"Халық емшілерінің рухани білімін дамыту мен емдік тәсілдерін жетілдіру"

атты Республикалық конференциясы

Республиканская конференция "Развитие духовных знаний и методы лечения народных целителей"

(г. Туркестан, 20-22.07.2018 г.)

 

 главная                                        вернуться 

 

2018 жылдың шілде айының 20-22 жұлдызы аралығында Түркістан қаласында "Халық емшілерінің рухани білімін дамыту мен емдік тәсілдерін жетілдіру" атты республикалық конференция өтті. Конференцияны оны ұйымдастыру комитетінің төрағасы, профессор, Академик Зядан қажы Қожалымов ашты. Конференцияға 350-ден аса Қазақстандық және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан тағы басқа да шетелдерден келген шипагерлер мен осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Қауымдастықтың президенті З.Қожалымов "Халық емшілігін жаңғыртудың маңызы" атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама негізінде заң ғ.д., профессор Ж.Әлдибеков, жазушы-профессор О.Қауғабай, ХҚТУ профессорлары З.Жандарбек, С.Құрбанқожа, Қазақстан қажылары қауымдастығының Төрағасы Дуанаев Еркін қажы, Шымкент қаласының мешітінің Бас имамы Зейнолла қажы, қауымдастықтың вице-президенті Қ.Бесембаев және Төралқа мүшесі Х.Таджиметов пен халық емшілері У.Маханов, А.Джулдыбаев, Қ.Құттыбаева, К.Есенова, Ұ.Байділдаева, У.Тұрсынбаева, Б.Туребеков, Т.Анарбаев, емші-дәрігер С.Бердіқан және журналист Ж.Сәрсенбай т.б. конференцияға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді.

Үш күн бойы емшілер әртүрлі емдеудің әдіс-тәсілдері бойынша бейне таспада және жеке шеберлік емдік сеанстарын жүргізіп, тәжірибелерімен алмасып, медальдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Конференция жиналысы мен кешкі дастарханда Шымкент филармониясының әншісі Гүлзина Шорабекова өзінің әсем дауысымен ақын-сазгер З.Қожалымовтың әндерін шырқады. Конференцияға қатысушылар Түркістан қаласының мәдени орындарын аралап және өздерінің ғылыми-тәжірибелік білімдерін өсіріп, өзара қарым-қатынастарын жақсартып, қуанышпен тарасты.

 

 

 

           kon1        kon2

       

     kon3    kon4

 

АРНАУ

Авторы: З.Қожалымов. Ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

kon5

 

Термеші Бағдат Юсупов

 

Түркістанға сәлем беріп келдік біз,

Аман болсын Қазақстан еліміз.

«Рухани жаңғыру» да жаңартып,

Оңтүстіктің Орталығы болдыңыз!

Алматы да құрылды қауымдарың,

Түркістанда өткізуде жиындарын.

Басшың Зиядан қажы бастап келді,

Құтты болсын емшілер жиындарың!

Тәуелсіз еліміздің туы астында,

Ұлт дәстүрлері жаңадан жаңаруда.

Еңбектері еленіп емшілердің,

Шипагерлер де әлемге танылуда.

Тәуелсіз ел, еңсесі де биіктеді,

Әлем елі қазақты таныды енді.

Елбасының «Нұрлы жолымен»,

Шипагерлер жаңадан қуаттанды.

Тарихымыз жаңарып өркен алды,

Шипагерлер еңбегі де бағаланды.

Ширек ғасырдан аса ғұмыры бар,

Қауымның өмір жолы жаңаланды.

Армысыңдар ардақты емшілерім,

Өз орныңды лайықты еншіледің.

Еңбектерің еленді бүгінде елімізде,

Артта қалды ауыр жүк қадамдарың.

Елбасының «Алғыс хаты» күш берді,

Ұмыт болды ауыр күндер кешегі.

«Ордендер» мен «медалдарға» ие боп,

Ел ризалығына емшілерде бөленді.

Ашылды тарихтың құпия беттері де,

Белгісіз құпия тылсым күштері де.

Зерттеді, зерделеді Қожалымов,

Пайдалы ғылымға да, оқырманға да.

Қазақтың Ибн Синасы Өтейбойдақ,

Ілімі адамзатқа қанбас бұлақ.

Майқы би, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім,

Өтеген мен Пір Бекет жеке дараланбақ.

Қаншама қиындықтар болса-дағы,

Қарсыластар мыңдап қарсы тұрса-дағы,

Арамдық ниеттері орындалмай,

Тарихымызда «қаралы» аты қалды.

Жаратқанның орындалып аманаты,

Талқандалды қарсының қамалдары.

Сынағын бір Алланың түсініп біз,

Шықпады қауымның жаман аты.

Өтсе де ширек ғасыр ауыр күнің,

Ұйымыңның тарихына бір үңілгін.

Қазақ жері мәңгілік киелі аймақ,

Ұрпағымыз киелі ел мен жердің.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде,

Интернетте жетістігің көрінуде.

«Шипагерлік баяның» нәсихатың,

Оқырманға тарихыңды танытуда.

Жылдан жылға қадамың алға басты,

Таңғалдырып көреалмас қарсыласты.

Әлемдік рейтінгіден де орын алып,

Ұйымыңның жетістігі мен нәтижесі.

Он жетінші рет өтуде жиналысың,

Бір-біріңді аңсатқан сағынышың.

Шипагерлер ақ ниет адалдарым,

Аман бол, орында ата баба аманатын.

Түркістанда жиынды дайындаған,

Емші, ғалым бастарын тоғыстырған.

Рахмет Хайрулла мен Ұлбосынға,

Шапағат алсын Алланың рахымынан.

Зиядан ақын арнауын тарту етті,

Тарихтың жырын жазып көңілдегі.

Бағдат жыршы орындап арнауыңды,

Шындықты айтып бүгінгі өмірдегі.

Өмір, шіркін өтеді-ау тірлікпенен,

Бас қосайық, таңғалар бірлікпенен.

Қатарымыз жаңарып жылдан-жылға,

Емшілер сапарларың сәтті болсын!

Мейманымыз, пендесі бұл жалғанның,

Орындалсын шипагерлер талаптарың.

Амандықпен кездескін келер жылы,

Нұры жаусын еліме Жаратқанның!

Түркістан, 21.07.2018 ж.

 

 

 

 

 
 
В начало