Қауымдастықтың президентіне "профессор" атағы берілді

 главная                                        вернуться 

 

«Шипагерлік баян», тамыз 2012ж.

      foto

Жақында "Халық медицинасы және ғарыштыққуат" академиясының Ғылыми Кеңесінің шешімімен Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик Зядан қажы Қожалымовқа халық медицинасы саласындағы ерекше қосқан үлесі және халық медицинасын ғылыми салаға енгізудегі және ХV ғасырдағы ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" еңбегін зерттеп ғылыми айналымға енгізгені үшін, халық емшілігі саласында жазылған бірнеше монографиялық еңбектер үшін "Профессор" атағы берілді. Профессордың аттестатын Ғылыми Кеңестің төрағасы философия ғылымдарының докторы, профессор Жақан Молдабеков табыс етті. Профессорлар Ж.Зекей, Керімбектің Ермаханы, С.Құрбанқожа т.б. ғалым З.Қожалымовтың еңбектерінің құндылығына тоқталып, берілген дәрежесімен құттықтады. Қауымдастықтың Төралқасы мен мүшелері басшысын жаңа ғылыми атағымен құттықтап, еңбегіне табыс тілейді.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

               Қауымдастықтың президенті,
академик
З.Қожалымов мырза Форумды ашуда

 

 

 

foto                 foto

З.Қожалымовқа профессор Ж.Молдабеков                                           Форумның Төралқасы
"Профессор аттестатын" тапсыруда

 

АРНАУ

Авторы: ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, З.Қожалымов

foto Келді емшілер сәлем беріп еліне.

Қасиетті бабалардың мекені,

Түркістаның әйгілі ғой әлемге.

Екінші рет Шымкентте бас қосқан,

Ниеттерің қандай жақсы топтасқан.

Құтты болсын форумдарың емшілер,

Ілгерідегі жиындарыңмен жалғасқан.

Арқалаған ауыр жүгін Алланың,

Теріп жүрген несібесін жалғанның.

Киелі жер, қасиетті Шым елі,

Сәлем береді емші деген зор қауым!

Жиырма жылдық қасірттен өткенде,

Емшіліктің тағдырында шешкенде.

Құтты болсын айтамыз бәріңізге,

Жиырма бірінші жылыңа жеткеніңе.

Ертедегі бабалар сыйға тартқан,

Қасиетті ғой менің ұлы далам!

Таныды бүкіл әлем біздің елді,

Данышпан мен даналар ізі қалған!

Елбасы бабалар рухын құрметтеуде,

Емшілердің қорғалуда шипалығы.

Бұрынғы ұмыттырған ауыр күнді,

Нұры жаусын Алланың Нұрекеңе!

Ширек ғасыр жүгі оңай болмады,

Қара күштер тобыменен торлады.

Қуанышы мен қасіреті бірдей боп,

Емшілерде тылсым күшін қорғады.

Қанша мықты болса-дағы жауларың,

Күресуден жалықпадың, таймадың.

Жасадыңдар тарихыңды нақтылап,

Ата жауы дұшпаныңды да талдырдың.

Алматыдан бастаған жиындарың

Жалғасты Шымкент, Түркістан, Тараз,

 Астана, Алматы, Шымкент қаласында.

Қамтылмаған тақырып қалмаған-ды,

Шипагерлік ғылымы саласында.

Тоғыз жылда тоғыз жиын өткізген,

Ғаламшармен ілімдерін жеткізген.

Өткені мен бүгінінде түгендеп,

Жанашыр ғалымдарда көбейген.

Білгендейсің досыңменен қасыңды,

Тегі таза ғалымдардай досыңды.

Халық емі өркендеуде бүгінде,

Емшілікте ғылымға да қосылды.

Ұлы емшісі қазақтың Өтейбойдақ,

Ілімі мен білімі әлемге айғақ.

Басшыңыз Зяданның зерттеуінде,

Атанды ғылымда екінші Ибн Сина.

Емшіліктің саласының ғылымында,

Басшыңның есімі де ғылымға қосылуда.

Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы,

Денсаулық ұйымыда еңбегін бағалауда.

Бөлінуге де болмайды, жауың жейді,

Қорқыт Ата, Пір Бекет, Қойлыбай бақсы,

Ибн Сина, Құртқа баб, Әль-Фараби,

Майқы би мен Мөңке би, Баласағүн

Машһұр Жүсіп, Шәкәрім басқалары,

Емшілік ғылымында да зерделенді.

Болды ғой ғылымда да қиын өткелдерің,

Ғалымдармен бірлесе ғылымға жеткендерің.

Молдабеков Жақан, Керімбектің Ермаханы,

Жарықбаев  Құбығұл, Жақанов Амангелді,

Бекен Тұрсын, Айтолқын Құлсариева,

Мекемтас Мырзахмет, Жасан Зекей,

Құрбанқожа Сансызбайлар көмегі ғой,

Аллаға шүкір дегін! Шүкір дегін! Шүкір дегін!

 Елбасы Алғыс хатынан қуаттанған,

Нәтижең көрінуде ғаламтордан.

«Шипагерлік баяның» ұраның боп,

Жетістігіңді жеткізіп ел шарлаған.

Ұйымға жасалған заңсыз қысым,

Ол жақсылық түсінсең оны да ұғын.

Өлген мұра тіріліп оты жанса,

Жауларымыз түсінді, соны білгін.

Бәрінде айтқан жақсы білгендіктен,

Көрінуде емшілерде көрегендікпен.

Ұзақ жылғы қасіретті артқа тастап,

Жүздің жүйрігісіңдер озып келген.

Бабалардың киелі жолыменен,

Үлкен кіші бәрінің жөнін білген.

Ертедегі бақсы, емші даналардай,

Емшілерде танылуда емдерімен.

Шипагер Өтейбойдақ бастап берген,

Емшілерге аманатын тастап кеткен.

Шипагерлік мұрасын сақтаңыздар,

Дана сөз айтылмаған тектен-тектен.

Жан-жақтан жиылған көптеп мейман,

Елімізбен, жеріміз де болсын аман.

Қабыл ал аз болса да арнауында,

Басшыңыз Зядан қажы сөзін жазған.

Елімізде атағы бар жыраушыңыз,

Сыпатайдың Жақыбы жыр толғаған.

Бір Алла сақтасын жамандықтан,

Кездестірсін осындай қуанышпен.

Тілектері көпшілік қабыл болып,

Көрісейік келер жолы амандықпен!

 

 

 



вверх