ШИПАГЕРЛІК ДӘСТҮРІ – ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР | ||
главная вернуться | ||
«Халық емшілігінің өркендеуі және пайдалану жолдары» атты республикалық форумында Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы, академик Зядан қажы Қожалымовтың БАЯНДАМАСЫ (Шымкент қ., 13.07.2012) «Шипагерлік баян», тамыз 2012ж. Құрметті форумға қатысушылар! Қадірменді меймандар!
Форумды ұйымдастыру комитеті осыған дейін оннан аса халықаралық конгресстер мен форумдарды ғылыми теориялық-тәжірибелік бағдарламасы бойынша нәтижелі өткізді. Шипагерлік дәстүрі әр ұлттың этникалық ерекшелігіне қарай қалыптасты, дамыды, жүйеленді және өркендеу жолдарынан өтуде. Адамдардың жаны мен тәнінің саулығы оның ең қажеттілігінің негізі. Қазақ халқының мәдени мұрасының бір саласына жататын халықтық емшіліктің тарихы ұлттық үрдіспен бірге пайда болды. Ерте заманнан бері тәуіп, бақсы, балгер, көріпкелдер мен болжампаздардың өзінің өмір сүрген ортасындағы сырқат жандарға көмектері болды және түпкілікті жалғасты да. Бүгінде құрылғанына 21 жылға жуықтаған Қазақстан халық емшілері қауымдастығы өзінің өткен қиын да күрделі кезеңдерінде халық емшілігінің құқылық мұралығын қорғап қана қалмастан, өзінің Жарғысының баптарына сәйкес мақсаттары мен міндеттерін орындауда ғылыми бағытты да басшылыққа алды. Халық емшілігінің емшілерінің еңбегін өздерінің жеке пайдасына жүзеге асырып жатқандар да қауымдастықтың қызметіне әлі де қарсылық көрсеткеніне қарамастан, қауымның басшылары мен мүшелері негізгі мақсаттарын жүзеге асыруда көп салалы ғалымдармен бірлесе, ақылдаса бастаған жоспарлары оң нәтижесін беруде. Қилы-қилы замандардың оны жоюға дейін барған әрекеттеріне қарамастан бірге жасасып келген халықтық шипагерліктің өрісі кеңейе бастады. Қазақтың емшілігі жүйесі ертеден-ақ шығыстық халық медицинасымен үндес, ұқсастығы мен үйлесімі жағынан тығыз байланысты және тамыры да терең болды. Бүгінде қазақтың ғылымынан өзіндік орнын тапқан құнды еңбектің бірегейінің-бірегейі ХV ғасырдың ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі ұлт ғылымының мақтанышына айналды. Шипагер құнды зерттеулері мен тұжырымдары нәтижесінде қарапайым халықтық шипагерліктің дәрежесін дамыта отырып, осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалады. Осындай өте маңызды еңбектің халқымен бес ғасырдан асқанда қауышуы, қазақтың ілімі мен ғылымының ертеден-ақ негізі барын айқындай түсті. Қысқасы шипагер еңбегі ілімсіз, тарихсыз қазақ халқын ғылымды, білімді халық екеніне жол ашты. Кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігіне дейін «Қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген кертартпа әрекеттеріне Ұлы шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалды. Қауымдастық тарабынан ұлы шипагердің еңбегінің ғылыми жағынан философиялық және психологиялық бағытта зерттелуі өз нәтижесін берді. Емшілердің рухани және шипагерлік саладағы білімдерінің дамуына ғалым шипагер Тілеуқабыл Өтейбойдақ бабаның «Шипагерлік баян» еңбегінің маңызы өте зор болды. Қазақтың халықтық қарапайым емдік жүйесінің түрі де көп болғанымен, оны ғылыми айналымға енгізіп зерттеп-зерделеуге ел тәуелсіздігіне дейін шектеу қойды, атын да аттатпады. Ал басқа аз санды ұлттардың халықтық емшілігі Кеңес заманының медициналық оқулықтары мен ғылыми еңбектерінде азда болса аталынды. Үстем империяның ықпалынан қазақ халқы киесіз, дарынсыз өзіндік халықтық емдік тәсілдері жоқ ұлт ретінде тарихта көрсетілді. Ел тәуелсіздігінен кейін киелі құпиялы тылсым күштер де киелі тектік қасиеттің иелерін тапты. Алғаш жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған емші, бақсы-балгер, көріпкел т.