашылық туындыларынан хабар таратты.

04.07. З. Қожалымовтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде «Асқақтасаң бір күні асыларсың» атты мақаласы жарық көрді.

24.07. «Заң» газетіне З. Қожалымовтың «Алла тағаланы ойыншық еткісі келген оңбайды» атты мақаласы жарық көрді.

31.07. «Алматы ақшамы» газетінде З. Қожалымовтың «Жасанды ақылгөйліктен сақтасын» атты мақаласы басылды.

27.09. Қауымдастық ҚР Әділет министрлігінен қайта тіркеуден өтті. № 1639-1900-00 тіркеу куәлігін берді. Енді барлық филиалдарды қайтадан тіркету керек.

10.10. Қауымдастықтың жаңа Жарғысы, куәлігі, ережесі, көшірмелері барлық филиалдарға қайтадан тіркеуден өтуге жіберілді.

08.11. З. Қожалымов телефон арқылы Батыс Қазақстан (Б.Дәрішева), Ақтөбе (Қ. Құттыбаева), Жезқазған (Б. Өмірбекова), Солтүстік Қазақстан (М. Добалов) филиалдары директорларымен филиалды қайта тіркетуді тездету туралы сөйлесті.

15.11. Халықаралық «Шалқар» газетіне З. Қожалымовтың «Шипагерлік баян» атты мақаласы шықты.

28.11. З. Қожалымов Қазақстан Журналистер одағы мүшелігіне қабылданды. Куәлік № 2475.

10.12. «Шалқар» редакциясы эфирден З. Қожалымовтың «Рухани-тәрбие» жөніндегі сөзін берді.

18.12. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Киелі рухты – қайырымды орда» атты мақаласы шықты. Мақала қауымның 5 жылдығына арналған.

19.12. «Азаттық» радиосынан З. Қожалымов қауымның бес жылдығына арнап құттықтау сөзін сөйледі.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына 5 жыл толды.

23.12. «Семей таңы» газеті З. Қожалымовтың «Имандылық таразысы» атты мақаласын жариялады (29.10.1996).

***

1996 жыл шығармашылық, еркін демократиялық, өзара түсіністік жылы болды.

 

 

1997 жыл

20.01. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың «Тиіспеңдер Төле би аруағына» атты мақаласы жарық көрді.

22.01. Қауымдастықтың тіркелгеніне – 5 жыл.

29.01. «Заң» газетіне З. Қожалымовтың «Аруаққа тіл тигізу азғындық емес пе?» атты мақаласы шықты.

27.02. З. Қожалымов филиалды қайта тіркету үшін Жезқазғанға келді.

29.02. З. Қожалымов Қарағандыда іссапармен болды.

01.03 З. Қожалымов Көкшетауда іссапармен болды.

04.03 З. Қожалымов Петропавлда іссапармен болды.

06.03 З. Қожалымов Ақмолада іссапармен болды.

08.03 З. Қожалымов Арқалықта іссапармен болды.

18.03. З. Қожалымов Талдықорғанда іссапармен болды.

16.04. «Ақ босаға» газетіне З. Қожалымовтың «Әулиемін деп жүрген әуейі әйелдер» атты мақаласы жарық көрді.

17.04. З. Қожалымов Қазақ радиосының «Жастар» бағдарламасынан қауымдастық жұмысына байланысты болып қайтқан облыстардағы филиалдардың жұмысы туралы сөз сөйледі.

25.04. З. Қожалымов Қызылорда облыстық филиалын қайта тіркету үшін Қызылордаға келді. Филиал қайта тіркелді. Мүшелермен жиналыс өткізді.

11.05. «Көкшетау» газеті (20.03.1997) З. Қожалымовтың «Рухани санамыз азбасын» атты мақаласын жариялады.

20.06. З. Қожалымов филиалдар басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Жалпы жағдайларын, қайта тіркелу барысын сұрады. Қосымша тапсырмалар берді.

23.07. «Хабар» телеарнасынан «Діни таным» жөнінде З. Қожалымов тікелей эфирден сөйледі. «Жетісу» газетіне З. Қожалымовтың «Шапағатын әлемге шашқан шипагер» атты мақаласы шықты.

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне – 6 жыл.

03.12. «Солтүстік Қазақстан» газетіне З. Қожалымовтың «Бөлінгенді бөрі жейді» атты мақаласы шықты.

20.12. Қауымдастықтың І Құрылтайы өткеніне – 6 жыл.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 6 жыл.

***

1997 жыл қауымдастық үшін үгіт-насихат, діни рухани тәрбие жылы болды.

 

 

1998 жыл

08.01. Қазақ радиосының «Алтын қорына» З. Қожалымовтың «Толғау, терме, әндері» қойылды. 45 минуттық. «Мирас» қоры. Д I52858. Жауапты авторы: Төлеу Қосанов.

14.01. Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасынан «Рухани тәрбие және ұлттар тарихы» жөнінде З. Қожалымов сөз сөйледі. Сұхбатты журналист Үмбет Әбназаров жүргізді.

22.01. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының заңды тіркелгеніне – 6 жыл.

20.03. Семейдің «Сары Арқа» газетіне З. Қожалымовтың «Бес ғасыр өткен соң» атты мақаласы шықты (№ 6).

28.03. Қазақ радиосынан «Имандылық және жастар» тақырыбында З. Қожалымов сөйледі. Сұхбатты журналист Бақыт Досымов (марқұм) жүргізді.

20.04. З. Қожалымов Қазақ радиосы арқылы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық-энциклопедиялық еңбегіне ғылыми талдау жасап, халыққа таныстырды. Сұхбатқа 30 минут берілді. Сұхбаттасқан журналист Ажар Әбекова.

28.04. «Қазақстан-1» телеарнасынан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы туралы сөз сөйледі. Сұхбаттасқан журналист Ұлбосын Айтөленова.

04.05. «Шалқар» радиоторабы З. Қожалымовтың Ө. Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабына арнаған сөзінің 2-хабарын берді. Сұхбаттасқан: журналист Ажар Әбекова.

16.06. Атыраудағы әкімшілік мен Марат Есенбаев тобы (Сары әулие) арасындағы тартысты қауымдастықтың басшылары тоқтатқандығына – 6 жыл толды.

22.06. Ассоциацияның Атырау облыстық филиалының құрылғанына – 6 жыл.

17.07. «Алатау» теледидары журналист Құдайберген Қазыбеков «Ислам» бағдарламасы бойынша З. Қожалымовпен сұхбат жүргізді.

07.08. «Алатау» телеарнасы «Ислам мәдениеті» бағдарламасы бойынша З. Қожалымовтың «Емшілік және имандылық» сұхбатын берді.

22.08. З. Қожалымов өзінің ғарыш, табиғат және адам құпиясы туралы жазып жатқан кітабын «Мәңгілік құпия шежіресі» деп атады.

26.08. «Хабар» телеарнасының «Майдан» бағдарламасынан тікелей эфирде «Діни таным» хабарында З. Қожалымов сөз сөйлеп, пікір алысты.

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетіне 7 жыл толды.

23.10. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы мен наиб-мүфтиі Асылхан қажымен кездесіп, қауымдастықтың рухани-ағарту жұмысы жөнінде пікір алысты.

28.10. «Заң» газетінде З. Қожалымовтың «Жұлдызы қайта жанған «Шипагерлік баян»» атты мақаласы шықты.

02.11. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясына З. Қожалымов: «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы», «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы», «Халық емшілігі» атты ғылыми-танымдық мақалаларын тапсырды.

10.11. «Қазақстан-1» телеарнасының «Шапағат» бағдарламасында З. Қожалымов Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабы жөнінде сөз сөйледі. Сұхбатты журналист Ұлбосын Айтөленова жүргізді.

20.11. Алматы облыстық әкімшілігінің ұйымдастыруымен XV ғасырдың ғұлама ғалымы, ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты кітабына арналған республикалық ғылыми конференция өткізді. Ғылыми конференцияда З. Қожалымов «Шипагерлік баянның ғылымдағы ерекшелігі мен діни, рухани тәрбиелік орны» деген тақырыпта баяндама жасады.

26.11. ҚазМҰУ-де халықаралық «Этнопсихологтар мен этнопедгогтардың» конференциясында З. Қожалымов «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баянының әлемдік ғылымда алатын орны» деген тақырыпта ғылыми баяндама жасады. Баяндама жинаққа шықты. Алматы, «Эверо», 1998, 159-162 беттер.

28.11. «Егемен Қазақстан» газетінде «Шипагерлік баянға» арналған конференция туралы тілші Саясат Бейісбаевтың мақаласы шықты.

19.12. «Шалқар» редакциясы бағдарламасынан қауымдастықтың құрылғанына 7 жыл толуына арнап қауымның президенті З. Қожалымов сөз сөйледі.

22.12. 1. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 7 жыл толды.

2. «Жетісу» газетіне З.Қожалымовтың: «Шипагерлік баян құпиясы енді ашылмақ» атты мақаласы шықты.

3. «Алматы ақшамы» газетіне З. Қожалымовтың қауымдастықтың құрылған күніне байланысты «Қанаты қатайған қауым» атты мақаласы шықты.

23.12. Қауымдастықтың хаты бойынша Алматы қаласы, Бостандық ауданы салық комитетінің инспекторлары Ерасыл Абылқасымов басқаратын «Халықтық емдеу орталығының» салыққа есеп беру қызметін тексеруін бастады.

27.12. Қазақ радиосынан қауымдастықтың құрылғанына 7 жыл толуына арнап З. Қожалымов сөз сөйледі.

28.12. «Азаттық» радиосынан (Прага) Ө.Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты еңбегі туралы З. Қожалымов сөз сөйледі. Сұхбатты радионың Алматы бөлімінің бастығы, журналист Саясат Бейісбай жүргізді.

29.12. «Қазақ үні» газетіне З. Қожалымовтың «Ғұлама шипагердің ғибраты» атты мақаласы шықты.

30.12. Ерасыл Абылқасымов басқаратын «Халықтық емдеу орталығының» («Шығыс халықтары емдеу тәсілі ғылыми орталығы» жанама аты) өз кірісінен мемлекет бюджетіне 1997-1998 жылдары төлемеген салығының мөлшері 26 495 170 мың (жиырма алты миллион төрт жүз тоқсан бес мың 170 теңге) теңге болғанын қауымдастыққа Бостандық аудандық салық комитеті мен Алматы қалалық комитеті атынан хабарлады. Е. Абылқасымов мырза тексеру актісіне қолын қойды.

***

1998 жыл қауымдастықтың қызметінде және жеке мүшелеріне де табысты жыл болды. Ең жоғары көрсеткіш өмірлік қарсыласының өз сөзінен өзі жаңылып, тексеру орнының торына ілінуі болды.

 

 

1999 жыл

12.01. Алматы қалалық салық комитетінен қауымдастыққа хат келді. Онда Бостандық аудандық салық комитетінің мамандарының 31.12.1998 жылғы тексеруінің қортындысы бойынша, Ерасыл Абылқасымовтың «Халық медицинасы орталығының» кірісінен мемлекет қаражатына төлемеген салығының мөлшері 26 495 170 мың теңге болды (хат № 081-6-2/10160, 31.12.1998).

«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген халық даналығына бас идік.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 7 жыл толды.

23.01. Қауымдастықтың атына Е.Абылқасымовтың орталығын тексертуге нұсқау берілгені туралы Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚК-нен хат келді (№ 5, 1534.9.XII.1998 ).

28.01. Тағы да Алматы қалалық салық комитетінен хат келді (№ 38-6-2/674. 28.01.1999. Е.Абылқасымов орталығы туралы).

18.02. Бостандық аудандық салық комитеті басшысы Е.Абылқасымовтың мемлекет қаражатына төлемеген салығы 26 495 170 мың екен З.Қожалымовқа айтып тексерудің дұрыстығын түсіндірді.

22.02. Бостандық аудандық салық комитетінен қауымдастыққа Е.Абылқасымовтың орталығының салықты жасырып төлемей келгені (№3-8/1796. Санды 22.02.1999) туралы хат келді.

13.03.1. «Қылмыс пен жаза» - «Преступление и наказание» газетіне (№ 7-8 саны 13.03.1999) З.Қожалымовтың салық орындарының хаттары негізінде (Алматы қаласы мен Бостандық аудандық) «Дәрігерлікті қалқан қып, салықтан жалтарып жүрген» атты мақаласы шықты (Е.Абылқасымовтың төлемеген салығы 26 495 170 мың болғаны туралы).

2. «Жетісу», «Түркістан» газеттерінде «Пархат ата» деген жалған «емшісымақты» Құдайға теңегеніне қарсы, З.Қожалымовтың «Құдайсызға Құдайдың жазасы бар» атты мақаласы шықты (№29-30. 13.03.1999).

08.04. ҚР Кіріс министрлігінің орынбасары, вице-министр Б.Тәжияқовтан қауымдастықтың президенті атына хат келді (№ ДНП-4-22/1527 нөмірлі, 29 март 1999). Онда Е.Абылқасымовтың «Халықтық емдеу орталығының» төлемеген салығы (1997-1998 жылдар үшін) 26 495 170 мың болғанын растап, оны мемлекет қаражатына төлететіні туралы өзіне бағынышты Алматы қалалық салық басқармасына тапсырылғанын және Е.Абылқасымовтың орталығының салық төлеуінің заңдылығын 1992 жылдан бастап қайта тексеруге нұсқау бергендігін, бұл тексеру қатал бақылауға алынғанын сендіре хабарлады.

27.04. «Ақиқат» журналына З.Қожалымовтың «Қолыңда Құраны, аузында иманы» атты мақаласы шықты (№4, 1999, 24-27 беттер).

29.04. Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Салық полициясының Алматы қаласы бойынша Бас басқармасынан қауымдастыққа хат келді (№3-3-2-9/4638. 23.04.1999). Е.Абылқасымовтың орталығының салығы туралы.

15.05. Қауымдастықтың филиалдарының директорларына қауымдастық президенті хат жолдады. Онда Е.Абылқасымовтың орталығының салық жүйесіндегі қылмыстарын хабарлады. Мүшелерді адалдыққа баулуға нұсқау берді.

04.06. Алматы қаласы бойынша салық полициясының Бас басқармасынан қауымдастықтың президенті атына хат келді (№4-3-1-8/6536 нөмірлі, 04.06.1999). Хатта Е.Абылқасымовтың «Халықтық емдеу орталығының» мемлекет қаражатына төлемей жасырып келген 26 495 170 мың теңгені үш салалық жүйенің салығы екенін, оны бақылауға алатынын одан ары бұл ҚР Президентінің 1995 ж. 24 сәуіріндегі № 2235 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығының 41 тарауының 154 бабына сәйкес есептелген салық мемлекет алдындағы борышы болып есептеледі. Салық төлеуші есептелген салық сомасын (айыпақы мен өсімді) уақытыңда төлемесе, салық органдардан міндетті түрде өсіріп алынады» деген жауап келді.

