Тектік киелі қасиет – ол мәңгі тірі

 главная                                        вернуться 


З.Қожалымов – ҚХЕҚ президенті, академик

 

«Шипагерлік баян», шілде 2012ж.

 

     Қазақ халқының мәдени мұрасының бір саласына жататын халықтық емшіліктің тарихы ұлттық үрдіспен бірге пайда болып, қилы-қилы замандардың оны жоюға дейін барған әрекеттеріне қарамастан бірге жасасып келеді. Қазақтың емшілік жүйесі ертеден-ақ шығыстық халық медицинасымен үндес, ұқсастығы мен үйлесімі жағынан тығыз байланысты және тамыры  да терең болды. Бүгінде қазақтың  ғылымынан өзіндік орнын тапқан құнды еңбектің бірегейінің-бірегейі ХV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі ұлт ғылымының мақтанышына айналды. Шипагер құнды зерттеулері мен тұжырымдары осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалады. Осындай өте маңызды еңбектің халқымен бес ғасырдан асқанда қауышуы, қазақ ілімі мен ғылымының ертеден-ақ негізі барын айқындай түсті. Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігіне дейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалды.

     Үстем империяның ықпалынан Кеңес заманында қазақ  халқы киесіз, дарынсыз өзіндік халықтық емдік тәсілдері жоқ ұлт ретінде тарихта көрсетілді.   Ел тәуелсіздігінен кейін киелі құпиялы тылсым күштер иелерін тапты. Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емші, бақсы-балгер, көріпкел т.б.-лар санына жету қиын болды (қазірде солай). Осыдан жиырма жыл  бұрын құрған Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» өз қандастарымыздың төбесінен  жәй түскендей  етті. Қауымдастықты жоюда республикалық жеті министрлік пен комиттеттердің мамандары жанын сала кірісті. Қауымдастықтың екі рет қызметін тоқтаттырды. Қысқасы, ұйымдастырушы сол кездегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары болса ал, орындаушы болса ҚР Әділет министрлігі қызметкерлері еді. Осындай тексерулер қауымдастық басшылары мен мүше-емшілері және қауымдастық та материалды, моралды, психологиялық және қаражаттық зардаптарға аямай ұшырады. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрған күннен бастап-ақ, оның қызметін алға жылжытпауға немесе жойып жіберуге әрекет етуде жеті мемлекеттік жүйенің бірігуі, қауымдастықтың басшылары мен адал мүшелерінің қуаты мен бірлігін әлсірете алмады. Қанатымыз қатая түсті. Халық емшілері мен оның басшыларына сенуге болмайды, дендері сау емес, қолдарынан ғылыми шығармалар жазбақ түгілі, жөнді мақала да жаза алмайды дегендерге, басқа қырымыздан көрінуге әрекет еттік. «Жалғыздың жары – Құдай» – демекші, қолға қалам алып баспасөз беттерінде ой толғамындағы мақалаларымды жазуды тоқтатпадым. Күрес әлі жалғасуда. Кіммен десеңіз – қандас қаракөздермен. Алғашқы қарсылық ұйымдастырған шенеуніктер бұл күнде баяғы жылы орындарынан кеткен. Қиын кезеңде Қауымдастықты таратуға кіріскен топқа  қосылған, киелі орданың «Сатқын» мүшелері де  аз болмады.  Мәдениеттілік пен адамгершіліктен және имандылықтан жұрдай емшісымақтар ұятты қойып, өздерін «Сары, ақ, көк, қара, тақиялы  әулиелер», «Алып апа, ана, әулие ана» және «Жаратушы мен пайғамбарлар» мен «Пархат ата», «Ақ анашылар», «Аққуар», «Ата жолы», «Ордалар» т.б. жалған атаққұмарларды  бүгінде арнайы сыйлық жариялап іздесең де таппайсың. Бұлар жөніндегі өз уағында баспасөзде де әртүрлі тақырыпта құнды мақалалар жаздым да. «Жүздің жүйрігі мен мыңнің тұлпары» – деген халықтық қанатты сөздің маңызы да айқындалуда. Бүгінде «жасампаз емшісымақтар» өмірде бар болғанымен енді халықта оларды қажет етпейді. Осыларды  мадақтап асқақтатқан үгітші орны «Республикалық халық медицинасы Орталығы» мен осы Орталықтың сенімді көмекші  ұйымы «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы да» – өздерінің қызметтерін неге тоқтатқаны да белгісіз. Алғашқы кезде баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарында емшісымақтарды үгіттегендер де, бүгінде бұл пиғылдарынан қайтқан сияқты. Ұлы шипагер Өтейбойақ Тілеуқабылұлы: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» – демекші, бізді көреалмай күндес болғандардың қарғысынан Жаратушымыз бізді қорғады. Аманаттың жүгі ауыр әрі қарызың сияқты сезіледі.

     Бұл бас мақала менің әруақ аманатын орындау мен оқырмандар алдындағы парыздық  есебіміздің жиырма жылынан асық қызметіміздің нәтижесі болмақ. Ойлана келе жиырма жылдық жазғанымды, ойыма түйгенімді, көріп-білгенімді сұрыптап жеке ойымды баяндауға ниет еттім. Киелі қасиет – ол Алла Тағала сыйлаған, дарытқан жеке адам бойындағы нұры. Ол халықтың тектік киелі өнері. Ол халықтың рухани үрдісінің жеткен биігі. Тылсым күш құдіретін дарынды киелілерден хан да, қара да немесе билеуші топтар да тартып алып, иелене алмайды. Бұл – Жаратушының дарындыға сыйы әрі тылсым күш құпиясы.

Қазақстан халық емшілері қауымдастығы – қазақ елінің тарихында дарынды, киелі құпиялы тылсым күш иелерінің басын қосқан, тылсым сырлары мен халық емшілігін тұңғыш ғылыми айналымға енгізген бәйтерегі. Қауымдастық – емшілер арасындағы ақылы жетпегендерге – ақыл, қиналғанға – қамқор, қуат, жарқын жол, имандылық шуағына үйретуде оларға сүйеу және тіреу бола білді. Қолдан жасанды емші жасалмайды. Дарындылар ғана тарихта қалады. Тектік киелі қасиетті ешкім де жоя алмайды. Ол тарихи шындық. Сондықтан да тектік киелі қасиет ол мәңгі өмір сүреді. Оны ешкім де тоқтата алмайды.

 

 

Алматы қаласы

 

 



вверх