Халықтық тектік киелі қасиетінің бір саласы халық емшілігі де өзінің
қанатын жайып, емдік сипаттағы қызметі де өркендей бастады.
Мемлекетіміздің «Мәдени мұрасы» саласының тармағына жататын емшілік
өнерінің өркендеуіне елімізде жақсы жағдайлар жасалынған. Емшілік
саласына байланысты ғылыми-танымдық еңбектердің қауымдастықтың ғалымдары
тарабынан өз оқырманын табуы оның толық ғылыми айналымға енуіне ықпал
етті. Бүгінде аты мен қызметінде өзіміздің елімізден тысқары да таныс
болған Қазақстан халық емшілері қауымдастығы да (ҚХЕҚ) талай көлденең
жолдардан өтіп, жеке Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін абыроймен
орындап келе жатқанына да 19 жыл толды. Осы уақыттар аралығында
қауымдастық қызметінің өркендеуіне кедергі күштер мен өсек-аяндар оның
қызметінің жетістігін жоққа шығаруға тырысқандарынан ештеңе шығара
алмады. Халық ақ пен қараны ажыратты, мықтымын дегендер де кездейсоқ өз
шаңырақтарының құлап, қызметтерінің түбегейлі тоқтағанын да сезбей
қалды. Қауымдастықтың алғашқы құрылған күнінен бастап бүгінге дейін
атқарған көлемді еңбектерінің негізі ғылыми бағыттармен жалғасуы оның
мәртебесін өсіріп келеді. Қауымдастық мектебінен бір жарым мыңнан аса
халық емшілері халық емшілігі мен рухани емшілік, биоэнергетикалық,
космоэнергетикалық және тағы да басқа бағыттарда білім алса, оның
мүшелер саны да бірнеше мыңға жетті. Қауымдастық мүшелерінің білімін,
діни танымын және мәдениетін көтеруде қауымдастық тарабынан игілікті
істер атқарылды. Емшілерге арналған бірнеше оқулықтар жазылды. 2004-2010
жылдары аралығында Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз және Астана
қалаларында әртүрлі тақырыптарда жеті рет халық емшілігі саласының
халықаралық конгрестері мен форумдары өткізілуі емшілердің ғана рухын
және білімін көтеріп қана қалмастан, қазақтың халық медицинасының
шетелдерге де танылуына және ғылыми айналымда зерттелуіне сондай-ақ,
қалың бұқараның осы саладағы танымын жақсылық жақтарға бұруына ықпал ете
білді. Бес жылдан аса уақыттан бері әлемдік ғаламторда қауымдастықтың
қызметімен осы сала бойынша жазылған ғылыми-танымдық еңбектер мен «Шипагерлік
баян» газетінде жарияланған өз оқырмандарын табуда. Бүгінде жиырма екі
облыстық және қалалық бөлімшелерін басқаратын басшылары мен
қауымдастықтың мүше- емшілері арасында өзінің ұйымдастырушылық,
шипалық-шипагерлік және терең білімділері де көбеюде. Халық медицинасы
мен осы заманғы медицинаның негізін қалаған, бүгінде ғылымда екінші
Ибн-Сина атанған XV-ғасырдың ғұлама ғалым шипагері Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі қалың оқырманға және
емшілерге насихатталып қана қалмастан, қауымдастық ғалымдарының ғылыми
зерттеулері арқылы толық ғылыми айналымға енгізілуі, бұған дейін
ешқандай ғылыми талдаумен тарихы жазылмаған халық медицинасы үшін үлкен
жетістік екендігін атап өткен жөн. Адам денсаулығының бірқалыптылығы
оның жеке биоқуаттарының тепе-теңдігі мен биоөрісінің бірқалыптылығына
байланысты болғандықтан, осы сала бойынша арнайы екі тәжиірбе ғана жұмыс
істеуде. Қоғамдық ұйым үшін ерікті түрде атқарылған қызметтері айнадай
жарқырап көрінуі оның жетістігінің нәтижесі. Қауымдастық төралқасы
өзінің мүшелерін ұйымының 19 жылдық мерекесімен құттықтайды. Дендеріне
саулық, қызметтеріне табыс тілейді.