16.08. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясына З.Қожалымов өзінің «Жауырыншы», «Жұлдызшы», «Бал ашу» атты мақалаларын тапсырды.

30.09-05.11. аралығында қауымдастықтың президенті З.Қожалымов «Астана-Ақтау-Мекке-Мәдина-Ақтау-Астана» халықаралық этноархеологиялық экспедициясы құрамында болды. Жаяулай 5000 шақырымдық сапар Түркімен шекарасынан аяқталды (Шешен соғысына байланысты). Бірақ, З. Қожалымов қауымдастық жұмысын Манғыстау облысы елді мекендерінде, Ақтау мен Жаңаөзен қаласындағы халыққа таныстырды. Теледидар мен радиоторабынан қауым жұмысы жөнінде имандылық бірлік туралы сөз сөйледі. Жергілікті басқару органдары мен халық рахметін білдірді. З. Қожалымов экспедицияның «штабын» басқарды. Жаңаөзен қаласы әкімшілігімен келісіп, экспедицияның жолсапарына аттандырудың бағдарламасын жасап, оған арнайы шешім шығартты. Қасиетті жерлерде (Бекет ата, Шопан ата т.б.) болды. З. Қожалымов өзінің «Иманым-ай» әнін сазымен шығарды. Бұл ән Ақтау радиосынан орындалды.

12.12. «Сөздік-Словарь» баспасы З.Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты еңбегін қарап шығып, компьютерлік теруге жіберді.

20.12. Қауымдастықтың І Құрылтайы өткеніне – 8 жыл.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 8 жыл толды.

***

1999 жыл қауым мүшелері үшін табысты әрі көңілді жыл болды. Қауымдастықтың қарсыластарымен шындық жолында тайталасқан табандылық жылы болды.

 

 

2000 жыл

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 7 жыл толды.

19.02. «Алматы ақшамы» газетіне З.Қожалымовтың «Қажылықты саудаға салмайық» атты мақаласы шықты (18.02.2000, №21).

04.04. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясына З. Қожалымов өзінің «Бұлау» атты мақаласын тапсырды.

18.04. Қауымдастық президенті З.Қожалымовқа ұлы ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «аян» бергеніне – 2 жыл.

20.04. Алматы облыстық мұғалімдердің білімін дамыту институтында ғұлама, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты кітабына арналған ғылыми конференция болды. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов ««Шипагерлік баян» кітабындағы діни, құқықтық, этнографиялық және астрономиялық мәселелер» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндама ғылыми конференцияның жинағына шықты.

28.04. ҚазММУ-де ғұлама ғалым, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) «Шипагерлік баян» атты еңбегіне арналған Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерінің және қоғамдық бірлестіктердің зерттеуші ғалымдарымен «Дөңгелек үстел» сұхбаты өткізілді. «Дөңгелек үстел» сұхбатын ҚазММУ-нің ректоры, м.ғ.д., профессор Талғат Момынов мырза басқарып жүргізіп отырды. Ғалымдар ғұлама еңбегіне өз бағаларын берді. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов шипагер ғалымның еңбегінің баға жетпес құндылығына тоқталды.

«Дөңгелек үстел» соңында республикалық «Өтейбойдақ қорын» құру туралы қаулы қабылданды. Қорды құрушылар құрамы бекітілді. Басшы органы сайланды. З. Қожалымов қордың атқарушы директоры болып сайланды.

16.05. Қауымдастықтың директорларымен З. Қожалымов телефон арқылы сөйлесіп, жалпы жағдайларын білді. Арнайы тапсырмалар берді.

25.06. ҚазМҰУ-нің «Этнопсихология және этнопедагогика» кафедрасы ғылыми кеңесі З. Қожалымовтың психология ғылымдарының кандидаттық дәрежесін алу үшін (19.00.01 мамандығы бойынша жалпы психология және психология тарихы) қорғалатын «Ортағасырлық ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) психологиялық идеялары» атты диссертациясының тақырыбын бекітті.

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі комитетке – 9 жыл.

16.11. «Сөздік-Словарь» баспасына З. Қожалымов «Намаз – дініміздің діңгегі» атты (60 бет) еңбегін тапсырды.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 9 жыл.

23.12. «Тоғанай Т» баспасы З. Қожалымовтың «Көк тәңірі жүр жебеп» атты ән, толғау және терме жинағын баспаға жіберді.

***

XX ғасыр қауымдастық үшін ауыр болғанымен соңында жақсылық сыйлады. Табысы да, абыройы да аз болмады. Жаңа XXI ғасырға қауымдастық өз жақсылығымен қадам басты. Халық сеніміне бөленді.

 

XXI ғасыр – 2001 жыл

22.01. Қауымдастықтың заңды тіркелгеніне – 9 жыл.

05.02. З.Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабын «Сөздік-Словарь» баспасы басуға жіберді.

15.02. ҚР ІІМ баспаханасынан З.Қожалымовтың «Көк тәңірі жүр жебеп» атты кітапшасының алғашқы даналары шықты.

19.02. «Қазақ энциклопедиясына» З. Қожалымов «Емшілік» атты мақаласын тапсырды.

13.03. Қауымдастықтың президенті облыстардағы филиалдардың директорларымен телефон арқылы сөйлесіп, қауымдастықтың 10 жылдығын атап өту туралы кеңесті. Бәрі қуаттады.

12-29.06. аралығында қауымдастықтың президенті З. Қожалымов облыстық филиалдарды аралауға шықты. Ақтөбе, Орал, Ақсай (БҚО), Атырау, Қызылорда, Шымкент қалаларында болып, филиалдардың жиналысын өткізді. Қауымдастықтың 10 жылдығын атап өтуге нақты келісті.

03-06.07. аралығында З. Қожалымов Таразда болды.

08-23.07. аралығында З. Қожалымов Жезқазған-Қарағанды-Астана-Шортан-Көкшетау-Петропавл қалаларында орналасқан қауымдастықтың филиалдарын тексеру үшін іссапарда болды. Іссапар қауымдастықтың 10 жылдығына арналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерімен сұхбаттасты.

08.08. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов қауымдастықтың құрылғанына 10 жыл толуына арналған өзінің «Шапағатты рух ордасы» атты кітабын жазуды бастады.

21.08. З. Қожалымов «Сөздік-Словарь» баспасынан шығатын өзінің «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабына баспадан шығаруға келісім-шартқа қол қойды.

04.09. Қауымдастық президенті З.Қожалымов «Шапағатты рух ордасы» атты кітап-альбомының алғашқы тарауларын компьютерге теруге берді.

26.09. З. Қожалымов «Шапағатты рух ордасы» атты еңбегін жазып бітіп, баспаға толық дайындады.

28.09. З.Қожалымов «Шапағатты рух ордасы» атты еңбегін баспаға тапсыруға келісті.

30.09. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құру үшін жиналған ұйымдастыру комитетіне 10 жыл толды.

20.12. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының І-Құрылтайының өткеніне 10 жыл толды.

Қазіргі таңда қауымдастықтың республикада 11 облыстық және 6 қалалық филиалдары заңды тұлға ретінде қызметтерін жалғастыруда.

22.12. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толды. Құрылтай жиналысы «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында» (Жамбыл к-сі, 25) 250-ден аса Құрылтай делегаттарының және ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен аталып өтілді. Қар қалың, қыс суық болатын. Алланың құдіреті ме түніменен нөсерлеп жауын жауды. Бірақ жердің тайғанағына қарамастан адамдардың көңіл күйлері өте көтеріңкі болды. Себебі, осы бір қиын заманда қауымдастық өзінің облыстық бөлімшелерімен және жеке мүшелерінен қатынасын азайтқан еді. Күтпеген жерден он жылдықтың аталып өтуі қауымдастықтың емші-мүшелерін ұйқысынан шошытып оятқандай етіп, жаңа қуанышқа бөледі. Біраз жылдар бірін-бірі көрмеген емшілердің қуанышпен құшақтасып көріскені әлі көз алдымнан кетпейді. Осынан кейін қауымдастықтың жұмысы алға баса бастады.

Қауымдастықтың құрылғанына 10 жыл толуына арналған торқалы тойы құтты болсын. Алла тағаланың шапағатты нұры жаусын.

Қауымдастықтың 10 жылдық торқалы мерекесіне тарту ретінде З. Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты монографиялық еңбегі мен «Шапағатты рух ордасы» атты кітап-альбомы баспадан шықты.

 

 

2002 жыл

17.01. Алматы қалалық ақпарат және келісім басқармасына қауымдастықтың президенті З. Қожалымов барып, өзі жаңадан шығаратын «Шипагерлік баян» атты газетінің құжаттарын тапсырды.

19.01. Шымкент қаласынан шығатын «Дауа» газетіне ҚХЕҚ-ның 10 жылдығына арналған кезекті VII-Құрылтай материалы шықты.

22.01. ҚХЕҚ-ның ҚР Әділет министрлігіне тіркелгеніне 10 жыл.

22.01. «Тамаша» газетіне З. Қожалымов туралы жазды.

23.01. Қауымдастықтың кезектен тыс ІІІ-Съездіне 9 жыл. Қауымдастықты сақтап қалу Құрылтайы.

31.01. «Дауа» газеті З. Қожалымовтың «Мәңгілік құпия шежіресі» атты кітабын таныстырып, оның ішінен «Алақан саусақ сызықтары құпиясы» атты мақаласын жариялады.

17-20.02. З.Қожалымов Өскемен қаласында іссапармен болып, облыстық Әкімшіліктің ғимаратының жиналыс залында конференция өткізіп (17.02.), қалған күндері халықпен кездесіп әр түрлі мәселелерді шешті.

25.02. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов Талдықорған қаласында болып, Талдықорған бөлімшесінің жиналысына қатысты.

27.02. Қауымдастықтың жаңа газетіне «Шипагерлік баян» ҚР Мәдениет, ақпарат және келісім министрлігінің рұқсат куәлігі № 2667-Г берілді.

28.02. «Хабар-2» телеарнасынан сағат 22:00 қауымдастықтың президенті З. Қожалымов сөз сөйледі.

01.03. «Қазақстан-1» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасынан қауымдастық президенті З. Қожалымов хабарға қатысты. Хабарда журналистер Тыныс Өтебаев пен Бақытжамал Ерманованың сұрауына орай «Құдірет» атты әнінің бір шумағын орындап та берді.

17.03. «Шипагерлік баян» газетін шығару жөнінде қауымдастық президенті З. Қожалымов Бас редакторлыққа Әнуар Тарақовты, орынбасар-хатшылыққа Жексен Алпартегін және ғылыми кеңесшілікке м.ғ.к., доцент Тұрсын Бекеновты, суретшілікке Қ. Сәркеевті шақырып жиналыс өткізді.

26.03. Қауымдастықтан Байқоңырдан филиал ашу құжаттары Жалмаханова Сағираға жіберілді.

03.04. Сағат 10:00 Жанболат: «Офиске Бостандық ауд. Прокуратурасынан адам келді», – деп З. Қожалымовқа хабарлады. Комиссияда «Халықтық емдеу Орталығынан» Тамара Хамитова, Тоқтарбек Төреқұлов бар екен. Және бір әйел жандайшаптап жүр. /Оны Жанболат емші Құдиярова деді/. Мен оларға: «Сендерге не керек? Кім мына кабинетке кіргізген? Ал, мына басқа ұйымның емшілері неге прокуратураның тексеру комиссиясына енген? Не қатысы бар? Бұл заңсыз.», – дедім. Сонда олар сасып қалды. Оларға: «Сендер не тексересіңдер? Ал тексеріңдер» – дедім. Прокурор Сағатов Ілияс орысшалап бірдемелерді айтып, бір нәрселерді анықтамақ болғанымен, ештеңе шығара алмады. Амалсыз тез қайтып, сағат 17:00-де келетінін айтты. «Тамара мен Тоқтарбек сізге көмектесеміз», – деді. Е, жауыздар келіп торыма өздерін түстіңдер? Ендігі шабуыл менен болсын?!

Сағат 17:00. Екі прокурор келді. Жақсы әңгімелесті. «Аға өзіңіз мына сұрауларға жауап жазып ертең әкеліп беріңізші», – деп қоштасып кетті.

04.04. З. Қожалымов жазған жауабын Бостандық аудандық прокуратурасына И. Сағатовқа тапсырды. Ол разы болды. Іс аяқталды.

26.04. Шымкенттен Сихымбеков Бөрібай (дәрігер, қауымдастықтың мүшесі) мен көмекшісі екеуі келді. ОҚО филиалына директор болды.

06.05 «Шипагерлік баян» газетінің №1 саны 10 000 данамен баспадан шықты.

05.06. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Республикалық халық медицинасы Орталығының басшысы Е. Әбілқасымовтың ұйымдастыруымен және осы ұйымның жанынан құрылған «кәсіби халық емшілері қауымдастығының» Төрағасы Ә.Ермановтың ҚХЕҚ-ғын жоюға қарсы әрекетіне арналған кезектен тыс ҚХЕҚ-ның ІІ Съездіне 10 жыл (05.06.1992).

07.06. З. Қожалымовтың «Құдірет» атты әнінің шыққанына және Қазақ радиосынан берілгеніне 10 жыл.

27.06. З. Қожалымов Үшарал қаласына іссапармен келіп, аудандық Мәдениет үйінде қауымдастық мүшелері, аудандық әкімшілік, мешіт, қоғамдық ұйымдар қызметкерлері мен халық қатысқан жиналыс болды (300-ден астам). Алакөл аудандық әкімінің орынбасары Мейрам Арабаев, ақсақалдар ұйымы төрағасы Әлкен Ақанов қатысты. З. Қожалымов баяндама жасады. Пікір алмасып, жиналыс тартымды өтті.

07.07. Сағат 14:00. Қауымдастықтың Төралқасының жиналысы өтті. XV ғасырдың ғұлама ғалымы, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының туған, әрі жерленген жеріне (Шалкөде-Айғайтас, Нарынқол) құлпытас қою туралы Қаулы қабылданды. 24.07. Алматыдан жолсапарға аттануға шешім қабылданды. Комиссия құрамы бекітілді.

20.07. Өтейбойдақ бабаның құлпытасы дайын болды. Шалкөдеге апарылғаны туралы Абдраев Ахмет хабарлады.

24.07. Сағат 08:30. Алматы қаласынан 3 автобус, 2 газель. 10-нан аса жеңіл машина орнынан жылжып, Нарынқол Шалкөдесінің Айғайтасына Өтейбойдақ бабаның туған жеріне жүріп кетті. Қауымдастықтан сол жерге Әбдірақов Ахмет пен Келдібеков Мұрат жіберілген. Олар киіз үй, палатка, көрпе, жастық, т.б. жеткізіп дайындады.

