Рухани емшілік
  Главная              Библиотека  


Қожалымов Зиядан қажы


РУХАНИ
ЕМШІЛІК
ҒАЛАМАТЫ


Алматы - 2006
    ББК 53. 59
    Қ 56
    Пікір жазғандар: профессор Керімбектің Ермаханы,
    м.ғ.к., доцент Төреқұлов Тоқтабек.

    Қожалымов З.
Қ 56 Рухани емшілік ғаламаты: Құран аяттары емдік қасиеті. -
    Алматы: «Шалкөде», 2006 – 190 бет.
    ISBN 9965-21-027-6

    Бұл кітаптың авторы – бұған дейін «Мәңгілік құпия шежіресі», «Шапағатты рух ордасы», «Халық медицинасының өткені, бүгіні, болашағы», «Дәстүрлі емес халық медицинасы», «Бақсылық өнерінің ерекшелігі», «Тылсым дүниенің құпия емдері» т.б. танымдық кітаптарды жазған әрі оқырман қауымынан оң бағасын алған, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, белгілі парапсихолог ғалым, академик Қожалымов Зиядан қажы.
    Еңбекте адамдардың сырқатын емдеудің Қасиетті Құран аяттары дұғаларының құпиялық емдік шипасы, сопылық емшілік, арнайы дұғалар қасиеті, әр түрлі аурулардың емдік дұғалары және сиқырлық сырлары туралы еркін әрі түсінікті баяндалады.
    Кітап халық емшілері мен оқырман қауымға арналған.

ББК 53.59
Қ 4108010000
     00(05)-06

ISBN 9965-21-027-6 ©                                                                                                          Қожалымов З., 2006
                                                                                                                                                © «Шалкөде», 2006

 

 


 
Бұл еңбегімді жан серігім, балаларымның
анасы, рухани ақылшым, халқына таны-
мал көріпкел, дәрігер-емші Қожалым келіні
Түймекүл Құлмаханқызына арнаймын.


АЛҒЫ СӨЗ


    
Бисмиллаһир-рахманир-рахим!
   
