Денсаулықты жақсарту жолы және тазару мәдениеті

 главная                                        вернуться 


Зядан Қожалымов

Өтейбойдақтанушы-ғалым

 

 

       Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз жан мен баланың тәттілігіне, құдай қосқан қосағының амандығымен дендерінің саулығына ерекше қарады.  Денсаулықтың зор байлық  екенін бағалай білген олар барлық жақсылық пен кемшіліктердің де тікелей   адамның денінің  саулығына тәуелділігін  ертеден білді, мән берді  және қорғану жолдарын іздестіріп, оны байытып отырды. Қазақ даласының ойшылдары мен көрегендері, ел арасындағы данышпандары мен білгір  ақылды және тәуіптері өз халқының ұрпағын аман сақтау мен қорғау саласында аянбай еңбектенді. Ұрпақ пен халқының денсаулығының  күшті, ұрпағының  өмірге дендері сау болып келуі үшін, шипагерлік саласының халықтық және іліми-ғылыми жағын дамытып отырды. Олар табиғаттың экологиялық тазалығына, жылдың төрт мезгілдік өзгерісінің адам денсаулығына кері әсерлеріне, күтінбеу мен сақтан-баудың да денсаулыққа кері ықпал ететініне, жеңіл сенімділік пен аңғарымсыздықтың зияндылығына,  қоғамдық,  жеке түрмыстық  және санитарлық тазалықты сақтамаудан  пайда болатын  сырқаттық аурулардың тууына қарсы тәрбиелік – емдік шараларын халық арасында іске асырып отырды.  Бұндай шаралар алғашқы қарапайым халықтық шипагерліктің негізгі адам денсаулығын жақсартудың  бағдарламасына  айналды.  Ғалым М. Плагэн:  «Адамның табиғи тұрақтылық жағдайы оның денінің табиғи саулығын сипаттайды, ал ауру ол табиғи емес күйі. Денсаулықтың жақсы болуы таза ауа, жарық, жылылық, су, зат алмасу, киім, ұйқы, тұрмыс, дем алу, тыныштық, қыздырыну, теріні күту, уағында тамақтану сияқты тағы басқа факторларға байланысты», – деп денсаулықты күту мен жақсартудың тәсілдерін нықтап баяндауының маңыздылығы байқалады.

       ХV ғасырда қазақтың ойшылы, ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты еңбегінде адамның денсаулығын жақсартудағы сақтық пен аңғарымдылық қажеттігін, ұдайы тікелей зияны тиетін «Жетіге  тиіспеу» және «Қырық бірге жұғыспау» жөніндегі өзінің философиялық танымдық тұжырымдамаларын  ұсынып, халықты одан сақтандырады, ойландырады. Бұл тиіспеу мен жұғыспаулар туралы алғашқы тараудың екінші бөлімінде арнайы  анықтамалар берілген.

