Адамның бойындағы сенім мен сенімсіздік | ||
главная вернуться | ||
Адамзат
баласы жаралғалы бері оның тәні ұйқы тыныштығына еніп, демалып оянғанда
кейбіреуінің әртүрлі құбылыстардың куәсі болғандығы жөнінде ежелден
белгілі нәрсе. Осы бір әлі шешімі табылмаған құбылыстық сезімнің адамның
ұйқысы кезінде берілуі, нендей нәрсенің әсері екендігі әлі ғылымда да
толық дәлелденіп біткен жоқ. Кейбіреулер өзінің көрген түсін және алған
аяндарын байқап, жазып оның нәтижесін бақылаушылар да баршылық. Дегенмен,
көп адамдар бұндай телепатиялық белгісіз байланыс хабарларын көпшілікке
жария етіп әрі мақтаныштық сипатқа да еніп жатады. Біздің елімізде
осындай ақпараттық жүйелердің ұлттық ерекшелігін бақылаушылар да
кездеседі. Біздің ойымызша түс көру мен аян алудың шекарасы жоқ, ұлттық
сипатқа ие емес тек қана, Жаратушының құдіретімен болып жататын
ақпараттар ағыны сияқты сезіледі. Өмірде болған, тарихта аттары қалған
пайғамбарлардан бастап, хандар, билер және дуалы ілімділердің ақпараттық
жүйеден алған аяндары жөнінде баспасөз беттерінде көптеп кездеседі.
Бұндай жағдайлардың нәтижелі оң жақтарын да болғандығы жөнінде де естіп,
оқып хабар аламыз да. Рухани деңгейі жоғары, білімді, иманды, мейірманды
және арамдылық ниеттерден жаны мен тәнін алшақ ұстайтын пенделердің
көретін түстері мен алатын аяндары, олар өмірден өткеннен кейін артында
қалған елінде аз да болса орындалып жататын сияқты. Мәселен, Абылай
ханның түсін болжаған Өтеген батырдың айтқандары бүгінде қазақ елінің
әлемдегі нұрлы елге айнала бастағанын дәл болжағандай.
Абылай ханның түсі:
Ханыңыз көрген ұйықтап бүгін түсті,
Көріп келген түсінде талай істі. Кезеңнен қарсақ, түлкі, аю асты,
Жолбарыс тағы асыпты ұзын тісті. Қатар-қатар ақ шатыр көрдім жаңа,
Ішінен шығып жатыр қатын,
бала.
Бұл түсімнің
жоруы
не болады?
Шуылдамай көп билер байқап қара, -
деп,
Абылай
түсінің
шешімін сұрайды.
Сонда
Өтеген батыр:
Аю асса қазақтың өз заманы,
Аюдай аңқау болған барша жаны.
Артынан ұзын
тісті асса арыстан, Жаныңда мына отырған Абылай хан.
Халыққа арыстандай ақырады, Көмекке
сен-билерді шақырады.
Түлкі асса түлкі заман
болады екен, Халықты зәлім түлкі сорады
екен. Айырылып қазақ халқы қонысынан, Қайран ел
тау мен тасқа қонады екен. Түлкідей бір
қу патша елді сорар, Нашар сорлы бұдан да
қатты жылар.
Қазақтың еркі сонда кетеді
екен,
Түлкі патша түбіне жетеді
екен. Түлкі патша көп жерді алады екен, Көңіліне жаққан
жерге барады екен. Басқа билік, малыңа
ерік болмай, Қаңғырып қазақ елі қалады екен.
Төртіншіде кезеңнен қарсақ асқан, Жори алмай билерді
қара басқан. Қарсақ аңның жуасы жанға тимес, Халықты бастайды екен бір
данышпан.
Қатар-қатар ақ шатыр көріпсің сен, Бұл түсіңді анықтап
жоримын мен, Қазақ елі отырықшы, білімді боп, Басқалармен
сол кезде болады
тең.
Тозған халық сол кезде
жиылады, Сұраған басшысына сыйынады.
Мал мен басқа
ие боп қалың халық, Өзіне өзі
тапқаны бұйырады.
Дариға дәл
осындай заман қайда? Бірақ жұртым көреді
арманым жоқ. Осындай түс жорумен аянды жорудың шеберлері қазақта аз болмаған. Мәселен, Албан Әлмерек абыз өзінен тараған сегіз ұлына түсі арқыла алған аяны бойынша берген бағасы бүгінде, тарихи шындыққа ұласқанын мен осы бабаның ұрпағы ретінде айта аламын. Майқы би, Мөңке би, Мәшһүр Жүсіп, Бекет Ата т.б. бабалардың ақпараттық ағындардан байланысынан алған хабарларының да, бүгінгі ғылымда да шешімі толық табылған жоқ. Қысқасы, әлемге аттары әйгілі француздың болжампаз-дәрігері Мишель Нострадаумс пен болгариялық Ванга әжей сияқты телепатиялық жүйенің қасиеттеріне ие болған жоғарыдағы бабаларымыздың бұл екеуінен де қасиеттері кем емес екендігін зерттедік, тұжырымдадық және мақтан етеміз. Қазақтың хандары, сұлтандары, билері, шешендері, батырлары, өнер адамдары арасында телепатиялық ғарыштық жүйенің ақпараттық ағындарымен байланысы мықты болғандары да тарихта айтылады және айтылмай қалғандарын анықтау, қасиеттерін зерттеу бүгінгі ұлтжанды ғалымдар мен зерттеушілердің басты парызы болуы тиіс. Тылмыс дүниенің әлі толық ашылмаған құпиялары ғасырлар бойы өзінің жүйесінде сақтап келеді. Бұны бір Жаратушыдан басқа ешкімде білмейді. Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында осы заманғы көп салалы ғылым жүйесінің барлық пайда болу, даму және жойылу сатылары анық жазылғанын ескерсек, түс пен аян жөніндегі ұғымдарды кері түсінікпен қарамай оған имандылық, білімділік және саналық ойлау тұрғысында баға берсек, бұл екі саланын да ғылым жүйесінің бір тармағына енері анық. Осыдан жиырма жылдай бұрын Алматыдағы «Жалын» баспасының дүкенінен орыс тіліндегі, қытайдың оннан асық «Сон» (Түс) деген кітаптарын көргенімде таңғалып, осы да ілім бе деп ойлағаным бар. Ал бүгінде тылмыс дүниенің зерттеушісі ретінде өзімде осы жүйенің маманы болғанымда зор мән бере бастадым. Бұл саланы дамыту үшін әркім өзінің түсі мен аянын ашық жария етпей құпия сақтап, ақырғы нәтижесін бақылағаны жөн сияқты. Өйткені, адамның ойын, түсі мен аянын естіген кейбір адамдар пендешілік жасап, имандылықтан алшақтап өз пайдаларына жария етіп, пайдаланушыларда баршылық. Сенім әр адамды алға жетелейді. Сенімсіздік сенің дәрежең мен байлығына қарамайды. Имандылық пен адалдық, кішіпейілділік пен парасаттылық бұл адамның адамгершілік тұлғасының көркі және айнасы. Жаратушымыз тек қана өзіне сенген пендесінің сенімділігін қабыл етеді. Жартушыға серік қосушылардың иманы аз, о дүниеде де азабы аз болмайтындығы жөнінде де шариғат заңдары бойынша білеміз. Сенім – ол психологиялық таным мен философиялық ойлаудың оң көрсеткіші. Жаратушымыз өзіне сенген құлдарының әр саладағы тілектерін қабыл етсін.
Шипагерлік баян № 1 Ақпан 2010 ж.
|
||