25.07. Айғайтас етегінде. Төбеге жиналдық. Митингіге Қарасаз ауылдық әкімі Жантелі Мұхи қатысты. Жалпы 200-ден астам адам болды. Талдықорғандық емші Шолпан (Шакизада): «Мен таңға жуық аян алдым. Ер адам даусы. Ризамын халқым. Ризамын саған Зядан...деп үзілді, – деп айтты. Ас беріліп, бабаға арнап Құран оқылды.

03.09. Өтейбойдақ Тілеуқабыұлына құлпытас қойылғаны туралы «Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Жетісу», «Түркістан», «Жас Алаш» газеттеріне журналистердің мақалалары шықты.

06.09. «Ана тілі» газетіне «Айғайтаста Өтейбойдақ бабаға қауымдастық атынан құлпытас қойылды» деген мақала шықты.

15.10. Денсаулық сақтау министрлігінен З. Қожалымовқа «Кәсіби халық емшісі» куәлігі берілді.

20.10. Атырау облыстық филиалының 10 жылдығына арналған жиналыс басталды. Жиналысты филиал директоры Гүлпара Әбсаттарқызы ашып, қауымдастықтың президенті З. Қожалымов баяндама жасады.

23.10. З. Қожалымов Ақтөбеде. Сағат 14:00-де облыстық кітапхана залында 70-тей адам жиналып, екі телеарнадан журналистер келді. Мұның бәрін филиал директоры болған Айжамал Майкөзова ұйымдастырды.

04.11. З. Қожалымов Талдықорғанда болды. Жергілікті «Арай» телеарнасынан (журналист Жансұлу) халық емшілігі мен Талдықорған облыстық филиалының қызметі туралы сөз сөйледі. Мұны кешкі 20:35-те көрсетті.

06.11. Қасиетті Рамазан айы басталды. Ораза ұстадық.

19.11. Апам Өзипаның қайтыс болғанына 31 жыл (19.11.1971). Иманды болсын.

06.12. Ораза айт құтты болсын!

10.12. З. Қожалымов Жезқазғанда. Қауымдастықтың филиалында жиналыс өткізіп, халықпен кездесті.

22.12. Қауымдастықты құрылғанына – 11 жыл.

Бүгінде қауымдастықтың 17 филиалы (12 облыстық және 5 қалалық) қызметтерін жалғастыруда.

 

2003 жыл

01.01. Алматыда қар. Суық. Жаңа жылды аязбен қарсы алдық.

04.01. З. Қожалымов қажылыққа қасиетті Мекке-Мәдинеге бару үшін, қажетті медициналық құжаттарды жинауға кірісті.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 11 жыл.

22.01. З. Қожалымов Таразда. Облыстық филиалда жиналыс өткізді. Облыстық теле және радиотораптары сұхбат алды. Жиналыста бөлімше директоры Қ. Жолдасов болды.

04.02. Алматы аэропорты. Алматы-Жидда ұшағына отырып, «Спутник Қазақстан» фирмасы атынан қажылық сапарға аттандық.

26.02. Жидда-Ташкент-Алматы ұшағымен елге 249 адам оралды.

22.03. Наурыз мейрамы тойлануда. Жаңа жыл құтты болсын!

28.04. З. Қожалымов «Қазақстан-1» телеарнасында Денсаулық сақтау министрлігі мамандары және емшілер қатысқан бағдарламада сөз сөйледі.

04.06. Ғылыми жұмысымды жалғастыру үшін ҚазҰУ-ның «Психология және педагогика» орталығына бардым.

05.06. Қауымдастық пен Денсаулық сақтау министрлігінің «Халық медицинасы Орталығы» арасындағы қарсыластыққа – 12 жыл толды.

06.12. Қазақ радиосынан халық емшілігі туралы эфирден З. Қожалымов сөз сөйледі.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 12 жыл.

 

 

2004 жыл

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 12 жыл.

10.03. Құрбан айт мерекесі басталды.

11.03. Қауымдастықтың 12 облыстық филиал директорларымен Алматы қаласында арнайы жиналыс өткізілді.

22.03. Наурыз мейрамы құтты болсын!

09.04. З. Қожалымов халықаралық «Экология» Академиясының академигі толық мүшесі болып сайланды.

23.04. З. Қожалымовқа Ресей Халық медицинасы академиясының атынан «Үшінші мыңжылдықтың үздік емшісі» атағы берілді. Марапатты аталған Академияның вице-президенті А. Затеев табыс етті.

07.06. З. Қожалымовтың «Құдірет» әнінің шыққанына және эфирден тарағанына – 12 жыл.

16.06. З. Қожалымовтың Атыраудағы «Сары әулие» әрекетін тоқтатқанына – 12 жыл.

17.06. З. Қожалымовтың 60 жылдық торқалы мерекесіне байланысты «Атамекен», «Отбасы және денсаулық» журналдарында және «Егемен Қазақстан» (26.06.) «Жетісу» (24.06), «Түркістан», «Жас Алаш», «Шипагерлік баян», «Ана тілі», «Тамаша», «Ақбаян», Райымбек ауданының аудандық «Хан Тәңірі» т.б. газеттерде мақалалар жарияланып, құттықтаулар жазылды.

01.07. З. Қожалымов 60 жасқа толды.

09.07. З. Қожалымовтың торқалы тойын балалары «Жұлдыз» мейрамханасында атап өтті. Тойда З. Қожалымов туралы түсірілген 20 минуттық кинофильм көрсетілді. З. Қожалымовқа Алматы облысы, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» атағын осы ауданның мәслихатының хатшысы аудан әкімінің атынан той иесіне табыс етті.

28.07. З. Қожалымов Павлодар облысы, Баянауыл ауданының әкімінің шақыруымен Баянауылдың орталығында болды. Халықпен кездесу өткізді.

10.08. Қауымдастық пен Халық медицина Орталығы бірігіп «Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты І конгресті өткізу туралы келісімге қол қойылды.

12.09. З. Қожалымовтың аталған конгреске арналған кітабы баспадан шықты.

16.09-19.09. «Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы» атты І-Халықаралық конгресі З. Қожалымовтың төрағалық етуімен Республикалық Балалар үйінің ғимаратында өтті. Конгреске 950-дей адам қатысты. Бұл жұмыстың бәрін қауымдастық атқарды. Ал, РХМО басшы Ш. Шинтаев пен сенімді орынбасары Ә.Ниезов екеуі қулыққа салынды. Өз абыройларын көтермек болды. Бірақ, олардың ойлағандары іске аспады. Сусындарын ішіп, тойлап жүрді. Қатысушылар алдында масқара болды.

03-07.10. аралығында З. Қожалымов Ақтөбе, Шымкент және Жамбыл облыстарындағы қауымдастықтың филиалдарында болып қайтты.

12.10. З. Қожалымов өзінің кітаптарын Астанадағы «Отырар», «Президент» кітапханасына және медицина Академиясы кітапханасына 4 данадан сыйлыққа табыс етті.

14.10. З. Қожалымов «Астана» телеарнасынан сөз сөйледі.

14.10. З. Қожалымов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің І орынбасары м.ғ.д., профессор Айқан Ахановтың қабылдауында болып, қауымдастыққа мемлекетті лицензия алу жөнінде келісті.

13.12. Сағат 10.00 ҚР Денсаулық министрлігінен қауымдастықтың атына сериясы ЛП және № 004531 нөмірлі лицензиясы берілді.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 13 жыл.

 

 

2005 жыл

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 13 жыл.

13.05. З. Қожалымов қауымдастықтың Балқаш қалалық филиалын ашты.

20.05. З. Қожалымов Ақтөбе қаласында филиал жұмысына байланысты болды.

27.05. Алматыда академик, халық емшілігінің жанашыры Шора Сарыбаевқа арналған ғылыми конференция өтті. «Анкара» қонақ үйіндегі торқалы тойының дастарханына З. Қожалымов пен жұбайы Түймекүл қатысты.

09.06. З. Қожалымов Астанада іссапармен болды.

21.07. Алдағы 23-25.09.2005 «ҚР дәстүрлі емес халық медицинасының өркендеуі» атты Халықаралық конгреске арналған З. Қожалымовтың кітабы баспаға тапсырылды.

24.09. «ҚР дәстүрлі емес халық медицинасының өркендеуі» атты Халықаралық конгресі Республикалық Балалар үйінде басталды. 876 адам қатысты. Банкетте 400-дей адам болды.

26.09. Сағат 19:00 конгресс аяқталды.

20.10. Алматы қалалық «НұрОтан» партиясының бөлімшесінің Төрағасы ел президенті Н. Назарбаевтың «Алғыс хатын» З. Қожалымовқа табыс етті.

04.12. ҚР Президентігіне кандидаттарды сайлауға дауыс беру басталды.

05.12. Н.Назарбаев ел Президенті болып 91,5% дауыс жинап қайта сайланды. Құтты болсын!

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 14 жыл.

 

 

2006 жыл

10.01. Құрбан айт. Елімізде тұңғыш рет бір күн демалыс берілді.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 14 жыл.

22.03. Наурыз мерекесі.

18.04. З. Қожалымов Тараз қаласында Жамбыл облыстық филиалында болды.

20.04. З. Қожалымов Түркістан және Шымкент қалаларында облыс филиалдарының қызметтерімен танысты.

08.06. Биыл өтетін форумның «ҚР Халық медицинасының бақсылық өнері» атты кітабын З. Қожалымов баспаға тапсырды.

12.06. З. Қожалымовтың «Тылсым дүниенің құпиялық емі» атты кітабы баспаға тапсырылды.

16.06. З. Қожалымовтың Атыраудағы болған «Сары әулие» мен жергілікті әкімшілік арасындағы тартысты басқанына – 14 жыл (16.06.1992).

28.06. Алматыдағы «Алатау» санаториясында Мәскеуге тіркелген Халықаралық комплементарлы медицина, халық медицинасы, психологтар мен емшілер ассоциациясының ІІ-Съезді өтті. Аталған ассоциацияның президенті Г. Гальперин және З. Қожалымов Съездге төрағалық етті.

12.07. Жоғарыдағы аталған З. Қожалымовтың екі кітабы баспадан шықты.

22.07. ҚазҰМУ-нің «Конгресс холл» залында «ҚР Халық медицинасының бақсылық өнері» атты І-Халықаралық форум өтті. Форумға З. Қожалымов төрағалық етті. 766 адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен ғалымдар және шетелден қонақтар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

23.07. Сағат 18:00 З. Қожалымов сөз сөйлеп форумды жапты.

06.09. З. Қожалымовтың «Рухани емшілік ғаламаты» атты дұғалық емдік кітабы баспадан шықты. Жалпы баспадан З. Қожалымовтың 15 кітабы шықты.

24.09. Оразаның бірінші күні. Ораза ұстадық.

23.10. Ораза айт құтты болсын!

07.11. З. Қожалымов қауымдастықтық 15 жылдығына арналған үш тілдегі (қазақ, орыс, француз) «Киелі шаңырақ» атты кітабын баспаға тапсырды.

28.11. Мәскеуде қызметін бастап жалғастырған ал, Алматыда тіркелген «Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар мен емшілер» қауымдастығына басшылық етуді және тұрақты қалдыруды З. Қожалымовқа өткізді.

20.12. Қауымдастықтың 15 жылдығының Құрылтайына қатысуға делегаттар келе бастады.

22.12. ҚР Ғылым Академиясының «Ғалымдар үйінде» (Құрманғазы көшесі, 29) қауымдастықтың 15-жылдық торқалы тойы басталды. Құрылтайға 430 делегат пен 30-дан аса ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Құрылтайды қауымдастықтың президенті З. Қожалымов ашып, оның аяғына дейін төрағалық етті.

24.12. 15 жылдыққа арналған Құрылтай аяқталды.

31.12. Жексенбі құрбан айт.

 

 

2007 жыл

01.01. Құрбан айттың екінші күні.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 15 жыл.

13.02. З. Қожалымов Ақтөбе филиалында жиналыс өткізіп, емшілерге мамандықтары бойынша сабақ берді.

18.02. З. Қожалымов Атырауда.

12.03. З. Қожалымов өзі құрған «Халық медицинасы және ғарыштыққуат» Академиясының ҚР Әділет басқармасынан тіркелгені туралы заңды құжатын алды.

15.03. З. Қожалымов Шымкентте. Емшілерді оқыту, сертификаттау жұмыстарын бастады.

22.03. Наурыз мейрамы.

11.04. З. Қожалымов Астанада. Жиналысқа Қостанай, Ақмола, Астана мен Көкшетау қалалары филиалдары директорлары мен емшілер қатысты. Емшілерге сабақ өткізіп, қажетті құралдармен қамтамасыз етті.

26.06. З. Қожалымов Шымкентте. Осы қалада «Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі» атты Халықаралық конгресін өткізу туралы филиал басшылары мен емшілерге тапсырма берді.

13.07. Аталған конгреске арналған З. Қожалымовтың кітабы баспадан шықты.

19.07. З. Қожалымов жұбайы Түймекүлмен Шымкентте.

26.07. Шымкент қаласында (Қонаев даңғылы, 88) М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Өнер» институтының мәжіліс залында аталған конгресс басталды. Конгреске 500-ден аса емшілер, ғалымдар, шетелдік мамандар т.б. жанашырлар қатысты. Конгрестің басынан аяғына дейін З. Қожалымов төрағалық етті.

27.07. Сағат 18:00 З. Қожалымов сөз сөйлеп конгресті жапты.

12.10. Ораза айт.

09.11. З. Қожалымовтың екі ғылыми мақаласын «Пойск – Іздеу» және «Адам әлемі – Мир человека» ғылыми журналына тапсырды.

24.11. Қауымдастықты жоюға және оның жауапты басшыларын құртуға дейін барған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы (Алматы) «Халық медицинасы Орталығы» ШЖС жабылғанына 1 ай болды (бастығы Ш. Шинтаев). Халықтың даналық сөзі «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген өсиеті 16 жылдан кейін аталған қарсыластардың өз басына келді. Олар өздерің өздері жапты. Аллаға шүкір!

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 16 жыл.

Газеттерге мақалалар жарияланды. Бөлімшелерде аталып өтілді.

 

 

2008 жыл

01.01. Жаңа жыл. Күн суық, қар қалың.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 16 жыл.

05.02. З. Қожалымов Ақтөбе қаласында филиалда.

17.04. З. Қожалымов Ақтөбе қаласында өтетін «Қазақтың болжампаз және көріпкел бабалары» атты (25-27.07.08) форумға арналған арнауын жазып бітірді.

10.06. Аталған форумды өткізу үшін облыс әкімінің Жеткерген Оралмахамбетов пен З. Қожалымов кездесіп, келісім жасасты.