       Дегенмен, негізгі нәрсе ешнәрсеге тиіспей немесе жұғыспай жүрудің де адамның денсаулығының жақсы болуына әсері молдығын ескерту арқылы, қарғыс алмай  алғыс алуға  ниетті бұру қажеттігіне бағыт беріледі. Кері әсерлі қуаттардан сақтандырады. Шипагер сезімтал, көреген, адам мінезін жетік білетін тәлімгер – тәрбиеші болу  керектігі баба еңбегінде айтылуы, бүгінгі емшілерге өнеге, аманат. Жақсы сөйлеу, бос сөз айтпау,  ауруды өз туысынан да жақын сезіну, қайырымдылық жасау, кішіпейілдік танытудың психологиялық жолдарын пайдаланудың пайдасын қазақ шипагерлері ертеден білді. Бұндай мәдениеттілік  шипагердің өнеріндегі емдік  шипасына  ықпалы оң боларын  сезіну де,  қазақ  шипагерлерінің  ұлттық шипагерлік мәдениетінің өркендеуіне ықпалы зор болды деген сипаттаманы   аңғартады. Бұл қарапайым ұғым сияқты көрінгенімен шын мәнінде халықтық тәжірибеден өткен тұжырымдық маңыз-дылық екеніне күмәндануға да  болмайтын сияқты әсер береді. Қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және шипагерлік дәстүріне қатысты материалдардың ешқайсысы  түпнұсқасында жеткен  жоқ. Дегенмен, көптеген ізденістің нәтижесімен табысқа да жетуге шыдамдылық, сабырлық және білімділік керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда,   қазақ тарихын,  әсіресе осы  уақытқа дейін  ашылмаған кезеңді,  оның оқиғаларын, сол уақыттың тарихи қажеттіліктерін жазып қалдырған ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерінің берері мол, айтары құнды, болашағы мәңгілік екені байқалады. Халық шипагерлігінің негізін дамытушы шипагерлерде өз ортасында, өз заманының талабы мен ғылыми көзқарасына сай, өздерінің ілімі мен білімін  дамыта отырып,  адамның денсаулығын жақсартудың нағыз көрегені  мен қорғаушысы  да бола білу – басты міндеті. Адам бақытқа бөленсе қуанады, қатты қиналса қайғыға батады,  қасіретке ұшырайды. Бұндай көңіл-күй тебіренісі тек ғана адамға тән қасиет болғандықтан, адам өзін байсалдылыққа, сабырлыққа, имандылық пен  төзімділікке  көндіре  алса ғана,  денінің  саулығын аман сақтап жақсарта алады. Осындай психотерапиялық әдіс-тәсілдердің адам денсаулығын жақсартып ғана  қалмастан, рухани денсаулық мәдениетін  дамытуға да көмегі зор.  Шипагер жеке тәсілі мен идеясы арқылы ең алдымен аурудың пайда болу себептерін анықтап, нақты оны жоюдың жолдарын іздестіру арқылы  түп тамырымен ары қарай сырқаттың дамуын толық тоқтатудың  негізін    қалау ізгі арманы ғана емес, жауапты міндеті, мұны түсіну адамдардың салауатты өмір сүру салтының жақсаруы мен тазару мәдениетінің дамуына ұйытқы.  Денсаулықты сақтау мен күтуде жақсы иістің де пайдасы барына сенімді қараған З. Нұрсұлтанқызының мына сөзінің мәні дұрыс сияқты.

       З. Нұрсұлтанқызы: «Жұпар иістен адам жаны бір сәт рахат, кеңірек дем алғанда ми жұмысы жақсарады, ерекше бір қуат күші сезіледі», – деп тазалықтың өте пайдалы жағымды жағының ерекшелігін атайды.  Бұл сезгіштік пен сезімдіктің адам организмін жұқпалы дерттерден сақтануына немесе шара қолдануына ықпал ететінін көрсетеді. Ертеден-ақ, адам денсаулығының сырқатын емдеу мен жақсартудың үш тәсілі:  шөппен емдеу, пышақпен дертті алу және сөз арқылы  да сырқатты емдеп жазуға болатынын  анық білген. Мәселен, сөздің  тигізетін әсерін медицинаның  дәрігерлері мен ғалымдардың  емдеу жүйесінде,  науқас адам емдеуші дәрігердің сөзіне сенім білдірсе, онда сырқаттың жағдайы біршама жақсарып, көңіл-күйі көтеріліп денесінде бір жеңілдік болатынын ертеден-ақ аңғарған. Бұл тұжырым дәйектелуде. Сөздің мәдени жағының жұғымды әсерлері жөнінде ғалым медик А. Айтмұхаметованың да пікірі өте қонымды, әрі жылы сезіледі. Сөз  құдіретінің күшін  әр салада  пайдалану тәсілін халық та, шипагер де ертеден білгенді. Содан: «Жақсы сөз жарым ырыс», «Көз жетпеген жерге сөз жетеді», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз қанжардан да өткір», «Найзадан түскен жарақат – сөзден түскен жарақаттан тез жазылады» т.б. нақты сөздер Ұлттық мақал-мәтелдердің тыңдаушысын өзіне еліктіріп әкетуі мен қаратуы сөздің  философиялық ой талғамы күшінің жоғарылығын  аңғартады. Шипагер сырқат адамға өте мейірмандықпен қарап, туған-туысындай сыйлағанда ғана, оның емдік ісі ілгері жылжиды. Рахымға бөленеді. Құрметке ие. ХV ғасырда ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Шипагер науқасқа өте мейірбанды түрде әкем, көкем, апай, замандас, інішек, бауырым,  қарындас» – деп қабылдаса,  емі шипалы, әрі сыйлы болады  дейді. Бұл сөз мәнерінің құндылығының шипалы әсерін білдіреді.

