Беймәлім әсерлердің сыры неде? | ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов - мәдениеттанушы. Бүгінде әлем елдері ғылымында әліде толық танымдық сипаты анықталмаған тылсым құпия сырларының да саның және өзіндік ерекшелігін ғылыми негізде талдау жасай алған жоқ. Тек жобалай ғана өзіндік жеке ұғымы мен танымы бойынша түсіндіріп келеді. Осы салада қазақ ғалымдары мен зерттеушілерде біраз тер төккенін жоққа шығара алмаймыз. Десе де әлемдік және отандық ғылымның бұл салаларға баға берерлік қауқары да және ғалымдар мен зерттеушілердің ынта жігері де толық тереңдей енуге әлі де әлсіздік көрсетуде. Қазақтың ақиық ақыны, зерттеуші-философ Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Үш анық» атты ғылыми монографиялық еңбегінде бүгінде енді ескере әрі зерттеле бастаған телепатия - белгілі аралықта екі жақты хабарласу, спиритизм - өлген адамдардың рухымен қатынасқа шығу және магнитизм - заттарды зарядтау сияқты үш түрлі құпиялы тылсымдар жөнінде өз тұжырымдамаларын негізгі әдебиеттерге сүйене отырып, бұлардың анық екендігіне баға бергенді. Ал, қазақтың ерекше қасиетке ие ғұлама ақыны, болжампазы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тірлігінде көп нәрсені болжағаны жөнінде және өзінің о дүниеге қайтарынан бір жыл бұрын асын бергендігі нені білдіреді? Бұл мәселені ақын-болжампаз атамыз түс немесе аян арқылы алды ма? Ол өзімен бірге құпия болып кете берді. Тіпті осыдан үш ғасырға жуық өмір сүрген Шалқарлық Мөңке би мен ғасыр басында өмір сүрген Майқы би бабалардың болжампаздығының әйгілі ағылшын дәрігер-жұлдызшысы Мишель Нострадамустын да болжамынан кем еместігі бүгінде толық аңғарылуда. Осы күні кейбір баспа беттерінен «Ақырзаман» деген аты жаман кесепаттың таяп қалғандығы жөнінде халықты дүрліктіріп жаза беретініне біз таңқаламыз. Сонда жазғышбектердің әлі арнайы тексерілмеген, зерттелмеген қасиетке ие сауатсыз көріпкелсымақтарының айтқанына сендіру жазғышбектің діни сауатсыздығы мен мәдениетінің төмендігін аңғартады. Себебі, Майқы би бабамыз: «Төрт мың жылдан кейін дүние таман болады», - дейді. Міне бұл да шындыққа жанаса ма, жоқ па бір Алла Тағала ғана біледі. «Ақырзаманшылар» асықпаңыздар! Әлемде де және біздің елде де «Ақырзаманның» елесі әлі Майқы би бабамыз айтқан уақытқа дейін байқалмайды. Өйткені бізде осы саланы жиырма жылға дейін зерттеп, зерделеп бірнеше еңбектер жаздық. Өзінің оң бағасын алуда. Көптеген емшілер ертеде түсіме Қожа Ахмет Яссауи және т.б. батырла, билер, хандар кірді, аян берді, бата берді деп өздерінің жарнамаларын белді газеттер беттерінде, телеарналар мен радио торабтарында хабарлағаның оқырмандар мен тыңдаушылар есіңе түсірсіңші, осылардың бүгігнде жұрнағы да бітіп барады. Мен өзім түс пен аяңды жас кезімнен-ақ көріп келемін. Оның пайдалы жағы мен зиянды жақтары барында білген жөн. Кез келген адамның ұйықтаған кездегі түс арқылы алған хабарламасы бірдей болмайды. Себебі, ғарыштық жүйемен ақпараттық деңгейге жететіндер де, жетпейтіндер де болады. Осыған байланысты көптеген болжамдардың сәйкес келмеу себептері