26.06. Жетесіз әрі опасыз Ж. Оралмахамбетов әр түрлі сылтаулар айтып, аталған форумды өткізуге қарсы болды. Бұған дейін 500-ден аса қатысушылардың екі жақты билеттері және қонақ үйлер мен жеке үйлерге төлеген миллиондаған қаражаты және мейрамханаға қауымдастық төлеген кепілдік қаражат бәрі-бәрі көкке ұшты. Жағдай өте ауыр болды. З. Қожалымовтың сол кездегі жағдайын сөзбен айтып жеткізу өте қиын еді. Амал жоқ. Сол кездегі облыс әкімі Сағындықов та қабылдамады. Қысқасы, Бекет ата мен Мөңке би қасиеттеріне арналған форум Ақтөбеде өтпейтін болды. Мұндай опасыз басшыларды бұрын соңды кездестірген емеспіз. Өздерінің аталған екі атасының аруақтары көп ұзамай Ақтөбе өңірінде ауыр жағдайлар болуына бүгінде әсер етті ме дейміз. Өз аруағы өзің ұрды деген осы шығар. Дегенмен, Ж. Оралмахамбетовтың жазасы алда болары анық.

26.06. З. Қожалымов Оңтүстік Қазақстандағы бөлімше басшылары Ұ. Байділдаеваға, Б. Туребековке және Т.Анарбаевқа телефон соғып, әкімшілік басшыларына барып, келісу жөнінде тапсырма берді. Тапсырма екі-үш сағатта орындалды. Форум Түркістан қаласында өтетін болды. Оңтүстіктің азаматтарын Алла жарықасын! Жетесіз Жеткерген Оралмахамбетов сияқтылардан Жаратушым сақтасын.

28.06. З. Қожалымов Алматыда. Түркістанда өтетін форумның құжаттарын қайтадан дайындады. Шымкенттен кешкі сағат 20:00 Т.Анарбаев форум өтетін жердің және басқасының бәрінің дайын екенін хабарлады.

01.07. З. Қожалымов Шымкентте. Түстен кейін Түркістанда. Өтетін ғимаратқа риза болды.

03.07. З. Қожалымов Алматыда.

14.07. Түркістанда өтетін форумның дайындығы аяқталды.

17.07. З. Қожалымов Түркістанда.

18.07. Түркістандағы «Көктем» мейрамханасы мен форум өтетін орын «Батыр» жастар орталығына қажетті қаражаты төленді.

24.07. Сағат 12:00 форумға қатысушылар Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жиналып, мәдени орындармен танысып, кесенеге зиярат етті.

25.07. Түркістан. Сағат 10:00 форум басталды. З. Қожалымов басынан аяғына дейін төрағалық етті.

26.07. Сағат 18:00 форум аяқталды.

08.08. Бейжиңде «Олимпиада» ойындары басталды.

01.09. Ораза басталды. Ораза ұстадық.

20.10. З. Қожалымов философия ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын ҚазҰУ-ның философия және саясаттану факультетінің ғылыми кеңесіне өткізді.

27.11. З. Қожалымов өзінің кандидаттық миниммумынан философия тарихы мен философия мәдениеті мен араб тілінен кандидаттық емтихандарын өте жақсы тапсырды.

08.12. Құрбан айт.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 17 жыл.

1. З. Қожалымов диссертациясын кафедрада қорғады. Кафедра қорғауға жіберілсін деп шешім шығарды.

2. З. Қожалымов № 365 нөмірлі 24.00.01 – Мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша кандидаттық емтихандарды тапсырғандығы (бағасымен) туралы ҚазҰУ-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Н.М.Темірбековтың қолы қойылған куәлікті алды.

3. Жазған ғылыми кандидаттық диссертациясын тексерілгеннен кейін ғалым хатшы, бөлім бастығы мен ғылыми проректор қолдарын қойып бекітті. Алда кезекті диссертацияны қорғау уақыты белгіленбек.

 

 

2009 жыл

01.01. Жаңа жыл.

22.01. Қауымдастықтың ҚР Әділет министрлігінен заңды тіркелгеніне – 17 жыл.

02.03. З. Қожалымов философия ғылымдарының кандидаттық дәрежесіне алу диссертациясын бекіту үшін ҚазҰУ-нің ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры Темірбеков Нұрлан Мұқанұлының қабылдауында болды.

10.06. З. Қожалымов кандидаттық диссертациясы негізінде «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты монографиясына ҚазҰУ-ның профессорлары, философия ғылымдарының докторлары: Ж. Ж. Молдабеков, А. Т. Құлсариева, Б. И. Абирова, Г. Ә. Сәрсенбекова ғылыми-танымдық пікірлерін жазып берді.

29.06. З. Қожалымовтың аталған ғылыми-монографиялық еңбегі мен «XV ғасырдың ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты еңбегі баспадан шықты.

04.07. З. Қожалымов Таразда.

14.07. З. Қожалымов туралы жазушы-журналист Мейірбек Ақынбековтың «Егемен Қазақстан» газетіне «Еңбегі ерен емші» атты мақаласы шықты.

24.07. «Қазақтың ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (XV)» атты VI Халықаралық ғылыми-теориялық конгресі Тараз қаласында «Жастар» сарайында өтті. Конгреске 475 адам қатысты. Конгреске З. Қожалымов басшылық жасады. Конгрес кезінде З. Қожалымовтың «Шипагерлік дәстүрі және философиясы» атты ғылыми-монографиялық еңбегінің тұсаукесері болды. Ғалымдар: М. Мырзахметов, Ж. Зекейұлы, Т. Жаңақұлов, К. Ермаханы, Т. Бекен, Ж. Молдабеков, В. Вовк, С. Құрбанқожа, З. Жандарбек т.б шетелдік ғалымдар аталған ғылыми-монографиялық еңбекке өте жоғары баға берді. Сценарииін жазған және «Шипагер баба» әнінің сөзі мен сазының авторы З. Қожалымовтың жарты сағаттық «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы» атты спектаклі тұңғыш рет сахнада көрсетілді. Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрының актерлері, ҚР мәдениет қайраткерлері: Жасұзақ Айтпанбетов (Өтейбойдақ), Алтай Сәдібеков (Әз Жәнібек хан), Жүніс Әлімбек (Жиренше) рөлдерді өте жоғары орындап шықты. Қоюшы режиссер ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық фестивальдардың лауреаты Қыпшақова Гүлшат Нүсіпжанқызы. «Шипагер баба» әнін тараздық әнші – Сатыбалдиева Зәуре орындады.

Сағат 19:00 «Сәт» мейрамханасында салтанатты банкет болды.

25.07. Конгресс табысты аяқталды. Конгресті З. Қожалымов сөз сөйлеп жапты.

01.08. «Айқын» газетіне Таразда өткен конгресс жөнінде мақала шықты.

04.08. «Алматы ақшамы» газетіне «Қазақтың ғұлама шипагері» атты мақала шықты.

06.08. «Қазақстан-Zaman» газетіне Таразда өткен конгресс жөнінде мақала шықты.

10.08. «Мегаполис» газетіне З. Қожалымовтың «Целитель целителю рознь» атты сұхбаты шықты (журналист Анастасья Цирулик).

13.08. «Қазақстан-Zaman» газетіне «Өтейбойдақ – екінші ибн Сина» атты З. Қожалымовтың сұхбаты шықты (журналист Гүлжанат Таубайқызы Шонабай).

18.08. «Егемен Қазақстан» газетіне «Халық емшілері бас қосты» атты мақала шықты.

21.08. Ораза қабыл болсын!.

31.10. «Қазақ радиосы» арнасынан «Сазгер Қожалымов» атты 30 минуттық хабар берілді.

04.11. Осы хабар «Шалқар» радиосының арнасынан қайталанды.

08.11. З. Қожалымовтың «Өтейбойдақ» спектаклі Қазақ радиосынан 18:10 берілді (журналист Алтын Иманбаева).

10.11. Қазақ радиосының Бас редакторы Саясат Бесбаев хабарласып, аталған спектакль мен оның музыкасына риза болып өте жоғары баға берді.

15.11. Осы хабар «Шалқар» радиосының арнасынан қайталанды.

27.11. Құрбан айт мерекесі.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 18 жыл.

 

 

2010 жыл

18.02. Қауымдастықтың Төралқасының төрағасы З. Қожалымовтың төрағалық етуімен Төралқа отырысы өтті. Күн тәртібінде: 2010 жылы 23-25 шілдеде Астана қаласында VII Халықаралық «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты конгресін өткізу туралы қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Іс жоспары жасалынды.

12.03. Қауымдастық президенті З. Қожалымов мырза Астана қаласында болып, онда филиал мүшелерімен жиналыс өткізді. Конгреске дайындық жөнінде тапсырмалар берді. Арнайы қаулы қабылданды. Жиналысты Қауымдастық президенті З. Қожалымов мырза қорытындылады.

03-09.03. Бес күндік сапармен қауымдастықтың оннан аса емшілері америкалық «FOREVER LIVING PRODUCTS» коорпорациясы ұйымдастырған әлем елінен он екі мың адам қатысқан Халықаралық конгресіне арнайы шақырумен тегін қатысып қайтты. Т. Қожалымова, Б. Шайдаева, Г. Илясова т.б. ең жоғарғы атақтарын алды.

25.05. Қауымдастықтың Төралқасының кезекті жиналысының отырысында З. Қожалымов қауымдастықтың құрамындағы филиалдардың қызметтері жөнінде қарады. Көптеген филиалдардың қызметінің жақсара бастағандығы аталып өтілді. Әлі де өз бетімен кеткен, қауымдастықтың Жарғысын мойындамайтын, өткен жылғы қауымдастықтың кезектен тыс XIII- Құрылтайының қаулысының ескертпелерін орындамаған, Қызылорда қаласында заңды тұлға ретінде тіркелген (05.07. 2006) қауымдастықтың «Салауат» филиалы қызметін тоқтатып және оны жабу жөнінде Төралқаның шешімінің қаулысы қабылданды (директоры Шалапов Әбсаттар - Түркістан қаласының тұрғыны). «Салауат» филиалы құрамындағы қауымдастықтың мүшелерін өздерінің тұрған жері бойынша сондағы қауымдастықтың филиалдарына есепке алу жөнінде филиал директорларына арнайы тапсырма берілді. Төралақаның қаулысымен т.б. құжаттар Қызылорда облыстық Әділет Департаментіне, Салық комитетіне және Статбасқармасына жіберілді.

10-16.06. «Ана тілі» газетінде жазушы-профессор Ораз Қауғабайдың Зерттеуші ғалым Зядан Қожалымовтың «Ғаламның жұмбақ сырлары» атты кітабына пікірі шықты.

23.07. Әсем Астанадағы мәдени шаралар. Халықаралық VII-конгресс өтерден бір күн бұрын (23.07.2010) бүгінде әлем елін әсемділігімен және көріктілігімен таңқалдырған, әлемнің «Жемчужинасы» атанған Астана қаласының көркем жерлерімен, әсем ғимараттарымен конгреске қатысушылар танысу бақытына бөленді. Қаланы аралау сәулетті де сәнді «Бәйтерек»-тен басталып, «Хан шатырынның» сұлу сымбатымен танысып, қазақтың соңғы ханы Кенесарының Есіл бойындағы ескерткішінде болып сурет пен бейнетаспаға түсті. Одан кейін қатысушыларға арнайы келісілген параходпен Есіл өзенінің салқын ауасында дем алып, тағы да әсем қаламен өзен арқылы танысуға мүмкіндік туғызылды. Ерекше сезімге бөленген емшілер сергек сезіммен және көтеріңкі көңілмен конгрестерін келесі күні бастап кетті.

24-25.07. Астана қаласындағы Мемлекеттік «НАЗ» би театрында «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» ұйымдастыруымен «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты Халықаралық VII-конгресі өтіп, өзінің жұмысын табысты аяқтады. Конгресс жиналысын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Академик З.Қожалымов ашып жиналысты аяқталғанға дейін басқарды. Конгресте қалалық әкімшіліктен пен жауапты мекемелерден және шетелдік Ресей (А.Затеев), Қытай (Чу Джун Хуа), Өзбекстан (Г.Таджибаева), Қырғызстаннан (А.Аттакуров) т.б. шетел өкілдері мен қатар Қазақстаннан ғалым-профессорлар (Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, Т.Бекен, Т.Өмірзақов, О.Қауғабай, А.Иманбаева, К.Төлешов) т.б. ғалымдар мен емшілер сөз сөйлеп құттықтауларын жеткізді.

Термеші Үсенов Алтай мырза конгреске арналған арнауды (сөзі: З.Қожалымовтікі) ерекше сезіммен тамылжыта орындады. Қазақстан мен шетелдердің байқауларының жүлдегері әнші Диана Шик З.Қожалымовтың «Сағындай болып», «Өмірім» және «Шипагер баба» әндерін өзіндік мәнерін түрлендіріп, ерекше сезіммен орындады. Әнші жақында Европаның біраз елдерімен қатар Жапонияда болып осы үш әнді орындағанда халықтың ықыласына бөленгендігін және арнайы марапаттарға ие болғандығын арнайы атап өтті. Қазақстанға белгілі әншілер алматылық Иманбаева Алтын, Әлдекенов Сағат, Алмешова Шарбану, Үсенов Алтай, Сейтенова Ажар, астаналық жас әнші Бегасылов Рахат және астаналық кәсіби домбрашы Жүсіпов Асқар мен қобызшы Жүсіпова Жанар және Раисов Ақадил конгрестің бағдарламасына сәйкес тамаша әндер мен күйлерді орындап, конгреске қатысушылардың алғысына бөленді. Арнайы дипломдармен және конгрестің медалдарымен марапатталды. Негізгі баяндаманы З.Қожалымов мырза жасады. Конгрестің бағдарламасына сәйкес меймандар мен емшілер емдік шеберлік класын көрсетті. Әсіресе, дәрігер емші Зейнолла Нұрғалиұлының «Қара жорға» әні бойынша билеген биі қатысушыларды ерекше сезімге бөледі. Шеберлік кластарына қатысқандардың барлығына ұйымдастыру комитеті атынан арнайы дайындалған дипломдар берілді. Сонымен қатар, ғалым зерттеуші З.Қожалымовтың «Ғаламның жұмбақ сырлары» мен «Целительская традиция и философия» ғылыми монографиялық еңбегінің тұсаукесерін жазушы-құрметті профессор О.Қауғабай ашып, оқырманға таныстырып өз тілектерін білдірді. Жоғарыдағы ғалымдар мен қатар қатысушылар арасынан шығып сөйлегендер қос еңбекке оң бағаларын беріп, кітап авторының шығармашылығына табыстарын тіледі. Конгрестің алғашқы күні «Меруерт» мейрамханасында конгреске қатысушыларға арналған дастархан жайылып, думанды кеш өткізілді.