       Сондықтан да, шипагерлік салада денсаулықты жақсартуда сөз мәнерінің кез-келген адамға әсер етуін меңгеру,  өмірдегі салауатты  өмір сүруге жетудің  үлгісі болмақ. Шипагердің  науқасқа оның сырқатының қандай дәрежеде екеніне қарамай, жақсы ілтипатты «Сіз жазыласыз, сырқатыңыз жеңілдеді, жақында толық айығасыз», – деген сөздерді айтуы да, оның емдеу мәдениеттілігін көрсетеді.  Белгілі орыс ғалымы В.М. Бехтерев  шипагердің / дәрігердің / сөзінің  мәні жөнінде:  «Егер шипагермен әңгімелескеннен кейін науқас өзін-өзі жақсы сезінбесе, көңілі көтерілмесе, ол шипагерді жақсы емші деп санауға  болмайды» – деуінен-ақ, сөз терапиясы рөлінің күштілігін  аңғаруға болады. Шипагердің негізгі мақсаты ұдайы емдеу ғана емес, халықты денсаулығын жақсарту,  тән мен жанды тазарту мәдениетімен оны тұрақты  шұғылдануға үйрету, ол үшін толық жүйелі біліммен қаруландыруды басшылыққа алу қажет. Дәрісіз өмір сүру жолын  үгіттеу  бүгінде  негізгі мәселеге айналды.  Ғасырлар бойы халқы мен ұрпақтарының  денінің сау, ақыл-есінің  дұрыс, тұлғалық бітімінің қалыпты сұлу, өнерлі, қайсар болуына мән берген ата-бабаларымыз, денсаулықты жақсарту мен оның тазару мәдениетін дамытуға үлкен мән берді.

       Салауатты өмір салтын дамытуда  адамның  ауруын  емдеудің қарапайым  түрлерінің  ең белсенді түрі музыка,  ән-күй және дыбыстық тербелістік    әсерлерді пайдалану тәсілі де емдік жүйеде  өркендеп келеді.  Дәрі – ол химиялық  қоспалардан тұратындықтан,  оның бір ауруды жазғанымен, басқа бір түрін тудыруы немесе қоздыруы шындыққа айналуда. Осыған байланысты табиғаттың таза ауасы, орман-тоғайлары, таулы  жоталары, өзен-көлдері, минералды сулары мен балшықтары, құмдары, күн сәулесінің  ғажайып емдік  әсерлері  және басқадай  құбылыстар мен  көріністер  адам ағзаларының тез өзгеріске ұшырап,  күшті қуаттануына мол септігі барлығы анықталып келеді.   Осы мүмкіндіктерді пайдалану денсаулықтың жақсарып, әрі жасаруына зор көмегі барын да  білген жөн. Дегенмен, уақытында дұрыс тамақтану, тамақтық сұйық және қою тағамдардың емдік сипатын  пайдалану, ұйықтау, тыныштық сақтау, жүгіру мен жүру, әр түрлі қозғалыстарды жасау, суық су қабылдау, намаз оқу, ат спортымен  әр түрлі спорт түрлерімен шұғылдану және  жат қылықтардың   ішімдік  пен наркологиялық заттардан  аулақ болу, темекіден құтылуда, өсек аяң мен алдампаздықтан,  өтірікшіліктен  бір жола құтылу – мұның бәрі адамның  өзін-өзі тәрбиелеп бақылау сияқты әдіс-тәсілдер, олар денсаулықты жақсартып қана қоймай, оның тазару мәдениетінің  негізін құрайды.

