Қазақстан халық емшілері қауымдастығының кезектен тыс VIII-Құрылтайы внеочередной VІІІ Съезд РОО «Ассоциация народных целителей Казахстана» (г. Туркестан, 22.07.2018)
| ||
главная вернуться | ||
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының кезектен тыс VIII-Құрылтайындағы қауымдастықтың президенті, Академик, профессор З. Қожалымовтың БАЯНДАМАСЫ (Түркістан қаласы, 22.07.2018 ж.)
Құрметті Құрылтай делегаттары! Қадірменді замандастар мен тағдырластар! Бүгінде әлемдік өркендеу кезеңінде қауымдастықтың қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бүгінгі Құрылтайдың негізгі шешімі болмақ. Қауымдастықтың қызметіне 27 жылға жуық уақыт болды. Қауымдастық алғашқы құрылғандағы ҚР Әділет министрлігі бекіткен 1992 мен 1996 және 2003 жылдардағы Жарғысы негізінде өз қызметін жалғастыруда. Мысалы, сол кездегі қауымдастыққа мүше болуға тек қана ҚР Денсаулық министрлігінен тексеруден өткендер бола алады деп, Жарғының 4.1 бабында көрсетілсе, бұл солақай шешім күшін жойғанына да 6 (алты) жылдан асты. Осы Жарғыдағы мәтінді Жарғыдан алып тастау жөніндегі ұсынысты делегаттардың бекітуін сұраймын. Ал, 5.4 бабында көрсетілген Қалалық филиал бойынша құрылған Алматы мен Астана т.б. қалалық филиалдар қызметі оны басқарушылардың кінәсынан қызметтері алға баспады. Филиалға қарасты мүшелердің ынтымақ бірлігі болмады. Бұған дейін бұл қалалық филиалдар таратылып, жеке қызметтері заң талабына сай тоқтатылды. Қауымдастықтың Жарғысында көрсетілген бабтарға (4.1 5.4) байланысты өзгерістерді бекітуді делегаттардан сұраймын! Құрметті Құрылтай делегаттары! Осындай қанағаттанарсыздық жағдай облыстық филиалдарда да әлі күнге дейін жалғасуда. Осыған байланысты қауымдастықтың Жарғысының 10-тарауының 10.3 бабына сәйкес және қауымдастықтың Төралқасының шешіміне сай (Хаттама №4, 29.05. 2018) құрылымды қайта ұйымдастыру мақсатында, ширек ғасырдан астам уақыт ешқандай оң нәтиже көрсете алмаған Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Манғыстау облыстық филиалдарын тарату жөніндегі ұсынысты Құрылтай делегаттарының бекітуін сұраймын. Аталған хаттаманың қаулысына сәйкес өздеріне сеніп тапсырған қоғамдық қызметінде, қауымдастықпен байланысын үзген Төралқа мүшелері Алия Калыкованы, С.Ф. Рыбинді және өзін емшілер алдында өте жоғары мәртебелі санайтын, қауымдастықтың басшысына өтірік айтып алдайтын, қауымдастықтың Төралқа мүшесі Берік Қабенді Төралқа құрамынан шығаруды және қауымдастықтың Жарғысының талаптарын орындамайтын 194 мүшесін қауымдастық құрамынан шығару жөніндегі және де Жанболат Сәрсенбайды Төралқа мүшесіне сайлау жөніндегі Төралқа шешімін бекітуды сұраймын. Құрметті Құрылтай делегаттары! Қауымдастықтың қызметі сандықтан сапалыға көшуде. Өзінің өткен кезеңінде көптеген ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарға бас имей, ешқайда арызданбай, Жаратушының сынағынан сүрінбей аман өтуде менімен бірге болған қауымдастықтың емшілерінің зор еңбегінің нәтижесі екенін ұмыта алмаймын. Қауымдастықты ұстап тұру үшін, 600-ден аса емшілердің қауымдастықпен келісім-шарты бар. Қауымдастықтың демеушілерінің құқының қорғалуын және келісім-шарттың орындалуын бақылап әрі басшылық жасайтын Вице-президент қажеттігі туындауда. Бұндай қызметке президентке сенімді кадр керек. Бұл қызметке кім лайық? Кім де қандай ұсыныс бар? Сөз қауымдастықтың вице-президенті Бесембаев Құмарбек мырзаға беріледі. Қ.Бесембаевтың Қауымдастықтың президентіне «Құрметті президент» мәртебесін беру мен Х.Таджиметов пен А.Қожалымовты қауымдастықтың вице-президенттігіне сайлау жөніндегі ұсынысын дауысқа салайық. Толық қабылданды. Рахмет! Құрметті Құрылтай делегаттары! Біздерге халық емшілігінің жаңа қадамдарын жасап, халықтың денсаулығын жақсартуда жаңа жетістіктерімізбен көріну басты міндетіміз. Жақсылыққа жетуде қауымдастықтың емшілері бәрін де жасайды деген зор сенімімді білдіремін. Емшілердің құқы қорғалсын. Сіздерге Алла тағала ынтымақ пен берекелі бірлігін берсін! Тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының кезектен тыс VІІІ-Құрылтайы Хаттама № 08 (Түркістан қаласы, 22.07.2018 ж.)
