Ақпараттар ағыны | ||
главная вернуться | ||
«Шипагерлік баян», тамыз 2012ж.
Шымкент қаласында халық емшілерінің форумы өтті
Өткен шілде айының 13-14 жұлдызында Шымкент қаласында "Халық емшілерінің өркендеуі және пайдалану жолдары" атты республикалық форумы өтті. Форумға республиканың барлық облыстарындағы қауымдастықтың мүше-емшілері, ғалымдар және Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан т.б. шетелдердің емшілері де қатысты. Форумға барлығы 240-тан аса адам қатысып, оның бағдарламасына сәйкес құттықтау, баяндама, дәрежелік шеберлігі және музыкалық терапия бойынша екі күн бойы нәтижелі өткізді. Форумға дейін қатысушылар Шымкент қаласының көрікті жерлерін тамашалап және Сайрамдағы сансыз бабтар кесенелеріне зиярат етіп, дұға бағыштады. Форумды ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик З.Қожалымов: "Шипагерлік дәстүрі – халықтық өнер" атты тақырыпта баяндама жасады. Қауымдастықтың 21 жылдық тарихи кезеңіндегі халық емшілігінің өсуі мен дамуы, өркендеуі және кемшіліктері мен болашағы жөнінде төраға баяндамасында толық қамтылды. Баяндама мен форумның тақырыптық негізінде жарыссөзге философ.ғ.д., профессор Ж.Молдабеков, м.ғ.д., профессорлар Керімбектің Ермаханы, Жасан Зекей, п.ғ.к., профессор С.Құрбанқожа, х.ғ.к., доцент Туғанбаев Мырзабек, заңгер Әдібеков Әбдіберік, Анар Қыдырханқызы (ҚХР), Поношева Саржан (РФ), Тұтқабаев Е. (Өзбекстан), көріпкел З.Жолмағанбетова (Астана) т.б. шығып өздерінің пікірлерін білдіріп, форумға қатысушыларды құттықтады. Және халық емшілері Т.Қожалымова, А.Джулдыбаев, Э.Дүйсекеева, К.Тулешулы, У.Максеева, Г.Кушкенова, У.Турсунбаева, Х.Таджиметов, Х.Парманов, Г.Байдабекова, П.Жамбулова, Х.Нарметов, Хэ Дора т.б. емшілер жалпы халық емшілігінің жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталып және дәрежелік шеберліктерін көрсетіп, форумға қатысушылардың ықыласына бөленді. Қауымдастықтың филиалдарының басшылары Қ.Құттыбаева, К.Кумаров, Қ.Бесембаев, Ж.Сәрсенбай, Ш.Қасымова, Ұлбосын Байділдаева, Б.Туребеков, Б.Ахметова, Нысанбаева Багиткуль, А.Серікбаева, Т.Анарбаев, А.Бұзауова, Д.Шәкіржан, Қалдыбаев Серік өздерінің форумның ұйымдастыру комитетіне деген ықыластарын білдіре келе, форумның жұмысының табысты өтіп жатқандығын атай келе келесі жылы да осындай үлкен басқосу жиналысын табысты өткізісуге белсене қызмет ететіндіктерін атап өтті. Алғашқы күні кешке форумның мерекелік дастарханынан қатысушылар дәм татып, би билеп, ән айтып көңіл көтеріп, тамаша сезімге бөленді. Форумда қатысушыларға төс белгілері, сертификат, диплом, құрмет грамоталары мен алғыс хат және шеберлік дәрежелі дипломдары табыс етілді. Өнер саласындағы ән айтып, би билеген өнерпаздар арнайы форумның дипломымен марапатталды. Форумға қатысушылар форумның қызметіне қанағаттанарлық баға беріп, қуанышпен тарқасты.