Қауымдастықтың кезектен тыс Құрылтайы. Қазақстан халық емшілер қауымдастығының Жарғылық баптарына сәйкес Астана қаласында кезектен тыс XIV-Құрылтайы өтті. Құрылтайдың күн тәртібіне сәйкес Қауымдастықтың Қызылорда қаласында тіркелген «Салауат» филиалының (филиал директоры Әбсаттар Шалапов) қызметін жабу мен тоқтату жөніндегі және қауымдастық Жарғысының талаптарын орындамайтын, жеке бас пайдалары үшін қызмет ететін және мемлекетке салық төлемейтін отыз үш (33) қауымдастықтың мүше-емшілері құрамнан шығару жөніндегі бұдан бұрынғы қауымдастық Төралқасының (№3.25.5.10) қаулысын өзгеріссіз бекітті. Сонымен бірге Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20(жиырма) жылдығының торқалы мерей тойын өткізу жөніндегі қауымдастықтың кезекті V-құрылтайын 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында өткізу туралы Құрылтай делегаттары өз шешімін қабылдады. Құрылтай жиналысын ашу мен жабуды оның президенті, Академик З.Қожалымов мырза басқарып, аяқтады.

Жаңа кітап жарық көрді. Қауымдастықтың «Шалкөде» баспасынан ғалым З. Қожалымовтың «Қазақстанның дарынды емшілері»-«Одаренные целители Казахстана» атты қазақша-орысша анықтамалығы жарық көрді.

«Шалкөде» баспасынан жаңа ғылыми жинақ жарық көрді. Бұл ғылыми жинақта «Рухани және музыкалық шипагерлік» атты 2010 жылдың 23-25 шілдесінде Астана қаласында («Наз» мемлекеттік би театры) өткен VII-Халықаралық ғылыми-теориялық конгресіне қатысқан Қытай, Ресей, Орта Азия және Қазақстан Республикасының ғалымдары мен зерттеушілерінің және емшілерінің осы саладағы ғылыми еңбектері мен баяндамалары енгізілді. Авторы З. Қожалымов.

22.12. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы құрылғанына – 19 жыл.

Қауымдастықтың барлық филиалдарында мереке аталып өтілді.

 

 

2011 жыл

11.02. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Төралқа жиналысы өтті. Күн тәртібінде: қауымдастықтың 2011 жылғы іс-жоспарлары қаралып бекітілді. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 20 жылдық мерей тойына дайындықты бастау жөнінде шешім қабылдады. Төралқа жиналысын қауымдастықтың Президенті З.Қожалымов мырза басқарып, қорытындылады.

17.02. Сатқындық. Бүгін бұрынғы Республикалық халық медицинасы Орталығының директоры кейінгі кездегі жекеменшік “Халық және рухани емшілері” мекемесінің директоры Ш. Шинтаевтың өзінің орынбасары, өзбекстан азаматы Ануар Ниезовтың арнайы Өзбекстаннан алып келіп емшілік куәліктерін бергізген өзбекстандық бандит емшілері қауымдастықтың вице-президенті Александр Бодровты Алматы қаласындағы өз үйінде қарнын суық қарумен жарып және басынан ату қаруымен атып өлтірді. Мұнын себебі, А. Бодров қауымдастықтың заңды сайланған вице-президенті екендігін елемей, қауымдастықтың басшысына хабарламай Ш.Шинтаевтың жекеменшік мекемесіне өздігінен ауысып кеткен. Оған арнайы тапсырма беріліп, жеке сайтында қауымдастықтың қызметін заңсыз деп жариялауды (заңды тіркелген ұйымды), қауымдастықты таратуға әрекет етуді және оның басшысы мен атақты емшілеріне де шара қолдануды тапсырғанымен, оны біз білдік және А. Бодровқа өзінің басы кететіндігін ескерттік. Ақыры Ш. Шинтаевтың командасының тапсырмасын орындай алмағандығы үшін, А.Бодров Ш.Шинтаев пен А.Ниезовтың өзбекстандық бандит емшілері тарапынан өлімге душар болды. Бұл емшілік жүйесінде аталған адамдардың ұйымдастырған “Бандитизмі” болатын. “Біреуге ор қазба, өзің түсесің” деген халық даналығы дәлелдеп тұр.

14-19.04. Әлемнің 150-ден аса мемлекетінен қатысқандар қызметін көрсететін Американдық “Forever Livinc products“ компаниясының арнайы шақыруымен Қазақстандық 200-ге жуық компания қызметкерлері құрамында қауымдастық басшысы мен оннан аса емшілерде компанияның Австрияның “Вена“ қаласында өткен әлемдік форумына қатысып қайтты.

12-20.05. З. Қожалымов пен Т. Қожалымова арнайы іссапармен ҚХР-ның Құлжа қаласында болып қайтты.

23-25.07. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының 20 жылдығына арналған кезекті V-Құрылтайы «Altyn Kargaly» санаториясының конференция залында өтті. Құрылтайға 250-ден аса делегаттар және арнайы шақырылған ғалымдар, журналистер, шетелдік меймандар қатысты. Күн тәртібінде қауымдастықтың президенті, академик З.Қожалымовтың «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі» атты баяндамасы тыңдалды. Баяндамада қауымдастықтың 20 жылдық тарихындағы жетістіктерге, кемшіліктерге, жеке емшілердің нәтижелеріне және филиалдар қызметінің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталды.

Баяндама бойынша жарыссөзде ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, А.Жақанов, Т.Төлендиев, Т.Бекенов, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, Ә.Тарақ, Ж.Зекейұлы, жазушы профессор О.Қауғабай, ғалымдар Б.Шайдаев, Р.Нурахунова және Кадыракунова Ашырхан (Қырғызстан), Нұрсланбай Кадырхан мен Чу Джун Хуа (ҚХР), заңгер Ә.Әділбеков (Қапшағай) журналистер Н.Байсақалова, Е.Айғалиұлы, Т.Ильяшов, А.Мұсаұлы сондай-ақ, қауымдастықтың мүшелері де сөз сөйлеп құттықтады. Делегаттар 20 жылдықтың төс белгісі және сертификат, диплом, құрмет грамоталары және алғыс хатымен марапатталды. Кеште мерейтой дастарханынан делегаттар дәм татып, қуаныштарын бөлісті. Делегаттарға қауымдастықтың 20 жылдық тарихи кезеңдері бойынша дайындалған видеофильм көрсетілді.

24.07. Кітап тұсау кесері өтті. Қауымдастықтың кезекті V-Құрылтайында оның «Шалкөде» баспасынан шыққан З.Қожалымовтың қауымдастықтың 20 жылдық тарихынан толық мәлімет беретін үш тілде жазылған кітап-альбом «Халықтық шипагерліктің бәйтерегі», Флагмаг народного целительства“, “Leader of healing“ (қазақ, орыс, ағылшын) еңбегі мен «Денсаулықты жақсарту жолдарының тәсілдері» атты ғылыми-монографиялық кітаптарына арналған ғалымдардың жеке пікірлері тыңдалды. Кітап жөнінде сөйлеген профессорлар Ж.Молдабеков, Е.Керімбек, А.Жақанов, Ә.Тарақ, Ж.Зекейұлы, С.Құрбанқожа, т.б. делегаттар бұл еңбектердің маңыздылығы жөнінде құндылығы мен қажеттілігін атап өтті.

24.07. V-Құрылтайда Құрамнан шығарылғандар тізімі. Қауымдастықтың қайтыс болған, жеке арыз берген және принципсіз қауымдастық Жарғысының талаптарын бұзған 25 (жиырма бес) мүшелері қауымдастық құрамынан шығарылсын. Атап айтқанда: Бодров Александр (Алматы қаласы) және Нургожин Жолбай (Арқалық) қайтыс болғандар, Ильясова Мехриниса, Курышева Анна, Курышев Андрей, Оспанов Ардак, Сагатбекова Майра, Скидан Галина (Алматы қаласы), Жумагелдиева Күләш, Зарипова Нина, Киятбек Нұрбара (Алматы облысы), Жанқапан Дәурен, Едилов Буркит, Абдилдина Гүлнар (Астана қаласы), Тұрлыбаева Гүлмира (Атырау), Алыбаев Шолпанбай, Садыков Серік (Тараз), Ахметжанова Амина, Ибатов Хамитжан, Черебедов Анатолий (Темиртау), Айымбетов Миятбек, Шалапов Әбсаттар, Ахмедов Рысдәулет, Эргешев Хусеин, Эргешев Хасан (ОҚО), Жанабаева Жайнагүл (Өскемен). Қауымдастықтың “Шалкөде“ баспасынан бұрынғы Бас директоры, м.ғ.к., доцент Бекен Тұрсынның Рухани саулық денсаулықтың негізі“ атты кітабы жарыққа шықты.

17-22.08. Қауымдастықтың президенті З. Қожалымов пен Т. Қожалымова Американың Вашингтон қаласында өткен Халықаралық Симпозиумге қатысты.

30.10. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрылғанына – 20 жыл.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 20 жыл.

 

 

2012 жыл

10.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2011 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2012 жылдың іс жоспарын бекітті.

11.03. Қауымдастықтың алғашқы қызметкері, эмблемасының авторы және есепшісі болған Сәрке Қайырбай Дайырманұлы 59 жасында дүниеден өтті. Хантәңірінің Текес ауылында 1953 жылдың 7 мамырында дүниеге келген азамат жастайынан сурет салу өнеріне жақын болды. Нарынқол ауданының Текес орта мектебінде білім алуын бастаған ол орта мектепті Кеген ауданының (қазіргі Райымбек) Жалаңаш ауылындағы мектеп интернатта бітіріп шықты. Армияда болды, жақсы қызметі үшін арнайы сыйлыққа да ие болды. Армиядан кейін Алматы мемлекеттік көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, оны бітірген соң өз мамандығы бойынша өнер саласында жұмысын жалғастырды. Одан кейінгі өмірі қауымдастықпен және жеке шаруашылықпен байланысты болды. Мінезі жайсаң, адал, білімді өнер маманы, жора-жолдасына, туыстарына және таныстарына сыйлы азамат ауыр науқастан ортамыздан 11 наурызда жалған дүниеден пәни дүниеге аттанғанын сезбей де қалдық. Артында жары мен азамат болған екі ұлы қалды. Қайырбайдың жасамаған жасын, жетпеген жақсылықтарын, Жаратушыдан тілеген ізгі тілектерін артында қалған екі ұлына бұйырсын демекпіз. Марқұм Қайырбай Дайырманұлының қылқаламмен сызып өрнектеген туындылары мен қауымдастықтың эмблемасы мәңгілік ескерткіші болары анық. Өз жұмысына жауапты асыл азаматтың топырағы торқалы, жаны жәннаттан, қабірі жарық болғай.

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Төралқасы.

Қауымдастық филиалдары ұжымы, 2012 ж.

23-28.03. З. Қожалымов пен Т. Қожалымова Венгрияның Будапешт қаласында өткен Халықаралық Симпозиумға қатысып қайтты.

24.03. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымовқа 2012 жылдың 30 сәуірінде Қырымның Ялта қаласында өтетін “Технология здоровья человека” атты VI Халықаралық конгресіне қатысуға президенті Н.П. Нагорная атынан шақырту келді.

02.04. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2012 жылдың 13-14 шілдесінде Шымкент қаласында “Халық емшілігінің өркендеуі және пайдалану жолдары” атты Республикалық конференцияны өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.

20.06. Қауымдастықтың негізін қалаушылардың бірі, бұрынғы Бас директоры, ардагері Бекен Тұрсын Балғымбекұлы дүниеден өтті.

Кенеттен келген сырқаттың салдарынан ардақты азамат, ғылыми медицина мен халық медицинасына ерекше үлес қосқан және қолтаңбасын қалдырған. Халқына да және өзін білетін ұжымдарға да сыйлы, ақылгөй, ғалым Тұрсын Балғымбекұлы бақи дүниеге аттанды.

13-14.07. Өткен шілде айының 13-14 жұлдызында Шымкент қаласында “Халық емшілерінің өркендеуі және пайдалану жолдары” атты республикалық форумы өтті. Форумға республиканың барлық облыстарындағы қауымдастықтың мүше-емшілері, ғалымдар және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан т.б. шетелдердің емшілері де қатысты. Форумға барлығы 280-нен аса адам қатысып, оның бағдарламасына сәйкес құттықтау, баяндама, дәрежелік шеберлігі және музыкалық терапия бойынша екі күн бойы нәтижелі өткізілді. Форумға дейін қатысушылар Шымкент қаласының көрікті жерлерін тамашалап және Сайрамдағы сансыз бабтар кесенелеріне зиярат етіп, дұға бағыштады.

Форумды ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик З.Қожалымов: “Шипагерлік дәстүрі – халықтық өнер” атты тақырыпта баяндама жасады. Қауымдастықтың 21 жылдық тарихи кезеңіндегі халық емшілігінің өсуі мен дамуы, өркендеуі және кемшіліктері мен болашағы жөнінде төраға баяндамасында толық қамтылды. Баяндама мен форумның тақырыптық негізінде жарыссөзге философ.ғ.д., профессор Ж.Молдабеков, м.ғ.д., профессорлар Керімбектің Ермаханы, Жасан Зекей, п.ғ.к., профессор С.Құрбанқожа, х.ғ.к., доцент Туғанбаев Мырзабек, заңгер Әділбеков Әбдіберік, Берік Қабен (ҚХР), Поношева Саржан (РФ), Таджибаева Г. (Өзбекстан), т.б. шығып сөйлеген емшілер мен меймандар өздерінің пікірлерін білдіріп, форумға қатысушыларды құттықтады. Алғашқы күні кешке форумның мерекелік дастарханынан қатысушылар дәм татып, би билеп, ән айтып көңіл көтеріп, тамаша сезімге бөленді. Форумда қатысушыларға төс белгілері, сертификат, диплом, құрмет грамоталары мен алғыс хат және шеберлік дәрежелі дипломдары табыс етілді. Өнер саласындағы ән айтып, би билеген өнерпаздар арнайы форумның дипломымен марапатталды. Форумға қатысушылар форумның қызметіне қанағаттанарлық баға беріп, қуанышпен тарқасты.

14.07. З.Қожалымовтың жаңадан “Шалкөде” баспасынан шыққан көлемді монографиялық-тарихи еңбегі “Орындалған аманат” тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде профессор Ж.Молдабеков басшылық етті. Кітаптың құндылығы жөнінде ғалымдар Ж.Зекей, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа және мамандар Қ.Құттыбаева, К.Кумаров, Х.Парманов, Ә.Әділбеков т.б. өз ойларын білдіріп, кітаптың құндылығына жоғары баға берді.

14.07. Қауымдастық президентіне “Профессор” атағы берілді.

“Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының” Ғылыми Кеңесінде ғалымдар бұған дейін осы академияның негізін қалаушы және президенті З.Қожалымовтың ғылыми еңбектеріне ғылыми талдамалық баға бергендігін Ғылыми Кеңестің ғылыми хатшысы профессор С.Құрбанқожа хабардар етті. Атап айтқанда: ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, Ж.Зекей, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа, З. Жандарбек, Ө. Мырзағалиұлы т.б. ғалымдар З.Қожалымов он жылдан аса уақытта халық шипагерлігі саласында философиялық және психологиялық зерттеу тақырыптары саласы бойынша 40-тан аса ғылыми-танымдық мақалалары ғылыми журналдарда жарияланғандығы және жеті монографиялық еңбегінің оның ішінде төрт кітабының оқулық екендігі туралы құндылығына тоқталды, жоғары баға бергендігі айтылды. Сондай-ақ ғалымдар, зерттеуші-ғалым З.Қожалымовтың ХV ғасырдағы ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін зерттеп, ғылыми айналымға енгеніне жол салғаны және оның құндылығы туралы Ғылыми Кеңесте атап өтілгендігі баяндалды. Ғалым зерттеуші З.Қожалымовтың қазақ және орыс тілінде шыққан “Шипагерлік дәстүрі және философиясы” – “Целительская традиция и философия” атты монографиялық еңбегі (2009-2010) Қазақ Ұлттық Университеті философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының ғылыми Кеңесі жиналысының шешімімен баспадан шығаруға бекітілгендігі аталып өтілді (Хаттама№4. 29.12.2008). Баспасөз беттерінде 400-ден аса ғылыми-танымдық, емдік мақалалары жарияланған. Өзі ашқан емшілер мектебінде оның негізгі бағдарламаларын жасаушы, оқулығын жазушы және басшысы әрі ұстазы болып келе жатқандығын да ғылыми Кеңесте аталып өткендігі туралы осы академияның Ғылыми Кеңесінің Төрағасы, профессор Ж.Молдабеков Ғылыми Кеңестің шешімінің қаулысымен форумға қатысушыларды таныстырды. Академияның Ғылыми Кеңесінің хатшысы, профессор С.Құрбанқожа Ғылыми Кеңестің шешімін оқыды. Шешімде ғалым-зерттеуші З.Қожалымовқа “Халық медицинасы және ғарыштыққуат” Академиясының “Профессор” атағы берілсін делінген (Хаттама №01, 20,06.2012)

Ғылыми Кеңес Төрағасы, философ.ғ.д., профессор Ж.Молдабеков

Хатшысы,п.ғ.к.,проф. С.Құрбанқожа

Ғалымдары мен Қауымдастықтың басшылары, филиал басшылары және мүшелері мен емшілері қауымдастықтың басшысын ғылыми профессор атағымен құттықтап, деніне саулық, қызметіне табыс тілейді.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 21 жыл.

 

 

2013 жыл

11.02. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2012 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2013 жылдың іс жоспарын бекітті.

23-30.04. Қауымдастықтың президенті Зядан қажы мен Төралқа мүшесі Түймекүл Қожалымова мен Б. Шайдаев Американың Тынық мұхитындағы Гавайи аралдарында өткізілген “Әлемдік симпозиумге” қатысып қайтты. Бұл симпонизмге әлемнің 91 елінен 22 мыңға жуық шақырушылар қатысқан. Симпозиум өз жұмысын үш күнде аяқтады. Адамның денсаулығына өте пайдалы, химиялық қоспасы жоқ таза Алоэ өнімдерін тарату бойынша Қазақстан әлемде 5-орынға ие болыпты. Ал Еуропада 1-ші орынға ие болған. Жолсапарының ұзақтығы 37 сағатқа созылған, оның 26 сағатқа жуығы аспанда әуе жолында болған. Алматыдан шыққан ұшақ Алматы – Амстердамға (Голландия) 7 сағат, одан әрі Атлант мұхитын оның материгін және Американың солтүстігінен оңтүстігіндегі Seattle қаласына дейін 13 сағат ұшса одан ары Тынық мұхиттағы Гавайи аралдарына дейін 6 сағатқа жуық ұшқан. Жолдың ауырлығы ұзақ болғанымен өте қызықты және нағыз демалыс болғанын атап өткен жөн.

26.04. Сатқындық. Қауымдастықтың вице-президенті Ермек Мырзагельдиев ұзаққа созылған, ем қонбайтын қан қысымы сырқатынан қайтыс болды. А. Бодров Ш. Шинтаев пен А. Ниезовтың арнайы тапсырмасын орындамағандығы үшін, ол о дүниелік болғаннан кейін, арнайы тапсырманы осы қауымдастықтың вице-президенті Е.Мырзагельдиевке орындату үшін, Ш. Шинтаев (жекеменшік “Халық және рухани емшілік” мекемесі директоры) өз жанына алды. Ол екі жылдан аса уақыт бармаған жері және көрмеген елі аз болған жоқ. Е. Мырзагельдиев те қауымдастықпен оның жауапты адамдарын ыдыратуға және жоюға уәде бергенімен, ол да орындай алмағандығы үшін жазылмас дертке душар болған еді. Ол өлерінің алдында қауымдастықтың басшысына өзіне қастандық жасалғанын сезетіндігін хабарлаған болатын. Бұл да сатқындықтың белгісі еді. “Асқақтасаң бір күні асыларсың” деген халық мәтелі осыған дәл келіп тұрғандай.

08.05. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымовқа 2013 жылдың 30 маусым мен 02 шілде аралығында Швецарияның Женева қаласында өтетін “Здоровье и туризм” атты Халықаралық саммитіне қатысуға директоры Джон В.А. Неттин атынан шақырту келді. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымовты Халықаралық Сократ сыйлығына “International Socrates Prize” лайық екендігін хабарлады.

13.05. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2013 жылдың 13-15 қыркүйекте Түркістан қаласында “Халық емшілігінің емдеу жүйесінің болашағы” атты Халықаралық форумды өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.

31.05. Американдық “Forever” компаниясының арнайы шақырылуымен қауымдастық президенті З.Қожалымов және қауымдастық емшілері Қожалымова Түймекүл, Шымкенттік Маскеевтер Умсын мен Сабыр Италияның Сардиния аралының Жерорта теңізі жағалауында өткізілген Еуропалық саммитіне қатысып қайтты. Бұл саммитке Еуропа мен Орта Азиядағы, Жапония, Индия, Африка елдері мен Аргентина, Бразилия т.б. елдердің ең жоғары атағы мен дәрежесіне ие болған Алоэ өнімдерін таратушы осы компанияға тіркелген азаматтар қатысты. Қазақстаннан 80-ге жуық арнайы шақырылғандар көңілді барып, қуанышпен елге оралды. Осы саммиттің өтуі қарсаңында “Forever” компаниясының 35 жылдығы аталып өтіп, мерейтойының соңы тамаша билермен, әндермен жалғасты. Алматы – Киев – Рим – Колория бағытындағы аспан ұшағы 10 сағаттай ұшса, жалпы жол ұзақтығы 17 сағатқа созылған. Колория қаласынан ары 40 шақырым аралықта орналасқан саммит отетін Сардиния аралына автокөлікпен жеткізілді. Жерорта теңізі жағасындағы таза ауа, көрікті ғимараттар мен сан алуан гүл шығаратын ағаштар өз әсемдігімен сонда демалушылардың көңіл-күйін көтеріп, қуатына қуат бергендей әсер ететіндігіне куә болдық.

15-18.07. З. Қожалымов пен Т. Қожалымова Украинаның Киев пен Одесса қалаларында арнайы іссапармен болды.

13-15.09. Түркістан қаласында “Халық емшілігінің емдік жүйесінің болашағы” атты Халықаралық форум табысты аяқталды. Форумға еліміздегі көп салалы ғылымдардың ғалымдары мен емшілер және шетелдерден келген меймандар қатысты. Форумда ғалымдар мен емшілер әр түрлі тақырыпта халық емшілігінің емдік жүйесінің болашағы жөнінде ашық пікірлерін білдірді. Шеберлік тақырыбында емдеу әдіс-тәсілдері көрсетілді. Кешке мейрамханада өткен мерекелі дастарханның отырысында форумға қатысушылар әсем ән мен бидің рахатына бөленді. Көңілді кеш өтті. Қасиетті Түркістанның киелі жерлерімен танысқан форумға қатысушылар қуаныштарын жасыра алмай, қайтарларында мейірмандылықпен келер жылы амандықпен кездесуге тілектерін білдірді.

14.09. З.Қожалымовтың жаңадан “Шалкөде” баспасынан шыққан “Өмірімнің тағдыры” атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде профессор Ж.Молдабеков басшылық жасады. Кітаптың құндылығы жөнінде ғалымдар Е.Керімбек, Ө.Мырзағалиұлы, С.Құрбанқожа, З.Жандарбек, жазушы-профессор О.Қауғабай және мамандар Қ.Құттыбаева, Х.Парманов, Ә.Әділбеков, Ж.Сәрсенбай, К.Төлешұлы т.б. өз ойларын білдіріп, кітаптың құндылығына жоғары баға берді.

14.09. Қауымдастықтың кезектен тыс Құрылтайында қауымдастықтың мүшелігінен шығарылғандар:

Құрылтай делегаттарының бекітуімен марқұм болуларына байланысты қауымдастықтың бұрынғы бас директоры Бекенов Тұрсын Балғынбекұлы, вице-президент Мырзагелдиев Ермек, қауымдастықтың алғашқы ұйымдастырушысы және эмблемасының авторы Саркеев Қайырбай Дайырманұлы, халық емшісі-журналист Файзуллаев Сәттібек, халық емшісі Стамбеков Жексебай, халық емшісі Салиева Гүлжамал Жауханқызы, мүшесі Уисенова Халима, емші Әкімбаев Сламхан және емші Абдувахапов Тойжан қауымдастық құрамынан шығарылды.

Қауымдастықтың Жарғылық міндеттерін орындаудағы жеке тәртібінің нашарлығы, жауапсыздығы, мәдениетсіздігі және қауымдастықтан байланысын себепсіз үзгендігі үшін Тұрымбетова Қазына, Мендібаев Аубакир, Баймуханова Гауһар (Сәтбаев қаласы), Рзаханова Гүлнара, Майорова Людмила, Шарыпова Нина, Наурызбаева Рая қажы, Илясова Мехриниса, Мақсұтбаева Гүлмира қажы, Череминова Оксана, Буралкиев Жүрсін (Алматы), Киямбек Нұрбатима (Алматы обл.) Сатыбалдина Руза, Ахметов Пернебай (Тараз), Саденова Гүлдария қажы, Садыбекова Служан, Полуянов Дмитрий (Астана), Шормаков Жидабек (Қаратау), Мергенбаева Аида, Серікбаева Айжамал, Оразова Қалдыгүл (Қызылорда) және ақтаулық Косумова Менслу қауымдастықтың мүшелік құрамынан шығарылды.

Филиалдар қызметі тоқтатылды

Құрылтай делегаттарының бекітуімен Қауымдастықтың құрамынан Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Қарағанды қалалық филиалдары мен Семей аймақтық филиалын есептен шығару жөніндегі қауымдастықтың Төралқасының 21-қаңтар 2013 жылғы №2 хаттамасының қаулысы бекітілді.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 22 жыл.

 

 

2014 жыл

20.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2013 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2014 жылдың іс жоспарын бекітті.

21.01. Құрылғанына 22 жыл толған қоғамдық бірлестіктің атқарған еңбегі ұшан-теңіз. “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” РҚБ (Республикалық мәртебе) 2013 жылы қызметіндегі ерекше табыстары үшін Халықаралық рейтинг одағының (Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь) «Сала көшбасшысы-2013» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы-2013» Ұлттық Сертификатымен марапатталды.

Қауымдастық президенті Зядан Қожалымов көп жылғы еңбегінің арқасында Отанның алдында сiңiрген еңбегі үшін Халықаралық рейтинг одағының «Қазақстанның даңқы» Орденімен марапатталды (Куәлік № 01724, 21.01.2014).

18.04. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2014 жылдың 02-03 тамызында Алматы қаласында мәдениеттанушы ғалым, академик Зядан Қожалымовтың еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясын өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.

02-03.08. Алматы қаласында ҚР Ғылым Академиясының «Ғылым ордасында» мәдениеттанушы ғалым, халық медицинасының академигі Зядан Қожалымовтың 70 жылдық мерейтойына орай, оның ғылым саласындағы сіңірген еңбектерінің «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференцияны өткізу комитетінің төрағасы философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-нің профессоры Жақан Молдабеков «Шипагер ғалымның еңбегінің ғылымдағы құндылығы» атты баяндама жасады. Баяндамасында шипагер ғалым З. Қожалымовтың 25 кітаптың оның ішінде 7 монографиялық еңбектің және 500-ден аса ғылыми-танымдық, мәдени-тәрбиелік және шипагерлік мақалалардың авторы екендігін және XV ғасырдағы шипагер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегін тұңғыш зерттеуші және оны ғылыми айналымға енгізуші сондай-ақ, қазақтың халық емшілігінің ғылыми негізінің алғашқы қалаушысы екендігін атап өтті.

Конференцияға ҚХР, Ресей және Орта Азия мемлекеттерінің ғалымдары мен емшілері және Қазақстандық ғалымдар мен 340-тан аса халық емшілері қатысты.

Шипагер ғалымның еңбегі жөнінде м.ғ.д. профессорлар Керімбектің Ермаханы (ХҚТУ), Жаханов Амангелды (ҚазҰМУ), Жасан Зекейұлы (Алматы), Мырзағалиұлы Өтеп (ХҚТУ), м.ғ.к., доцент Құлмаханов Тұрғанбек, ф.ғ.д., ҚазҰУ-нің профессоры Әнуар Тарақов, з.ғ.д., профессор Әлдибеков Жапар, п.ғ.д., профессор Құрбанқожа Сансызбай, жазушы профессор Ораз Қауғабай және профессор Марқайұлы Көпей (ҚХР), Тұтқабаев Ералжан (Өзбекстан), Журавлев (Ресей), журналистер Орынбай Оралбеков «Тамаша», ақын Серікжан Қажи “Президент және Халық”, Жексен Алпартегі «Айқын», Нұржамал Тегінбайқызы «Алматы ақшамы», Жұлдыз Баймолла СТВ, т.б. арнайы меймандардан Танкиев Кадырғали (Атырау), Әбназаров Үмбет (Алматы), Садибеков Әділ қажы (Алматы) және емшілерден Костюкеевич Л.А., Құттыбаева Қализа, Сағи Уатқан, Парманов Халтұрсын, Төребеков Бақтыбай, т.б. сөз сөйлеп ғалым З. Қожалымовтың еңбектерінің құндылығы мен маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, ақын-сазгер З. Қожалымовтың Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына арнап жазған сахналық қойылымы көрсетілсе, ән-толғауларын жыршылар мен әншілер тамылжыта орындады. «Терісқақпай» театрының әртісі Дайырбеков Дархан З. Қожалымовтың «Ауыл әзілдері» атты шығармасын сахнада орындады.

Конференция соңында ғалымдар мен емшілер, шипагер ғалымның ғылыми еңбектері мен поэзиялық және прозалық шығармашылығына, сазгерлік өнеріне ризалықтарын білдірді.