       Денсаулықтың таза, әрі бір қалыпты болуы адамның рухани жағынан  жоғары болуына тікелей байланысты.  Рухани биік жетістік тән мен жанның  лас қуаттардан тазалануына, ішкі сезімнің оянуына, адамның төзімділігі мен имандылығының артуына  басты ықпал етеді.

       Физиолог-ғалым Жандар Керімбектің Ермаханы былай дейді:  «Дене мен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар, адамның өмірінде бір-бірімен соншалық сәйкескен, тіпті  біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді.  Рухымыз да денеміз сияқты сырқаттанады, табиғи жаратылыстан алшақтайды. Бұның да денеміз сияқты айығу, арылу жолдары бар. Емделу үшін адамға мықты сүйеніштер керек. Бұл сүйеніштерді және бұлармен өмір  сүруді  мінез-құлық деп атайды. Басқаша айтқанда, мінез-құлық тәнімізді, әрі рухымызды Жаратқан борышты еткен міндеттерді атқара алатын дәрежеге көтереді» – деп айтқан.

     Қазақ халқы ежелден өзінің имандылығымен, атап айтқанда қайырымдылығымен, жомарттығымен, мейірімділігімен, адалдығымен көзге түскен халық. Халқының денсаулығын жақсарту мен тазару мәдениетін жүзеге асыруда асқан жауапкершілікпен  талдау жасап, шешімін  шығара білді.  ХV ғасырда  Әз Жәнібек  ханның арнайы тапсыруы әрі бақылауымен жазылған ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының энциклопедиялық медициналық еңбегі «Шипагерлік баяны», адам денсаулығын жақсартумен оның шипалық мәдениетіне арналғандығы, бүгінде ол сол құндылығымен айқындалуда.

       Денсаулықты сақтау мен жақсартуға арналған  көптеген зерттеушілердің ғылыми тұжырымдық еңбектері зерделеніп, осы ғылыми монографияны жазуға пайдасы мол болды. Бұл еңбектер қай жаста болса да  пайдалануға  өте пайдалы.  Жас кезден бастап адам өз денсаулығын күтсе, онда оның дені сау, өмірі ұзақ, әрі сырқаты аз болады. Адамның психологиясының оң өзгерісінен оның жақсылыққа ниетінің ауғанын,  пиғылының тазарған белгісін аңғарамыз.  Психика – адамның рухани күйі және ішкі сезімі. Ал, психопрофилактика дегеніміз көңіл күйді жадыратып, жүрекке жылы  тиетін жақсы сөздер – адам жанына ықпал етумен бірге денеңіздің сау болуына әсер етеді. Себебі жан мен тән  егіз. Халқымыздың  «Жаны саудың  тәні  сау» – деген мақалы  өмірден алынғаны да белгілі, ол сөз талғамы.  Денсаулық үлкен байлықтың ішіндегі ең мәртебелісі әрі баға жетпес  биігі.  Адам мүшелерінің қозғалысынсыз тіршілік болмайды.

