Рухани шипагерлік | ||
главная вернуться | ||
Ежелден Жаратушы иеміздің шапағатты нұры өзінің сүйікті пендесі –
адамзатқа ерекше болғандықтанда, іс жүзінде адамзат баласы бір Алла
тағаланың көмегімен Жоғарғы, ортаңғы және төменгі ғаламда да өзінің
ақыл-ой санасының парасаттылығы арқасында небір ғаламаттық жаңалықтарды
және өзгерістерді жасауда.
Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарын Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ерекше
қасиеттері бойынша бөліп атамаған. Алланың құдыреттi кітабы тұтасымен
насихатталған. Сондықтан да Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) «О, Алланың
пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәріліктен басқа кеселдің
бәріне де шипалы ем жаратқан» деген (Хадис 549).
Құран аяттарының өзіндік пайдалы жақтарының ішінен оның бәрі де емдік
қасиетке ие екенін ұлы ғұламалар өз уақытында дәлелдеген. Бұған
пайғамбарымыз Мұхаммед ешқандай күмән келтірмей, қайта қуаттап, оның
халықтың денсаулығын жақсартуға пайдалануына жол ашқан көмек еткен.
Діни ғұламалар мен емдік жүйесімен шұғылданатын ғалым-емшілердің көп
ғасырлық емдік-сауықтыру тәжірибесі құран аяттарының дұғалары арқылы өте
қауіпті кері қуатпен әсер ететін сиқыр мен дуаны жойып, ақылынан
адасқандарды, әртүрлі сырқатқа ұшырағандарды, көз-тіл тигендерді және
де толып жатқан басқа да ағзалық
сырқаттар ауруын емдеуге болатынын толық анықтаған. Осыған
байланысты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Науқасты емдеу – Алла
тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы – Алланың шапағатынан» деді (Хадис
445). Ұлы ғұламалар Ықылас сүресінің 73 түрлі, Фәләқ сүресінің 59 түрлі,
Нәс сүресінің 62 түрлі, Ясын сүресінің 83 түрлі т.б. сүрелердің
қорғаныстық, қуаттық, сырқаттан жазылу, сәттілік сапар, жын-шайтаннан
қорғану, жолы болу, қайғы-қасіреттен құтылу, парасаттылыққа,
білімділікке қол жеткізу, сиқыр, дуадан және көз-тілден сақтану, табысын
жақсарту т.б. толып жатқан қасиеттерін анықтап, оның пайдалы жақтарын
іс-тәжірибесінде дәлелдеп, өздерінің жеке тұжырымдамаларын қалдырды. Ол
тұжырымдамалар бүгінде шын ықыласымен Алла тағала мен пайғамбарымыз
Мұхаммедке (с.ғ.с), Алланың кітаптарына, періштелеріне және құдіретіне
иман келтірген мұсылман жамиғатына өз пайдасын тигізуде. Осының дәлелін
пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде «Алладан әрқашан кешірім мен тән
саулығын сұраңдар, өйткені имандылықтан кейінгі ең қымбат нәрсе –
денсаулық» деген ( Хадис 482).
Бүгіндегі экологиялық жақтағы қауіпті өзгерістер мен психологиялық
тепе-теңдіктің бұзылуы адамдардың денсаулығына тигiзетiн зияндылықтар
түрін көбейтуде. Жасанды дәрі-дәрмектердің химиялық құрамының
сапасыз¬дығынан сырқат жандар сырқатына сырқат қосуда. Адамдардың
арасында табиғаттың табиғи емін, асыл тастардың емін, балшықтардың емдік
қасиетін, жан-жануардың өнімдерінің емдік қасиетін пайдалану, әр түрлі
қимылдық жаттығу жасау, медитациялық әдістерді пайдалану, саз-әуен
терапиясын, күн сәулесі терапиясын, орман-тоғайдың емдік терапиясын т.б.
емдік әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жеке денсаулықтарын күтiп әрі
түзеп жатқандар да баршылық. Бүгінде көптеген ұлы ғұламалар пайдаланған
Алла тағаланың сөзі жазылған қасиетті емдік аяттар дұғаларының сырын
білу әрбір емшіге де, оқырманға да қажеттiлгi айқындалуда.
Алла тағаланың шексіз құдіретінің кереметіне жақындап, оған сене
бастаған сайын әрбір азаматтың жаны мен тәні тазарып, дүниеге жаңа
келген сәбидей пәктікке бөленетіні жөнінде жамиғаттар тарабынан көптеп
айтылуда. «Бисмиллаһтан» бастап құранның 114-сүресінің құпия сырларын,
емдік, қорғаныстық тағы басқа қасиеттерін дәлелдеген ұлы ғұламалар мен
сахабалар «енді осы дәлеліміз сізге көмек етпесе, мен ақирет күні өз
күнәма жауап беремін», - деп ашық өсиетнамаларын қалдыруынан-ақ құран
аяттарының құдыретін мойындауға және оны терең зерттеп
парасаттылығымыздың жақсаруына және денсаулығымыздың қорғалуына
пайдалану негізгі мақсатымыз болмақ.
|
||