Жаратушы иеміздің шапағатты нұры өзінің сүйікті пендесі – адамзатқа ерекше болғандықтанда, іс жүзінде адамзат баласы бір Алла тағаланың көмегімен Жоғарғы, ортаңғы және төменгі ғаламда да өзінің ақыл-ой санасының парасаттылығы арқасында небір ғаламаттық жаңалықтарды және өзгерістерді
жасауда. Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарын Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ерекше қасиеттері бойынша бөліп атамаған. Алланың құдыреттi кітабы тұтасымен насихатталған. Сондықтан да Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) «О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәріліктен басқа кеселдің бәріне де шипалы ем жаратқан» деген (Хадис 549).
    Құран аяттарының өзіндік пайдалы жақтарының ішінен оның бәрі де емдік қасиетке ие екенін ұлы ғұламалар өз уақытында дәлелдеген. Бұған пайғамбарымыз Мұхаммед ешқандай күмән келтірмей, қайта қуаттап, оның халықтың денсаулығын жақсартуға пайдалануына жол ашқан көмек еткен.
    Діни ғұламалар мен емдік жүйесімен шұғылданатын ғалым-емшілердің көп ғасырлық емдік-сауықтыру тәжірибесі құран аяттарының дұғалары арқылы өте қауіпті кері қуатпен әсер ететін сиқыр мен дуаны жойып, ақылынан адасқандарды, әртүрлі сырқатқа ұшырағандарды, көз-тіл тигендерді және де толып жатқан басқа да ағзалық сырқаттар ауруын емдеуге болатынын толық анықтаған. Осыған байланысты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Науқасты емдеу – Алла тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы – Алланың шапағатынан» деді (Хадис 445).   Ұлы ғұламалар Ықылас сүресінің 73 түрлі, Фәләқ сүресінің 59 түрлі, Нәс сүресінің 62 түрлі, Ясын сүресінің 83 түрлі т.б. сүрелердің қорғаныстық, қуаттық, сырқаттан жазылу, сәттілік сапар, жын-шайтаннан қорғану, жолы болу, қайғы-қасіреттен құтылу, парасаттылыққа, білімділікке қол жеткізу, сиқыр, дуадан және көз-тілден сақтану, табысын жақсарту т.б. толып жатқан қасиеттерін анықтап, оның пайдалы жақтарын іс-тәжірибесінде дәлелдеп, өздерінің жеке тұжырымдамаларын қалдырды. Ол тұжырымдамалар бүгінде шын ықыласымен Алла тағала мен пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с), Алланың кітаптарына, періштелеріне және құдіретіне иман келтірген мұсылман жамиғатына өз пайдасын тигізуде. Осының дәлелін пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде «Алладан әрқашан кешірім мен тән саулығын сұраңдар, өйткені имандылықтан кейінгі ең қымбат нәрсе – денсаулық» деген ( Хадис 482). Бүгіндегі экологиялық жақтағы қауіпті өзгерістер мен психологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы адамдардың денсаулығына тигiзетiн зияндылықтар түрін көбейтуде.
    Жасанды дәрі-дәрмектердің химиялық құрамының сапасыздығынан сырқат жандар сырқатына сырқат қосуда.
Адамдардың арасында табиғаттың табиғи емін, асыл тастардың емін, балшықтардың емдік қасиетін, жан-жануардың өнімдерінің емдік қасиетін пайдалану, әр түрліқимылдық жаттығу жасау, медитациялық әдістерді пайдалану, саз-әуен терапиясын, күн сәулесі терапиясын, орман-тоғайдың емдік терапиясын т.б. емдік әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жеке денсаулықтарын күтiп әрі түзеп жатқандар да баршылық. Бүгінде көптеген ұлы ғұламалар пайдаланған Алла тағаланың сөзі жазылған қасиетті емдік аяттар дұғаларының сырын білу әрбір емшіге де, оқырманға да қажеттiлгi айқындалуда. Алла тағаланың шексіз құдіретінің кереметіне жақындап, оған сене бастаған сайын әрбір азаматтың жаны мен тәні тазарып, дүниеге жаңа келген сәбидей пәктікке бөленетіні жөнінде жамиғаттар тарабынан көптеп айтылуда. Бисмиллаһтан» бастап құранның 114-сүресінің құпия сырларын, емдік, қорғаныстық тағы басқа қасиеттерін дәлелдеген ұлы ғұламалар мен сахабалар «енді осы дәлеліміз сізге көмек етпесе, мен ақирет күні өз күнәма жауап беремін», - деп ашық өсиетнамаларын қалдыруынан-ақ құран аяттарының құдыретін мойындауға, оған бас июге дайынбыз.
    Емші мен емделуші арасындағы емдік нәтиженің табысты болуы бір Аллаға және бір-біріне сенімнен болмақ.
Сондықтан бұл қасиетті аят дұғаларын пайдалану таза діни сауаттылық, тән тазалығы, жанның биік рухты болуын қажет етеді. Қасиетті дұғалар тек қана жақсылыққа пайдаланғанда ғана нәтижесі жақсы боларын білген абзал.
    Бұл еңбекті жазу көптен бері ойда жүрген-ді. Сондықтан бірнеше авторлар еңбектері іс жүзінде сырқат жандардың ауруларын жазуда, өз нәтижесін бергендіктен, аталған еңбектердің негізінде осы кiтаптың жазылғандығын атап өтпекпін. Әрбір араб әрпінде белгілі бір қасиеттері барлығын ғұлама шейхтар, сақабалар және сырлы құпиядан хабары барлар да анықтаған. Әрбір арап әрпіне белгілі бір періште ие екендігін де білген жөн. Алладан жақсылыққа медет тілесе, олардың әрқайсысының өзіндік көмегі барын білу пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) үмбеттерінің басты парызы болуы тиіс. Халық емшілері мен оқырман қауымға ұсынылып отырған өз ана тілімізде тұңғыш жарық көрген осы еңбекте, кемшіліктер де болуы мүмкін. Дегенмен, Алла тағаланың өз сөзімен жазылған еңбектің пайдаланушыларға көмегі тиеді деген үміттемін. Әмин!
                                                                                                                                                       

Құрметпен автор.