       «Қимылсыз өмір жоқ», – деген халықтық философиялық таным ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.  Мәселен, көмейдің қимылынсыз ауыздан дыбыста және сөз де шықпайды т.с.с.  Адамға биік келбетті тұлғалық тек қана шынығу арқылы  қалыптасады.  Бүгінде салауатты өмір салтының  негізгі  қағидасы  химиялық дәрі-дәрмекті ішпеу мен қолданбау, тек қана  табиғаттың табиғи емін толық пайдалана білуді  үйрету мен насихаттау. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы осы табиғатта өмір сүрді, оның біле де және түсіне де бермейтін денсаулыққа пайдалы ғажайып емдік шипалық сырларына зер салды.  Тәжірибелік тексеру мен пайдаланудан өткізді. Пайдалы жағының кілтін ашты. Медицина ғылымдарының докторы,  профессор, жазушы-ғалым Естөре Оразақов Отан соғысы жылдарында жараланған солдаттарды емдеуде Алатау шатқалдарындағы  минералды сулар мен балшықтарды, дәрілік өсімдіктерді, орман тоғайының  таза ауасының емдік қасиеттерін пайдаланады.  Халық шипагерлігін дамыту жөнінде бірнеше ғылыми зерттеулері мен кітаптарын жазып қалдырды. Қазақ халқының халық шипагерлігінің  қызметіне жаңа көзқараспен қарайды. Халық емінің адам денсаулығын жақсартуға тигізер пайдасына, тазаруының мәдени бағыттарына ғылыми талдауларымен оң бағаларын және ұсыныстарын білдірген ұлтжанды зерттеушілер мен ғалымдардың қатарының көбеюі, халық шипагерлігінің болашағының  қажеттілігін білдіреді. Өмірінің тұрмысы мен тіршілігі табиғатпен тікелей байланыста болған халқымыз, өмір бойы барлық қажеттісін табиғаттан алып келеді.     Сондықтан да, қазақ шипагерлері  пайдаланатын  әр түрлі дәрі-дәрмектердің  тегі де  шексіз табиғат дүниесінің  қойнауындағы минералды заттар және өмір сүретін хайуанаттар мен жәндіктердің  мүшелерінен тұрады.  Қазақтың фтизиатор, фитотерапевт ғалымы М.Ж. Қожабековтің еліміздің табиғатында өсетін өсімдіктер туралы «Дәрілік  өсімдіктер» кітабы ХХ ғасырда жазылса, ол содан бері бұрынғы Одақ көлеміндегі  нағыз фармокологиялық  оқулық құралына айналды. Орман тоғайлар да өсетін ағаштардың да шипалығы зор. Олар адамның қуатын толтырып арттырады, сергектігін жақсартады, жүйке қызметінің әлсіреуін жояды және адамның ойлау мен сезім қабілеті жақсарады.

       «Атадан мал қалмасын, тал қалсын», – деген нақыл сөз де орманның шипалығы мен табиғат тылсымының шексіздігін көрсетеді. Тұңғиық ғаламның сырын ашуда ғылым шұғылданғанымен ғалам ішіндегі ғаламды, дүние ішіндегі дүниені білу күрделі де. Жоғарғы әлем, ортанғы әлем, төменгі әлем жүйесі де әлі жіктелген жоқ. Әр әлемнің өз емі мен берер қуаты бар. Табиғат үлкен ғалам болса, адам кіші ғалам. Табиғат пен адамның үйлестігін білу емші-дәрігерлердің басты міндеті екенін білген абзал.  Халық  емшілігінің  өркендеу дәуірін ғұлама шипагер Өтейбойдаққа дейін қарапайым дәстүрлі емес  шипагерлік түріне,  ал  баба  заманында оның  іліми-ғылыми  дәстүрлі халық шипагерлігіне жеткендігіне, қазақтың шипагерлік өнерінің Еуропадан да көп ілгері дамыған тарихы барын  білдік. Оны ғалымдарымыз ғылыми түсінікпен қабыл алды. Дегенмен, бір өкініштісі халық шипагерлігінің осындай жетістігінен тез айырылып, бес жарым ғасырдан кейін ғана баба мұрасына  қайтадан ие болып  мақтанғанымызбен, оның терең өзіндік жеке философиялық ойларын, толғауларын, жазу стилін, медицинадағы ашқан жаңалықтары мен жетістіктерін зерттеудің біржолата тұрақты жалғастырылмауында.