б. лар санына жету қиын болды(қазірде солай). Осыдан жиырма бір жыл бұрын құрылған Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» өз қандастарымыздың төбесінен жәй түскендей етті. Қауымдастықты жоюда республикалық жеті министрлік пен комиттеттердің мамандары жанын сала кірісті. Қауымдастықтың екі рет қызметін тоқтаттырды. Қысқасы, ұйымдастырушы сол кездегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылары болса ал, орындаушы болса ҚР Әділет министрлігі қызметкерлері еді. Сондай-ақ, басқа заң, бақылау т.б. жүйе қызметкерлері де түнде ұйқы, күндіз тыныштық бермеді. Қауымдастық басшылары мен мүше емшілері және қауымдастықтың өзі де материалды, моралды, психологиялық және қаражаттық зардаптарға аямай ұшырады. Қазақстан халық емшілері қауымдастығын құрған күннен бастап-ақ, оның қызметін алға жылжытпауға немесе жойып жіберуге әрекет етуде жеті мемлекеттік жүйенің бірігуі, қауымдастықтың басшылары мен адал мүшелерінің қуаты мен бірлігін әлсірете алмады. Қанатымыз қатайып, ойлау қабілетіміз бен қорғану арта түсті. Халық емшілері мен оның басшыларына сенуге болмайды, дендері сау емес, қолдарынан ғылыми шығармалар жазбақ түгілі, жөнді мақалада жаза алмайды дегендерге, басқа қырымыздан көрінуге әрекет еттік. Қазақтың халықтық медицинасын ғылыми жүйеге енгізу мен әлемге таныстырудағы еңбектеріміз өз нәтижесін де берді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған қауымдастықтың ғалымдарының еңбектері қауымдастықтың ғаламшарында өз оқырмандарын табуда. «Жалғыздың жары – Құдай» – демекші, қолға қалам алып баспасөз беттерінде тек қана жеке ой толғамындағы таза танымдық мақалаларымды жазуды тоқтатпадық. Күрес әлі жалғасуда. Кіммен десеңіз-қандас қаракөздермен. Алғашқы қарсылық ұйымдастырған шенеуніктер бұл күнде баяғы жылы орындарынан кеткен. Қиын кезеңде өзінің киелі шаңырағының ордасына түкірген, қауымдастықты таратуға кіріскен топқа қосылған, киелі орданың «Сатқын» мүшелері мен емшілері де аз болмады. Мәдениеттілік пен адамгершіліктен және имандылықтан жұрдай емшісымақтар ұятты қойып, өздерін «Сары, ақ, көк, қара, тақиялы әулиелер», «Алып апа, ана, әулие ана» және «Жаратушы мен пайғамбарлар», «Пархат ата», «Ақ ана», «Аққуар», «Ата жолы», «Ордалар» т.б. жалған атаққұмарларды бүгінде арнайы сыйлық жариялап іздесең де таппайсың. Бұлар жөніндегі өз уағында баспасөзде де әртүрлі тақырыпта құнды мақалалар да қауымдастық басшылары тарапынан жазылды. «Жүздің жүйрігі мен мыңның тұлпары» – деген халықтық қанатты сөздің айқындалуы емшілердің сапалық құрамының ерікті түрде өздігінен іріктелуіне әкелді. Бүгінде «жасампаз емшісымақтар» өмірде бар болғанымен енді халық та оларды қажет етпейді. Осыларды мадақтап асқақтатқан үгітші орны «Республикалық халық медицинасы Орталығы» мен осы Орталықтың сенімді көмекші ұйымы «Кәсіби халық емшілері қауымдастығы да» – өздерінің қызметтерін неге тоқтатқаны да белгісіз. Өздерін емшілерге «мәңгілік құтқарушы, жарылқаушы» атаған бұл екі ұйымның да шаңырақтары қысымсыз-ақ ортаға түсті. Алғашқы кезде баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарында емшісымақтарды үгіттегендер де, бүгінде бұл пиғылдарынан қайтқан сияқты. Ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» – демекші, бізді көреалмай күндес болғандардың қарғысынан Жаратушымыз бізді қорғады. Бүгінде халықтық шипагерліктің өркендеуіне және оның ғылыми жүйеге енуіне ұдайы көмектерін аямаған философия ғылымдарының докторы, профессор Молдабеков Жақан, мед.ғыл.докторы, профессорлар Керімбектің Ермаханы, Жақанов Амангелді, Жасан Зекей Бекен Тұрсын(марқұм), пс.ғыл.докторы, профессор Жарықбаев Құбығұл, профессорлар Бекемтас Мырзахмет, Құрбанқожа Сансызбай, Құлсариева Айтолқын т.