 

І тарау

ҚҰРАН ДҰҒАЛАРЫНЫҢ ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ АДАМДАРДЫҢ ӨҢІНІҢ ӨЗГЕРМЕУІ

     Ми жасушаларының жұмысы қандай да бір себептермен бұзылатын болса, онда адамның бойы мен денесінің өсу процесінде ересек тартқанда да оның түрі бала күйінде қала береді. Бұл аурудан айығу үшін таңертең күн шықпай тұрып, кешке ұйықтар алдында мына сөздерді бір рет  Бисмиллахир рахманир рахим – (Мейірімді де рахымды есімімен Алланың (бастаймын)) деп, одан кейін «Йа Шафиу» деп 1000 рет қайталап, екі қолыңызға үшкіріп, науқас адамның бетін сипаңыз. Бұны 3 айдан 6 айға дейін жасау керек.

АЛЛАДАН ЖӘРДЕМ СҰРАУ           

Бұл дұғаны қаржыңызды жақсартуға ешқандай мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда ғана айтуға болады.           

Сағат түнгі бірден кейін дәрет алыңыз. Жайнамазға отырып, 300 рет 

Бисмиллахир рахманир рахим

Йа ил Йа ийлийах Йа Аллаһу

Йа Фаттаһу Йа Фаттаһу Йа Фаттаһу

Йа Жәбрәйілу Йа Микаиллу Йа Саманаиллу Йа Махлаиллу

деп оқыңыз.

    Бұдан кейін жағдайыңызды жақсартуын сұрап Аллаға жалбарынып, ешкімге ештеңе айтпай төсегіңізге жатыңыз. 21 күннен кешікпей Қайырымды Аллаһ қалаған кез келген жолмен Өзінің шапағатымен сіздің тілегіңіз орындалады. 

АЛЛЕРГИЯ

Түстері әртүрлі шағын жеті түрлі мата қиындысын алыңыз. Оларды аурудың алдына жайып тастап, ішінен біреуін таңдатыңыз. Осы мата қиындысына қара жіппен

ﻋﺰﺮﺍﺋﻴﻞ

ﺠﺒﺮﺍ ﺋﻴﻞ

ﺍﺳﺮﺍﻔﻴﻞ

ﻣﻴﮐﺎﺋﻴﻞ

деп жазу керек.

     Осы қиындымен аурудың мойнын орап немесе оны білегіне байлап қою керек. Егер ауру матаны мойнына да, қолына да салып жүргісі келмесе, онда матаны оның жастығының ішіне салып қою қажет. Онда бұл жастықты аурудан басқа адам пайдаланбауы тиіс. Бұл әдіспен аллергияның кез келген түрін емдеуге болады. Аллергия пайда болуының өзіне тән себептері анықталмаған. Шаң-тозаңның, дәрі-дәрмектің, жағымсыз иістің, ауаның ластануынан аллергия пайда болуы мүмкін. Бұл әдіс қандай жолмен пайда болғанына қарамастан барлық аллергияны емдей алады.

АҚЫЛ-ЕСТІҢ АДАСУЫ

   Адамның ақыл-есінен адасуы өте қайғылы. Оның пайда болу себебі ауыр ойлардан, уайымнан, өмірдің жағымсыз жақтарынан немесе қан құрамында қанттың көбейіп кетуінен, қан қысымының көтерілу немесе төмендеуінен, қатты дене жарақатынан, теріс оқудан (сиқыр, дуа), дәріге уланудан, жалғыздықтан т.б. болады. Сырқаттың себебі қандай болса да, бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» деп оқып, суға үшкіріңіз де, сол судан науқас адамға бір жұтым ішкізіңіз.

    Тағы бір әдісі – науқас адам аузына бір жұтым су алып тұрып  «Бисмиллахир рахманир рахим» деп ішінен оқып, суды жұтуы керек. Егер науқас адамның бұны жасауға шамасы келмесе,  онда тағам құрамындағы тұз көлемін 4 есе азайтқан жөн. 