       Осы зерттеу жұмысының негізгі иедясы мен мақсаты да   халық шипагерлігінің  қыры мен құпиялы сырын ашумен,  шипагерліктің мәдениеті мен дәстүрлеріне нақтылы   философиялық көзқарастағы ғылыми  зерттеулерді тұрақты  жүйеге асыру болмақ. Жұмысты жазуда философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.Молдабековтың,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Әлсатов, ғалымдар Ғ.Ақпанбек пен Т.Кенжалының, философия ғылымдарының докторы, профессор Д.Кішібековтың еңбектері де  пайдаланылды. Және осы зерттеушілердің әр түрлі тақырыптық мақалалары мен «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы»  республикалық қоғамдық бірлестігінің іс тәжірибелері мен тарихи құжаттары да пайдаланылып, басшылыққа алынды.

       Сенімділік пен сенімсіздік адам тәрбиесінің негізгі бір бөлігі болып қызмет етеді. Дін тілінде ол – күмән мен сенім деп аталады. Алла сенімсіздікті жақтырмайды, керісінше мықты және орнықты сенімге ие  болуға  шақырады.  Бұдан осы ғылыми зерттеуде арнайы жүйеленген жалпы халықтық,  биоқуаттық, рухани, медитациялық, музыкалық және басқадай емдеу  жолдарының қайсысы болса да адамның сырқатына пайдасы тиюі, тікелей  емделушінің сеніміне байланысты екенін аңғартады. Сондықтан, денсаулықты жақсарту мен тазару мәдениетін дамытуда, бүгінгі және болашақтағы салауатты өмір салтының дәрісіз шипалық жүйесін қалыптастыру, мемлекетіміздің  азаматтарының  денсаулығын  сақтаудың басты  кепілі  деуге болады. Академик Д.Кішібеков: «Ғылым дегеніміз – заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын даралап тұжы-рымдайтын шынайы, ақиқат білім жүйесі»,- деген терең философиялық таным да, осы сияқты зерттеулік жұмыстардың  сапалы болуына зор  ескертуі мен талабы екенін аңғартады. Қорыта келгенде, денсаулықты жақсарту жолы мен  тазару мәдениетін  дамыту жеке адамнан бастап, ұжымдық, қоғамдық және мемлекеттік бағдарлама екеніне түсіністікпен, байсалдылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана нәтижелі болатынына сеніммен қарауға болады.

       II тарау қорытындысы.  Ауру қайдан пайда болады? Оның себеп салдары неден? деген сұрақтар ұзақ уақыт бойы адамзатты ойландырды, одан жазылып шығу жолдарын іздеп табуға ынталандырды. Адам, табиғат және ғарыш арасындағы белгісіз үйлесімділіктерді іздеді. Алғаш Тәңіріне табынды, одан көмек сұрады. Кейін ата-бабаларымыз ислам дінін қабылдаған соң  Жаратушы Құдайға жалбарынды, онымен іштей сөйлесіп мұңын жеткізді.

       Осы әрекеттеріне риза болып, өзін-өзі иландырып, сырқаттарын жеңудің жолдарын іздеді. Заман өзгерді, адамзат қоғамы өз басынан эволюциялық даму кезеңдерін өткізе келе, ғылыми даму дәуіріне жетті. Жаңа ғылыми көзқарастардың пайда болуы, халық шипагерлігіне ғылыми түрде баға беруді ұсынды. Ғылымы дамыған ел бақытты елдер қатарына ілінді. Олар адамның сырқатының пайда болуы себептерін оның қуаттық ауытқуынан іздеді.

       Сөйтіп, адамзаттың  тіршілігінің негізгі күш қуатының қайнар көзі – оның тәндік биоөрісі қуатының жетісуі мен жетіспеуіне тікелей байланыстылығы анықталып, тұжырым жасалынды. Бұл идея болжамы көне замандардан  белгілі болғанын,  бүгінгі  түрлі ғылым саласының  өкілдері   теріске шығармайды.