туындайды. Десе де, пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ көбінесе аян немесе түстер арқылы алған хабарларын іс жүзінде қалдырғаны бәрімізге белгілі. Таза аяңдық хабарлардың шындыққа айналуына сенген де дұрыс. Десе де, мұндай аяндар Жаратушымыздың құлдарының ішінен өзі ғана таза сүйген миллиондарының ішінен біреуіне ғана берілуі мүмкін. Бұған дәлел Абылай ханның аңызға айналған түсі деуге болады. Оның шешімін түс жорушы Өтеген батыр дәл тапқаны жөніндегі тұжырымы, бүгінгі қоғамның өзгерістері мен ел тәуелсіздігін көрсетіп, халқымыздың өркендеу дәуірін сипаттағандай. Мен көбіне өзім көрген түстерім мен алған аяндарымның кейбірінің іс жүзінде нағыз шындыққа айналғандығына куә болған кездерім аз емес. Мәселен, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында журналистердің танымының нашарлығынан әліде қасиеттері толық ашылмаған, танылмаған емшілерді пайғамбарларға дейін жеткізіп, Алла Тағалламен тікелей сөйлестіруші етіп көрсетіп, еңбектерін де баспадан шығаруға көмектесті. Мен осы мәселеге байланысты «Алматы Ақшамы» газетінде: «Жасанды ақылгөйліктен сақтасың» (31.07.1996) деген мақаламда өзімнің ашық пікірімді білдірдім. Бұл күнде о дүниелік болған емші тікелей Алла Тағаламен байланысушы, сөйлесуші болыпты. Соның бірі Ғабеңнің (Ғабит Мүсірепов) қайтыс болған қызы Райханды «Тозақтан - пейішке» шығарыпты. О, құдірет осыны да сынағанмын. Ғабең (Ғ. Мүсірепов) мақала шыққан күні түнде түсіме кіріп менің үйіме келіп: «Ей, З... мен саған рахметімді айтайын деп келдім. Рахмет саған. Рахмет.», - деп үйге кірмей ғайып болды. Үстіңде кигені тірлігіндегі қара костюмі, сол тірі кезіндегі тұлғасы сақталған. Сонда мен ойладым жер бетіндегі жақсылықтар мен жамандықтар жөніндегі немесе жеке өздері жөніндегі әрекеттерден о дүниелік рухтар да хабардар болғаны ма? Осы мақала газетке шыққан күнмен тура келген о дүниелік рухтардың ризалық хабарын қалай түсінуге болады? Бүгінде жер бетіндегі адамдар мен ғарыштық байланыс арасында түс пен аяннан басқа да түрлерімен телепатиялық жүйе бойынша іске асатындығы анықталуда. Ол белгілер: дыбыс арқылы, көз алдына көрінетін жазулар арқылы, денеге түскен таңбалар арқылы, әр түрлі бейнені сыздыру, белгісіз шытырман сызықтар, сөздер, әуендер, дыбыстық сезім, денені тітіркендіру әсері арқылы, әр түрлі жарықтық белгімен, денені зарядтау, адамның ойлау жүйесін төмендету немесе арттыру белгілері арқылы, көзге елес болып көріну, үйдегі заттарды қозғау әрі лақтыру, керегелерде адам қанына ұқсас дақтар пайда болу, қалтадағы немесе сейфтегі ақшаларды алып кету т.б. беймәлім құбылыстар әлі өз шешімін таппауда. XV ғасырдың ғұлама ғалым емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Ел айтса - қалт айтпайды», - дегендей әлі де халық ішінен талай ғарыштық жүйенің тылсым сырын зерттейтін ұрпақтары біртіндеп беймәлім құбылыстардың шешімін табатын уақыт та келер. Сабырлық, іздемпаздық пен білімділік бүгінде әлемдік жүйедегі беймәлім құпиялардың сырларын ашудың жолы боларына сеніммен қараған жөн. Шипагерлік баян № 2 Ақпан 2010 ж.
|
||