АЛАСҰРУ, ЕСІРУ

    Кейбір адамдар жүйке қызметінің әлсіреуінен өзін-өзі басқару қабілетінен өте аз уақытқа айрылып, қайта есін жиғанда өзінің не істегенін сезбейе де қалады. Бұл ауруға табаға аз ғана қант салып, ол қоңыр түске айналғанша күйдіріңіз де оған жарты стақан су құйыңыз. Сосын қағаз бетіне төменде келтірілген мәтінді жазып, содан кейін қағазды қант ерітін-
дісімен шайыңыз.
                                             фото
   
Науқас әйелге осы дәрі-дәрмекті 11 күн бойы күн сайын ішкізу керек. Ем кезінде науқастың тұзды пайдалануын азайтып, оның орнына ақ минералды тұзды үгіп қолданған жөн. Ауру асқынған жағдайда осы дұғаны қағазға жазып, оны ақтаға орап білте жасау керек. Содан кейін білтені зәйтүн немесе мақта майына батырып алып, жағып, науқас әйелге түтінін иіскетесіз.                                                             

 АНЫҚТАЛМАҒАН АУРУЛАР
   

Қағазға                                фото
деп жазып, науқас адамның мойнына тұмар етіп байлап қойыңыз. Ауру қайталанған жағдайда осы сөздерді тәрелкенің
бетіне жазып, оны сумен шайыңыз да, суды науқас адамға ішкізіңіз.

                                                                 АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫ

    1. Асқазан ауруының түрлерi
   
Көбінесе ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуы, іштің қатуы және асқазан сөлінің құрғауы салдарынан асқазанның
көптеген ауруларын туғызады. Бұл аурудың тағы бір себебі – іштің кебуі. Ас қорыту жолында пайда болған газ төменге
түсудің орнына жоғары көтеріледі де, адамның тынышын кетіреді. Егер жиналған газдың қысымы жүрекке түссе, адамның жүрегі қысылып, тынысы тарылады, газ басқа қарай бағытталса, онда бас ауырады, қолға қарай жүрсе, буындар ауырып, қол қалтырайды. Ал егер газ өңеште қалса, ол жүректі сыздатып, мұрыннан су ағып, адам түшкіре береді. Газ ұлтабар мен ішекте жиналып қалса, бұл бауыр мен ішек жұмысының ауруларына алып келеді.
    Іштің кебуі, шаншу, құрысу, соқыр ішек, іш өту, ішек жұмысының нашарлауы сияқты ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін сары түсті шыны бөтелке немесе сары целлофанға оралған бөтелке алып, оның ¾ бөлігін сумен толтырып тығындаңыз да, түстен кейін 3-4 сағатқа күннің астына тастаңыз. Кешке осы бөтелкеден бір қасық су алып, онда сары түсті тағамды ерітіңіз де, алынған сиямен үш фарфор тәрелкеге төмендегі мәтінді жазыңыз:
фотоБір тәрелкені күннен қуат алған сумен жуып, оны науқас адамға түскі астан жарты сағат бұрын ішкізіңіз. Екінші тәрелкені жуып, оның суын таңғы астан жарты сағат бұрын, үшінші тәрелкені жуған суды бұдан кешірек түскі асқа дейін беріңіз. Бұл емді ауру толық жазылып кеткенше қайталаңыз.
    2. Асқазан жарасы
   
Төмендегі сөздерді үш ақ фарфор тәрелкеге запран мен раушан суынан дайындалған сиямен жазыңыз. Ауру тәрелкені
сумен шайып, осы суды 40 күн бойы таңертең, кешке және ұйықтар алдында ішуі керек.
фотоЕгер запран таба алмасаңыз, оның орнына сары түсті кез келген тағам мен қайнаған суды пайдалануыңызға болады. Дәрігер көрсеткен диетаны сақтау қажет.
    3. Астың нашар қорытылуы
   
Құтпа намазынан кейін 101 рет
Таббат йадаа абби Лахабин Ва табба
Маа Агнаа ъАнху Ма Луху вама Касаба
Саяасла наран зата Лахабин
Ва амраатуху
деп оқыңыз да, келесі Құтпа намазын оқуға жетерліктей суға үшкіріңіз. Ауру адам тек осы суды ішуі керек. Ем 21 күнге созылады. Ауру адам емдік судан басқа су ішпеуі тиіс.4. Ішек туберкулезі
   
Ішек ауруының бұл түрін емдеу үшін Құранның 12-Юсыф сүресінің 1-аятын дауыстап оқыңыз:

Бисмиллахир рахманир рахим
Алиф лам ра Тилка Айатулкитабил мубин

Аррахим Аррахим Аррах
им


   
Содан кейін 11 рет ыдыстағы суға үшкіріп, сосын судынауқас адамға ішкізіңіз. Бұны күн сайын күн батар алдында 90 күн бойы жасау керек.