Халық шипагерлігінде емдеу мәдениетін көтеруде ең бастысы  сөз шеберлігі мен тазалық және білімділік пен кішпейілділігі басты талаптардың ең негізгісі. Ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерлерді дарымдаулы және болжамалы деп екіге бөлді. Олардың емдеу мәдениетіне жақсы сөздер мен тәрбиелік жұмсақ мінезділікті ұсынды.

       Шипагер сезімтал, адам мінезін жетік білетін маман болу мен қатар тәлімгер-тәрбиеші болу керектігі де, халық шипагерлігінің негізгі философиялық қағидасына айналды. Емдеу мәдениетін көтерудегі халық шипагерлігінің басты әрі жауапты  талабы  да, осы заманғы медицинаның ұсынысы мен қағидаларынан  өзгешелігі   жоқтығы  аңғарылады. Емшілік мәдениеті оның іс-әрекетінің  нәтижелі болуының негізі тірегі екендігін  ертеде де білді, шарттарын қатал сақтады. Бұл қағидалардың осы заманғы медицинаның емдік мәдениеті шарттарынан ұқсастығы мен талаптарының алшақтығы жоқтығын көрсетеді.

Сондықтан да, шипагер мен ауру адам арасындағы жылы қатынас пен түсіністік шипаның қонуын тездетеді,  емдеу мәдениетінің артуына көмектеседі деген тұжырымға тоқталуға  болатынын аңғартады. Адамның денсаулығын жақсартуда емдік шипалық әдіс-тәсілдер түрі сырқатынан емделуші мен емдеуші шипагер  арасындағы  екі жақты сенімдік   келісім болғанда ғана нәтижелі болады. Бұл ерікті түрдегі тікелей сенімділік пен сенімсіздіктің аралығындағы үйлесімділікке байланысты екенін көрсетеді.

       Бүгінде әлемдік және туысқандық  елдер мен  қазақ  елінде  емдік  қонымы  мол әрі қарапайым шипалық тәсілдердің ішінде рухани - дұғалық, медитациялық,  музыкалық – дыбыстық емдеу жолдары мен табиғаттың табиғи  минералды суының, балшығының, ауасы мен орман суларының,  таулы-құмды жерлерінің және дәрілік өсімдіктері мен минералды заттардың  ерекшеліктеріне мән беріліп, шипалық көрсеткіштері жағынан оң бағаланып пайдаланылуда. Адамның көңіл-күйін көтеруде нәзік музыканың әсері оның жандүниесін тәтті бір ұйыған, тыныштықта болуына ықпал етеді. Музыка құдіретімен адамның ауытқыған биоөрісі қуаттарын бір қалыпқа келтіруге болатыны да анықталуда.    Жұтаң өмірдің арам жолын кесіп, тазалап бұрынғы қалыпты деңгейіне келтіруде,  музыканың  зиянсыздығы жоғары бағалануда.  Емдік шипаның көмегімен рухты денеден босатып тыныштықпен ғарышқа байланысқа шығаратын, қабылдайтын және ғарыштық жүйенің құпиялық әсерлері де байқала бастады. Өте нәзік толқынды қуатты медитациялық  емдік шипа  әдіс-тәсілі де  әлемде кең құлашын жаюда.

       Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау-тастағы  жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесінде  өз   бағаларын берді.  Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің сау болуы үшін, ұлттық шипагерліктің бай тәжірибесі жинақталды.

       Ата-бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс-тәсілдерін меңгерген  нағыз ұстасы және нағыз  білгірі  болды.  Қазақтың   халық шипагерлігінің  ХV  ғасырда-ақ,  іліми-ғылыми  негізі қаланғанын  қара үзген  шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян»  атты медициналық  энциклопедиялық  еңбегі айқындап берді.  Қазақ  шипагерлігінің   әлемдік деңгейін анықтауға жол ашты.  Адамның денсаулығын қорғау мен жақсарту егіз  нәрсе болғандықтан,  әр халықтың өзінің  халқы мен ұрпағын аман сақтауда, ұлттық этникалық салт-дәстүрді сақтаған денсаулық туралы заңнамалары, сол халықтың тазару мәдениетін  ілгері дамытуға ықпал етті.