б. отандық ғалымдардың көмектеріне шексіз ризалығымызды білдіреміз. Халықтық шипагерліктің сырқаттың себептерін білу, анықтау және емдеу тәсілдерінің жүйелік бағыттары анықталып, жүйеленді. Әрбір жеке емші мәдениеттілік, имандылық, білімділік және қайырымдылық жүйесінде мейірмандылықпен сырқат жандарға көмектерін көрсетуде. Емшілердің сапалық құрамы жақсарып келеді. Білімділіктері артуда. Халықтық емшіліктің өткен дәуірі мен бүгінге дейінгі өркендеуі мен даму жолдары зерттелінді, тұжырымдалынды және ғылыми оқулық еңбек болып емшілерге және т.б. сала мамандарына ұсынылды. Көп жылғы конгресстер мен форумдардағы ғылыми-тәжірибелік жиналыстар емшілер үшін өздерінің білімін, бірлігін, байланысын және арақатынасын жақсартуға ықпалы зор болды. Бүгінгі форумның негізгі мақсаты да халық шипагерлігінің өткен уақыттардағы атқарған қызметтердің нәтижесін баяндап қана қалмастан, мол тәжірибені пайдалану жолдарын анықтап, ары қарай дамытуға ықпал ету. Мол тәжірибесі бар емшілер қауымы заман талабы мен ғылымның дамуына ілесуге мүмкіндіктері бар екендіктерін атап өтуге болады. Қауымдастықтың қызметі ауыз жүзінде емес, іс жүзінде баспасөз беттерінде, ғаламторда, телеарналар мен радиотораптарында ұдайы хабарлануда.
Қадірменді форумға қатысушы мырзалар мен ханымдар! Ашық демократиялық принцип жүйесінде өз қызметін жалғастыратын қауымдастықты қазақ және орыс, ағылшын тілінде интернеттен әлем еліндегі көптеген оқырмандары таныды. Ізгі тілекті электронды почталық хаттары көбеюде. Қауымдастықтың төл газеті «Шипагерлік баян мен Шалкөде» баспасы өз оқырмандары үшін нәтижелі қызметін көрсетуде. Қауымдастықтың мүшелері моральдық, психологиялық жақтан жетіле бастады. Емшілердің емдеу жүйесінің сапасы жақсарып және емдеу әдіс-тәсілдері жетілдірілді. Жыл сайынғы үлкен жиналыстардың берері мол, пайдасы зор екендігі жыл сайын айқындала түсуде. Ата-бабадан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан киелі қасиетті ешкімде жоя алмайды. Ұлы қасиетті дамыту да, қорғау да және қолдау да емшілердің адами парызы. Бірлігі бар ұйым мәңгілік екендігін ескерген емшілер қауымы өзінің киелі шаңырағын қорғайды, қызметін қолдайды және бағытына ілеседі, сонда ғана киелі шаңырақтың оты өшпейтінін емшілер түсінеді деген тілекті білдіремін. Сіздерге басқосуларыңызға мүмкіндік жасаған оңтүстіктің басшыларына, халқына және қызметтерін аямаған емшілерге ризашылығымызды білдіреміз. Сапарларыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізде жетістік мол болсын. Тыңдағандарыңызға көп рақмет!
«Халық емшілігінің өркендеуі мен пайдалану жолдары» атты республикалық форумында жасалған баяндамалар, жарыссөздер мен ұсыныстар негізінде форум жиналысы қаулы етеді:
ҚАУЛЫ 1. Форум жұмысына қанағаттанарлық бағасы берілсін. 2. Халықтық шипагерліктің тарихи кезеңдерін ғалымдармен бірлесіп зерттеу жұмыстары жақсартылсын. 3. Халықтық шипагерліктің пайдалану жолдарын дамытуда жеке емшілердің емдеу әдіс-тәсілдері ескертілсін. 4. Алдағы жылдардан бастап аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу Қазақстан халық емшілері қауымдастығының филиал директорларына міндеттелсін. 5. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуіне басшылық жасау қауымдастықтың Төралқасына тапсырылсын.
Обсудив доклады, выступления, обсуждения на республиканском форуме «Развитие народного целительства и пути использования» заседанием форума принимается следующее постановление:
ПОСТАНОВЛЕНИЕ: 1. Признать работу форума удовлетворительной. 2. Изучение традиции народной медицины освоит с совместно работы ученых. 3. Учитывает для использование методы лечение отдельных целителей. 4. Обьязить с следуюшего года о проведении региональных научно теоритических-практических конференции директоров филиала Ассоциации. 5. Рекомендовать Президиум Ассоциации об руководство провадимых региональных конференции.
| ||