"Халық емшілігінің өркендеуі мен емшілердің жауапкершілігі" атты республикалық конференциясы Республиканская конференция "Развитие народного целительства и ответственность целителей" (г. Шымкент, 22-23.07.2017 г.)
| ||
главная вернуться | ||
2017 жылдың шілде айының 22-23 жұлдызы аралығында Шымкент қаласында "Халық емшілігінің өркендеуі мен емшілердің жауапкершілігі" атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияны оны ұйымдастыру комитетінің төрағасы, профессор, Академик Зядан қажы Қожалымов ашты. Конференцияға 250-ден аса Қазақстандық және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан тағы басқа да шетелдерден келген шипагерлер мен осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар және арнайы қонақтар қатысты. Қауымдастықтың президенті З.Қожалымов "Халық емшілігінің өркендеуі мен емшілердің жауапкершілігі" атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама негізінде философ.ғ.д., профессор Ж.Молдабеков, заң ғ.д., профессор Ж.Әлдибеков, жазушы-профессор О.Қауғабай, ХҚТУ профессорлары З.Жандарбек, С.Құрбанқожа, м.ғ.д., профессор К.Омаров Төралқа мүшесі Х.Таджиметов және Қытай дәрігерлері Чу Джун Хуа, Касилин Гүлнұр, қауымдастықтың вице-президенті Қ.Бесембаев, халық емшілері У.Маханов, Б.Жұматова, Ж.Динишев, А.Джулдыбаев, Қ.Құттыбаева, М.Хакимов, К.Есенова, Н.Рамазан, А.Тусупбаев, Э.Дуйсекеева, Х.Парманов, Р.Серғалиұлы т.б. конференцияға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді. Профессор З.Қожалымовтың "Өлмейтін мұра – өшпейтін тарих" атты тарихи кітабының тұсаукесері болды. Екі күн бойы емшілер әртүрлі емдеу әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік емдік сеанстарын жүргізіп, тәжірибелерімен алмасты. Медальдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Баяндамалар мен құттықтаулар арасында және кешкі дастарханда Шымкент филармониясының әншісі Гүлзина Шорабекова өзінің әсем дауысымен ақын-сазгер З.Қожалымовтың әндерін шырқады. Үш күнге созылған конференцияда емшілер Шымкент қаласының мәдени орындарын аралап және өздерінің ғылыми-тәжірибелік білімдерін өсіріп, өзара қарым-қатынастарын жақсартып, қуанышпен тарасты.
АРНАУ Авторы: З.Қожалымов. Ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Термеші Бағдат Юсупов
Бисмиллә деп сәлемдесем еліңе, Жеттік міне оңтүстіктің жеріне. Ширек ғасыр тойларын тойлаған, Ақ тілек тілейміз киелі емшілерге. Қазақтың дархан жатқан даласында, Құдай айдап келдік Шымкент қаласына. Әлемдік «Төрт» алтын медаль иеленген, Жаратқанның нұры жаусын қауымыңа. Әлем елі қазақты танып білді, Экспода құдіретін танытты енді. Бұрын соңды болмаған тарихында, Қазақстан жұлдызға айналды енді. Тарихын айқындалды ғаламшарда, Қауымың да әлемге танылуда. Елбасы «Алғыс хаты» қуат беріп, Көшіңді бастап келед Зиядан да. Әр нәрсенің өзінің тарихы бар, Кез келді жігерленіп қанат қағар. Адалдықтың ақ жолын ұстаған соң, Қамалынды бұзатын қандай күш бар. Тәуелсіз қазақ елі туы астында, Өшірілген дәстүрлерде оралуда. «Мәдени мұраның» бір бұтағы, Шипагерлік те әлемге танылуда. Өткен күн елесінде еске аламызда, Шүкіршілік етеміз бүгінгі өмірге де. Өтейбойдақ бабаның ілімі жарқырады, Ибн Сина атанып бүгінде күллі әлемге. Қару болған «Шипагерлік баянынды», Оқырмандар ақ пейілмен қабылдады. Зерттелген, зерделенген еңбектер де, Ел ғылымы ортасынан орын алды. Зерттедік бабалар тарихын да, Тарту еттік көп сала ғылымына. Өкінбейтін, өшпейтін өнерін бар, Арнадық ұрпақтардың болашағына. Алланың өттік талай сынағынан, Суын ішіп құдірет бұлағынан. Қиянат жасағандардың үні өшті, Шапағат болған соң бір Алладан. Бақсы, балгер, емші бабаларым, Тарихқа аты түсті даналардың. Таныттық бар әлемге киелілерді, Көріпкелдер мен болжаушыларын. Алланың орындалуда аманаты, Шыққан жоқ ұжымның жаман аты. Еңбегіміз еленіп асқақтауда, Таңдап алдық өрлейтін жаңа жолды. Еске аламыз тарихтың өткендерің, Елес берер көзімізге өткелдерім. Ақ жүрек адал ниет шипагерлер, Ырызғың мен несібең арта берсін. Емшілік те мәңгілік өшпес тарих, Сақтауға, опасыздар қарсы болып. Бірге жасап келеді халқыменен, Өлмейді, анықталды бұл да шыңдық. Таныдың асылың мен жақынынды, Ақылдасып жүретін де ардақтыңды. Емшілердің абыройы асқақтасың, Тұрғызыңдар бұзылмайтын қамалынды. Жетістігің абыройың, құрметін, Білдіреді бұл да қауым бірлігін, Халықаралық рейтинг бағасы, Еңбегің мен адалдығың түсінгін. Дүние бір қисық жол бұрандаған, Бабалар арманы да орындалған. Қазақ жерін аралап біз келеміз. Шапағаты болсын бір Алладан. Есте ғой ауыр жолдар өткелдерің, Бүгінгі жақсылыққа жеткеңдерің. Зиядан ақын арнады жүрек сырың, Жырлаған Бағдат жырауларың. Еліміз бен әлемнен келгендерім, Көтерілсің шаттанып көңілдерің. Жыр маржаны төгілді сендер үшін, Жарқын болсын алдағы өмірлерің. Сәтті болсын келгендер сапарларың, Рақмет қонақжай оңтүстіктік емшілерім. Қадамы емшілердің құтты болып, Рақымына бөлене бер бір Алланың! Шымкент, 22.07.2017 ж.
| ||