“Шалкөде” баспасынан ғалым академик Зядан қажы Қожалымовтың “Ғұмырнама” атты кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы бұған дейін тылсым құпия сырлары мен халықтық шипагерлік саласында жиырмадан астам кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші ғалым – Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың 1991-2014 жылдары аралығында баспасөз беттеріндегі сұхбаттары, жеке мақалалары, еңбектеріне ғылыми пікірлер, жеке авторлар мақалалары, ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы зерттеуі, өнер саласындағы еңбектері, құттықтаулар мен арнаулар, жарық көрген кітаптары мен ғылыми еңбектерінің тізімдері мен жеке ой-түйіндері т.б. мәселелер қамтылған.

Осы жылы “Шалкөде” баспасынан ғалым академик Зядан қажы Қожалымовтың Түнгі ғажайып” атты кітабы жарық көрді. Зядан Кітаптың авторы бұған дейін тылсым құпия сырлары мен халықтық шипагерлік саласында жиырмадан астам кітаптар жазған белгілі мәдениеттанушы және Өтейбойдақтанушы зерттеуші-ғалым, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі – Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың прозалық жанрдағы жазған тылсым құпия сырлары, ел ішіндегі естеліктері, өзі жөнінде, дала ғұламасы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы жазылған спектаклі, радио сұхбаттық әңгімелері жеке ой-түйіндері т.б. еңбектері қамтылған.

30.09. Қауымдастықты құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрылғанына – 23 жыл.

19.12. “Шалкөде” баспасынан ғалым академик Зядан қажы Қожалымовтың “Ғибратты өмір” атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбектің авторы халық медицинасы саласының белгілі ғалымы, өнер саласында да таныла бастаған ақын-сазгер, мәдениеттанушы ғалым, халық медицинасының профессоры, академик, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Зядан қажы Қожалымов. Жинақта автордың ширек ғасырға жуық ғылым мен өнер саласындағы жетістіктері туралы өткен «Халық медицинасындағы құндылығы мен маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми теориялық-тәжірибелік конференцияда (ҚР ҒА «Ғылым ордасы» ғимаратында, Алматы, 02-08.2014) баяндама жасаған және құттықтаған көп салалы ғылымның ғалымдары, өнер саласы мамандары мен емшілердің пікірлері, ғылыми мақалалары, автордың телеарналарға берген сұхбаттары және автордың торқалы мерейтойына байланысты ізгі тілектер мен құттықтаулар т.б. мәселелер жинаққа енгізілген.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 23 жыл.

 

 

2015 жыл

06.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2014 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2015 жылдың іс жоспарын бекітті.

27.03. “Албан Ата шежіресі” 1, 2 томының (А, 2011) құрастырушы авторы Тынышбек Алмабекұлының “Тоғанай-Т” баспасынан “Хан-Тәңірі қырандары” ұлылардың ұрпақтарымыз-энциклопедиялық жинағы шықты.

Бұл энциклопедиялық жинаққа Хан-Тәңірінің түлегі “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” президенті, профессор, академик, ақын-сазгер Зядан қажы Қожалымов пен қауымдастықтың заңгері Әбдіберік Баймұханбетұлы Әділбеков, қауымдастықтың жанашыры, Республикалық халық медицинасы Орталығының негізін қалаушы әрі тұңғыш Бас директоры, м.ғ.к., Тұрарбек Төлендиев енген.

30.03. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2015 жылдың 25-26 шілдесінде Қостанай қаласында «Қазақстанның солтүстік аймағындағы халық емшілігінің өркендеуі» атты Республикалық конференциясын өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.

04.03. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымовқа 2015 жылдың 01 тамызында Ресейде (Подмосковье) өтетін Перформия” компаниясының Халықаралық конференциясына қатысуға Ольга Погребняк атынан шақырту келді.

06.04. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымовқа 2015 жылдың 07-13 маусымында Ұлыбританияның Лондон қаласында өтетін “Управление и аккредитация организаций традиционной и биологической медицины” атты Халықаралық конресіне қатысуға “Global Conferences” компаниясы атынан шақырту келді.

20.05. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымовқа 2015 жылдың 26 маусымында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін Халықаралық бизнес рейтинг одағының (Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Казахстан, Россия) XXVI Марапаттау рәсіміне қатысуға Надежда Тишинаның атынан шақырту келді.

25-26.07. Қостанай қаласында “Қазақстанның солтүстік аймағындағы халық емшілігінің өркендеуі” атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияны оны ұйымдастыру комитетінің төрағасы, профессор, Академик Зядан қажы Қожалымов ашты. Конференцияға 250-ден аса Қазақстандық және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан сияқты тағы басқа да шетелдерден келген шипагерлер мен осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар және арнайы қонақтар қатысты.

Жарыссөздер мен баяндамалар оқылу барысында м.ғ.д., профессор Жасан Зекейұлы, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ профессоры А.Шаяхмет, ХҚТУ профессорлары С.Құрбанқожа, Ө.Мырзағалиұлы және Қытай дәрігерлері Чу Джун Хуа, А.Әжікен (ҚХР) т.б. меймандар мен Қазақстан емшілері конференциясына қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастыру комитетінің басшысы З.Қожалымов “Халықтық шипагерліктің өркендеу жолдары” атты тақырыпта баяндама жасады.

Екі күн бойы емшілер әртүрлі емдеу әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік емдік сеанстарын жүргізіп, тәжірибелерімен алмасты. Медальдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Үш күнге созылған конференцияда емшілер Қостанай қаласының мәдени орындарын аралап және өздерінің ғылыми-тәжірибелік білімдерін өсіріп, өзара қатынастарын жақсартып, қуанышпен тарасты.

17.09. Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес рейтингісінің 2014-2015 жылғы саралауының нәтижесі бойынша “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” РҚБ (Республикалық мәртебе) 2014-2015 жылдардағы қызметіндегі ерекше табыстары үшін Халықаралық рейтинг одағының (Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Грузия) «Сала көшбасшысы – 2015» атағына ие болып, арнайы алтынмен қапталған «Сала көшбасшысы» қабырға медалімен және «Сала көшбасшысы – 2015» Ұлттық Сертификатымен марапатталды.

Қауымдастық президенті, академик Қожалымов Зядан қажы көп жылғы еңбегінің нәтижесінде қоғамдық қызметіндегі жетістіктері үшін Халықаралық рейтинг одағының (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Грузия) «Экономика мақтанышы» ордені және «Жылдың үздік басшысы-2015» ұлттық сертификатымен марапатталды.

Рухани-сауықтыру саласындағы жетістіктері мен ерекше еңбектері үшін, қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша «Экономика мақтанышы» ордені және «Жыл маманы-2015» ұлттық сертификатымен халық емшілері: Таджиметов Хайрулла (Түркістан), Қожалымова Түймекүл (Алматы), Джульдыбаев Абай (Орал қ.) және Максеева Унсун (Шымкент қ.) марапатталды.

Рухани-сауықтыру саласындағы жетістіктері үшін, қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалі және «Жыл маманы-2015» ұлттық сертификатымен халық емшілері: Құмаров Қабылкарим (Астана қ.), Мұқаметқан Бақытгүл (Талдықорған), Туреев Ерлан (Алматы обл.), Бесембаев Құмарбек (Құлсары қ.), Серикбаев Қоныс (Атырау обл.), Сикумбаева Райса (ОҚО), Сейденов Мухитдин (Шымкент қ.), Калиева Жамила (Атырау қ.) марапатталды.

Рухани-сауықтыру саласындағы жетістіктері үшін, Ұлттық бизнес-рейтинтер Одағының (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия) «Жыл маманы-2015» ұлттық сертификатымен халық емшілері: Тұрақын Тұрсынғазы (Ақтөбе), Зурихан Дүлдүл мен Зурихан Дауыл (Алматы, Іле), Мадигалиев Ерхан (Алматы), Өтегенова Динара (Алматы), Анарбаев Талғат (Шымкент), Тажібаева Ғазиза (Жетісай, ОҚО), Серік Зекейұлы (Алматы обл.), Мовшович Максим (Алматы) марапатталды.

03.11. Қауымдастық Жарғысының 5.2 бөлімі негізінде қауымдастықтың Павлодар облыстық филиалы Павлодар облыстық Әділет Департаментінен тіркеуден өтіп, өз қызметін бастады.

05.11. “Хабар” телеарнасының бағдарламаларына сәйкес қауымдастықтың президенті, академик З. Қожалымов арнайы Астана қаласында халық емшілігінің қажеттілігі мен болашағы жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілі б.ғ.д., профессор Салтанат Байқошқаровамен “Жекпе-жек” өткізді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі кейбір шенеуніктердің халық емшілігіне деген қарсы көзқарастарына қарсы әділетті әрі сауатты пікірін айтып, халықтық емшіліктің ұлттық мұрамыздың жойылмайтынын және қызметі өте маңызды екендігін дәлелдеп берді. Жекпе-жектен кейін қауымдастық президентінің атына рахметін айтып, ықыласын білдіргендер және халық емшілігінің мәңгілік өміршеңдігін қалайтындар саны көбейе түсуде. Сонымен бірге көп салалы ғалымдар да әділ бағаларын беріп, шипагерліктің ғылыми саласындағы еңбегіне риза болып, оны одан ары дамыта түсуге өз ықыластарын білдіруде. Халық бар жерде оның халықтық шипагерлік өнері мәңгі жасайды, өркендейді, дамиды және ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді.

27.11. Қауымдастық президенті профессор З. Қожалымов қауымдастықтың облыстық филиалының құрамындағы қауымдастықтың мүше-емшілерінің жалпы жиналысын ашып, сөз сөйлеп қауымдастықтың ширек ғасырлық тарихымен оның болашағы жөнінде баяндама жасап, аталған филиалдың қызметі мен мүшелерінің қызметіне табыс тіледі. Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша Павлодар облыстық филиалының директорлығына ұсынған халық емшісі Шахмарданова Айгульдің кандидатурасын жиналысқа қатысқандар толық қуаттады. Қауымдастық президенті жиналыстан кейін үш күндей емшілерге дәріс оқыды.

07.12. Қауымдастықтың Ақтөбе облыстық филиалының директоры Құттыбаева Қализа қажы өзінің жеке ұсынысына байланысты қызметінен босатылды.

Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша, Ақтөбе облыстық филиалының директоры қызметіне қауымдастықтың “Құрметті мүшесі”, Халық емшілігінің магистрі, Әділбаев Ғани Оразбайұлы тағайындалды.

10.12. Қауымдастықтың Атырау облыстық филиалының директоры мекенжайының ауысуына байланысты (Орал қаласына) Ермуханова Гулпара өзінің жеке талабы бойынша қызметінен босатылды. Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша, қауымдастықтың Төралқа мүшесі, қауымдастықтың Құлсары қалалық филиалының директоры, халық емшісі Бесембаев Құмарбек қажы қауымдастықтың Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды. Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша, қауымдастықтың қызметін қайта ұйымдастыру мен ірілендіру мақсатында және филиал қызметінің қанағаттанғысыздығы мен филиал директорының (А. Бузауова) мекенжайының бес жылдан аса Астана қаласына ауысуына байланысты, қауымдастықтың Жезқазған филиалының қызметін тоқтату және Қарағанды облыстық Әділет департаментінің тіркеуінен шығару жөнінде қаулы қабылданды. Қаулыны орындау оның директоры А.Бузауоваға тапсырылды.

15.12. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымовқа 2015 жылдың 25-26 желтоқсанда Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін “Европейская организация здравоохранения” қауымдастығының Жаңа жылдық кешіне қатысуға президенті В.А. Царевскийдің атынан шақырту келді.

22.12. Қауымдастықтың құрылғанына – 24 жыл.

 

 

2016 жыл

06.01. Ірілендіру мақсатында қауымдастықтың Жамбыл облыстық филиалы қайтадан Жамбыл облыстық Әділет Департаментінен тіркеуден өтіп, өз қызметін бастады.

Қауымдастықтың Төралқасының шешімі бойынша Қауымдастықтың Жамбыл облыстық филиалының директорлығына халық емшісі Есенгельдиева Алия тағайындалды.

11.01. Қауымдастықтың Төралқа мүшелерінің жиналысы өтті. Күн тәртібінде: өткен 2015 жылдың жұмысының нәтижесін қорытындылап және 2016 жылдың іс жоспарын бекітті.

24.03. Қауымдастықтың Төралқасының жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2016 жылдың 29-31 шілдесінде Алматы қаласында қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойына арналған кезекті VI-Құрылтайын өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.

13-19.05. Қауымдастық президенті З.Қожалымов мырза Қостанай, Астана, Қарағанды қалаларында іссапарымен болып қайтты. Филиалдардың мүшелерінің жалпы жиналысына қатысып, қызметтерімен танысты. Филиалдың жалпы жиналысында Қауымдастықтың 25 жылдық мерекесіне арналған кезекті VI-Құрылтайына қатысу үшін делегаттарын сайлады.

Қостанай. Қауымдастықтың басшысы Қостанай облыстық филиалының қызметінің қанағаттанарсыздығын атап өтіп, осы филиалдың директоры Нисамбаева (Дарибаева) Багиткульды өзінің жеке арызы бойынша қызметінен босатты. Филиал директорлығына қауымдастықтың мүшесі, халық емшісі Хакимов Мухамеджанды ұжымға таныстырып, оны филиал директорлығына тағайындап, жалпы жиналыста бекіттірді. Филиал мүшелері М.Хакимовтың кандидатурасын толық қуаттады. Жиналыстың соңынан филиал емшілеріне арнайы сабақ өткізді.

Астана. Астана қалалық және Ақмола облыстық филиалы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Филиалдың қызметіндегі жеке жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталған, қауымдастық президенті З. Қожалымов мырза филиал директорлары Қ. Құмаров пен Б. Ахметоваға қауымдастықтың 25 жылдық мерекесіне дайындалуды, берілген тапсырмаларды өз уақытында орындап және филиалдың қызметтерін жақсартуды атап тұрып ескертті.

Қарағанды. Қауымдастықтың басшысы Қарағанды облыстық филиалының қызметінің қанағаттанарсыздығын атап өтіп, филиал директоры Дәуір Шәкіржанның жеке қателіктері мен жалған құжаттарды емшілерге бергендігі жөнінде баяндады. Д.Шәкіржанды өзінің жеке арызы бойынша қызметінен босатты. Филиал директорлығына қауымдастықтың мүшесі, халық емшісі Қалауов Ахметті ұжымға таныстырып, оны филиал директорлығына тағайындап, жалпы жиналыста бекіттірді. Филиал мүшелері А.Қалауовтың кандидатурасын толық қуаттады. Жиналыстың соңынан филиал емшілеріне арнайы сабақ өткізді.

03-04.06. Шымкент. Қауымдастық президенті З. Қожалымов Шымкент қаласында іссапармен болды. ОҚО және Түркістан қалалық филиалдарының емшілерімен жиналыс өткізіп, қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойына дайындықтарын тексеріп, арнайы тапсырма берді.

15.06. «Шалкөде» баспасынан З. Қожалымовтың «Халық емшілерінің анықтамалығы» мен «Өмірімнің шежіресі» атты кітаптары жарық көрді.

