Жаратушы иеміз өзінің сүйікті құлдарына әртүрлі қасиет пен
психологиялық қалыптастықты және имандылықты ана құрсағынан бастап
сыйлап, оны өзінің құдіреті арқылы дамытатын сияқты. Бұл қасиеттерді
кейде тектік түрінің атадан-балаға немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы
деген тұжырымның да шындыққа ұласатындығын адамдардың өмірдегі
әрекеттерінен байқаудамыз. Киелі қасиет – ол Алла тағала пендесіне
сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік өнері.
Ол – халықтың рухани өрісінің жеткен биігі. Тылсым күш құдіретін
халықтан хан да, қара да немесе билеуші топтарда тартып алып, иелене
алмайды. Бұл – жаратушының өз сыйы әрі құпиясы. Бұл шындық толық
айқындалуда.
Десе де, халықтық шипагерліктің мұрагерлері емшілерге еліміздің
тәуелсіздігінен кейін қана, өзінің бойларындағы құпиялы күштердің
ашылуына мүмкіндік жасалды.Бүгінде осы жақсылықтың арқасында «Жауыннан
кейінгі саңырауқұлақ » сияқты, емшілердің көбейгені де шындық.
Емшілердің бәрі сауатты, мәдениетті және діни ілімді емес екендігін
ескерсек, кейбір өрескел әрекеттерге барып жүрген емшілердің кері
әрекеттерінен, емшілердің еңбегіне әлі де толық оң баға берілмей келеді.
Бірақ, заман мен ғылым бұндай кедергілерге қарамастан емшілік саласының
өзіндік ғылыми айналымға енуіне қажеттілігін ескертеді. Бұл ескертпедегі
алғаш халықтық емшілікті зерттеп, тұжырымдап ғылыми айналымға енгізуде
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының басшысы мен ғалымдарының
еңбегін атап өткен жөн. Бұл қауымдастықтың жетістігі бірнеше жылдан
бері ғаламтор арқылы әлемге танылуда. Бұл да аздық етеді. Бір ғана
қауымдастықтың мамандарының ғылыми еңбектері арқылы халықтық емшіліктің
барлық саласын зерттеу мүмкін де емес. Бүгінге дейін елімізде үш
қауымдастық пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қол астындағы «Республикалық
халық медицинасы Орталығы» қызмет атқарды. Ал, екі қауымдастықтың пен
Орталықтың нендей ғылыми жетістіктерге жеткені әлі белгісіз. Құрғақ
сөзге шебер бұлар халық емшілерін өздерінің бизнестік таза пайда көзінің
тірі тауарына айналдырғандарына да жиырма жылдай болыпты. Сонда жоғарғы
бақылаушы орындар тарабынан осыны білмегені қалай? Емшіге қысым жасаумен
олардың азаматтық құқығын таптау немесе емшіні теріс әрекеттерге баруына
жол ашқандығы айқындалуда. Сонда кім ұтты, кім ұтылды? Қарапайым
емделуші халық қалтасынан қағылды. Ал, құтқарушысын байытуға қызмет
еткен емшілер бүгінде өз абыройларынан айырылып, көбі бұл кәсібін
тастағалы қашан? Сонау 1990-1996 жылдары аттары Қазақстан мен сыртқы
елдерге де белгілі болған халық емшілерінің бүгінде аттары аталмауы
қалай? Оларды ешкім де білмейді. Жақында телеарна арқылы Болгария
мемлекетінде емшілерге салық төлету жөніндегі заңды, халық депутаттары
палатасы бекітпеген. Себебі, емшілік қасиеттің барлық емшіде тұрақты
сақталмайтындығы немесе оларға қаралып емделушілердің санының
тұрақсыздығы болса керек. Бұдан емші мемлекетке салық төлемеу керек
деген ұғым тумайды. Емші салық төлеуге міндетті. Емші білімді,
мәдениетті, діни сауатты болуы үшін білім алу керек. Бүгінде бұл
салаларда білім беретін қысқа мерзімді мектептерде баршылық. Сонымен, өз
атын бес рет өзгерткен «Республикалық халық медицинасы Орталығы да»
қызметін тоқтатып тарағалы да жарты жылдан асты. Орталықтың есебіндегі
төрт мыңға жуық «кәсіби емші де» тарап кетті. Тараған Орталық енді осы
айда құрылғанына жиырма жылдығын атамақшы екен. Бұл қалай? Көз бояу ма?
Неге тарағанын атамайды? «Аңқау елге арамза молда», – дегендей аңқау
емшілер әлі де алдануда. Емшінің еңбегіне Алла тағаладан келген
баға жоқ. Емші ауруды емдемейді, ол Жаратушының құдіретімен болатын
жақсылық. Емшінің емінің жетістігін емделуші өзі бағалауы тиіс. Заң
бойынша қоғамдық ұйымдар, қоғамдық ұйымдарға немесе мемлекеттік ұйымдар
қоғамдық ұйымдарға сың айтуға, үстемдік жасауға, жалған ақпараттар
таратуға мемлекетіміздің заңдары тиым салған және бақылайды.
Қолдан емші жасауға болмайды. Емші біреулердің қол баласы да емес. Адам
баласына қиындықсыз, күрессіз, жеңіс пен бақыт жоқ. Ол ізденіс пен шыдам,
байыптылық пен парасаттылық арқылы келеді. Көлденең тұрған шырмауық
торлар ол тағдыр сынағы. Адам баласының тағдыры Алланың еркінде.