Залдан көрініс Қазақстан Республикасының әнұраны орындалуда
Кітапқа тұсаукесер өтті
З.Қожалымовтың жаңадан "Шалкөде" баспасынан шыққан көнемді монографиялық-тарихи еңбегі "Орындалған аманатының" тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде профессор Ж.Молдабеков басшылық етті. Кітаптың құндылығы жөнінде ғалымдар Ж.Зекей, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа және мамандар Қ.Құттыбаева, К.Кумаров, А.Серікбаева, Х.Парманов, Ә.Әділбеков т.б. өз ойларын білдіріп, кітаптың құндылығына жоғары баға берді. Бұл еңбек халық емшілігінің өткен жолдарының толық көрінісі баяндалғаны атап өтілді. Кітап бүкіл оқырмандарға, ғалымдарға, зерттеушілерге және емшілерге қажетті ғылыми еңбек екендігі және бүгін мен болашаққа да қажетті ғылыми еңбек болып қала беретіндігі аталып өтілді.
Қауымдастық президентіне "Профессор" атағы берілді
"Халық медицинасы және ғарыштыққуат академиясының" Ғылыми Кеңесінде ғалымдар бұған дейін осы академияның негізін қалаушы және президенті З.Қожалымовтың ғылыми еңбектеріне ғылыми талдамалық баға бергендігін Ғылыми Кеңестің ғылыми хатшысы профессор С.Құрбанқожа хабардар етті. Атап айтқанда: ғалым-профессорлар Ж.Молдабеков, Ж.Зекей, Е.Керімбек, С.Құрбанқожа т.б. ғалымдар З.Қожалымов он жылдан аса уақытта халық шипагерлігі саласында философиялық және психологиялық зерттеу тақырыптары саласы бойынша 40-тан аса ғылыми-танымдық мақалалары ғылыми журналдарда жарияланғандығы және жеті монографиялық еңбегінің оның ішінде төрт кітабының оқулық екендігі туралы құндылығына тоқталды, жоғары баға бергендігі айтылды. Сондай-ақ ғалымдар, зерттеуші–ғалым З.Қожалымовтың ХV ғасырдағы ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін зерттеп, ғылыми айналымға енгеніне жол салғаны және оның құндылығы туралы Ғылыми Кеңесте атап өтілгендігі баяндалды. Ғалым зерттеуші З.Қожалымовтың қазақ және орыс тілінде шыққан "Шипагерлік дәстүрі және философиясы" – "Целительская традиция и философия" атты монографиялық еңбегі (2009-2010) Қазақ Ұлттық Университеті философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының ғылыми Кеңесі жиналысының шешімімен баспадан шығаруға бекітілгендігі аталып өтілді (Хаттама№4. 29.12.2008). Және де баспасөз беттерінде 400-ден аса ғылыми-танымдық, емдік мақалалары жарияланған. Өзі ашқан емшілер мектебінде оның негізгі бағдарламаларын жасаушы, оқулығын жазушы және басшысы әрі ұстазы болып келе жатқандығын да ғылыми Кеңесте аталып өткендігі туралы осы академияның Ғылыми Кеңесінің Төрағасы, профессор Ж.Молдабеков Ғылыми Кеңестің шешімінің қаулысымен форумға қатысушыларды таныстырды. Академияның Ғылыми Кеңесінің хатшысы, профессор С.Құрбанқожа Ғылыми Кеңестің шешімін оқыды. Шешімде ғалым-зерттеуші З.Қожалымовқа "Халық медицинасы және ғарыштыққуат" Академиясының "Профессор" атағы берілсін делінген (Хаттама №01, 20,06.2012)
Молдабеков Жақан, философ.ғ.д., профессор Керімбектің Ермаханы, м.ғ.д., профессор
Жасан Зекей, м.ғ.д., профессор Құрбанқожа Сансызбай, п.ғ.к., профессор
Ғылыми Кеңес Төрағасы, философ.ғ.д., профессор Ж.Молдабеков Хатшысы,п.ғ.к.,проф. С.Құрбанқожа Ғалымдары мен Қауымдастықтың басшылары, филиал басшылары және мүшелері мен емшілері қауымдастықтың басшысын ғылыми атағымен құттықтап, деніне саулық, қызметіне табыс тілейді.
| ||