Іздеу салу – розыск

немесе Ақтөбелік Артық Шакимова тобының шабуылы

 главная                                        вернуться 

 

Зядан ҚОЖАЛЫМОВ - Қазақстан халық емшілері қауымдастығы президенті

 

 

         Кейінгі кезде қауымдастық филиалдары директорларының ішінде ешқандай хабарсыз бірнеше жыл бойы табылмай кеткендері де барына таңғалмаңыз. Жеке жауапкершіліктері мен міндеттерін толық түсінбеген филиал директорлары тарапынан филиал құрамындағы қауымдастық мүшелері зардап шегуде. Алғашқы сайлануда өзін сауатты, мәдениетті көрсеткен қауымдастықтың Ақтөбе қалалық филиалының директоры Шакимова Артық Танжарбайқызы 2006 жылдың 7 тамызында сайланған болатын. Алғашқы екі жылында жақсы басқару жағынан көрінген А.Шакимова 2008 жылдың мамыр айынан бастап, Ақтөбе қалалық Салық Комитетіне филиалдың есебін бермегендігі жөнінде қауымдастықтың есепшотын жапқызуға және айып төлетуге дейін апарды. Қауымдастық Төралқасының ескертпесінен нәтиже шығармады. 2008 жылдың тамыз айынан бастап А.Шакимова бүгінге дейін хабарсыз кетті. Тағы да Ақтөбе қалалық Салық Комитеті қауымдастыққа қатал ескертулерін жолдады. Тексере келгенде А.Шакимова Ресейде екендігі анықталды (тел.: 89613490378). А.Шакимованың филиалды өздігінен ескертусіз және мөрі мен құжаттарын тапсырмауы салдарынан қауымдастыққа моральды және материалды шығындар әкелді. Қауымдастық 2008 жылдың шілде айының 25-27 жұлдызы аралығында Ақтөбе қаласында:"Қазақтың көріпкел және болжампаз бабалары құпиялары" атты республикалық форумын өткізуге жарты ай қалғанда облыстың басшысы мен оның орынбасары Жеткерген Оралмаханбетовтың шолақ шешімі салдарынан қауымдастық пен оның мүшелері бірнеше миллиондаған теңге зиян шекті. Форумның мақсаты Ақтөбеліктердің өздері мақтанатын бабалары көріпкел Мөңке би мен Бекет Ата туралы өтпекші еді. Өз атасы Мөңке биді танымаған әкім қаралар қауымдастықтың форумын тоқтатқаны мен форумды иманжүзді оңтүстіктік азаматтардың қолдауымен қасиетті Түркістан қаласында табысты өтті. Түрік әлемі таныған Мөңке бидің рухын өз ұрпақтары құрметтемеді. Бірақ мұның ақыры бабалары рухының қарғысына ұшырады ма, әйтеуір 2011 жылы Ақтөбе аймағында ұрпақтары арасында қанды қырғынға ұласты. Қауымдастық Төралқасы өзінің Ақтөбе қалалық филиалының директоры А.Шакимованың қауымдастықпен хабарсыз кетуіне, сондағы атқа мінер әруақсыздар мен құдайсыздардың қысымы болды ма дегенде ойға келеміз. Дегенмен, А.Шакимова филиалды басқарудан бас тартқанда қауымдастық басшысына арызын жолдап, есебіндегі филиалдың мөрі мен құжаттарын тапсыру керек еді. Нәтиже олай болмады. Шыдамның да шегі болады. Төрт жылға жуық хабарсыз кеткен А.Шакимоваға интернет арқылы "Розыск" жариялады. Осыдан кейін қауымдастықтың Ақтөбе қалалық филиалының жаңа басшысы тағайындалып, есепқисабы реттелді. Қазір филиал жұмысы бұрынғыша жалғасуда. Розыск жарияланғаннан кейін А.Шакимованың "арам ниетті" кіші бандиттері филиалдың жаңа басшысының ұялы телефонына күндіз-түні қорқыту, үрей туғызу және өмірден кетіреміз деген қоқанлоқы сөздерін өздерінің ұялы телефонының белгісіз номері арқылы жолдаған. Мен филиалдың жаңа басшысына сондағы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлауды міндеттедім. Солай болды, белгісіз телефон иесі де табылып, ұсталды. Ол А.Шакимованың жалданбалы бандиті 50 жастан асқан Өзбекстан азаматшасы Алданова Ғалия деген екен. Сондағы ҰҚК қызметкері Ғалияның бір күннен кейін Өзбекстанға кететінін анықтаған. Ғалия ұсталды және ол ҰҚК қызметкеріне А.Шакимованың есебіндегі қауымдастықтың Ақтөбе қалалық филиалының мөрі мен құжаттарын тапсырған. Бұл құжаттар бүгінде филиалдың жаңа басшысының қолында. Қазақстанда емшілік саласында "Өзбекстандық бандиттерді" жалдау модаға айналды. 2011 жылдың 17 ақпанында қауымдастықтың вице- президенті Александр Бодров та Ш.Шынтаев пен Өзбекстандық А.Ниёзовтың Өзбекстандық "емші- бандиттерінен" қаза болғанды. Осы бандиттердің әсерінен тағы да жазықсыз үш азамат қайтыс болды. Және құқық қорғау орнының оннан аса қызметкері зардап шекті. Бұл іс бойынша сотта аяқталды. Қысқасы Қазақстанда емшілік жүйесінің бандиттері Өзбекстаннан келетінін және оның қолдаушылары да барын бұдан былай құқық қорғау мен заң орындары және ҰҚК қызметкерлері ескерсе артық етпейді. Қауымдастықтың басшылары мен оның мүшелері ешқандай бандиттік қорқыту мен үркітуден қорықпайды. Бұл күрес қауымдастықтың құрылғалы бергі 20 жылдан аса тарихында кездесіп келеді. А.Шакимова қауымдастық пен себепсіз қанша жыл қатынасын үзсе, қауымдастықтың оған іздеу салуы – розыскісі сонша уақыт қауымдастық сайтында тұрады. Тәртіп бар жерде халықтық емшіліктің жеке мәртебесі өсері анық. Қайдасың сен Артық Шакимова? Іздеу саламыз – Розыск.

 

Алматы қаласы