ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ «САЛАУАТ» ФИЛИАЛЫ ЖАБЫЛДЫ | ||
главная вернуться | ||
Жақында ҚХЕҚ-ның Төралқасының кезекті жиналысының отырысында қауымдастықтың құрамындағы филиалдардың қызметтері жөнінде қаралды. Көптеген филиалдардың қызметінің жақсара бастағандығы аталып өтілді. Әлі де өз бетімен кеткен, қауымдастықтың Жарғысын мойындамайтын, өткен жылғы қауымдастықтың кезектен тыс XIII - Құрылтайының қаулысының ескертпелерін орындамаған, Қызылорда қаласында заңды тұлға ретінде тіркелген (05.07. 2006) қауымдастықтың «Салауат» филиалы қызметін тоқтатып және оны жабу жөнінде Төралқаның шешімінің қаулысы қабылданды (директоры Шалапов Әбсаттар - Түркістан қаласының тұрғыны). «Салауат» филиалы құрамындағы қауымдастықтың мүшелерін өздерінің тұрған жері бойынша сондағы қауымдастықтың филиалдарына есепке алу жөнінде филиал директорларына арнайы тапсырма берілді. Төралақаның қаулысымен т.б. құжаттар Қызылорда облыстық Әділет Департаментіне, Салық комитетіне және Статбасқармасына жіберілді. Төралқа жиналысын Төралқаның төрағасы, академик З. Қожалымов мырза басқарып, қорытындылады. Қызылорда облыстық қауымдастықтың өкілі Жақында өткен қауымдастықтың Төралақасының жиналысының отырысының шешімінің қаулысымен қауымдастықтың Қызылорда облысы бойынша өкілетті өкілдігінің төрайымы болып, осы қауымдастықтың байырғы «Құрметті мүшесі», ҚР кәсіби халық емшісі Серікбаева Айжамал Файзуллақызы тағайындалып бекітілді.
Асқақтаған азаматтың әлегі, басқаның обалына қалды Газеттің бұдан бұрынғы жылдардың сандарында осы ұйымға «Жиендік» жасап өз ұйымына сатқындық жасаған және оның Жарғысын пайдаланып және атын да жаздырып ұйым құрып алған Бақкелдиев Базарбек Ташмұхамбетұлы туралы арнайы бірнеше рет сын мақалалар жазылғанды. Бұл азамат өз жанұясына опасыздық жасағаны (ажырасып), осы қасиетті ұйымға тас атқаны аз болмады. Ол жүйкесі ауытқығандарды өз қатарына қосып «Базарбек ордасын» құрысымен дін ислам қағидаларына жат әрекетке барып, әулиелер аралату маршрутын үдете түсті. «Әруақтелекомдар» қатарын көбейітті. Азып-тозып жүргендерді одан әрі әлсіретіп қана қалмастан, әр ретте кем дегенде жүз елу адамнан әулиелер басына апарып аралатты. Оның нәтижесінде деніне саулық тапқандар өте аз болды. Жақында осындай маршруттан қайтып келе жатқанда аты шулы Қордай тас жолында жеңіл машинаның қақтығысынан жастары 30-ға жетпеген үш азамат пен бір бойжеткен о дүниеге аттанды. Төрт отбасы зарлап қалды. Қандай қайғылы қасірет? Ордалардың тартуы міне осылай жалғасуда. Асқақтағанға Алланың тосқауылы қашан болар екен?! Шипагерлік баян № 6 Маусым 2010 ж.
|
||