Қазақстан халық емшілері қауымдастығының кезектен тыс VIII-Құрылтайында жасалған баяндамалар, хабарламалар және жеке ұсыныстарды ескере келіп, Құрылтай жиналысы қаулы етеді: ҚАУЛЫ: 1. Қауымдастықтың қызметіне қанағаттанарлық баға берілсін. 2. Қауымдастықтың Жарғысының 4.1. бабында қауымдастыққа мүше болуға "тек қана ҚР Денсаулық министрлігінен тексеруден өткендер бола алады" деген сөздері алынып тасталсын. 3. Қауымдастықтың Жарғысының 5.4 бабында көрсетілген Қалалық филиал атауы алынып тасталсын. 4. Қауымдастықтың президенті, Академик З.Қожалымовқа қауымдастықты 27 жылдай уақыт абыроймен басқарып, қауымдастық қызметін өте жоғары деңгейге жеткізгендігі үшін және ғылыми жетістіктерін ескеріп «Құрметті президент» мәртебесі берілсін. 5. Қауымдастықтың «Құрметті президенті» З.Қожалымов ерікті түрде қызметін тоқтатқан жағдайда, қауымдастықтың президенттігіне немесе мұрагерлікке жеке кандидатын ұсынып бекіту құқы берілсін. 6. Қауымдастықтың вице-президенттігіне қауымдастықтың мүшелері Таджиметов Хайрулла мен Қожалымов Аршат Зияданұлының кандидатурасы бекітілсін. 7. Қауымдастықтың Төралқасының мүшесі құрамына Аршат Қожалымов пен Жанболат Сәрсенбай сайлансын. 8. Төралқа отырысына себепсіз ұзақ уақыт қатыспағандығы үшін Төралқа мүшелері: Калыкова Алия мен Рыбин Сергей және сенімді ақтамағандығы үшін Берік Қабен Төралқа мүшесі құрамынан шығарылсын. 9. Көп жылғы қызметінде нәтиже шығара алмаған қауымдастықтың Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Манғыстау облыстық филиалдары жыл аяғына дейін таратылсын. 10. Қауымдастықтың үлгілі емшілеріне арналған қауымдастықтың президенті, Академик З.Қожалымовтың атындағы «Үздік ұйымдастырушы» медалі шығарылсын. 11. Қауымдастықта он бес жылдан аса уақыт сапалы еңбек еткен білімі мен тәжірибесі өте жоғары, иманды емшілерге Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген халық емшісі» атағын беру медалі шығарылсын. 12. Бұдан былай осы Құрылтайдың шешіміне сәйкес, қызметінде нәтиже көрсете алмаған филиалдардың да таратылатындығы оның директорларына қатал ескертілсін. 13. Қауымдастықтың қаражат жағдайын жақсарту мақсатында қауымдастықпен келісім шартқа отырған емшілердің барлығы тікелей қауымдастықтың президентіне бағындырылсын. 14. Қауымдастықтың Жарғылық міндеттерін орындаудағы жеке тәртібінің нашарлығы, жауапкерсіздігі, мәдениетсіздігі және байланысты себепсіз үзгендігі үшін қауымдастықтың мүшелік құрамынан 194 мүшесі шығарылсын (тізімі берілген). 15. Қауымдастықтың «Шипагерлік баян» газетіне жазылу мен емшілер «Қорына» қаражат аударуды ұйымдастыру филиал директорлары мен қауымдастықтың мүше-емшілеріне міндеттелсін. 16. Қосымша ұсыныстар мен талаптарды орындау қауымдастықтың Төралқасына тапсырылсын.
| ||