       Оның дәлелі ХV ғасырда-ақ, қазақтың Әз Жәнібек ханына ұрпақ тазалығы мен денінің саулығы жөнінде, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жеті атаға толмай үйленбеу, сүйіспеу, аула тазалығын сақтау туралы ұсынысы хан Жарғысының шығуына ықпал етті. Тұқымының таза болуына, денінің сау, қайсар, бауырмашыл, асқан ойшыл және ірі тұлғалы  болып жетілуіне  бұл жарғының пайдасы, бүгінге дейін жалғасуда. Қазақтың жерінің кең, дастарқанының мол, жатты бауыр санайтын ұлы қасиеті, оның тұқымының тазалығы мен рухының биіктігін айқындайды.

       Осы тұрғыдан қарағанда, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  заң ғылымына ғана үлес қосып қалмастан, ұлттық заңнамалардың пайда болуына алғаш рет үлесін қосқандығын көрсетеді. Бұл да ғалым шипагердің философиялық талғамдарының ауқымы кең, мәні терең екенін аңғартады.

Қорыта келгенде, адамның денсаулығының жақсаруына, сырқатын емдеуге арналған әр түрлі емдік шипалық әдіс-тәсілдердің пайдасынан басқа, ешқандай зияны  жоқтығын, ол емдеу жүйелері өлім мен кәріліктен басқаның барлығына шипалы екенін дұрыс қабылдау қажеттігі туындайды. Тектік қасиет-ұрпақтар жалғасын жалғастыратын аталық код  болғандықтан қазақ дүние жүзіндегі ұрпағы таза халық санатына жатады.

       Сабырлығы, тәубесі мен мейманқостық имандылығы  арқылы, басқаға көзін алартпай, қорқытпай,  қайта  олардың денсаулық саласындағы білімдерін үйренді, шипагері мен ғалымын құрметтеді. Бүгінде жоғалып қайтадан орнын тапқан қазақтың шипагерлік емінің қысқа уақытта, алдыңғы қатардағы елдердің шипагерлігімен  терезесі тең дәрежеге жеткені де,  ел тәуелсіздігінің   жеңісінен кейін болды. Ел егемендігін алғалы халық емшілерінің ғылыми негізін қалыптастыру, емдеу мәдениетін көтермелеу  қазақ емшілерінің ортақ, өзекті,  тәжірибелік маңызы жоғары мәселесіне айналуда. Осы мақсатта «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлес-тігінің ұйымдастыруымен тұрақты түрде 2004 жылдан бастап халықаралық конгрестер, симпозиум, конференция, түрлі форумдар жиі өткізілуде. Оған көрші елдердің озық, әйгілі ғалымдары мен ысылған тәжірибелі емшілері және еліміздің ғалымдары шақырылып қатысуда.

       Бұл басқосуларда әр салалы ғалымдар мен шипагерлердің теориялық ойлары тыңдалып, емшілердің тәжірибелік мамандық шеберліктері көрсетілуі және ғалымдармен бірлесе ортақ мәселелерді талқылауы, емшіліктің халықтық өнерін жетілдіре береді. Шипагерліктің ғылыми-мәдени негізін тереңдету емшілердің озық ғылыми көзқарастарын қалыптастырады.

       Емдеу мәдениеті мен іскерлігін арттырады. Емшілердің жаңа ізденіске түрткі боларына ықпал етеді. Шипагерлік саласында оң өзгерістердің тууына жол ашылады.  Халықтық мәдениеттің  шипагерлік дәстүріне ғылыми көзқарастағы зерттеуді, бастауды жалғастыру қажеттілігі, бүгінгі күннің  талабына сай келеді.

 

«Шипагерлік баян», мамыр 2012ж.

Алматы қаласы

 

 



вверх