17.06. З. Қожалымовтың «Ширек ғасырлық киелі қауымдастық» атты тарихи альбом кітабы «Нур-Принт» баспаханасына тапсырылды.

01.07. З. Қожалымовтың «Өлмейтін мұра – өшпейтін тарих» атты кітабы «Нур-Принт» баспаханасына тапсырылды.

28-29.07. Қауымдастықтың 25 жылдық мерейтойына қатысуға республиканың барлық облыстарынан емшілер делегаттары келіп тіркелуде және Қытай, Қырғыз, Өзбек, Ресей т.б. республикалардан мерейтойға қатысуға ғалымдар мен емшілер келуде.

Көрнекті ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, қауымдастықтың жанашыры, «Құрметті мүшесі» жаны жайсаң азамат Жандар Керімбектің Ермаханы 80 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Төралқасы.

Қауымдастық филиалдары ұжымы

30.07. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты оның кезекті VI-Құрылтайы Алматы қаласында ҚР Ғылым Академиясының «Ғылым ордасында» өтті. Құрылтайға 400-ге жуық делегаттар және арнайы шақырылған ғалымдар, журналистер, шетелдік меймандар қатысты. Қауымдастықтың президенті, академик З.Қожалымов «Халық шипагерлігі – мәнді де мәңгі өнер» атты баяндамасын жасады. Меймандар Ә. Салиғазиев (қала акиматы), С.Тәукебаев (Салық инспекциясы) және ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, А.Жаханов, Т.Төлендиев, Ә.Тарақ, Ж.Әлдибеков, Т.Құлмаханов, С.Құрбанқожа, О.Қауғабай шетелден келген меймандар Қ.Қалиұлы, Шеру Томпыш, А.Қабылкак (ҚХР), М.Айдаров (Қырғызстан), Г.Таджибаева (Өзбекстан), журналистер Е.Айғалиұлы (Қазақстан-Заман), О.Оралбеков (Тамаша), С.Қажи (Президент және халық), Н.Байсақалова (Алматы ақшамы), Ж.Алпартегі (Айқын) және емшілерден өкілдер сөз сөйлеп, Құрылтай делегаттарын торқалы мерекесімен құттықтады. Қауымдастықты ширек ғасыр басқарған З.Қожалымовты қайтадан қауымдастық президенттігіне делегаттар бір ауыздан сайлады. Қауымдастықтың вице-президенттігіне Ж. Молдабеков пен Қ.Бесембаев және Төралқа мүшелерінің құрамына О.Қауғабай, Ә.Тарақ, Ж.Амангелді, Т.Қожалымова, С.Рыбин, А.Калыкова, Х.Таджиметов, Б.Қабен сайланды. Делегаттар мен меймандар қауымдастықтың 25 жылдықтың алтын медалімен және сертификат, диплом, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Делегаттарға қауымдастықтың 25 жылдық тарихи кезеңдері бойынша дайындалған видеофильм көрсетілді.

31.07. Құрылтайдың кезекті бағдарламалық жұмысы жалғастырылып, жеке емшілердің құттықтаулары мен сөздері тыңдалды. Құрылтайдың күн тәртібіне сәйкес оның жұмысы аяқталды. Одан кейін қатысушылар Алматының көрікті жерлерін аралап, Медеудің көрікті жерлерімен танысты. Естелікке бейнетаспаға және суретке түсті. Қауымдастықтың қызметін үгіттеу мен насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерінің көмегін аяған жоқ. Әсіресе, «Қазақстан-Заман», «Айқын», «Егемен Қазақстан», «Президент және халық», «Алматы ақшамы», «Тамаша», «Ақбаян», «Жас Алаш», «Ана тілі» т.б. газеттері мен «Хабар», «Қазақстан-1», «СТВ» телеарналарымен олардың облыстық бөлімшелерінің көрсеткен көмектеріне қауымдастықтың Төралқасы атынан рахметімізді айтамыз.

Ширек ғасырлық мереке тек ғана емшілер үшін қуанышты болып ғана қалмастан, халқымыз үшін өшкен өнерлік мұрасының қайта гүлденіп өркендей бастағандығын толық дәлелдеп берді.

02.09. Қауымдастық президенті, профессор З.Қожалымовтың «Ширек ғасырлық аманат орындалды» атты бас мақаласы қауымдастықтың «Шипагерлік баян» газетіне шықты. Онда қауымдастықтың өткен ауыр кезеңдері мен жетістіктері және қауымдастықтың өркендеуіне үлес қосқан баспасөз және телеарналарға рахметі мен халық емшілігінің ғылым саласындағы өркендеуіне үлес қосқан ғалымдар жөнінде баяндалады.

02.10. Қауымдастық президенті, профессор З.Қожалымовтың «Шипагерлік баян» газетіне «Халықтық шипагерлік дәстүрінің болашағы» атты бас мақаласы жарияланды.

03.11. Қауымдастық президенті, профессор З.Қожалымовтың «Шипагерлік баян» газетіне «Шипагерлік те – мәдени мұра саласы» атты бас мақаласы жарияланды.

04.11. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымов мырзаны Халықаралық «European Medical Association» президенті доктор Винченцо Костиглиолы Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында 30-31 қаңтарда 2017 жылы өтетін «Здравоохранение – 2017» Араб медицинасының конгресіне қатысуға шақырды.

02.12. Қауымдастық президенті, профессор З.Қожалымовтың «Шипагерлік баян» газетіне «Берекелі ширек ғасыр» атты бас мақаласы жарияланды.

Желтоқсан. Халықаралық рейтинг одағының 2016 жылғы саралауының нәтижесі бойынша “Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” РҚБ 2016 жылғы қызметіндегі ерекше табыстары үшін LEADER OF THE BRANCH 2016 («Сала көшбасшысы 2016») алтын қабырға медалімен және халықаралық сертификатымен марапаталды.

Қауымдастық президенті, академик Қожалымов Зядан қажы көп жылғы еңбегінің нәтижесінде кәсібилік және ұйымды дамытуға ауқымды үлесі үшін Халықаралық рейтинг одағының DECUS OECONOMICAE («Экономика мақтанышы)» орденімен BENE MERENTI DE PROFESSIONE («Кәсіби қызметтері үшін») медалімен және CHIEF OF THE YEAR 2016 («Жыл басшысы 2016») халықаралық сертификатымен марапатталды.

Қауымдастықтың емшілері қызметіндегі жетістіктері үшін Халықаралық рейтинг одағының 2016 жылғы саралауының нәтижесі бойынша: BENE MERENTI DE PROFESSIONE («Кәсіби қызметтері үшін») медалімен және Employee OF THE YEAR («Жыл маманы») халықаралық сертификатымен марапатталды.

22.12. Қауымдастықтың құрылған күніне – 25 жыл.

Ғасырлар бойы жазылмаған және ұлттың тарихына енбеген “Мәдени мұрасының” бір саласына жататын халықтық шипагерлік өнері де, ел тарихынан өзінің орнын тауып және ғылыми айналымға енуі ата-бабадан жалғасып келе жатқан емдік тектік жүйесінің жетістігі, ел тәуелсіздігінен кейін жүзеге асты. Бүгінде қазақтың халықтық шипагерлігінің жеткен жетістіктерін өз елімізден басқа шетел мамандарының танып білуі ұлтымыздың тылсым құпия сырларының зор жетістігі. Биыл шілде айының соңында “Қазақстан халық емшілері қауымдастығы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің 25 жылдығы Алматы қаласында Халықаралық деңгейде “Халық шипагерлігі – мәнді де мәңгі өнер” тақырыбында аталып өтті.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Тілеуқабылұлы Ө. «Шипагерлік баян». – Алматы: Жалын, 1996.

2. Оразақов Е. Қазақ халық медицинасы. – Алматы: Ғылым, 1989.

3. Бекен Т. Ислам және медицина. – Алматы: Шалкөде, 2000.

4. Алдашев А., Әлімханов Ж. Қазақтың халық медицинасының құпиясы. – Алматы: Қазақстан, 1992.

5. Польная энциклопедия народной медицины. Том 2. –Москва: АНС.

6. Тулендиев Т. Лечебник народной медицины. – Алма-Ата: Қайнар, 1991

7. Қожалымов З. Мәңгілік құпия шежіресі. – Алматы: Сөздік - Словарь, 2001.

8. Қожалымов З. Шапағатты рух ордасы. – Алматы: Сөздік - Словарь, 2001.

9. Қожалымов З. Киелі шаңырақ. – Алматы: Шалкөде, - 2006.

10. Досымов Б. Емшілік дейтін бір өнер //Ана тілі. - 1996. – 7 мамыр.

11. Шорманов Т. Дәрілік өсімдіктер. - Алматы: Қазақстан, 1975.

12. Молдабеков Ж. Емшіліктің философиялық мәселесі және мәні. //Дәстүрлі емес халық медицинасы /ғылыми жинақ. Жауапты шығарушы авторы: З.Қожалымов. – Алматы: Шалкөде, 2005.

13. Қожалымов З. Халық медицинасындағы бақсылық өнері //Ғылыми жинақ. – Алматы: Шалкөде, 2006.

14. Қазақ бақсы балгерлері. // Құрастырғандар: Дәуренбеков Ж.,Тұрсынов Е. – Алматы: Ана тілі, 1993.

15. Қожалымов З. Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары //Ғылыми жинақ. – Түркістан: Шалкөде, 2008.

16. Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. – Алматы: Ғылым, 1997.

17. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық /Три истины/. – Алматы: Қазақстан, 1991.

18. Ақыпбеков Ө. Халық емінің құдіреті. – Алматы: Қайнар, 1993.

19. «Шипагерлік баян» - қанбайтын бұлақ. 1-кітап //Араб әрпіндегі жинақ. – Үрімжі: Ғылым және денсаулық, 2003.

20. Қожабеков М. Дәрілік өсімдіктер. – Алматы: Қазақстан, 1982.

21. Бекен Т. Денсаулық – халық байлығы. – Алматы: Комплекс, 2003.

22. Жақанов А. Ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еңбегі медицина ғылымы тілінде // Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында //Ғылыми жинақ. – Алматы: ҚазММУ, 2002.

23. Васильева Т. Биоэнергетика. – Москва: Амрита - русь, 2001.

24. Донцов Д.Р. Биоэнергетика человека. – Москва: Тип.№13, 1994.

25. Левинсон Ю.М. Основы биоэнергетической диагностики и лечения. – Москва: Московский печатник, 1991.

26. Розов С. Учебник по биоэнергии. – Москва: Олма, 2002.

27. Тэд Эндрюс. Полное руководство по энерготерапии. – Москва: Прана, 2005.

28. Красавин О. А. Биоэнергетика здоровья человека. – Москва: Диля, 2004.

29. Азими К. С. Учебник медитации. – Москва: Амрита, 2003.

30. Жас Алаш. Ән дауа (З.Қожалымов) – 1995. – 21 ақпан.

31. Платэн М. Учение о здоровье. – Челябинск: Обьеденение, 1991.

32. Керімбектің Ермаханы. Жастарға пайдалы және зиянды әдеттер туралы. – Түркістан: Тұран, 2007.

33. Керімбектің Ермаханы. З.Қожалымовтың халық емшілері бойынша ғылыми – танымал кітаптары жөніндегі ой. //Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі // Ғылыми жинақ . – Шымкент: Шалкөде, - 2007.

34. З. Қожалымов. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы және медициналық мәселелері // Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында // Жинақ. – Алматы: ҚазММУ, 2000.

35. Қожалымов З. Тылсым дүниенің құпия емдері. – Алматы: Шалкөде, 2006.

36. Қожалымов З. Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы //Ғылыми жинақ. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2004.

37. Қожалымов З. Рухани емшілік ғаламаты. – Алматы: Шалкөде, 2006.

38. Қожалымов З. Дәстүрлі емес халық медицинасы //Ғылыми жинақ. – Алматы: Шалкөде, 2005.

39. Қожалымов З. Қазақстан мен Орта Азиядағы халық медицинасының өркендеуі //Ғылыми жинақ. – Алматы: Шалкөде, 2007.

40. Керімбектің Ермаханы. Әл-Фараби мен Өтейбойдақ Шығыс медицинасының шамшырақтары және оған жету жолдары //Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары //Ғылыми жинақ. – Түркістан: Шалкөде, 2008.

41. Қожалымов З. Ғаламның жұмбақ сырлары. – Алматы: Шалкөде, 2010. - 749б.

42. Қожалымов З. Шипагерлік дәстүрі және философиясы. – Алматы: Шалкөде, 2010. - 223 б.

43. Кожалымов З. Целительская традиция и философия. – Алматы: Шалкөде, 2010. - 209 стр.

44. Қожалымов З. Қазақстанның дарынды емшілері – Одаренные целители Казахстана. – Алматы: Шалкөде, 2010. - 241 стр.

45. Қазақ халқының философиясы. //Жауапты шығарушы: Ж. Молдабеков. Т7. – Астана: Аударма, 2003.

46. Ақпанбек Ғ. Адам. Болмыс. Жан. Дүние. – Алматы: Өнер, 2003.

47. Қожалымов З. Рухани және музыкалық шипагерлік. –Алматы: Шалкөде, 2010.- 287 бет.

48. Қожалымов З. Халықтық шипагерліктің бәйтерегі. – Алматы: Шалкөде, 2011.- 426 бет.

49. Қожалымов З. Денсаулықты жақсарту жолдарының тәсілдері. – Алматы: Шалкөде, 2011.- 228 бет.

50. Қожалымов З. Орындалған аманат. – Алматы: Шалкөде, 2012.-484 бет.

51. Қожалымов З. Өмірімнің тағдыры. Тарих, тылсым, әңгімелер, пікірлер, ойлар. – Алматы: Шалкөде, 2013 – 176 бет.

52. Қожалымов З. Ғұмырнама. Сұхбаттар, жеке мақалалар, ғылыми пікірлер т.б. /.– Алматы: Шалкөде, 2014.-386 бет

53. Қожалымов З. Ширек ғасырлық қауымдастық. – Алматы: Шалкөде, 2016.-569 бет.

54. Қожалымов З. Өмірімнің шежіресі. – Алматы: Шалкөде, 2016.-561 бет.

55. Қожалымов З. Халық емшілері анықтамалығы. – Алматы: Шалкөде, 2016.-335 бет.

56. Қожалымов. З. – 1996-2016 жылдары аралығында баспасөз беттерінде, ғылыми журналдар мен Қазақ энциклопедиясында жарияланған жүзден ден аса рухани - емдік және ғылыми - танымдық мақалалары.

57. Қауымдастықтың 25 жылдығына арналған авторлардың мақалалары мен телесұхбаттар және мерейтой құжаттары. / Алматы. 2016.

58. Қазақстан халық емшілері қауымдастығының тарихи құжаттары және бақылаушы, тексеруші орындардың жауап хаттары. – 1991-2016.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало